400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тамаша көңіл-күй әлеміне саяхат» атты балаларға арналған тренинг-сабақ.

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтарға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тамаша көңіл-күй әлеміне саяхат» атты балаларға

арналған тренинг-сабақ.


Өткізілген күні : 16.01.2019ж.


Өткізілген топ : «Жұлдыз»


Қатысты : 13 бала


Мақсаты : Топта эмоциялық жағымды көңіл- күй қалыптасытру.


Міндеті : Балаға өзінің көңіл-күйін анықтап ,бағалай білуді үйрету,өзгелердің көңіл-күйіне назар аудара білуге үйрету,балалар ұжымын топтастыруға өзіндік үлес қосу.


Дамытушылық : Өзінің көңіл-күйін қалыпты ұстай білуге дағдыландыру.


Тәрбиелік: Өзіне және қоршаған ортаға позитивті қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу,топпен жұмыс жасауға үлес қосуға үйрету.


Қажетті материалдар:Түрлі-түсті қарындаштар,смайликтер суреті, «Шұбар тауық»ертегісінің суреті,әуендер,жолдорба,балалар бас киімі т.б.


I . Кіріспе .


1. Сәлемдесу.

Қайырлы күн құрметті әріптестер!Бүгінгі менің «Тамаша көңіл-күй әлеміне саяхат»атты тренинг – сабағыма «Қош келдіңіздер!»деп,балаларды шақырып,сабағымды бастауға рұқсат етіңіздер.

Психолог балаларды залға кіргізіп, «Шаттық»шеңберіне шақырады.Ал балалар біз әдеттегідей сабағымызды амандасумен бастаймыз!Олай болса шеңбер бойымен «Сені көргеніме қуаныштымын»деп амандасып шығайық.Балалар сонымен қатар бүгін бізге қонаққа апайлар да келіп қапты,ендеше «Сәлеметсізбе!»деп хормен айтайық.Өте жақсы балалар амандасып алдық енді бүгінгі сабақ тақырыбымен таныс болайық:бүгінгі біздің сабақ тақырыбы - «Тамаша көңіл-күй әлеміне саяхат»деп аталады.Балалар біз өздеріңмен көңіл -күйдің не екенін жақсы білеміз,ия!Кей кезде біз қуанамыз,кей кезде мұңаямыз,жылаймыз, және күлетін кездеріміз болады.Яғни біздің көңіл күйіміз үнемі өзгерісте болады.Ал қазір біз өздеріңмен тамаша көңіл күй әлеміне саяхаттауға аттанамыз.

II.Негізгі бөлім.

1.«Сиқырлы поездбен саяхат».

Балалар саяхатқа аттанбай тұрып біз өзімізді сергек сезіну үшін «Сергіту»сәтін жасап алайық:

«Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштар

Үлкен болып өседі».

Жақсы балалар сергіп алдық,енді тезірек саяхатымызға дайындалайық.Сендер қалай ойлай сыңдар саяхатқа шығу үшін бізге қандай заттар керек?Балалар жолдорба,баскиім т.б.деп жауап береді.Дұрыс айттыңдар балалар енді тезірек заттармызды алып алайық поездымызда жақындап қалған сияқты.Балалар поездға отырады.Поезд даусы біраздан кейін өшіріліпаялдама аты айтылады. Балалар бізде бірінші аялдама ол:


2.«Мимимка» станциясы екен - «Мимика» - дегеніміз ол баланың көңіл-күйін бет-әлпетімен көрсететін белгі.Балалар казір мен сендерге әр түрлі эмоциядағы көңіл-күйлерді көрсетемін,ал сендер суретте қандай көңіл-күй екенін айтып бере қойыңдар.Суреттерде ашуланған,қуанған,жылаған,жабырқаулы эмоциялар болады.Балалар сендер көздеріңмен көрген эмоцияларды жақыс көрсете білдіңдер, енді сендер құлақтарыңмен мына эмоцияларды тыңдап,қандай көңіл-күй екенін тауып көріңдерші.Әр түрлі эмоциядағы дауыстар қосылады ,балалар әуендегі эмоцияларды көрсетеді.жылап тұрған баланың дауысы,күліп тұрған баланың даусы,қуанып тұрған баланың дауысы.Жарайсыңдар балалар ,сендер әр түрлі образға кіріп,актерлік шеберліктеріңді де көрсете алдыңдар.Енді әрі қарай саяхатымызға аттанайық.Келесі аялдама бізде :

3.«Ритмикалық станция».Балалар біз бұл аялдамаға бекрден-бекер келген жоқпыз,себебі қазір біз әр түрлі ритмдарды тыңдап билеп те алуға мүмкіншілігіміз бар. Олай болса балалар сендер ритмді қаншалықты сезінетіндеріңді көрейік.Екі түрлі әуен қосылады,балалар ритммен билейді.Тамаша балалар,енді әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.Келесі аялдама бізде ол:

4. «Ертегі терпаеясы» станциясы.Балалар сендер ертегіні жақсы көрсеіңдерме?Қазір мен сендерге «Шұбар тауық» ертегісін айтып берейін.Кері байланыс: Сендерге ертегі ұнады ма?Ертегіде ата мен әже қандай көңіл – күйде болды,олар неге жылады?Тауық не деді ата мен әжеге?Жақсы блалар енді әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.

5. «Арт терапея»станциясы.Арт терапея дегеніміз балалар, бұл бейнелеу өнерімен емдеу,сурет салып демалу екен.Қазір біз сендердің көңіл-күйлеріңді арт терапея ,яғни сурет бояу арқылы анықтап көреміз.Ол үшін сендер шығармашылық үстелге барып ,гүлдерді кез-келген қалаған түспен бояй қойыңдар.Бояған түстер бойынша талдау:қызыл-сергек,белсенді,сары-көңілді,жасыл-көпшіл,ұйымшыл,орташа көңіл күй,көк-сабырлы,сұр-көңілсіз,қоңыр-ашулы,қара-мұңды,ештеңе қызық емес дегенді білдіреді.Рахмет балалар,көпшілігіңнің көңіл-күйлерің көтеріңкі болғанына мен қуаныштымын.

Рефлексия.

Балалар сендерге саяхат ұнадыма?Саяхатымыздың қай бөлігі қызықты болды сендерге?Жақсы ,рахмет,балалар.

III.Қорытынды.

Балалар бізге берілген уақыт аяқталып қалыпты, сендер бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар,жарайсыңдар!Енді сендерге топтарыңа оралу керек,ендеше келесі кездескенше деп сабағымызды аяқтайық!Сау болыңдар!







педагог-психолог:

Ж.Д.Рамазанова

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
1244
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі