Губайдуллина Алмагул Мейрамгаликызы
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала
ауданы
№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің
педагог-психологы
Тақырыбы:
Тамаша
көңіл күй әлемі (балаларға арналған тренинг)
Мақсаты:
Топта
жағымды көңіл күй қалыптастыру.
Міндеттері:
-
балаға
өзінің кқңіл күйін аныөтап бағалай отырып, өзгелердің көңіл күйіне
назар аудара білуге үйрету;
- өзінің көңіл күйін қалыпта
ұстай білуге дағдыландыру;
- өзіне және қоршаған ортаға позитивті қарым –
қатынас жасай білуге дағдыландыру;
Қажетті
құралдар: 7 түстен құралған карточкалар,
ватман, домалақ жіп.
Тренинг бөлімдері:
-
Кіріспе
-
«Алуан түсті көңіл күй»
-
«Көңілді ән»
-
«Би терапиясы»
-
«Сыйлық» жаттығуы
-
Қорытынды
-
Кіріспе
Біз өздеріңмен көңіл күйдің не
екенін жақсы білеміз. Кей кезде қуансақ, кейде мұңайып қаламыз.
Кейде ренжиміз, шаттанамыз, қайғыраиын да кезіміз болады. Яғни
біздің көңіл күйіміз үнемі өзгеріс үстінде болады. Ал бүгін біз
өздеріңмен тамаша көңіл күй әлеміне аттанамыз.
-
«Алуан түсті көғңл күй» ойны
Біз қазір өз көңіл күйіміздің
түсін табамыз. Мен сендерге кішкене бір құпияны ашайын, балалар.
Біздің көңіл күйіміздің өзіне тән түсі болады екен. Міне, менде
түрлі түстен тұратын карточкалар бар. 7 түстен тұратын көңіл күй
тұймедағы. Әр жапырақ - әр түрлі көңіл күй.
Қызыл
– сергек,
белсенді көңіл күй – секіргіміз, жүгіргіміз, қимылдағымыз келіп
тұрады.
Сары –
көңілді,
жан – жағымызға қуана қарап, шаттанғымыз келіп
тұрады.
Жасыл
–көпшіл,
барлық балалармен достасып, ойнағысы келңп
тұрады.
Көк –
сабырлы,
тыныш ойнап, қызықты кітап оқып,терезеге қарап отырғымыз
келеді.
Сұр
– іш
пыстырарлық немен айналысарыңды білмейсің.
Қоңыр –
ашулы
көңіл күй, реніш
Қара
– мұңды,
маған ештеңе қызық емес, көңіл күйім бұзылып тұр.
Рахмет көпшілігіңнің көңіл күйлеріңнің көтеріңкі
болғанына қуаныштымын.
3. «Көңілді
ән» ойыны
Менің қолымда домалақ жіп тұр.
Қазір мен жіпті қолыма іліп алып өзімнің оң жағымда тұрған көршіме
жіпті өлең айта отырып ұсынамын: « Балнұр, сенің топта болғаның
қандай жақсы........» жалғастыра береміз. Міне жіп қайтып өзіме
келді, бәрімізді біріктірді, біздің достығымыз нығая түсті, көңіл
күйіміз көтерілді.
-
«Би
терапиясы»
Көңілді ән әр уақытта біздің көңіл күйімізді
көтереді. Қазір біз әннің куплеті айтылған кезде жұптасып тұра
қаламыз да алақан соғыстырамыз, қайырмасы айтылған кезде ұйымдасқан
түрде шеңбер бойымен билейміз.
5. «Сыйлық»
жаттығуы
Мақсаты: Жеке тұлғаға жақсы
эмоциялық қуанышты кӛңілкүй туғызу. Сӛздік емес қарым-қатынас
орната білуге жаттықтыру.
Мазмұны: Топтағы қатысушылар
екі-екіден бӛлініп біреуі сыйлықты ұсынады. Екіншісі сыйлықты
алушы. Сыйлық алушы мен ұсынушы мимика арқылы қандай сыйлық
ұсынғанын, екіншісі қандай сыйлық алғанын танып, айтып әрі
ілтипатты да ризашылықты ым-ишара мимикасымен түсіндіру
керек.
6.Қорытынды
Тамаша! Бүгінгі алған жағымды энергияларың
бойларыңда ұзақ уақыт сақталатын болды. Біз керемет дем
алдық.