"Тәлімгерлер" күні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тәлімгерлер" күні

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәлімгерлер күнінің» аталып өтілуі

Тәлімгерлік - ұзақ  уақытқа созылатын, тәлімгер мен тәлім алушының  арасында,  сенімді,  жеке тұлғаға бағытталған  қарым – қатынаc  құру үдерісі. Ол тәлім алушының педагог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімін,  ойлауын тәжірибелік іс амалдардың тиімділігін жеткізуде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. Тәлімгерлік ету барысында  тәлімгер өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі, ал тәлім алушы еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді. Тәлімгер -өте сенімді, тәжірибелі адам. Тәлімгерлік  тәлім алушыға білімін, тәжірибесін беріп, жоғары мүмкіндіктерінің ашылуына  көмектеседі.Тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес, қарым-қатынас болып табылады, тәлімгер обьективті тыңдаушы және бағыттаушы болады. Тәлімгер өзінің тәжірибесін қоса отырып, бірқатар міндеттерді орындайды:

  • Тәлім алушыға мүмкіндіктер мен проблемаларды  қарауға мүмкіндік береді.

  • Оған шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға көмектеседі.

Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі сипаттамасы қарым-қатынас құруға және түйінді дағдыларды белсенді тыңдай білу, тәжірибені дамыту үшін күрделі сұрақтар  қою дағдыларын дамытуға бағытталған. Тәлімгер тәлім алушыға күрделі тапсырмалар беріп, қолдау көрсетуге, сенімділік, жанашырлық, шынайылық, адалдық қасиеттерін танытуға дайын болады.(МАН,38-бет)Тәлімгер мен тәлім алушының арасында қарым қатынас мұғалімнің өзіне-өзі көмектесуіне мүмкіндік  алып, проблемалардың шешуін өзінше табуға көмектеседі. Сонда құзырлы тәлімгер тәлім алушыға ол үшін  нақты проблеманы белгілеуге көмектеседі және оның жеке тәсіліне, нақты мән мәтінге, жұмыс тәсілінің ыңғайына, іс-әркеттің  дұрыс  бағытын таңдауға септігін тигізеді.(Oxley 2003). Әрбір  сабақта   топтық  жұмыс  арқылы  бірлесіп  әрекеттенген  тиімді  болғандықтан   ,  яғни  шағын  топта   оқушылардың  бір  -біріне    деген   сезімдері, тыңдай  білуі ,  өз  пікірін   ұтымды  және  дәлелді    түрде   жеткізе  білуі,  бірлесіп  шешім  қабылдауы    қалыптасады. Жас маманды еңбек жолына сіңіп кетуіне, тағайындалған тәлімгердің маңызы зор. Біздің мектебімізде де көп жылдан бері еңбек етіп келе жатырған ұстаздарымыз жас мамандарға тәлімгер бола отырып, жол көрсетеді.  Ұстаздарымыздан үйренері көп жас мамандар да, өздерінің білмегендерін сұраудан жалыққан емес.

Тәлімгер болу жауапты іс деп білген ұстаздарымыз тәжірибелерімен де алмасып отырады. Жас мамандарды сабақтарына қатыстырып, сабақ талдатып үйретеді. Өздері де жас мамандардың сабағына қатысып, сабақ талдап өз ойлары мен бөлісіп, ұсыныс тастап отырады. Осы кезде орайын тауып, жас мамандарымыздың жақсы жұмыс атқаруына және атқарған жұмыстарына баға беріп, ынталандырып жүрген мектебіміздің методисті Шаханова Райхан апайдың да еңбегі зор.Осындай ұстаздардан білім алған оқушыларымыздың жетер жетістіктері мен алар асулары көп болмақ. «Ұстаздық еткен жалықпас , үйретуден балаға»- деп Абай атамыз айтпақшы ерінбей еңбек ете жүріп, сонымен бірге жас мамандарға жол көрсетіп жүрген ұстаздарымызға айтар алғысым шексіз. Біздің мектебімізде оқу жылының басында «Тәлімгерлер тағайындау күні» және «Ашық есік күні» ұйымдастырылып отырады. Осыған орай жас мамандарымыз өздеріне қажетті мәліметтерін сұрап, әдіс-тәсілдер жөнініде мәғұлмат ала алады. Саналы да сапалы ұрпақ тәрбиелеуде осындай ұстаздарымыздың еңбектері зор.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2018
560
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі