Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тамаша көңіл- күй әлемінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша психологтарына қажет.Топта өткізілетін тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тамаша көңіл күй әлемінде 
(балаларға арналған тренинг.) 

Мақсаты: Топта жағымды көңіл күй қалыптастыру. 
Міндеттері : 
Білімдік: -балаға өзінің көңіл күйін анықтап бағалай отырып өзгелердің көңіл күйіне назар аудара білуге үйрету; 
-«көңіл күй»ұғымын бекіту; 
Датушылық:-өзінің көңіл күйін қалыпты ұстай білуге дағдыландыру; 
Тәрбиелік:-өзіне және қоршаған ортаға позитивті қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу; 
-жағымды көңіл күй тудыру; 
-балалар ұжымын топтастыруға өзіндік үлес қосу. 
Қажетті материалдар: 7 түрлі түстен тұратын карточкалар,ватман,түрлі-түсті карандаштар,фломастер,магнитофон,домалақ жіп. 
1.Кіріспе.-Біз өздеріңмен көңіл күйдің не екенін жақсы білеміз.Кей кезде қуансақ,кейде мұңайып қаламыз.Кейде ренжісек,кейде шаттанамыз,мұңданатын,қайғыратын да кездеріміз болады.Яғни біздің көңіл күйіміз үнемі өзгеріс үстінде болады.Ал бүгін біз өздеріңмен тамаша көңіл күй әлеміне аттанамыз. 
2.Ойын «Алуан түсті көңіл күй.» 
Бір,екі,үш,төрт,бес,алты, 
Ойынымыз басталды.-Біз қазір өз көңіл күйіміздің түсін табамыз.Мен сендерге кішкене бір құпияны ашайын,балалар.Біздің көңіл күйіміздің өзіне тән түсі болады екен.Міне,менде түрлі түстен тұратын карточкалар бар.7түстен тұратын көңіл күй түймедағы.Әр жапырақ –әр түрлі көңіл күй: 
Қызыл-сергек,белсенді көңіл күй-секіргіміз,жүгіргіміз,қимылды ойындар ойнағымыз келіп тұрады. 
Сары – көңілді көңіл күй:жан-жағымызға қуана қарап,шаттанғымыз келеді. 
Жасыл – көпшіл: барлық балалармен достасып,ойнағымыз келеді. 
Көк-сабырлы:тыныш ойнап,қызықты кітап тыңдап,терезеге қарап отырғымыз келеді. 
Сұр-іш пыстырарлық – немен айналысарыңды білмейсің. 
Қоңыр-ашулы көңіл күй:ренжіп,ашуланып тұрмын. 
Қара-мұңды:маған ештеңе де қызық емес,көңіл күйім бұзылып тұр.Біз қазір мына домалақ жіпті шеңбер бойынша домалатып,әрқайсымыздың көңіл күйімізді білеміз,барлығымыз өз көңіл күйіміздің түсін айтып шығамыз.Мен бастаймын,сендер жалғастырасыңдар. 
-Рахмет,көпшілігіңнің көңіл күйлеріңнің көтеріңкі болғанына мен қуаныштымын. Ал көңіл күйлері орташаларға біз қазір өз көңіл күйлерін көтеруге көмектесеміз. 
3.Ойын «Көңілді ән» Менің қолымда домалақ жіп тұр.Қазір мен жіпті қолыма іліп алып өзімнің оң жағымда тұрған көршіме жіпті өлең айта отырып ұсынамын : «Балнұр,сенің топта сенің болғаның қандай жақсы».... Ары қарай жалғастырамыз.Міне,жіп қайта айналып өзіме келді,бәрімізді біріктірді.Біздің достығымыз нығая түсті,көңіл күйіміз бұрынғыдан да көтерілді. 
4.Би терапиясы. Ән әуені,әсіресе көңіл ән әруақытта біздің көңіл күйімізді көтереді. Қазір біз әннің куплеті айтылған кезде жұптасып тұра қаламыз да алақан соғыстырамыз.Ал қайырмасы айтылған кезде ұйымдасқан түрде шеңбер бойымен жүреміз (би ырғағымен) ән:«Песенка про друзей» 
5.Релаксация (Әуен ойналып тұрады)-Ыңғайланып отырыңдар.Денелеріңді бос ұстаңдар.Көзімізді жұмып,басмыздан сипаймы да ішімізден «Мен өте жақсымын» деп айтамыз.Керемет ,күн шұғыласын шашып шығып келеді.Біз тыныш қана тамаша көлдің жағасында отырмыз.Тыныс алуымыз жай ғана естіледі.Терең дем аламыз,шығарамыз.Күн шуақ шашып тұр.Біз өзімізді өте жақсы сезінудеміз.Күн шуағы денемізді қыздыруда.Таза ауа.Бүкіл денемізбен күн шуағын сезінудеміз.Біз керемет бақыттымыз,тамаша дем алудамыз.Жайлап көзімізді ашамыз.Бір-бірімізге қарап жағымды жымиямыз.Біз керемет демалдық.Күні бойы бізде осылай тамаша көңіл күй қалыптасады. 

6. Жаттығу «Құрғақ су бұрқақ.» -Қоштасар бізге келді кез, 
Қоштасқымыз келмейді-ақ. 
Еңсемізді түсірмей, 
Қабылдайық субұрқақ. 
-Субұрқақтың алуан түрлі тамшылары беттеріңе,қолдарыңа тигенін сезіндіңдер ме?Міне,барлық реніш,мұң,еңсені басқан іш пыстырар ауыр көңіл күйдің барлығы артта қалды.Сендер бұл субұрқақтан қаншама сергектік,өмірге деген құштарлық,шаттық сезім алып 
шығасыңдар.Тамаша!Бүгінгі алған жағымды энергияларың бойларыңда ұзақ уақыт сақталатын болады. Ал әзірше қош-сау болыңдар!  Тамаша көңіл күй әлемінде (балаларға арналған тренинг) Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2021
582
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12