400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Тамақ өнеркәсібі 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің жариялаған материалым өзімнің әріптестеріме және қазіргі жас мамандарға көп көмегін тигізеді деп айтар едім.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тамақ өнеркәсібі.

Мақсаты:

Білімділік: оқушыларды тамақ өнеркәсібі салаларымен таныстыру, сабақтың мазмұнын меңгерудегі дайындығын қамтамасыз ету;

Дамытушылық: ақпараттық материалдармен,  тірек сызбалармен, картамен жұмыс істету арқылы білім пен білік дағдысын арттыра отырып дүниетанымын дамыту;

Тәрбиелік: әр оқушының ұйымшылдық қабілетін ояту, туған өлке табиғаты мен өнеркәсіпті  сүюуге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақталық карталар

Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

3. Тақырыпты меңгеру кезеңі

4. Тақырыпты бекіту кезеңі

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

6. Бағалау кезеңі

7. Үй тапсырмасын беру кезеңі

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушылардың іс- әрекеті

1

(1 мин)

Оқушылармен амандасу.Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2

(12 мин)



























































3

(10 мин)




















































4

(16 мин)





































Ең алдымен кескін карталарын тексереді.

1-тапсырма

“Кім жылдам” әдісі арқылы өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады?

  1. Негізгі мал шаруашылық түрлерін атаңдар.

  2. Қосымша мал шаруашылық түрлері?

  3. Қой және ешкі шаруашылығы қай аймақтарда таралған? Не себепті?

  4. Қой түрлерін атаңдар.

  5. Қойдың негізгі өнімі?

  6. Мүйізді ірі қара мал шаруашылығы қандай түрлерге бөлінеді?

  7. 2011 жылғы дерек бойынша жылқы қанша басты құрады?

  8. Елімізде өсірілетін жылқы түрлері?

  9. Түйе өсіруге негізгі маманданған аудандар?

  10. Марал шаруашылығының негізгі өнімі?

  11. Омарта шаруашылықтары көбіне қандай аймақтарда дамиды?

  12. Жібек құрты қай аймақта жақсы дамыған?
























2-тапсырма Кестемен жұмыс.

Топтарға мал шаруашылығының таралу аумақтарын еске түсіруге арналған кестені тақтаға іледі





Жаңа тақырыпты бастар алдында кіріспе әңгіме жүргізіледі:

  1. Қандай өнеркәсіп ауыл шаруашылығының негізгі шикізат көзі болып табылады және де халықтың тағамға деген сұранысын арттырады?

  2. Тамақ өнеркәсібінің шикізатты пайдалануына қарай нешеге бөлінеді?

  3. Тамақ өнеркәсібінің дамуына қандай факторлар әсер етеді?

Кейін мұғалім тамақ өнеркәсібі туралы мәліметтерді оқушыларға түсіндіреді.

Жаңа тақырып бойынша түсінік беріледі.

Тамақ өнеркәсібі халықтың тағамға деген сұранысын қанағаттандырады. Еліміздегі негізге тамақ өнеркәсіптеріне ет өнеркәсібі, ұн-жарма өн-бі, балық, кондитер, шарап жасау т.б. салаларды жатқызамыз. Қазіргі кезде кәсіпорындар жаңа технологиялармен жабдықталған. Тамақ өнеркәсібі базасы шикізатты пайдалану сипатына, түріне қарай: өсімдік шар-ғы шикізаттары, мал шар-ғы шикізаттары, өндіріс шикізаттары болып бөлінеді. Ал тұтыну көздеріне қарай да үш топқа бөліп қарастырамыз: тұтынушыға жақын, шикізат көздеріне жақын, тұтынушыға да, шикізат көздеріне да жақын.

Ет өн-бі – тамақ өнеркәсібінің ірі саласы. Ет омбинаттарының негізгі комбинаттары Семей, Орал, Алматы, Петропавл, Қызылорда.

Ұн тарту-жарма өнеркәсібіне ұннан жасалатын тағамдар, нан және макарон өнімдері, ұн, жарма жатады. Макарон зауыттары Алматы, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Семей қалаларында.

Қант өнеркәсібі құмшекер және шақпақ қант шығарады. 6-9т.қант қызылшасынан 1т.құмшекер алынады. Қант өнеркәсібі қынт қызылшасы жақсы өсірілетін аудандар Жамбыл, Алматы облыстарында дамыған. Қазақстанға қан құрағы Бразилия, Аргентина, Аустралия елдерінен әкелінеді.


Тақырыпты бекіту үшін келесі сұрақтарды қояды:

  1. Біздің елімізде тамақ өнеркәсібінің қандай салалары дамыған?

  2. Тамақ өнеркәсібі шикізатты пайдалану сипатына, түріне қарай неше топқа бөлеміз? Оларды ата?

  3. Тамақ өнеркәсібі салаларын дамытуға және орналастыруға әсер ететін негізгі факторлар қандай болып келеді?

  4. Тамақ өнеркәсібінің салалары нешеге бөлінеді? Оларды ата?

Оқушылар кескін карталарын тексерткеннен кейін мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

  1. Мал шаруашылығының негізгі түрлері: қой мен ешкі, ірі қара мал жылқы және түйе шаруашылығы.

  2. Мал шаруашылығының қосымша салалары – шошқа, марал өсіру.

  3. Қой және ешкі шаруашылығы дала, шөл, шөлейт және биік таулы аудандарда дамыған.

  4. Елімізде 17 түрлі қой тұқымы өсіріледі. Оларға биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, жартылай қылшық жүнді, қылшық жүнді.

  5. Қой шаруашылығының негізгі өнімдері- еті, жүні және терісі.

  6. Мүйізді ірі қара мал шаруашылығының түрлеріне сүтті-етті, қырдың қызыл сиыры, алатау сиыры, талас сиыры және қазақтың етті-сүтті ақбас сиыры жатады.

  7. Жылқының саны 2011 жылғы есеп бойынша 1624,3мың басты құрады.

  8. Жылқы түрлері: жабы, адай, көшім, Қостанай жылқысы.

  9. Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Оңт.Қазақстан облыстары маманданған.

  10. Маралдың еті мен терісі азық және киім ретінде пайдаланылады. Мүйізінен құнды дәрі-дәрмек жасалады.

  11. Алтайдың, Жетісу Алатауының және Тянь-Шаньның биік таулы бөктерлерінде орналасқан.

  12. Оңтүстік Қазақстан облысында дамыған.


Топтағы оқушылар бірлескен жұмыс арқылы өз тобының атауына сай мал шаруашылықтарының тарлу аумақтарын атап, кестені толтырады. Топтан шыққан оқушы картадан көрсетеді.


Жаңа тақырып алдында бұрын алған білімдерін қайта жаңғырту үшін мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Кейін мұғалімнің жаңа тақырып бойынша айтатын әңгімесін тыңдап, ең қажеттілерін дәптерлеріне жазып отырады.





.


























Оқушылар мәтінді шолып шыққаннан кейін сұрақтарға ауызша жауап береді:

  1. Біздің елімізде тамақ өнеркәсібінің ет, ұн тарту,

жарма, қант өнімдері, балық, кондитер, шарап жасау, т.б. салалары дамыған.

  1. Тамақ өнеркәсібінің базасы шикізатты пайдалану сипатына, түріне қарай 3 топқа бөлінеді: өсімдік ш-ның шикізаттары, мал ш-ның шикізаттары, өндіріс шикізаттары.

  2. Тамақ өнеркәсібі салаларын орналастыруға әсер етуші негізгі факторлар- шикізат көздері және тұтынушылар.

  3. Тамақ өнеркәсібінің салалары 3 түрге бөлінеді. Олар: тұтынушыға жақын орналасқан салалар(наубайхана, сыра қайнату, сүт, макарон, кондитер); шикізат көзіне жақын орналасқан салалар(қант, сүт, спирт, консерві, май шайқау, крахмал, сіркесу); шикізат көзіне де, тұтынушыларға да жақын орналасқан салалар(ет, ұн тарту, шарап жасау, темекі).

5

(2 мин)

Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға келесі кестені толтыртады:

Білетінім

Білгенім

Білгім келетіні





Оқушыларға сұрақтарға жауап бере отырып, сабақты қорытындылайды.

6

(2 мин)


Оқушыларды сабақтағы белсенділігіне қарай бағалайды. Күнделіктеріне бағаларын қояды.

Оқушылар алған бағаларын тыңдапкүнделіктеріне қойдырады.

7

(2 мин)

Үйге §31. оқу, сұрақтарға жауап беру. Картаға тамақ өнеркәсібі орталықтарын түсіру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
771
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі