|
Сабақ
кезеңі/
Уақыты
|
Педагогтің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
|
Сабақтың
басы
Қызығушы
лықты
ояту
3мин.
|
І.Ұйымдастыру
кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу,
түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу Сәлемдеседі.
«Сәлеметсіздер ме,балалар?!»
Психологиялық ахуал
орнату
«Денсаулық – ол....» сөзін
кезекпен жалғастырады.
Сыныпта жағымды ахуал
қалыптастырады.
Ойтүрткі
Деніміз сау болуы үшін қандай
тамақтарды тұтынуымыз керек?
|
Сәлемдеседі
«Денсаулық –
ол
.....»
Бір-біріне бүгінгі күнге
сәттілік тілеп жағымды ахуал
қалыптастырады.
Оқушылар мұғалім берген
сұрақтарға жауап береді
|
Мадақтау Жарайсың! Тамаша!
Керемет!
|
Кеспе қағаздар,
суреттер
|
|
5-мин
Жаңа сабаққа
кіріспе 10мин
|
Үй
тапсырмасын «Доп
лақтыру» әдісі арқылы
сұраймын.
1.Қандай ұлттық тағамдарды
білесіңдер?
2. Одағай дегеніміз
не?
3. Одағайдың
түрлерін ата?
4. Одағай сөздерін
қатыстырып мысал
келтіріңдер?
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын
түсіндіремін.
Қима қағаздар
бойынша
Топқа
бөлемін.
«Денсаулық»
тобы
«Гигиена»
тобы
Жаңа тақырыпты
түсіндіру. «Кинометафора» әдісі арқылы жаңа сабақты
түсіндіремін.
Көңіл күй
одағайлары адамның әртүрлі сезімін,көңіл
күйін білдіреді. 1.Жағымды эмоцияны білдіруде қолданылатын көңіл
күй одағайлары: Алақай, бәрекелді, паh- паh, мә, оhо,
т.б
|
Оқушылар берілген сұрақтарға
жауап береді.
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын
түсінеді.
Оқушылар бейнеролик
көреді.
|
ҚБ арқылы ынталандыру:
«Жарайсың»,Керемет, Тамаша
|
Презен
тация
|
|
Сабақтың
ортасы
20мин.

|
1-тапсырма «Ортаға ой
таста» әдісі
Берілген мәтінді мұқият
оқып, проблемалық сұрақ құрап жаз. Топтық
жұмыс.
Тамақтану
мәдениеті
Әр нәрсенің өз әдебі орны
болады. Оны сақтамасаң , сен әдепсіздікке бой алдыртқан болып
саналасың. Тамақтанудың да өз әдептері болады. Оларға
:
1. Тамақты мезгілімен
ішу.
2. Әдеппен
ішу
3. Жағымсыз қылықтарды
жасамау...
жасамауы жөн жайттар.
Мысалы: Ауызды
сыпылдатпау, тамақ уақытында телефон, теледидар қарамау,
үлкендерден бірінші бастау, сол қолмен жеу, тамақты обал қылу
т.с.с. Бұл нәрселерді жасау, үлкен сорақылық. Сол себепті әдеппен
ішіп - жеу керек.
Тамақтанудың да мәдениеті болады,
ұмытпа!
|
Берілген мәтінді мұқият
оқиды.
Мәтін бойынша проблемалық
сұрақтар құрастырады.
Мәтін бойынша өз ойларын
толықтырады.
|
Дескриптор
-Берілген мәтін бойынша
проблемалық сұрақтар құрастырады-2
б.
|
Оқулық, жұмыс
дәптерлері.
|
|

|
2-тапсырма. «Суреттер
сөйлейді»
Төменде берілген суреттер
бойынша мәтін құрап жазыңыз. Жеке
жұмыс.

Тілімізде адам сезімінің алуан
түрлі күйін білдіретін сөздер болады. Айталық қуанғанда,
ренжігенде, қорыққанда белгілі бір сөздерді қолданамыз. Мыс. Ау,
қайдан келесің? Пай-пай, жүйрігін-ай!Бәрекелді, нағыз азамат
осындай болар.
|
Берілген суреттер бойынша
мәтін құрап жазады.
Мәтін жазу барысында
суреттердегі графикалық ақпараттар мен сабақ тақырыбына қатыстырып
құрастырады.
Мәтін мазмұнын
сақтайды.
|
Дескриптор:
Берілген суреттер бойынша
мәтін құрап жазады-1
б
Мәтін мазмұнын
сақтайды-1б
|
Оқулық,
суреттер,
жұмыс
дәптерлері
|
|

|
3- тапсырма. «Мені
жалғастыр»
Жұптық
жұмыс.
Өлең жолдарын пайдаланып,
өзара сұхбат құрыңдар. Қымыздың дәміне сүйсінгенде немесе
ашырқанғанда қолданылатын одағайларды
қатыстырыңдар.

Биенің сүті – сары
бал,
Қымыздан асқан дәм бар
ма?
Үйірілген сары алтындай сары
қымыз,
Ауруға – ем, сауға –қуат, дәрі
қымыз.
Елімнің баяғыдан сүйген
асы,
Шығаршы, тағы нең бар, кәрі
қымыз?
|
Мәтіндегі ақпаратты
пайдаланып, жұбымен сұхбат
өткізеді.
Сұхбат барысында диалог
ережелерін сақтайды.
|
«Жарайсың!» деген мадақтау
сөзімен ынталандыру
Дескриптор:
Сұхбат барысында диалог
ережелерін сақтайды-1 б
Тақырыптан
ауытқымайды-1б
Ауызекі сөйлеу, айтылым
дағдысын қалыптастырады-1б
|
Оқулық, жұмыс
дәптерлері.
|
|
Сабақтың
соңы
Ой
толғаныс.
Рефлексия
7
мин.

|
«Ми»
рефлексиясы.
Сабақты ми шкаласымен өз
білімін белгілетемін.

Кері байланыс: «Банкомат»
әдісі арқылы
жасатамын.
Үй
тапсырмасы: Қуану, қорқуға, ренжуге
байланысты жағдаят ойластырып, одағайлардың қатысуымен диалог
жазыңдар.
|
«Ми» рефлексиясы
бойынша
Сабақты ми
шкаласымен өз білімін
белгілейді
|
Берілген ми рефлексиясымен
бағалайды.
|
Қима
қағаздар.
|