Материалдар / Тәлімгер педагогтің жас маманмен жұмыс жоспары мен есебі

Тәлімгер педагогтің жас маманмен жұмыс жоспары мен есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәлімгер педагогтің жас маманмен жұмыс жоспары мен жарты жылда жасалған жұмысқа есебі
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тәлімгер педагогтің жас маманмен жұмыс жоспары

2024-2025 оқу жылы

Жас маман туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Ғайрат Нават Алмасұлы

Білімі

Жоғары

Қандай оқу орнын қашан бітірді

Жоғары, Абай атындағы Казақ Ұлттық Педагогикалық Университеті,2024

BD 00008558724

Мамандығы-екі шетел тілі

Педагогикалық тәжірибе қорытындысы

Ағылшын тілі мұғалімі

Педагогикалық өтілі


Лауазымы

Ағылшын тілі мұғалімі

Жас педагогтің жұмыс істейтін сыныптары

3 сыныптар

Сынып жетекшілігі

жоқ

Біліктілік санаты

санатсыз

Педагог-тәлімгер туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Абдыкадырова Гульбаршин Идеевна

Білімі

Жоғары

Қандай оқу орнын қашан бітірді

Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Оқу орнын бітірген жылы

2003 жыл

Дипломы бойынша мамандығы

Филолог,жоғары мектепте ағылшын және неміс тілі мен әдебиеті оқытушысы

Педагогикалық өтілі

21 жыл

Лауазымы

Ағылшын тілі мұғалімі

Тәлімгер жұмыс істейтін сыныптары

8-11 сыныптар

Біліктілік санаты

Педагог-зерттеуші

Жұмыс жоспары

Жас маманның табысты бейімделуі үшін ұйымдастыру-әдістемелік жағдай жасау, біліктілік қызметінде сәтті пайдалану үшін жас маманның кәсіптік білімі мен дағдыларын қалыптастыру

Міндеттері

- жас маманның кәсіби және психологиялық бейімделуі үшін жағдай жасау;
-жас
маманның оқыту- жас маманның оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру деңгейін арттыруға әдістемелік көмек көрсету;
-жас
маманның шығармашылық қызметінің өзіндік өрнегін қалыптастыру үшін жағдай жасау;
-үздіксіз
білім алуға қажеттілік пен ынталандыруды дамыту.

Жұмыстың негізгі бағыттары

-жұмыста пайдаланылатын нормативтік-құқықтық құжаттамамен жұмыс;
-мектеп
құжаттамасымен жұмысқа көмек;
-жұмыс
бағдарламаларын, сабақ жоспарларын жасау және іске асыру бойынша кеңес беру;
-сабақты
ұйымдастыруға көмек;
-болжау
жұмыстарын жасауға және талдауға көмек беру;
-өзара
сабаққа қатысу.

Қорытынды

Жас маманның педагогикалық қызметін бағалау. Жүргізілген жұмыс туралы бірлескен есеп

     
















Жас маманмен жұмыс жоспары

Қызмет мазмұны


Нысаны

Мерзімі

1

Тәлім алушының кәсіби дайындық деңгейін анықтайтын диагностикалық тест алу

Ситуациялық тапсырмалар беру арқылы күрделі мәселелерді шеше алу қабілетін анықтау

Қыркүйек

2

2024-2025 оқу жылына арналған ӘНХ таныстыру.Нұсқау хатта берілген бұйрықтармен таныстыру

Жас маманды құқықтық сауаттылыққа үйрету,кәсіби деңгейін арттыруға дағдыландыру

Қыркүйек

3

Тақырыптық -  күнтізбелік    жоспар  және қысқа мерзімді   жоспарларын құруға  көмек көрсету


Қысқа мерзімді   жоспарлардың күнтізбелік жоспар сай болуын, мемлекеттік білім стандарты негізінде жоспарлардың жасалуын қадағалау


Қыркүйек

4

БЖБ/ТЖБ тапсырмаларын құрастыруды үйрету


БЖБ/ТЖБ тапсырмаларын құрастыру жөнінде нұсқаулықтар беру

Қыркүйек

5

Жас маманның жұмысын коррекциялау  мақсатында сабақтарына қатысу.

Кері байланыс жасау үлгісін көрсету. Талдау мен өзін-өзі талдауға үйрету.

Әр айда 2 рет

6

Дәптер тексеру жұмысын ұйымдастыру


Жазба жұмыстарына қойылатын талаптар туралы кеңес беру


Қазан

7

«Жаратылыстану пәндерінде жасанды интеллектіні қолданудың тиімділігі» атты шебер сыныпқа қатыстыру

Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету шебер сыныпқа қатысуын қадағалау

Қазан

8

«Оқыту үдерісін жоспарлауда қалыптастырушы бағалаудың маңызы» атты дөңгелек үстелге қатыстыру

Бағалау талаптарымен, критерийлерімен таныстыру

Қазан

9

Өз білімін жетілдіру жоспарын құруға көмек беру

Жас педагогтардың кәсіптік өсуіне, кәсібіне бейімделуіне ықпал жасау және «үздіксіз білімін жетілдіру мұқтаждығы» ұғымын қалыптастыру

Қараша

10

"Сабақтың түрлері мен құрылымы" тақырыбында семинар сабаққа қатысуын қадағалау

Оқу мақсаттарынан сабақ мақсатын қою алу дағдысын қалыптастыру

Қараша

11

«Жасанды интеллекттің математика пәніндегі мүмкіндіктері мен әлеуеті» атты коучингке қатыстыру

Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету коучингке қатысуын қадағалау

Қараша

12

Мектептегі шығармашылықпен жұмыс жасайтын жаңашыл ұстаздардың сабақтарына қатыстыру

Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін үйренуге, жаңа технологияларды өз тәжірибесінде пайдалануға бейімдеу

Сабаққа қатысу дәптерлерін толтыруды үйрету

Жыл бойы

13

Қашықтықтан пәндік олимпиадаларға, байқауларға қатысуын қадағалау

Жас маманнның кәсіби өсуіне ықпал ету

Жыл бойы

14

Тоқсан, жарты жылдық  қорытындылары  бойынша  өзінің жұмысына талдау жасауға үйрету


Хаттамалар,есеп жазуды үйрету

Желтоқсан

15

Аудандық, қалалық семинарларға және білім көтеру қурстарына қатысуын қадағалау

Жас маманға өз ісінде педагогикалық ғылым жетістіктеріне және озық педагогикалық тәжірибеге негізделе отырып, педагогикалық процесске жаңа идеяларды шығармашылықпен енгізуге көмек көрсету; педагогтың шығармашылық іс-әрекетінде өз жеке стилін қалыптастыруына көмектесу

Мерзімінде

16

"Бастауыш сыныптарда жасанды интеллектіні жекелеген пәндерде қолдану әдістері " атты семинар практикумға қатысуын қадағалау

Жас маманнның кәсіби өсуіне ықпал ету

Қаңтар

17

І жартыжылдықта атқарған жұмыстарының есебін тыңдау

Өз ісіне есеп беру дағдыларын қалыптастыру

Қаңтар

18

«Применение искусственного интеллекта на уроках русского языка и литературы» атты шебер сыныпқа қатысуын қадағалау

Жас маманнның кәсіби өсуіне ықпал ету

Ақпан

19

Жас маманға ашық сабақтың жоспарын жасау құрылымына нұсқау беру

Айлық жоспар бойынша берілген тапсырмаларға көмек беру

Наурыз

20

Жүргізген жұмыстарына сараптама жасау, өсу динамикасын анықтау

Жүргізген жұмыс түрлерінің мықты/әлсіз тұстарын анықтау

Сәуір

21

Жас маманға қажетті ақпараттарды ескере отырып, жаңа оқу жылына жоспар құру

Жаңа оқу жылына жоспар құруды үйрету

Мамыр















































Тәлімгер Абдыкадырова Гүлбаршынның жас маман Ғайрат Наватпен 
І жарты жылдықта жасаған жұмыс туралы  есебі 

2024-2025 оқу жылында жас маман Ғайрат Наватқа  тәлімгер болып тағайындалдым. Ең алдымен жас маманды педагог жұмыстары және ережелерімен таныстырып өттім. Оқу жылының басында әдістемелік нұсқау хатпен, нормативтік құжаттармен және пәндер бойынша оқу бағдарламасымен таныстырып өттім.

Қыркүйек айында сағат жүктемесін ескере отырып, сабақ  кестесі мен күнтізбелік - тақырыптық жоспарды құрастырып жазуға үйреттім. Сондай –ақ, күнделікті сабақ жоспарларының мақсат аспектілерін қарастыра, жас ұстазға   күнтізбелік сабақ жоспарларының құрылымын әзірлеуге үйретіп ақыл-кеңесімді беріп отырдым.

Электрондық журнал толтыру талаптарымен таныстыру таныстырып, дұрыс толтыруды қадағалап отырдым. Күнделікті сабақтарға қажетті әдістемелік және дидактикалық материалдарды, тиісті құрал-жабдықтарды таңдауға көмек көрсеттім.

Қазан-қараша айларында жас маманның жұмысын коррекциялау  мақсатында сабақтарына қатысуды бастадым. Кері байланыс жасау үлгісін көрсетіп,талдау мен өзін-өзі талдауға үйреттім. Бағалау талаптарымен, критерийлерімен таныстырдым. Сондай-ақ жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету вебинарларына қатысуын қадағалап отырдым.

Жоспарға сәйкес Нават қазан айында «Жаратылыстану пәндерінде жасанды интеллектіні қолданудың тиімділігі» атты шебер сынып пен «Оқыту үдерісін жоспарлауда қалыптастырушы бағалаудың маңызы» атты дөңгелек үстелге қатысып,тәжірибе алмасты. Ал қараша айында"Сабақтың түрлері мен құрылымы" тақырыбында семинар сабақ пен «Жасанды интеллекттің математика пәніндегі мүмкіндіктері мен әлеуеті» атты коучингке қатысты. Сонымен қатар 45 мектеп (Бесағаш ауылы) ұйымдастырған “Empowering 21st Century learners, Integrating Global Skills and Collaborative Learning in the Classroom” тақырыбындағы семинарда тәжірибе алмасып келді.

Желтоқсан айында жас мамандардың кәсіптік өсуіне, кәсібіне бейімделуіне ықпал жасау және «үздіксіз білімін жетілдіру мұқтаждығы» ұғымын қалыптастыру мақсатында Наваттың түрлі коучингтерге,шеберлік сыныптарға қатысуын қадағалап отырдым.

Наватқа оқу үрдісінде керек материалдарды арнайы папкаға жинақтауға және де жас маманның шығармашылық портфолиосын жинақтауға бағыт берділді. Жас маманға мектеп басшылары тарапынан жасалған ескерту мен қателіктерді дер кезінде түзетуге көмек уақытында жасалып отырылды.





Тәлімгер: Абдыкадырова Гульбаршин Идеевна









ЖИ арқылы жасау
13 Қаңтар 2025
383
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі