400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тамша ғой жазғы орман! Бүлдірген тере барғанда

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтін бойынша қойылым көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы

Семей қаласы «№11 ЖОББМ» КММ


Пәні:

Әдебиеттік оқу


Бөлім:

Саяхат


Педагогтің аты-жөні:

Молдашева Нуршат Тулешовна


Күні:

16.05.2023


Сынып: 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

96 сабақ. Тамша ғой жазғы орман! Бүлдірген тере барғанда


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

2.1.3.1 - шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау

2.1.1.1 - шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру


Сабақтың мақсаты

Мәтін бойынша қойылым көрсету.


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы


10 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал қалыптастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару


Үй тапсырма

«Жасыбайдың үңгірі»өлеңін жатқа айт.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару


Үй тапсырмасын

Оқиды

ҚБ: 1-10 балл

Дескриптор:

Өлеңді жатқа айтады-1б









Сабақтың ортасы

25мин

Жаңа сабақ

Фс тапсырма

«Түртіп ал» әдісі

1-тапсырма

Мәтінді түсініп оқы.

Бүлдірген тере барғанда

Бала атаулының жаз болады десе,ерекше сағынатыны- бүлдірген. Пісті ме,жоқ па? Бүлдірген дегенде, Абай да елең етіп, сұрастыра бастап еді. Тәкежан жаңа ат үстінде жүріп естіпті. Бақанаспен қатар ағатын Жәнібек суы бар. Соның Шыңғыс тауына қараған бас жағында бүлдірген тұнып тұр дейді.

Тәкежан осыны айтқанда, жаңағы көп бала:

-Жүр, ендеше,барайық!

-Барып теріп қайтайық!

-Жүріңдер!

-Ал, ат ұстаңдар!

-Иә,сәт,бүлдірген,бүлдірген!-десіп шуласты.

Бүлдірген иісі аңқыған, көк майса шалғынды жасыл беткейде балалар бүлдіргеннің қызығына әлі қанған жоқ. алғаш кеп түскен бір беттен жылжымаса да,сол алаңның өзінің жемісін де мойыта алған жоқ. Жегеннен асқандарын тақия, дорба,қалталарға да сықап жатыр.










Мәтінді оқиды



ҚБ: 1-10 балл

Дескриптор:

Мәтінді мәнерлеп, тізбектей оқиды-1б

Автор туралы мәлімет айтады-1б

Сөздікті жазады-1б

Оқулық



«Сахнада» айдары

2-тапсырма


Мәтіндегі кейіпкерлер сөзін бөліп алып, қойылым көрсетіңдер.


Көрініс қояды

ҚБ: 1-10 балл

Дескриптор:

Мәтін бойынша көрініс көрсетеді-1б

Қойы-лым



3-тапсырма

Дәптермен жұмыс

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.

  1. Мәтінде есімі аталған ұлы тұлға кім?

  2. Мәтіндегі жер-су аттары қандай?

Мәтіндегі аталған ұлы тұлға Абай Құнанбаев. Қазақтың бас ақыны. 1845-1904 жылдары өмір сүрген.

Бақанас, Жәнібек өзен аты. Шыңғыс тау аты.



Жазбаша орындайды

ҚБ: 1-10 балл

Дескриптор:

Сұраққа жауап береді-1б

Көркем жазады-1б

Оқулық



ЕҚБ

4-тапсырма

Мәтінді екі бөлікке бөліп,әр бөлікке ат қой.

І бөлік бүлдіргенге барғанда

ІІ бөлік бүлдірген қызығы


Мәтін бөліктеріне ат қояды

ҚБ: 1-10 балл

Дескриптор:





5-тапсырма

Өзіңді орманда жүрмін деп елестет. Қиялыңдағы суретті сөзбен сипаттап жазып көр.

Жап –жасыл қалың орманның ішінде жүрмін. Таза ауа, жасыл желек киген ағаштар сондай әдемі.

Күннің көзі ағаштардың арасынан күлімдеп тұрғандай жымыңдайды.



Әңгімелейді

ҚБ: 1-10 балл

Дескриптор:

Қиялыңдағы суретті сипаттайды-1б


Жұмыс дәптері



ЕБҚ

6-тапсырма

Өлеңнің мазмұнына сәйкес қимылдар жаса.


Қорбаңдаған қонжық

Орманда келеді.

Әнін айтып,маймаңдап,

Бүршіктер тереді.

Саудыраған бүршіктер

Маңдайға тиеді.

Ашуланған қонжық

Жерді келіп тебеді.


Қимылмен жасайды


ҚБ: 1-10 балл

Дескриптор:

Өлеңнің мазмұнына сәйкес қимылмен көрсетеді-1б



Сабақтың соңы

10 мин

Үйге тапсырма

«Бүлдірген тере барғанда» мәтінін мазмұндайды.


Кері байланыс

Үй тапсырма-сын алады








Кері байланыс жасайды




Жарайсың








Кері байланыс












Кері байла-ныс парақта-ры



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
16.05.2023
636
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі