Тәлімгерлік жұмыстарымның есебі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәлімгерлік жұмыстарымның есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Менторлық жұмыс бойынша есеп
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәлімгерлік жұмыстарымның есебі

Тәлімгер тәлім алушыға күрделі тапсырмалар беріп, қолдау көрсетіп, қажетті түйінді қасиеттерден – сенімділік, ортақтастық, шынайылық, адалдық танытуы керек. Тәлімгер мен тәлім алушының арасында орнаған қарым-қатынас біліктілігі төмендеу мұғалімнің өзіне – өзі көмектесуіне мүмкіндік алады, проблемаларды өздігінен шешуге көмектеседі, өйткені тәлімгерлік түзету қағидатына емес, даму қағидатына негізделген Осы оймен мектептегі әріптестеріммен сұхбат жүргізіп, оларды іс-әрекетті зерттеу мақсаттарымен таныстырдым. Әріптестер арасынан өз қалауымен менің тәлімгерлік етуіме қолдау көрсеткен мектебіміздің коуч мұғалімі Шайхина Г. А және тәлімгер алушы мұғалім Нұрғалиева Н.К болатын. Коуч мұғалімнің білімі жоғары, тәжірибелі, IІ - санатты,ІІІ деңгей мұғалімі. Жалпы еңбек өтіліне биыл 14 жыл толып отыр. Мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімі қызметін атқарады. Ал тәлімгер алушы мұғалім Нұрғалиева Н.К қазақ тілі пәні мұғалімі, білімі жоғары, еңбек өтілі 18 жыл. Тәлімгерлік жұмысымды жүргізу мақсатында мен тәлім алушыларыммен тәлімгер ретінде бірлескен жұмысты бастадым.

Тәлім алушыларымды мектепте оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру үшін коучинг және тәлімгерлік әдістерін пайдалану стратегияларын көрсету мақсатында құрастырылған даму және іс-әрекет жоспарын әзірлеуге тарттым.Әріптестеріммен ақылдаса отырып оқу қоғамдастығын құрып, жаңа идеяларды іске асыру үшін өз мектебімде тәжірибеге өзгеріс енгізуді және әріптестеріммен жүргізілетін жұмысты ойластырып, оны жүзеге асыру үшін жоспарлауды бастадым.

Жоспарды мектеп басшысының келісімін алу үшін, жоспарланған жұмыс мазмұнымен таныстырдым.

Мектептегі коучинг пен тәлімгерлік негізгі жеті ұстанымға негізделген:

  • Мұғалімдердің дамуы мен жетілуіне көмек көрсетудің айтарлықтай тиімді тәсілі;

  • Құзырлы тәлімгер тәлім алушының оқыту мен оқудағы тәжірибесінің сапасын арттыруға ықпал етеді.

  • Оқыту мен оқу тәжірибесіндегі болмашы қадамдар мен өзгерістер сыныптағы жағдайды айтарлықтай өзгертуге қаблетті;

  • Ұсынылатын жекеленген тәсілдер мен әдістер, жүйе ішінде жағымды өэгерістерге ықпал ететін қуатты қозғалыс күші бола алады;

Осы ұстанымдар тәлімгерлік жұмысымның сәтті болуына септігін тигізді.Себебі мен 3-деңгей мұғалімі Шайхина Гаухар Антайбековнаға коучинг туралы әңгіме қозғадым, мағлұмат бердім, бейнежазбалар көрсеттім,бағыт-бағдар бердім және коучингтің кезеңдері:

мақсат қою (Не істегің келеді?)

ақиқат жағдайды тексеру (Не болып жатыр?)

жетістікке жету жолдарын айқындау (Не істеу керек?)

нәтиже(іске асыру және тексеру) (Не істейсің?)

екенін басшылыққа алуды ұсындым.Соның нәтижесінде Шайхина Гаухар Антайбековна өзінің үйренгендерін « Қазіргі заманауи сабақ қандай болуы керек?» тақырыбында өткен аудандық семинар- практикумда «Оқыту мен оқу үдерісін бірлесіп жақсарту мақсатында Lesson Study тәсілін пайдалану. Lesson Study -сабақты зерттеу тәжірибесі» атты коучингті өткізуге қатысты.





Ал тәлімгер алушы мұғалім Нұрғалиева Н.К қазақ тілі пәні мұғалімі, білімі жоғары, еңбек өтілі 18 жыл. Тәлім алушыға орта мерзімді жоспар туралы түсінік бердім. Тізбектелген сабақтар топтамасы жеті модульді ықпалдастыру тәсілдері мен өзгеріс енгізу үдерісі туралы тәжірибеге негізделген деректер алуға және өзгеріс енгізу барысында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін құрылымды көздейтіндігін айттым.

Орта мерзімді жоспарлау немесе тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудың мақсаты мен оқу нәтижелері оқушыға бағытталып,белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік болуы және оқушының оқу үлгеріміне сәйкес болуы қажет екенін айтып,үлгі ретінде өзімнің жоспарларымды көрсеттім.



Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің

жетекшісі,тәлімгер: (Тажитдинова Г.М)





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2018
4743
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі