400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тәлімгерлік - кәсіби даму негізі" баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал орта мектептерде тәлім алушымен жұмыс жасайтын барлық тәлімгерлерге қажет. Мұнда тәлімгер мен тәлім алушының бірлескен жұмыс жоспарының үлгісі көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәлімгерлік – кәсіби даму негізі

Мақсаты: тәлім алушының жеке қасиеттерін ескере отырып, оқушылармен, әріптестермен мәдени қарым – қатынас нығайтуына, жауапкершілікті, құзіретті, кәсіби шеберлігі мол маман болып шығуына тәлімгер тарапынан әдістемелік көмек көрсету

Міндеттері: психологиялық, теориялық, әдістемелік, этикалық бағыттарда жұмыс жасау; Тәлім алушының өзін – өзі жетілдіруіне қолдау көрсету.

Педагогикалық ұстаным: “Маған айтып берсең – ұмытып қалармын,

көрсетсең – есімде сақтармын, өзіме жасатсаң – үйреніп аламын”

Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдауында : «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан, ұстазға жүктелер міндет ауыр» деген болатын. Демек, жас ұрпақтың саналы, білімді болып өсуі ұстаздарға артылған міндет. Бұл міндетті атқару үшін әрбір мұғалім шебер, құзіретті бола білу керек. Ол тәлімгер мен тәлім алушының бірлескен жұмысы арқылы жүзеге асады. Осы орайда өзімнің тәлімгерлігіммен жасалған «тәлімгер мен тәлім алушының бірлескен жұмыс жоспарын» ұсынамын.

Тәлімгер: Ақбалаева Салтанат Дарханбекқызы І санатты мұғалім

Тәлім алушы: Шакіратова Салтанат Алпысбайқызы жас маман

№

Мерзімі

Атқарылатын жұмыстар

Жұмыс түрі


1

Қыркүйек

  1. Тәлімгер мен тәлім алушының бірлескен жұмыс жоспарын жасау

  2. ҰМЖ,ОМЖ,ҚМЖ үлгілерімен таныстыру

Жоспар құру


2

Қазан

  1. Пәндік оқыту әдістемелерімен таныстыру

Сұхбаттасу

3

Қараша

  1. Тәлім алушыны тәлімгер сабағына қатыстыру

  2. Тәлім алушының тізбектелген сабақтар топтамасына жоспар құру

Тәжірибе алмасу

4

Желтоқсан

  1. Тәлім алушының тізбектелген сабақтар топтамасына қатысу

  2. Талдау жасау

Тәжірибе алмасу

5

Қаңтар

  1. Кері байланыс «БББ» бойынша сұхбат

Сұхбаттасу


6

Ақпан

  1. Lesson study құруға бағыттау


Зерделеу

7

Наурыз

  1. Оқыту үдерісіндегі әдіс – тәсілдердің тиімділігін анықтау



Зерттеу

8

Сәуір

  1. «А,В,С» деңгейлі оқушыларды саралауға арналған тәсілдерді талдау

  2. Деңгейлік тапсырмаларды дайындау жолдарын айқындау



Зерттеу

9

Мамыр

  1. ІІІ – ІV тоқсан қорытындысы.

  2. Материалдарды жинақтау

  3. Рефлексия

  4. Жаңа оқу жылына мақсат - міндеттер


Талдау

Қорытындылай келе, әрбір тәлімгер мен тәлім алушы бірлескен жұмыс жоспарын құрып, жоспар бойынша уақытылы жұмыс түрін орындап отырса,

тәлім алушының оқушылармен, әріптестермен мәдени қарым – қатынасы нығаяды, әдістемелік шеберлігі артады, жауапкершілікті, құзіретті, кәсіби шеберлігі мол маман болып шығады.

Тәлімгер мен тәлім алушының бірлескен жұмысы – білікті ұстаз бен білімді ұрпақ қалыптастырудың негізі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 сәуір
1445
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі