Материалдар / Талшық сапасын анықтау.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Талшық сапасын анықтау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақта талшығының сапа паспорты мақта талшығын сақтау шарттарын сақтаған жағдайда, берілген күнінен бастап және сегіз ай бойы қолданылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Наурыз 2023
349
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу тәртібі

      4. Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізуді зертханалар (орталықтар) шарт негізінде мақта талшығының әр тайы бойынша (әр тайға) жүзеге асады.

      5. Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу:

      1) сынамаларды іріктеуді;

      2) сынамаларды сынақтан өткізуді;

      3) мақта талшығының сапа паспортын ресімдеуді қамтиды.

      6. Мақта талшығының әрбір тайынан сынама (100-150 грамм) іріктеуді мақта тазалау зауытында тай тығыздаудан шыққан кезде зертхананың (орталықтың) іріктеушісі жүзеге асырады.

      7. Сәйкестендіру мақсаттары үшін зертхананың (орталықтың) іріктеушісі мақта талшығының әрбір іріктеп алынған сынамасына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тай нөмірінің штрих-коды бар биркадан жыртылмалы купон салады.

      Купон жыртылып алынған бирка тайдың сынама алынған, кесілген бөлігіне салынады.

      8. Зертхананың (орталықтың) іріктеушісі мақта талшығының іріктеп алынған сынамаларын жыртылмалы купондарымен бірге полиэтилен пакеттерге буып-түйеді және оларды қапқа тығыздап салады. Қап осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша затбелгімен мөрленеді.

      9. Бір өнеркәсіптік және селекциялық сұрыптың және сыныптың шитті мақтасынан өңделген мақта талшығынан сынамалар іріктеп алу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сынамаларды іріктеп алу актісімен ресімделеді. Сынамаларды іріктеп алу актісіне зертхананың (орталықтың) іріктеушісі мен мақта тазалау зауытының өкілі екі данада қол қояды, оның біреуі мақта тазалау зауытының өкіліне, екіншісі сынамаларды зертханаға (орталыққа) тасымалдауды жүзеге асыратын зертхананың (орталықтың) өкіліне беріледі.

      Зертхананың (орталықтың) іріктеушісі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта талшығының сынамаларын әр тайдан іріктеп алуды тіркеу журналын жүргізеді.

      10. Сынамалары бар мөрленген қаптарды зертхананың (орталықтың) өкілі зертханаға (орталыққа) тасымалдайды.

      11. Зертханаға (орталыққа) жеткізілген сынамалары бар қаптарды зертхананың (орталықтың) маманы қабылдап алады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта тазалау зауытында іріктеп алынған мақта талшығының сынамаларын қабылдап алуды тіркеу журналына тіркейді.

      12. Мақта талшығының сынамаларын сынау осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу кезінде қолданылатын стандарт тізбесіне сәйкес зертханада (орталықта) жүргізіледі.

      13. Мақта талшығының сынамалары жылдам желдету қондырғысында алдын ала ұсталады немесе жиырма төрт сағат бойы мынадай стандартты климаттық жағдайдағы үй-жайда желдетіледі:

      ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65 (алпыс бес) пайыз + 2 (екі) пайыз, ауа температурасы Цельсий бойынша 21 (жиырма бір) градус + Цельсий бойынша 1 (бір) градус.

      14. Мақта талшығының сынамаларын сынақтан өткізу екі кезеңде жүзеге асырылады:

      бірінші кезең – өнімділігі жоғары мақта талшығын сынаудың автоматтандырылған өлшеу жүйесі (НVІ типті) арқылы;

      екінші кезең – классерлік әдіспен.

      15. Мақта талшығын сынақтан өткізуді бастағанға дейін өнімділігі жоғары мақта талшығын сынаудың автоматтандырылған өлшеу жүйесін (НVІ типті) күйге келтіру жүзеге асырылады.

      16. Өнімділігі жоғары мақта талшығын сынаудың автоматтандырылған өлшеу жүйесі (НVІ типті) арқылы мақта талшығының мынадай көрсеткіштері өлшенеді:

      1) микронейр;

      2) түс (шағылысу коэффициенті, сарғаю дәрежесі);

      3) ластану (трэш код, арамшөпті қоспалар алаңы, арамшөпті қоспалар саны);

      4) ұзындық (жоғарғы орташа ұзындық, ұзындығы бойынша біркелкілік индексі, қысқа талшықтар индексі);

      5) беріктік (үлестік үзілу жүктелімі, үзілгендегі ұзаруы).

      17. Классерлік әдіс:

      1) мақта талшығының сыртқы түрінің стандарттық үлгілерімен салыстыру жолымен сұрыбы мен сыныбы бойынша мақта талшығын органолептикалық бағалауды;

      2) штапельді қолмен төсеу жолымен штапельдік ұзындықты анықтауды көздейді.

      Сондай-ақ, микронейр көрсеткіші (аспаппен), мақта талшығының сынамаларында басқа қоспалардың (мақта тұқымының, линттің, шитті мақтаны бастапқы өңдеу қалдықтарының, майланған мақта талшығының, шірік иісінің) бар-жоғы және жабысқақтығы анықталады.

      18. Мақта талшығының сапасын әр тай бойынша сынақтан өткізу нәтижелері бойынша әрбір тайға "Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларын, шитті мақтаның сапасы туралы куәлік нысанын (үлгісін) және мақта талшығының сапасы паспортының нысанын (үлгісін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-5/280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12152 болып тіркелген) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта талшығының сапа паспорты ресімделеді.

      Мақта талшығы иесінің өтінімі бойынша мақта талшығының әр тай бойынша сапа паспорттары негізінде мақта талшығының біртектес партиясына біріктірілген мақта талшығының сапа паспорты ресімделуі мүмкін.

      19. Мақта талшығының сапа паспортының бланкісі қара немесе көк түсті шарикті немесе қауырсынды қаламмен қолмен не машинкамен басу тәсілімен толтырылады. Мақта талшығының сапа паспортының бланкісін толтыру кезінде түзетулерге жол берілмейді.

3-тарау. Мақта талшығының сапа паспортын беру тәртібі

      20. Мақта талшығының сынамаларын сынау нәтижелері бойынша "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" 17025 ҚР СТ ІSO/ІEC Қазақстан Республикасының ұлттық стандартына сәйкес сынақ хаттамасы ресімделеді, оның негізінде зертхана (орталық) мақта тазалау зауытында мақта талшығының сынамаларын іріктегеннен кейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей мақта өңдеу ұйымының мақта талшығы сапасының паспортын береді.

      21. Мақта талшығының сынамаларын сынақтан өткізу нәтижелері негізінде мақта өңдеу ұйымы типі, өнеркәсіптік және селекциялық сұрыбы бойынша біртекті, үш сыныпқа дейін болуға жол берілетін мақта талшығының партиясын жинақтайды, жинақталған мақта талшығы партиясының кондициялық салмағын айқындайды.

      Мақта талшығын тиеп-жөнелту кезінде мақта өңдеу ұйымы тиеп-жөнелту құжаттарына мақта талшығының сапа паспортын салады.

      22. Мақта талшығының сапа паспорты мақта талшығын сақтау шарттарын сақтаған жағдайда, берілген күнінен бастап және сегіз ай бойы қолданылады.

      23. Мақта талшығының сынамалары сынақтан өткізілгеннен кейін мақта талшығының иесі партияны тиеп-жөнелткенге дейін, бірақ мақта талшығының сапа паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге зертханада (орталықта) сақталады, содан соң мақта өңдеу ұйымына қайтарылады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!