Тамбурлы тігіспен тігу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тамбурлы тігіспен тігу

Материал туралы қысқаша түсінік
Салт-дәстүрімізді жаңғырта отырып, өзге елдердіңде өнерін үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ


Сабақтың тақырыбы: Тамбурлы тігіспен тігу
Сабақтың мақсаты: Салт-дәстүрімізді жаңғырта отырып, өзге елдердіңде өнерін үйрету.
Дамытушылығы: танымдық қызығушылығын дамыту, ой-өрісін қолөнер шеберлігін, эстетикалық талғамын жетілдіру.
Тәрбиелілігі: кестелеу өнері арқылы оқушыларды әсемдікті сезіне білуге еңбексүйгіштікке, сұлулыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Керекті жабдықтар: ине, жіп, мата, қайшы, ине түйрегіш жастықша.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: түсіндірмелі, аралас-иллюстративті.
Сабақтың әдісі: үйрету, сарамандық.
Сабақтың көрнекілігі: кесте сызбалары, кесте үлгілері, кесте түрлері, суреттер.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүние тану, бейнелеу.
Сабақтың өтілу барысы
І. Ұйымдастыру кезең. Түгелдеу, журнал толтыру
ІІ. Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын еске түсіру.
Құрақ қалай дайындалады?
Құрақ дайындау үшін қандай геометриялық пішіндер қажет?
Құрақ бөліктерін қандай қол тігістерімен біріктірдің?
Құрақ тігу әдісімен дайындалған ине түйрегіштерін айтып өту.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Қолөнер түрлеріне нелер жатады? (Киіз басу, ою-ою, тоқу, құрақ құрау, жіп иіру, өру, есу, кесте, әшекей бұйымдар жасау)
Қолөнермен айналысатын адамдарды төрт топқа бөлуге болады.
Шебер – ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын адамдар. Ұста – қару-жарақ, ер-тұрман, тұрмысқа қажет: балта, кетпен, қалақ жасаумен шұғылданатын адам. Ісмер – ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар. Зергер – алтынмен аптап, күміспен күптеп сырға, білезік, алқа және қалыңдық сәукелесін жасаушы адам.
Ұлттық көркем өнер түріне құрақ құрау және кесте тігістері жатады.
Біз қандай қол тігістерін білеміз? (Көктеу, қайып тігу, торлау, жөрмеу)
Қолмен тігу өнері – қазақ халқының ежелден қолданып келе жатқан ең алғаш киімімен үй жабдығының негізі болған. Заманның жаңарып дамуына сай әр адам қазіргі сән үлгісіне сай қайталанбас әсемдік ерекшелігін таныта білуге тырысуда. Осындай өнердің бірі – кесте тігу өнерімен танысып үйренеміз.
Ата-бабамыз қызы мен ұлына өнердің түрлерін өмір тәжірибесінде үйретіп сегіз қырлы, бір сырлы болуға тәрбиелеген. Қыз баланың ине сабақтап түйме қадау, кесте тігу, ою-өрнекті біліп сырмақ тігу, ас пісіруді үйретсе, ұл балаларға теріден таспа тігу, бау жасау, мал сою және мүшелеуді үйреткен.
Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды – дегендей кесте тігудің алуан түрлі әсері бар. Кесте ертеден дамыған халық өнері. Кестені өзге ұлттардың бұйымдарынан да көреміз. Мысалы молдаван, эстон, белорус, украиндықтардың кестелі сүлгілері, киімдері, татар мен өзбектердің кестелі тақиясын жақсы білеміз.
Осы кестенің бірі «тамбур» тігісі. Қазақ халқында «Тышқан із» кестесі ертеден келе жатқан көркем тігістің түрі. Оны кейде «біз кесте», «таңдай кесте», «тізбек» деп те атайды. Жалпы халық тілімен «тамбур» деп атаған. Ертеде шеберлер арнайы үлкен барабан-тамбур тәрізді кесте кергішке матаны керіп тіккен. Кестенің бұл түрімен ою-өрнектер мен гүлдің сабағын кестеледі.
«Тамбур» тігісін орындалу әдіс-тәсілдерін үлгіні көрсете отырып түсіндіру, сызба бойынша иненің әр шаншымын көрсетіп түсіндіру.
Өру, тізбек бау туралы ұқсастығын айтып өту.
«Тышқан із» тігісі тігілу әдісі жағынан көлемді біркелкі ілмектер шынжыр секілді бір-біріне тіркесе тігіледі. Шынжырларының формасы мен көлемі әр түрлі болып келеді. Жіпті теріс жағынан бекітіп, оны матаның оң жағына шығарып алған соң, ілмек тәрізді етіп созып, оны сол қолымыздың бас бармағымен басып тұрып, инені алғашқы шаншыған жерден дәлдеп, төмен қарай, яғни матаның астына қарай шаншимыз. Тігісті оңнан солға қарай немесе жоғарыдан төмен қарай суреттің ыңғайына байланысты тігіледі.
Сарамандық жұмыс
Істі ине тікпейді, икемді қол тігеді.
Шеберлікте шек жоқ,
Жалқаулыққа жол жоқ.
1. Жұмыс орнын, қажет құралдарды дайындау.
2. Қауіпсіздікті қайталау.
3. Мата бетіне суретті көшіру.
4. Мата түсіне, суретке байланыстырып сәйкес жіп таңдау.
5. Тамбур тігісімен тігу.
Жұмыс барысында оқушы жұмысын қадағалау.
Жіберген қателерін уақытында жөндеу.
ІV. Жұмыс орнын жинау

V. Жаңа сабақты бекіту
1. «Тамбур» кестесі қандай түрде орындалады? (көлемді біркелкі шынжыр ілмектер тіркесе тігіледі)
2. Осы кестенің өнер саласындағы орны қандай? (Жалпы халықтық ертеден келе жатқан өнер түрі) орыс, украйн, молдаван, өзбек
Бұл кестемен басқа ұлттар да орамал, ұлттық киімдерін тіккен
3. Неліктен «тышқан із» тігісін жалпы халықтық тілімен «тамбур» деп атаған? (ертеде шеберлер матаны, теріні үлкен барабан-тамбур кесте кергіш ретінде керіп тіккен)

Үйге тапсырма. Тамбур кестемен ою-өрнек тігу.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.11.2018
918
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі