Тақырып бойынша 21 материал табылды

Тамақтану рационы 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып Жаратылыстану пәнінен Тамақтану рационы тақырыбына арналған сабақ жоспары. 130-бұйрық бойынша жасалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі: Оспанова С.С.

Күні:

Машықкер: Маратбекова.Е.М

Сынып: 6 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

§ 36. Тамақтану рационы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


6.4.2.4 толыққанды тамақтану рационын құру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Дұрыс тамақтану және үйлестірілген тағамның не екенін біледі

Оқушылардың басым бөлігі: Үйлестірілген тағаммен тамақтану элементтерін және дұрыс тамақтану стратегиясын біледі. Оқушының дұрыс тамақтану режимін сипаттайды

Кейбір оқушылар: Дұрыс тамақтану рационын құру және мысал келтіру

Бағалау критерийі

Оқушылар:

  • Үйлестірілген тағаммен тамақтану элементтерін және дұрыс тамақтану стратегиясын біледі. Дұрыс тамақтану режимін сипаттайды

  • Дұрыс тамақтану рационын құрады және мысал келтіреді



Тілдік мақсаттар


  • Тамақтану рационы – Рацион питания – Food allowonce

  • Тамақтану режимі – Режим питания – Food diet

  • Дұрыс тамақтану – Здоровое питание – Healthy food




Құндылықтарға баулу

Жұпта және топта жұмыс істеу барысында ынтымақтастық, өзіне және басқаларға құрметпен қарау, академиялық адалдық – өз бетімен жұмыс істеу, ашықтық – оқушылар сабақтың мақсаттарын және міндеттерін өз бетінше анықтай алады.

Пәнаралық байланыс

Биология, химия

















Сабақтың барысы:

Жоспарланған уақыт


Ресурстар

Басталуы:


5-минут













Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.


Ортасы:

















30-минут
















«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.


  • Рацион дегеніміз не?


  • Қоректенудің қандай түрлері бар?


  • Не себепті тамақтану нормасын есептейді?


  • Пайдалы және зиян тағам дегенді қалай түсінесіздер?



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады.



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.



ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.


Жаңа сабақ

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Дескриптор: Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықта берілген сұрақтарға жауап береді. Тақырып бойынша интернет көздерін пайдаланып видеоролик көреді.


1-Тапсырма

Тағам рационын жасау

1. 11–13 жастағы балалардың ақуыз, май, көмірсу мен энергияны тәуліктік қажетсінуі туралы кестедегі ақпаратпен танысады



2. Азық-түлік калориялығы кестесін пайдаланып, тәуліктік рационды құрады.



3. Мәліметті кестеге жазады.



4. Тиімді тамақтанудың маңызы туралы қорытынды жасайды.

5. Өзіңнің тамақтану рационыңның тиімді тамақтану қағидасына сәйкестігін бағалайды.



Дискриптор:

1. Берілген жұмысты орындайды.

2. Суретпен жұмыс жасайды.

3.Кестені толтырады.


Тапсырма-2

LearningApps бағдарламасы бойынша тапсырмалар орындау























Слайд






















Жаратылыстану кітабы, 6-сынып















Слайд




















































Слайд
















Интерактивті тақта

Аяқталуы









5-минут

«Еркін микрофон» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.


Үй тапсырмасы: «Пайдалы тағам» тақырыбында эссе жазу.



image10.png





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2022
1615
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі