жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Талшықты - оптикалық байланыс жолының сапалық көрсеткіштері
Талшықты - оптикалық байланыс жолының сапалық көрсеткіштері
Наурыз Қ.Ж., аға оқытушы
«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасы, энергетикалық факультеті
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті,
Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан
Талшықты - оптикалық технологияда жарықтың толқындық теориясы қолданады, мұнда жарық белгілі бір ұзындықтағы электромагниттік толқын ретінде қарастырылады. Жарықты тасымалдау үшін оқшауланған оптикалық мөлдір орта қолданылады. Біртекті ортада электромагниттік толқын түзу сызықты түрде таралады, дегенмен тарату ортасының тығыздығы өзгергенде, оның шекарасында таралып отырған жарықтың бағыты мен сапалық құрамы өзгереді. Төмендегі 1-суретте біз әр түрлі тығыздықтағы екі шектес медианы (ортаны) қарастырамыз. Сәуле тарала отырып екіншісінің бетіне белгілі «a» бұрышымен жетуі мүмкін (қалыпты бетіне дейін). Бұл жағдайда толқын «b» бұрышымен келген ортаға ішінара шағылысады және жаңа ортаға «с» бұрышымен ішінара еніп өзгереді [1].

Сурет 1. Толқындық теорияға мысал
Жарықтың таралуын зерттейтін физикалық заңдар бойынша сәуленің түсу бұрышы шағылысу бұрышына тең, яғни a = b. Сондай - ақ, ортаның тығыздығын n1 және n2 деп белгілесек, онда c сыну бұрышы келесі 1-формуласымен анықталады [2]:
с = n1 × sin a = n2 × sin c, (1)
Жарықтың толық шағылу жағдайында жарық сынуының әсері болмауы да мүмкін. Ол үшін с бұрышы кем дегенде нөлге тең болғаны жеткілікті. Өрнекті (1) түрлендіріп, біз толық жарық шағылыстыру үшін жеткілікті шарт аламыз [1]:
sin a = n2/n1, (2)
Қазіргі заманғы талшықты - оптикалық технологиялардың дамуы әсерінен жарықтың қажетті ортада толыққанды таралуын бақылауға болады. Оптикалық талшықтың параметрлері екі топқа бөлінеді [3]:
-
Оптикалық талшықтың тарату параметрлері;
-
Оптикалық талшықтың геометрикалық параметрлері.
Оптикалық талшықтың тарату параметрлеріне сигналдың өшуі мен дисперсиясы жатады. Талшық бойымен таратылған сигналдың өшуі мен дисперсиясы аз болған сайын талшықты – оптикалық байланыс жолы (ТОБЖ) бойындағы регенерациялық бөлімшелер немесе қайталағыштардың арасындағы арақашықтық үлкен болады. Талшық бойымен таратылған жарық сигналына келесі факторлар әсер етеді [2]:
-
жұтылуға кететін жоғалтулар (
); -
шашырауға кететін жоғалтулар (
); -
кабельдік жоғалтулар (
).
Екі алдыңғы факторлар
талшықтың өзіндік факторы (
жоғалтулары) болса, кабельдік жоғалтулар өз табиғатына
байланысты қосымша жоғалтулар деп те аталады.Төмендегі 2-суретте
оптикалық талшықтағы сигналдың өшуі мен мөлдірлік терезесі
көрсетілген [1].

Сурет 2. Оптикалық талшықтағы сигналдың өшуі мен мөлдірлік терезесі
Дисперсия - оптикалық талшық бойымен берілген импульстың кеңеюі, тәжірибеде 1 км нормаланады, өлшем бірлігі пс/км болып табылады [4].
Дисперсия талшық түріне (бірмодалы немесе көпмодалы) байланысты екі үлкен топқа бөлінеді [1]:
-
модааралық дисперсия (негізінен көпмодалы талшықта орын алады);
-
хроматикалық дисперсия (материальды және толқындық дисперсия);
-
поляризациялық дисперсия.
Геометриялық параметрлері жайлы қысқаша тоқталсақ, оларға келесілер жатады [4]:
-
сыну көрсеткіштерінің салыстырмалы айырмасы;
-
сандық апертура;
-
нормаланған жиілік;
-
модалар номенклатурасы;
-
модалар саны;
-
толқын ұзындығының кесіндісі.
Талшықтың тарату және геометриялық параметрлерінің негізгілерін есептеуде толығырақ көрсетеміз.
Оптикалық талшық - диаметрі өте кіші (адам шашының қалыңдығымен салыстыруға болатын), оптикалық диапазонда электромагниттік толқындарды өткізетін дөңгелек көлденең қимасы бар толқын өткізгіш (тасығыш) болып табылады. Оптикалық сәулеленудің толқын ұзындықтары электромагниттік спектр аймағының 100 нм-ден бастап 1 мм-ге дейінгі жолағын алады. ТОБЖ - да әдетте инфрақызылға (ИҚ) жақын диапазонды (760 - 1600 нм) кең пайдаланады және аз көлемде көзге көрінетін (380 - 760) нм) диапазонды да қолданады [3].
Оптикалық талшық өзекшеден (ядродан) және оптикалық сәулеленуге қажетті мөлдір материалдардан жасалған оптикалық қабықшадан (қаптамадан) тұрады (мысалын келесі 3-суреттен көруімізге болады) [5].

Сурет 3. Оптикалық талшықтың сыртқы құрылымы (а) және көлденең қимасы (б)
Оптикалық талшықтар екі үлкен топқа бөлінеді: көпмодалы және бірмодалы. Қазіргі заманауи, жоғары жылдамдықты желілерде негізінен қолданылатын оптикалық кабельдердің талшығы бірмодалы, сондықтан бірмодалы түріне толығырақ тоқталамыз.
Төмендегі 1-кестесінде бірмодалы оптикалық талшықтың стандарттары мен қолданылатын салалары берілген [3].
Кесте 1. Бірмодалы оптикалық талшықтың стандарттары мен қолданылатын салалары
|
Атауы |
Белгіленуі |
Қолданылатын саласы |
|
Сатылы талшық |
SF (NDSF) |
Ұзартылған желілер (Ethernet, Fast/Gigabit Ethernet, FDDI, ATM), SDH желілер |
|
Ығыстырылған дисперсиялы талшық |
DSF |
Аса ұзартылған желілер, супермагистральдар (SDH, ATM) |
|
Нөлге тең емес ығыстырылған дисперсиялы талшық |
NZDSF |
Аса ұзартылған желілер, супермагистральдар (SDH, ATM), толық оптикалық желілер |
Бірмодалы оптикалық талшықтың типтік сипаттамалары төмендегі 2-кестесінде берілген [5].
Кесте 2. Бірмодалы оптикалық талшықтың (ОТ) типтік сипаттамалары
|
ОТ түрі |
Стандарт |
Сандық апертура |
Жұмыс диапазоны, мкм |
Өшу коэффициенті, дБ/км |
Меншікті хроматикалық дисперсия, пс/км-нм |
|
SF 9/125 |
МСЭ-Т G.653 |
0,1 |
1,285.....1,33 1,525.....1,575 |
≤ 0,43 ≤ 0,28 |
≤ 3,5 ≤ 18 |
|
DSF 8/125 |
МСЭ-Т G.653 |
0,1 |
1,285.....1,33 1,525.....1,575 |
≤ 0,43 ≤ 0,28 |
≤ 18 ≤ 3,5 |
Оптикалық талшықтағы сигналдың жалпы өшуі (дБ/км) келесідей 3-формула көмегімен анықталады [4]:
α
(3)
мұндағы
- талшықтың өзіндік
жоғалтулары;
- кабельдік жоғалтулар (мысалы КС-ОКЛ-П-12-G.652.D
кабелінің техникалық сипаттамасына сай (λ = 1310 нм) нормалы мәні
0,32 дБ/км, кесте 2.3)
- жұтылуға кететін жоғалтулар;
- шашырауға кететін жоғалтулар [6].
- жұтылуға кететін жоғалтулар
келесі стандартты 4-формуламен табуға болады [2]:
(4)
мұндағы
– талшық жүрекшесінің сыну
көрсеткіші (1,48); ?
-
талшықтағы толқын ұзындығы (1310 нм), м;
tgδ –талшықтағы диэлектрлік
жоғалтулардың тангенс бұрышы (
).
- шашырауға кететін жоғалтулар келесі стандартты 5-формула
бойынша анықталады [4]:
(5)
мұндағы K - Больцман
тұрақтысы,
; T – шынының қатты фазаға өту температурасы,
; ?
– сығылу
коэффициенті,
.
3.12 формула
сәйкес
қосындысы
- талшықтың өзіндік жоғалтуларын түзеді, келесі 6-формуласы
көмегімен өрнектейміз [2]:
(6)
Оптикалық
кабель жасау өнеркәсібінде талшық жасауда жоғары технологиялардың
қолдануы, қазіргі таңда
– мәнін азайтуға мүмкіндік алды, мысалы қазіргі кездегі
қосымша жоғалтулардың мәні 0,05 дБ/км құрайды, мысалы
КС-ОКЛ-П-12-G.652.D кабелінің техникалық сипаттамасына сай (λ =
1310 нм) 0,32 дБ/км, құрайды, сонда 0,05 дБ/км < 0,32 дБ/км.
Дисперсияны есептеуде оған қажетті техникалық мәліметтерді
қолданатын жабдығымыз және оптикалық кабельдің сипаттамаларынан
аламыз, оның мысалы 3 кестесінде берілген [6].
Кесте 3. Дисперсияны есептеуде оған қажетті техникалық мәліметтер (белгілі желі және жабдық пен кабель мысалында)
|
1 |
2 |
3 |
|
1 |
ТОБЖ ұзындығы |
L1=10 км, L2= 4 км |
|
2 |
Жұмыс толқын ұзындығы |
λ =1,31 мкм |
|
3 |
Максималды иілгіштің нөлдік дисперсиясы |
S0 = 0,092 пс/(нм2∙км) |
|
4 |
Спектрдің максимальды енінің сәулелену көзі |
Δλ = 0,04 нм |
|
5 |
Поляризациялық мода дисперсиясының коэффиценті |
DPMD = 0,5 пс/км1/2 |
|
6 |
Оптикалық таратқыштағы бастапқы импульс ұзақтығы |
τ0 = 25,13 пс |
|
7 |
Нөлдік дисперсия |
Dmax (λ) =17,92 пс/(нм∙км) |
Моданың поляризациялық дисперсиясын есептеу келесі 7-формуламен анықталады [3]:
, (7)
мұндағы
- поляризациялық мода дисперсиясының коэффиценті (3-
кестеден); L - қарастырылатын кабель бөлімшесі ұзындығы, мысалы
3-кестедегідей L1
=10 км,
L2
= 4 км
(ең ұзағын аламыз).
Хроматикалық дисперсияны есептеу келесі 8-формула көмегімен анықтаймыз [7]:
(8)
мұндағы
- нөлдік
дисперсия;
- спектрдің максимальды енінің сәулелену көзі, сонда
(3-кестеден).
Жалпы нәтижелі дисперсияның нәтижесін келесі 9-формуласы көмегімен табамыз [3]:
(9)
Импульстің соңғы ұзақтығы оның бастапқы ұзақтығымен есептеледі τ0, онда оптикалық жабдық үшін импульс ұзақтығы дисперсия есебінен көбейеді, оны келесі 10-формула көмегімен өрнектейміз [4]:
(10)
мұндағы
- оптикалық таратқыштағы
бастапқы импульс ұзақтығы (25,13 пс)
(3-кестеден).
Регенерация бөлімшесінің ұзындығы келесі 11-формуласымен анықталады [7]:
(11)
мұндағы Э – аппаратураның
энергетикалық потенциалы (мысалы OptiX OSN 580 жабдығының
техникалық сипаттамасы бойынша, 30 дБ);
ажыратылмайтын ағытпадағы сигналдың өшу коффициенті (0,1
дБ/км);
- ажыратылатын ағытпадағы сигналдың өшу коффициенті (0,5
дБ/км);
қолданатын оптикалық кабельдің техникалық сипаттамасына сай
сигналдың өшу коэффициенті (мысалы 0,32
дБ/км);
- кабельдің құрылыс ұзындығы (мысалы 6 км)
[6].
Алынған мән бойынша кабель трассасы бөлімшесінде регенерациялық пунктің қажеттілігі бар немесе жоқ екендігін анықтайды.
Қолданылған дереккөздер тізімі
1 Теория оптического волокна. Оптоволоконные технологии. Қолжеткізім ресурсы: https://www.tls-group.ru/services/inzhenernaya-infrastruktura-zdaniy/strukturirovannye-kabelnye-sistemy/ter-vol/#10. Қолданыстағы күні:
2 В.А. Стоцкий, А.К. Тощев. Проектирование волоконно-оптической линии передачи. Методические указания для выполнения курсового проекта по теме: “Техническая эксплуатация и обслуживание волоконно-оптичсеских линий связи”.СПб. - СПбГУПС Императора Александра I., СПбТЖДТ. 2017. - 69 с.
3 Д.Л.Айбатов, Л.Р.Айбатов. Оптические направляющие среды и пассивные компоненты ВОЛС: Конспект лекций.Казань.: изд.КГТУ им. А.Н.Туполева. - 167 с.
4 Е.Ю. Елизарова. А.К. Сакабаева, Направляющие системы электросвязи. Методические указания к выполнению курсового проекта (для студентов всех форм обучения специальности 5В071900 – Радиотехника, электроника и телекоммуникации). – Алматы: АУЭС, 2010. - 48 с.
5 Оптическое волокно (оптоволокно). Қолжеткізім ресурсы: http://infiber.ru/biblioteka/stati/optical_fiber.html. Қолданыстағы күні:
6 KCEP кабель КС-ОКЛ оптический. Қолжеткізім ресурсы: https://www.intant.kz/catalog/sistemy-bezopasnosti/kabelnaya-produktsiya_1/kcep-kabel-ks-okl-opticheskiy/. Қолданыстағы күні: 27.02.2021.
7 М.С. Былина, С.Ф. Глаголев, В.С. Иванов, Г.М. Смирнов. Методические указания к проектированию по дисциплине «Современные технологии проектирования, строительства и эксплуатации направляющих систем электросвязи» (спец. 210404) / СПб ГУТ. СПб, 2011.- 21 c.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген