жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тамақтану әдебі
Дәріс жоспары №4
Топ |
13-11-91 |
Дәрістің өткізілетін күні |
|
Пән аты: Уағыз әдістемесі
Дәріс хана: №_______________
Дәрістің түрі: Практикалық сабақ (Аралас сабақ)
Оқыту әдісі: Сыни ойлау әдісі
Дәрістің тақырыбы: Мәзхаб
Дәрістің мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға Мәзхаб туралы баяндау, соған қатысты мәселелерді түсіндіру, олар туралы түсінік бере отырып меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың Мәзхаб туралы түсініктерін қалыптастыру, логикалық ойлау, зейінділік пен белсенділік іс-қимыл қабілеттерін дамыту, шығармашылық іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуына жағдай жасау.
Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, әрбір көрнекі құралдарды ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар:
1. Құран –
2. Хадис –
3. Тасаууыф –
Дәріске қолданылатын көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, аудио-бейне материалдар, мәтіндер
Дәріс барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин): Оқушылармен сәлемдесу, дәрісхана тазалығын тексеру, оқушыларды түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аударту.
ІІ. Оқушыларды мына тақырып бойынша тексеру (25 мин): Ақпарат-насихат топтарына арналған әдістемелік нұсқаулар
Сұрақтар:
1. Уағыз дегенді баяндаңыз?
2. Сүннет дегенді қалай түсіндіресіз?
3. Алғашқы иман келтіргендер туралы не айтылған?
4. Құран кәрімдегі «уағыз» туралы келген аяттар?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру жоспары (40 мин):
1. Білім туралы Алла Тағала Құранда не деген?
2. Алла Тағала пенделерін тура жолға салуға міндетті ме?
3. Бұған қатысты қандай ақли дәлелдер келген?
4. «Ақпараттық насихаттық топ» сөзінің тілдік мағынасы қандай?
5. Имамның тұлғасы қандай болу керек?
6. Алланың разылығының мағынасы не?
7. Уағыз айту барысында қолданылатын әдістер?
8. Уағыз айтудың маңыздылығы?
9. Уағыздың айтылу ұзақтығы, жиілігін қалай анықтауға болады?
10. Мәзхаб туралы құран аяттары?
ІV. Жаңа сабақты бекіту (10 мин):
1. Құран кәрім кітабында бұл туралы не айтылған?
2. Уағызшының қасиеттері жайлы баяндау.
3. Уағыз айту барысында мән берілетін жайттар?
4. Хадистерде бұл жайлы не делінген?
5. Білім дегеннің жалпы мағынасы.
6. Үлкен нәпсімен күрес деген не?
7. Алла жолында жан тапсыру деген не?
8. «Мәзхаб» сөзі туралы түсіндіру.
V. Сабақты қорытындылау және бағалау (5 мин):
Оқушыларды сұрақ-жауап арқылы қорытындылап, тапсырмаларды орындау дәрежесіне қарай білімдерін бағалау.
VI. Үй тапсырмасы (5 мин):
Білімді білім иелерінен алу жайлы қысқаша уағыз дайындап, жан-жақты түсіндіріп беру.
Қолданылатын әдебиеттер:
А) Негізігі әдебиет:
Дін – насихат, ақпараттық-насихат тобына арналған әдістемелік құрал, ҚМДБ. – Астана, 2014.
Имам Нәуәуи. Хадистер жинағы (риядус-салихин). – Алматы, 2013.
Б) Қосымша әдебиет:
Дін мен дәстүр, І кітап, ҚМДБ. – Алматы, 2014.
Мұсылманның тұлғалық бейнесі, ҚМДБ. – 2014.
Мухаммад Садык Мухаммад Юсуф. Одоблар хазинасы. 1-4 том. – Ташкент, 2008.
Бағашар Қ. Ислам және өнеге. – Алматы, 2010.
Бағашар Қ. Исламдағы тазалық. – Алматы, 2014.
Оқытушы:_____________________
Кафедра меңгерушісі:_________________
Әдіскер:____________________________
Мәзхаб
Мәзһаб – жол, мектеп, бағыт, көзқарас деген мағынаны білдіреді. Шариғат тұрғысынан алғанда, арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен сүннеттен шығарылған үкімдер мен көзқарастар жиынтығын мәзһаб дейміз. Мұсылмандар өміріндегі намаз, ораза, зекет, қажылық сынды діни іс-амалдардың барлығы мәзһаб ғұламалары анықтаған үкімдерге сай атқарылады.
Исламның алғашқы дәуірінде мұсылмандар арасында діни қайшылықтар бола қоймады. Өйткені, хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз қасиетті Құран және өзінің даналығымен мәселенің шешімін айтып, дер кезінде алауыздықтың алдын ала білді. Уақыт өте мұсылмандардың саны көбейе түсті, жаңа мәселелер туындай бастады. Өйткені өмір мен тіршілік үнемі өзгеріп, өркендеп, жаңарып, дамып отырды. Бұндай жағдайда, сахабалар өз білімдеріне сүйеніп, шариғат шеңберінде ондай өзекті мәселелерді шешіп отырды. Мысалы, Әбу Бәкір (р.а.) халифалық кезінде бір мәселеге байланысты шешім шығарар алдында Құран аяттарына сүйенген, ал мәселенің жауабын аяттардан таба алмай қалған жағдайда, хадистерден іздеген. Ол жерден де таба алмаса, білімді де, беделді сахабалардың басын қосып, олармен сол мәселелер туралы кеңесіп, ойларын тыңдап, содан кейін ғана шешім шығаратын.
Кейінірек Ислам діні өзге халықтар, ұлыстар арасына тарады. Олар араб тілін де, дінін де білмейтін. Діни үгіт-насихат пен тағылым істерін оларға жеткізу сахабалар үшін оңай емес-тін. Бұл ретте сахабалар Ислам дінін бүге-шігесіне дейін үйренемін дегендерге ұстаздық етті. Сол ұстаздар қатарына хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың ұлық төрт халифасы, сондай-ақ Абдулла ибн Масъуд (590-653), Абдулла ибн Омар (612-692), Абдулла ибн Аббас (619-687), Абдулла ибн Әмр ибн Ас (615-684), Зәйд ибн Сәбит (615-665) және хазіреті Айша (613-678) (р.а.) анамызды жатқызуға болады. Олар өз заманының дара әрі дана адамдары еді. Абдулла ибн Аббастың (р.а.) үйі «білім ордасы» атанған. Хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз оларға: «Сахабаларым аспандағы жолшы жұлдыздар іспетті. Олардың қайбіріне ілессеңдер, хақ жолын табасыңдар», – деп жоғары бағасын берген.
Сахабалар кезінде түрлі діни көзқарастар пайда болды. Уақыт өте фиқһ (мұсылман заңы) саласы бойынша Құран аяттарын дұрыс талдау және хадистерді зерттеу арқылы шариғатты дамытып, жалған мектептерге (мәзһабтарға) қарсы күресуші, олардың қателіктерін паш етуші Әбу Ханифа (699-767), имам Мәлик (717-795), имам Шафиғи (767-820), Ахмед ибн Ханбал (780-855) секілді Ислам ғұламаларының мәзһабтары дүниеге келді. Бұлар Ислам әлемінде ресми мәзһаб саналып, 1300 жылдан бері өз ұстанымдары бойынша амалдарын жүргізуде. Ол мәзһаб иелерінің әрқайсысы мужтаһид (білгір) ғалымдар еді. Солардың біріне мойынсұну арқылы, осы заманға дейінгі әртүрлі қайшылықтардың алды алынып келді. Сондықтан бұл төрт мәзһабтың бірін ұстану қазіргі заман талабы да. Өйткені, олар Құран Кәрім мен сүннет жолына лайық болғандықтан «әһлу сунна уәл-жамаға», яғни хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың сүннет жолын ұстанып, көпшіліктен бөлінбей, бірлік-ынтымақты жақтаушы қауым мәзһабтары атанды.
Ханафи мәзһабы
Исламның төрт құбыласын тең қылып тұрған төрт мәзһаб ішіндегі қарға тамырлы қазақтың жүрегі мен табиғатына, салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпына жақыны, әрі жалпақ даланы желіп өткен бабаларымыздың ықылым заманда-ақ таңдағаны имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы. Негізінен Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан Түркия, Ресей, Кавказ, Орта Азия мен Қазақстан жұртына кеңінен тараған Ханафи мәзһабы тұла бойы адамгершілік пен бүкіл адамзатқа ортақ асыл құндылықтарға бай.
Күні кеше қызыл империя салған 70 жылдық зобалаңнан кейін, атеистік уыттан әлі айыға қоймаған, түрлі діни ағым шапанының астынан шыға алмай жүрген, діни білімі мен танымы кемшіндеу кейбір бауырларымыздың: − Әбу Ханифа мәзһабын ұстанудың не қажеті бар? – деген қитұрқы сауалдарын құлағымыз шалып жатады. Бұл сауалды қоюшыға Әбу Ханифа мәзһабының мән-маңызын ұғынып, сарабдал сырларына үңілуге кеңес берер едік. Екіншіден, олар бұл құқықтық майталман мектепті ата-бабаларымыз неге ұстанғанын, оның өміріміз бен қоғамымыздағы алар орны мен рөлін бағамдағаны ләзім. Үшіншіден, әлем мұсылмандарының жартысынан астамы неге осы мәзһабты ұстанады? Себебі, бірлік пен ынтымақ адамзат баласы үшін құнды қазына. Исламдағы бір мәзһабта болудың артықшылығы, халық біртұтас, ынтымағы мен бірлігі күшті, ұйымшыл болады. Орта Азия мен Қазақстанда қанша ғасырлардан бері діни алауыздықтың болмай, ұрыс-керіс, дау-жанжалдан іргесін аулақ салуының да бірден-бір сыры осында. Әйтпесе өз мақсаттары мен мүдделерін іске асыру үшін аянып қалмайтын түрлі сенім өкілдерінің тасамыздан тас атып жүргені де жасырын емес. Сондықтан бірауыздан үн қатып, бірлесе отырып, бір мәзһабта тізе қосып алға жылжысақ, ешкімнің бізге тісі бата қоймасы анық. Өйткені құлшылық амалдарының бір болуы ондай жат пиғылдың тууына жол бермейді.
Әбу Ханифа мәзһабы өзге діни мектептермен салыстырғанда өз жамағатына көп жеңілдік беруімен, әрі демократиялығымен де ерекшеленіп тұрады. Біздің жартылай көшпелі халқымыздың бұл мәзһабты қабылдауының тағы бір себебі − өз дүние танымы, бітімі мен болмысы, жүрегі мен діліне оның тонның ішкі бауындай жақындығында.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы заманға сай жұмыстарын үйлестіре жүргізіп, бірқатар мұсылман мемлекеттермен байланыс орнатты. ҚМДБ қарауындағы мешіттердің түгел дерлігі Әбу Ханифа мәзһабы бойынша шариғат ұстанып, соған орай амал етеді. Бұл ел бірлігі мен ынтымағын, достығы мен ұйымшылдығын сақтап, оны одан әрі күшейте түсуге қызмет етеді деген сөз.
Сол себепті елімізде дін туралы қабылданған соңғы заңда Қазақстан мұсылмандарының осы мәзһаб-пен амал жасайтыны шегелеп көрсетілген.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген