Тақырыбы: «Тамаша, Жаңа 2019 жыл!»
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау. «Жаңа жыл»
мерекесінің кейіпкерлерімен таныстырып, мереке туралы түсінік
беру.
Сахнада қонақтар, безенділірген шырша. Музыка. Залда кешке келген қонақтар. Ұстаздар. Жаңа Жыл әуенімен жүргізушілер ортаға шығады.
Санжар: Бүгін бізге жырдан алқа
тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендер де, көрмегенде арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!
Ажар: Зеңгір көкте жұлдыз
болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын
ағайын!
Армысыздар, құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар !
(6 «Ә» сынып жүргізушілері шығады. )
Руслан: Ажар, Санжар! Тұратырыңдар!Бастамаңдар! Әлі ешкім келген жоқ қой!
Аяулым: Достар, мүмкін Жаңа Жыл мерекесі бүгін емес шығар?
Ажар:Сіздер мына залда бүгін неге ешкім жоқ деп таңғалып отырған боларсыздар. Бүгінгі мерекені көру үшін қонақтар бірнеше асулардан асып, небір сынақтардан өтіп келе жатыр.
Санжар: Әнекей, алғашқы қонақтарымызда келіп қалды! Қошеметтеп Жаңа жыл шыршасының алғашқы қонақтарын қарсы алайық. (оқушылар рет ретімен кіреді)
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттарым!
Құтты болсын, Жаңа Жыл, барша қауым,
Ажар Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін.
Табиғат ашық аспан, таң шапағын.
(ортаға 5 сыныптар оқушылары кіреді. айналады)
Руслан: Жаңа жыл, Жаңа жыл.
Сан тілектің бастамасы ғана бұл.
Аяулым: Кел жаңа жыл, игілік боп, иба
боп
Жер бетіне кереметті жина көп.
Санжар: Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар.
Ажар: Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті.
Сынып жетекшісі: Ажар, Сағадат мына шыршамызға арнап Жаңа Жыл әнін айтып, шыршаны айналайық.
Ажар: Иә, апай, дұрыс айтасыз. Ендеше не тұрыс? Ән бастайық.
( Балалар шыршаны айналып «Жаңа жыл» әнін айтады)
Руслан: Құрметті қауым! “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді мектеп-гимназиямыздың директоры Утеулина Нұргүл Жұмаділқызына беріледі!
Мектеп директорының құттықтау сөзі:
Ия, Жаңа Жыл өткен жыл қорытындысын жасап, атқарылған істі саралайтын кезең. Халқымызда «Өткен жылға өкпем жоқ, келер жылға үміт көп» деген қанатты сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз. Әр келген жаңа жылмен елімізде татулық пен достықтың, ынтымақ пен бірліктің бұзылмас қамалы қалыптасты. Осындай бірлік әр отбасында, әр шаңырақта, әр ұжымда болса, кез-келген қиындықты жеңуге, табысқа жетуге жол ашады. Өткен жыл мектебіміз үшін табысты жыл болды деп есептеймін. Мектебіміз осы оқу жылынан бастап гимназия статусын алды, ал жалпы білім сапасын арттыру жолында ұжымымыз шығармашылықпен қызмет жасап, шәкірттеріміз бен ұстаздарымыз түрлі байқауларда жетістіктерге жете білді. Жақында ғана Түркістан қаласында өткен республикалық сайыста Алтын медаль жүлдесін жеңіп алдық!
Мектебіміздің заман талабына сай күрделі жөндеуден өтіп, шағын орталық тобы толық қамтылуы – осының барлығы бәріміз үшін қуаныш та, бір жағынан жауапкершілік!
Жаңа жыл елімізге, ауылымызға, әрине білім саласына де толағай табыстар әкеліп, халқымыз игілікке, әр шаңырақ береке мен бақытқа, шаттыққа кенеле берсін! Барлық бастамалардың бағы жанып, сүйікті ісіміз қанағат әкеліп, жаңа білімдерге, жаңа тәжірибеге, биік кәсіптік белестер мен асуларға жетелесін! Әр шаңыраққа амандық, дендеріңізге саулық тілеймін.
Санжар: Біздің елде өткен жылы,
Қандай жыл болды тыныштық? Айтыңдаршы
балалар.
(Балалар барлығы «Ит жылы»
деп жауап береді)
Біздің елде өткен жылы,
Ит жылы болды тыныштық.
Алға ұмтылдық, біз
есейдік.
Жақсылыққа тырыстық.
Ажар: Ендеше балалар, қошеметтеп, ескі жылымызды ортамызға шақырып, құреттеп шығарып салайық.
(Музыкамен залға Ит кіреді)
Сен сыйлаған бақытты күн.
Қайта айналып келгенше,
Талап, талант дарынды,
Бойыңнан бердің барыңды.
Өрлеттің туды аспанға,
Айналар бір күн дастанға.
Ескі Жылым – Ит жылы,
Қош, аман бол
көргенше.
Ит
жылы: Мен ескі жыл есіркедім,
Егемендік елдікті.
Мен сүйемін батырлықты,
Татулық пен ерлікті.
Биыл менің жылымды құрметті оқушылар көп табыстарға, жеңістерге жеттіңдер! Олай болса өзімнен кейінге доңыз жылын сендермен таныстырып кетейін!
(Музыкамен залға Доңыз – Жасұлан кіреді)
Санжар: Армысың ,аманбысың, Жаңа жылым!
Жаңа жылым!О, менің Жаңа жырым!
Доңыз жылы келгенде, сый ғып тартып
Ақтарайық әнменен көңіл сырын!
Доңыз
жылы: Жақсылыққа бағыттаған
Доңызбын мен Жаңа жыл!
Жаңа Жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл.
Ит жылының мерекесін,
Мерекеге жалғаймын.
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын.
Арым – ұят, жаным – халық,
Қызметім де соларға,
Сеніңдер маған барлығың
Қияға ұшып қонарда.
Ал, Ескі жыл, аман бол,
Ізбасарың мен болам.
Аман болсын деп тіле,
Елім, жерім, кең далам.
Ит: Қарақтарым, қанаттарым!
Амандықпен жүздесейік
Ал, Жаңа жыл, ізбасарым,
Қолыңа ал бір істі!
Қанат бітір қанатсызға
Көркейт елді барысты.
(Итті жақсы әуенмен шығып
кетеді)
Ән: Ермырзина Жансаяның орындауында«Жаңа жыл» әні.
Доңыз: Балалар, мен сендермен ойын ойнасам деймін! Ортаға әр сыныптан бір- бір оқушы шықсын.
1.Бірінші ойыным - екі бесінші сыныптан бір- бір оқушысы шықсын! Мына үлпілдеген қарды жерге т.сірмей, ерітіп алмасын!
(Оларға мақта беріп жерге түсірмей үрлету керек - сыйлықтар беріп шығарып салады).
2. Келесі екі 6 сынып оқушыларымен хоккей ойнаймыз. Әрине, бізде мұз айдыны жоқ, сондықтан біз хоккейдің басқа түрін ойнаймыз. Кеглилердің арасынан допты клюшкамен өткізу керек! (Сыйлықтар беру).
3. Келесі ойнайтындарыңыз 7 сынып оқушылары. Оларға шар жинатамын! Кім көп жинайды, соған сыйлық беріледі!
( Алдымен шарлар байланған шүберекті ашып жіберіп жинату. Одан кейін бұның жай дайындық екенін ескертіп, ойынды қайталау. Қайта ойнаған кезде екі сынып жетекшілері - басқа, гелиймен үрленген шарға осы жылдың символы - доңыз ілінген шарларды түйген шүберекті ашып қалады. Қатысушылар жүгіріп келіп, ұстаймын дегенде- шарлар ұшып кетеді. Жыл символы – доңыз ауада қалықтап тұрады). Қатысушыларға сыйлықтар беріп шығарып салу.
4. Ал, енді менің көмекшілерім тамаша би орындап береді!
(Флэшмоб –доңыздар-7 «Ә» сыныбынан).
Ажар: Құрметті балалар, біздің кешіміздің негізгі қонағы кімдер жетіспейді?
Балалар: Аяз ата мен Ақшақар!!!
Санжар: Олай болса, хормен Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!
Барлығы: «Аяз ата! Ақшақар!»- деп айқайлайды.
(музыка. Боран. Аттың шабысы. Сықырлаған қардың дауысы)
Аяз
Ата: Құтты болсын,
балалар
Келген Жаңа
жылдарың
Алаңдамай
өсіңдер
Еркелеп қыз,
ұлдарым
Өткен жылы келіп
ем
Бәріңді де көріп
ем
Жыл өткізіп келем
деп
Уәдемді беріп
ем
Ойларың мен бойларың
да
Бірдей өсіп қалдыңдар
ма?
Ал, мен кіммін
айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар
ма?
Балалар:
Аяз
ата!
Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың
құтты болсын!
Сүйсіңдірер
маңайды
Ақшақармын
арайлы
Жалт - жұлт еткен
жүзімнен
Күміс сәуле
тарайды.
Ақшақармын
аппақпын
Қалай тыныш
жатпақпын
Менсіз қыстың сәні
жоқ
Әнмін, жырмын,
тақпақпын.
Ажар:
Қош келдіңіз Аяз Ата,
Қарсы аламыз орын беріп.
Ән салыңыз бізбен бірге,
Би билеңіз бізге еріп.
Балалар Сіздерден сыйлық алуға асығуда. Сол тамаша тартуларын тамашалаңыз.
Аяз Ата: Балаларым, біздің кешігіп келгеніміз - сіздерге деген сыйлықты орманда ұрлатып алдық. Кім алғанын көрген жоқсыңдар ма?
Балалар: Жоқ. Жоқ!
( Музыка. Сырттан Гринч кіреді. Сүйреткен жәшігі бар)
Гринч: ОООО!, мұнда тамаша той болып жатыр ғой. Бүгінгі күнім олжалы болды! Сыйлыққа да кенелдім, көңіл-күйімде көтерілетін болды!
Руслан: Балалар, бұл кім? Танисыңдар ма?
Балалар: Гринч! - деп айқайлайды.
Ақшақар: Ата, балалар! Осы адам сендерге деп дайындаған сыйлықтарды алып кеткен.
Гринч: Жо-жоқ, өтірік айтпа, мен қазір мына шыршаны сындырып ойыншықтарын шашып тастаймын. Жаңа жылды жек көремін. Сендерге мерекенің керегі не?
Санжар: Кешір, Гринч. Ренжіме, бізбен бірге шыршаны айналып, жақсы ойын ойнап көңіл көтерейік.
(би-ойын АРАМ ЗАМ ЗАМ)
Гринч: Жоқ. Бұл маған ұнамайды!!! Кетіңдер!!! Мен өзім жалғыз тойлатқанды ұнатамын. Қазір мен шыршаны сындырамын. Көңілімді көтеремін!!!
Аяулым: Гринч, бүлдірмеші, сенімен бірге ойнағымыз келеді. Аяз атаның сыйлықтарын қайтаршы. Сенің кез келген тілегіңді орындаймыз.
Гринч: Егер менің тілегімді орындасаңдар, мен сыйлықтарыңды қайтарамын!
Оқушылар: Орындаймыз. Орындаймыз!
Гринч – өз өзіне: Бұлар орындай алмайтын бір тапсырма берейін. Сонда сыйлықтар өзімді қалады. Қазір қыс, далада аяз. Қандай тілек айтсам екен? Таптым-таптым. Осы Жұмабаев мектебінің табыстары өте көп, оқушылары тәртіпті, жақсы оқығандықтан, жылы леп сезіліп тұрады. Ол жылы леп маңайын жылыпып әрқашан қуанышқа толтырады деп естідім.
-
Ал ендеше, маған әлемде ең үлкен , қып-қызыл қызғалдақ гүлі осы мектепте өседі деп естідім. Соны маған әкеліп беріңдер!
Сынып жетекшісі: Балалар, мынадай қыста ондай гүлді қайдан аламыз? Жыл он екі айға барып, айлардың кезегін ауыстыртып, бізге гүл сыйласын деп, қонаққа келген кішкентай Санталарды жіберейік!!!
( Санта-Клаустар- 5 сынып оқушылары - шығып кетеді. Жақсы әуенмен қызғалдақты сүйретіп кіреді. Залдағылар таң тамаша.)
Ажар: Гринч! Осы гүл ме еді қалағаның?
Гринч: Иә,иә! Дәп өзі. Бұл мектептің балаларының қолынан бәрі келеді екен. Сыйлықтарыңды қайтару керек. Ұят болар. ( Жәшіктен сыйлықтарды Аяз атаға қайтарады)
Гринч: Бұл жай гүл емес. Бұл сиқырлы гүл! (Айналып жүріп өзінің сиқырлы сөздерін айтып, гүлді ашады. Ішінен әдемі киінген қыз -Ақниет шығып, «Жаңа жыл» әнін орындап береді)
Аяз ата: Ал енде, өнерлеріңді көрсетіңдер!
Санжар: Жаңа біздің сыйлықтарымызды қайтаруға көмектесткен 5 ә сынып оқушылары Сізге тамаша би сыйламақшы!
( «Кішкентай Санталар» биі)
Аяз ата: Ақшақар, қызым, балаларға сыйлығыңды бере ғой. өркендерің өссін.
Доңыз: Ата, мына балалар да сізден сыйлық алмақшы.
(әр сынып кезек-кезек шығып өнерлерін көрсетіп – 7»А» - Көңілді тапқыштар командасы болып жаңажылдық сахналық көрініс көрсетеді, 6 «а»- би билейді - барлығы сыйлықтарын алады)
Аяз -
Ата: Жарайсыңдар, балаларым! Meнi бүгін бip
қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер.
Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі
екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе,
қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға
шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,
сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош
болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып
кетеді.)
Балалар:
Сау болыңыздар! Рақмет
сіздерге!
Руслан мен
Аяулым бірге:
Біз тілейміз жаңа жылдық
шаттықты!
Біз тілейміз жаңа жылдық
бақытты!
Санжар: Жаңа жылда жаңа белден
асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Ажар: Бейбітшілік ұранымен,
жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз!
Жаңа
жылда 365күндеріңізге
бақыт
, 8760 сағаттарыңызға табыс, 525600
минуттарыңызға сәттілік және 31536000 секундтарыңызға көңілді көңіл
күй сыйлаймыз.
Барлығы бірге: Қош сау болыңыздар!!!
«Келісемін» «Бекітемін»
«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Меңдіқара ауданы әкімдігі
Ғ. Жұмабаев атындағы Боровской орта білім бөлімінің Ғ.Жұмабаев атындағы мектебі» ММ-нің директорының Боровской мектеп-гимназиясы» ММ-нің
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары директоры _____________
Э.Е.Дүйсенбаева:_______________ Н.Ж.Утеулина:
« »_________ 2018 ж «_____»_________ 2018 ж
АШЫҚ ТӘРБИЕ ІС-ШАРА
Тақырыбы: Тамаша, Жаңа 2019 жыл!
Сыныбы 5-7
Өткізген Зайырбаева Бибожан Кадыржановна
Тулегенова Зивагуль Зулхарнаевна
2018-2019 оқу жылы
8
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тамаша, Жаңа 2019 жыл!

шағым қалдыра аласыз