жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тамақтану гигиенасы.
|
Мектеп |
|
||||||||||||
|
Күні |
|
||||||||||||
|
Мұғалімнің аты-жөні: |
|
||||||||||||
|
Сынып |
Барлығы - Қатысқандар – Қатыспағандар - |
||||||||||||
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: |
Қоректену |
||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Тамақтану гигиенасы. Асқорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары және олардың алдын алу. Тағамнан уланудың алдын алу. Алғашқы жәрдем шаралары. Ішек құрт аурулардың алдын алу. |
||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
8.1.2.4 Асқорыту жолы ауруларының себептерін және астан улану себебін ашу. |
||||||||||||
|
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар: Тамақтану гигиенасының ережесімен танысады, асқорыту жолы ауруларының және астан уланудың себептерін сипаттайды. |
||||||||||||
|
Оқушылардың басым бөлігі: Тағамнан уланудың және ішек құрт ауруларын алдын алу жолдарын анықтайды |
|||||||||||||
|
Кейбір оқушылар: Гигиена ережесінің физиологиялық негіздемесін анықтайды |
|||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
Асқорыту жолы ауруларының және астан улану себептерін ашады, тағамнан уланудың алдын алу шараларын анықтайды |
||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар ... істей алады Мәтінмен жұмыс жасай отырып асқорыту ауруларының және астан улану себептерін ашады, тақырыпты түрлі қырынан жан-жақты талдап, ыңғайлы жанрда мәтін дайындайды, жазу дағдылары дамиды, дайын жұмыстарды тыңдайды. |
||||||||||||
|
Пәнге қатысты сөздер мен сөз тіркестері: Дизентерия, іш сүзегі, тырысқақ, ішек құрт аурулары, асқазан-ішек аурулары, асқазан-ішек және ішек құрт ауруларының алдын алу, тамақтану режимі, тәбет, ботулизм. |
|||||||||||||
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер |
|||||||||||||
|
Талқылауға арналған тармақтар: Тамақтану режимін сақтау маңызды, өйткені ... ... . |
|||||||||||||
|
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? Ботулизмнің неліктен қауіпті екенін айта аласыз ба? |
|||||||||||||
|
Жазылым бойынша ұсыныстар: Алғашқы көмек көрсету жолдарын білгеннің маңыздылығы неде? |
|||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Зайырлы қоғам және жоғары руханият |
||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Биохимия, салауаттану, қазақ әдебиеті. |
||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
Дүниетану |
||||||||||||
|
Сабақтың барысы |
|||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||||
|
Сабақтың басы 7-10 минут |
Жағымды психологиялық ахуал тудыру (шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айту) Шағын топтарға топтастыру. Мақал-мәтелдердің жалғасын табу арқылы Ас адамның арқауы. Ауру астан, дау қарындастан. Дені саудың, жаны сау. Таспен атқанды, аспен ат. Адам тамақтану үшін өмір сүрмейді, өмір сүру үшін тамақтанады. Тапсырма 1. Өткен «Адамның ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланысты түсіндіру» тақырыбын қайталау. Суреттегі адамның асқазаны және бауыры мен ұйқы безіндегі 1-10 көрсеткіштеріне атаулар беріңдер. Қолданылатын әдіс-тәсіл: Суреттер сөйлейді Ұйымдастыру формасы: топтық, жеке ҚБ: «+,-» |
Таратпа материалдар, сурет |
|||||||||||
|
Сабақтың ортасы 22-25 минут |
Тапсырма 2. Мәтінді оқып шығыңыз. Тамақтану гигенасының ережесін құрыңыз. Қолданылатын әдіс-тәсіл: оқулықпен жұмыс Ұйымдастыру формасы: жеке ҚБ: Бағдаршам Тапсырма 3. Оқулықтан асқорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары және олардың алдын алу тақырыпшасын оқып шығып кестені толтырыңыз.
Қолданылатын әдіс-тәсіл: оқулықпен жұмыс, кесте толтыру Ұйымдастыру формасы: жеке, жұптық, топтық ҚБ: «+,-, керемет»
Тапсырма 4. Қосымша ұсынылған материалды оқып танысыңыз, уланған адамның белгілерін анықтап, алғашқы көмек көрсету жолдарын тізбектеп жазыңыз. Қолданылатын әдіс-тәсіл: оқулықпен жұмыс Ұйымдастыру формасы: жеке ҚБ: Бір сөйлеммен қорытындылау. |
Оқулық, мәтін, кесте, бағдаршам |
|||||||||||
|
Сабақтың соңы 8-10 минут |
Кері байланыс. Аяқталмаған сөйлем. «Мен»- жұмыс барысында өзімді қалай сезіндім... ... ... . Жұмыс барысындағы менің көңіл-күйім... ... ... . Бүгінгі оқып білген материал өмірде маған ... ... ... . Неліктен ... ... ... . Маған күрделі болды ... ... ... . Үй тапсырмасы. Мәтінді түсініп оқып шығып, өзекті мәселені табыңыз. Кестені толтырыңыз. 1. Осы тақырыпқа қатысы бар рөлдерді анықтаңыз (миға шабуыл арқылы) және оларды кестенің бірінші бағанына жазыңыз. 2. Аудиторияны анықтап (миға шабуыл арқылы), кестенің екінші бағанына жазыңыз. 3. Анықталған рөлдер мен аудиторияға қолдануға болатын жанрларды анықтап, кестенің үшінші бағанына жазыңыз. 4. Мәтінге арқау болатын тақырыпты анықтап, кестенің төртінші бағанына жазыңыз.
Қолданылатын әдіс-тәсіл: РАФТ тәсілі Ұйымдастыру формасы: жеке. ҚБ: «+», «-», «керемет» |
|
|||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
ТАМАҚТАН УЛАНУ Азық-түліктен уланбаған бірде-бір адам жоқ шығар. Әсіресе, бұл жағдай көбінесе жолда орын алады, өйткені саяхатшылар көбінесе жеке бас гигиенасы талаптарын сақтамайды, бұл бактериалды уланудың дамуына әкеліп соғады. Сонымен қатар белгісіз және үйренбеген тағамдар, әсіресе тропикалық елдерде демалыстың маңызды бөлігі саналады- бұл ауру тудыратын микроағзалардың жылы және ылғалды жерде көбеюіне ықпал етеді. Дегенмен улану неден пайда болса да- ол өте жағымсыз және жаман белгілерімен қатар жүреді, ол жолсапардың бұзылуына әкеліп қана соқпай, ауыр салдарға әкеледі. Тамақтан улану – бұл асқазан-ішекке тамақпен немесе сусындармен бірге зиянды бактериялардың түсуінен ішкі органдардың жұмысының бұзылуы. Құрамында агрессиялы химиялық заттары бар немесе бактериялары бар тамақты ішкеннен кейін, токсиндер қан құрамына ақырын сіңіп,улану тудырады. Белгілері:Тамақтан улану көбінесе тез жүреді. Қысқа ғана уақыттың ішінде өзін жақсы сезінудің арты келесі белгілерге ұласады: жүрек айу, құсу; диарея; асқазан немесе ішек ауруы; жалпы әлсіздік, ұйқы қашу;бас ауруы. Емдемесе бұл белгілер күшейе түсуі мүмкін.Токсиндердің түріне және олардың санына қарай бүйректің, орталық жүйке және жүрек-қан тамырлары жүйесі жұмысының бұзылуы байқалуы мүмкін. Әсіресе, баланың улануы, белгілі бір аурудан енді жазылған егде адамның жағдайы одан әрі ауыр болуы мүмкін. Себебі: Улану көбінесе мерзімі өтіп кеткен, өмір сүру деңгейі бактерияға ұшыраған, сондай-ақ химиялық заттармен бүлінген азық-түлікті қолданғанда пайда болады. Ботулизм - (лат. botulus— колбаса) — жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аурудың ауыр түрі. Ботулизм Clostrіdіum botulіnum таяқшасы бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген тамақтан жұғады. Ботулизмнің қоздырғышы адамның, жануарлардың және балықтардың ішек жолдарында болады. Топыраққа түскеннен кейін спораға айналып, онда бірнеше жыл бойы сақталады. Ботулизм адамдарға көкөністен, саңырауқұлақтан, еттен, балықтан технологиялық ереже сақталмай дайындалған әр түрлі консервіленген тағамдарды пайдаланғанда жұғады.
|
http://filtrum.kz/pishhevoe-otravlenie/
|
|||||||||||
|
Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? -Сабақтың мақсаты бойынша саралау; -оқушыларды құрылымдалмаған (кездейсоқ) топқа топтастыруда/оқу ортасы бойынша саралау -РАФТ тәсілі бойынша тапсырманы орындауда оқушылар рөлдерді анықтауда деңгейлері ескеріле отырып сараланады. Тапсырмалар барысында тәсілді қолдану қадамдарын орындау кезіндегі миға шабуыл арқылы саралау жасалады. Аудиторияға арнап ыңғайлы жанрда мәтін дайындау барысында негізгі ойды табуда/мазмұны бойынша саралау |
Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырысыз? - «3 шапалақ» -«+», «-», «керемет» -«өзін-өзі бағалау» - кері байланыс «Аяқталмаған сөйлем» - Бағдаршам - бір сөйлеммен қорытындылау |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау -Топтық ережелерді сақтау -СӨС сақтау
|
|||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарларынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
|
||||||||||||
|
Жалпы бағалау |
|||||||||||||
|
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты) 1. 2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқытуды да оқуға қатысты) 1. 2. Сабақ барысында мен сынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
|||||||||||||
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы №1
|
Бөлім Тақырып |
Тамақтану гигиенасы. Асқорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары және олардың алдын алу. Тағамнан уланудың алдын алу. Алғашқы жәрдем шаралары. Ішек құрт аурулардың алдын алу. |
|
Оқу мақсаты |
8.1.2.4 Асқорыту жолы ауруларының себептерін және астан улану себебін ашу. |
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу, түсіну. |
|
Бағалау критерийі |
Суреттер көрсеткішін анықтайды, атайды |
|
Тапсырма |
|
|
Тапсырма 1. Суреттегі адамның асқазаны және бауыры мен ұйқы безіндегі 1-10 көрсеткіштеріне атаулар беріңдер.
|
|
|
Бағалау критерийі |
Дескриптор |
|
Суреттер көрсеткішін анықтайды, атайды |
Суреттегі құрылымды анықтайды. Суреттегі құрылымды атайды. |
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы №2
|
Бөлім Тақырып |
Тамақтану гигиенасы. Асқорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары және олардың алдын алу. Тағамнан уланудың алдын алу. Алғашқы жәрдем шаралары. Ішек құрт аурулардың алдын алу. |
|
Оқу мақсаты |
8.1.2.4 Асқорыту жолы ауруларының себептерін және астан улану себебін ашу. |
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу, түсіну. |
|
Бағалау критерийі |
Асқорыту жолы ауруларының және астан улану себептерін ашады, тағамнан уланудың алдын алу шараларын анықтайды |
|
Тапсырма |
|
|
Үй тапсырмасы 1.Мәтінді түсініп оқып шығып, өзекті мәселені табыңыз. 2.Осы тақырыпқа қатысы бар рөлдерді анықтаңыз (миға шабуыл арқылы) және оларды кестенің бірінші бағанына жазыңыз. 3.Аудиторияны анықтап (миға шабуыл арқылы), кестенің екінші бағанына жазыңыз. 4.Анықталған рөлдер мен аудиторияға қолдануға болатын жанрларды анықтап, кестенің үшінші бағанына жазыңыз. 5.Мәтінге арқау болатын тақырыпты анықтап, кестенің төртінші бағанына жазыңыз. 6.Ыңғайлы жанрда мәтін дайындаңыз. |
|
|
Бағалау критерийі |
Дескриптор |
|
Асқорыту жолы ауруларының және астан улану себептерін ашады, тағамнан уланудың алдын алу шараларын анықтайды |
Мәтінмен жұмыс жасай отырып асқорыту ауруларының және астан улану себептерін ашады. Тақырыпты түрлі қырынан жан-жақты талдайды. Тағамнан уланудың алдын алу шараларына мәтін дайындайды. |



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген