400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тамыр аймақтары. 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға тамырдың өсімдіктің вегетативті мүшесі екендігі тамыр аймақтары, және оның бөлімдерінің құрлысы мен қызметтері туралы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы
















Сабақтың тақырыбы

 Тамыр аймақтары











Жалпымақсаты

Оқушыларға тамырдың өсімдіктің вегетативті мүшесі екендігі тамыр аймақтары,оның бөлімдерінің құрлысы мен қызметтері туралы түсінік беру.











 Міндеттер:


- Тамырдың аймақтарының өсімдік тіршілігіндегі, табиғаттағы маңызын тамыр күтімін зерттеп талдау арқылы оқушыларды ізденімпаздыққа еңбек сүйгіштікке, өзара ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

- Өсімдік шаруашылығы үшін тамыр аймақтары оның қызметтері туралы білімді дамыту туралы білімнің маңызын ашу , зертханалық жұмысты сауатты орындау дағдыларын қалыптастыру.











Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;

2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру;

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;

4. Тамыр  аймақтары туралы түсініктердің пайда болуы.











Сабақта туындаған негізгі идеялар

1. Өсімдіктердің жер асты мүшесі тамырдың құрылысына сәйкес оның ішкі құрлысын ,аймақтарын анықтау.

2. Жаңа  теориялық ақпаратты  беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.












Сілтеме

Биология 6 сынып оқулығы. Алматы. «Атамұра»2011. К.Жүнісқызы, Р.Әлімқұлова






















Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер мен оқушылар іс-әрекеті.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу  /1-2 мин/











СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті











Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта  оқушыға қандай пайдасы бар?

Оқушылар өтілетін тақырыпты келтіріп шығарады

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларды сурет қиындыларымен топқа бөлінеді.

/2 мин/













Сын тұрғысынан  ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

І. Қызығушылығын ояту Слайд1,2

 Мұғалім: « И.В.Крыловтың « Свинья под дубом»Мысал неге қатысты айтылған ?Қарғаның айтқаны дұрыс па? Неліктен?

Қызығушылығын ояту мақсатында Үй тапсырмасын берілген суреттер негізінде сөйлеп құрлысын көресту: Кіндік тамыр және шашақ тамырды салыстырады

Сурет бойынша өз ойларын ортаға салады

Тамыр-топырақтың ішінде жататындықтан өсімдіктің жер асты мүшесі.Оның атқаратын қызметі:1.Өсімдікті топыраққа мықтап бекіту;2.Қоректік заттарды қорға жинау;3.Топырақтан сіңірілген суды,минералды заттарды сабаққа жеткізеді;4.Көбеюге қатысады.4.Тамыр шығу тегіне қарай негізгі , жанама , қосалқы болып бөлінеді.

Негізгі тамыр  тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды.Төмен қарай бағытталып , топыраққа тереңдей береді.Жанама тамыр  негізгі тамырдың жан-жағынан таралады.Топырақтан қоректік заттарды соруға қатысады.Қосалқы тамыр сабақ пен жапырақтан өсіп шығады.Өсімдіктің топыраққа берік орнығып,қоректенуін күшейтеді

ІІІ. Интерактивті тақтада оқушылардың білімдерін жан-жақты тексеру:

Биологиялық диктант.

    Тек ... 2 жасушалары ғана бөлінуге қабілетті. 2.Өңнің кейбір жасушалары ұзарып өсіп ... айналады. 3.Жоғары сатыдағы өсімдіктердің төменгі сатыдағы өсімдіктерден айырмашылығы өте жақсы дамыған ... болуы. 4.Қоректік ұлпа мен фотосинтездеуші ұлпаны қосып ... деп атайды. 5. ... жасуша қабықшасы жұқа бір-бірімен тығыз орналасқан ұсақ тірі жасушалардан тұрады. 6.Шайыр жолы , эфир майы кканалы , сүт жолдары , жабысқақ түктер , шірнеліктер ... ұлпаға жатады. 7.Тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының судағы ерітіндісін жер үсті мүшелеріне ... жеткізеді. 8.Өсімдіктерде тірек ұлпасы ... болып саналады.  9.Жапырақ сағағына, жүйкелеріне беріктік қасиет беретін ... .10.Жабын   ... деп бөлінеді.











Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсене қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану   арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

- оқушыларды белсенділігін арттыру

ІІ. Мағынаны тану

Мағынаны тану мақсатында  .Тамыр туралы не білесіңдер? «Кластер» стратегиясын қолданамын.1. Венн диаграммасы арқылы.  Өсімдіктің жер асты мүшесі

Кіндік тамыр және шашақ тамырды салыстыру

1.Жасуша –ұлпа-мүше –ағза. Мүше  ағзаның бір бөлігі, себебі өзіндік құрылысы бар және белгілі қызмет атқарады.Өсімдік мүшелері өсімді (вегетативті) және көбею (генеративті) деп екіге бөлінеді.Өсімді мүшелер өсімдіктің өсуін, жеке тіршілік етуін қамтамасыз етсе, көбею  мүшелері әрбір дарақтың санын көбейтіп , ұрпақ қалдыру үшін керек , төменгі сатыдағы өсімдіктердің мүшелері жіктелмеген.

Гүлді  өсімдіктердің  мүшелері

 2.Тамыр-топырақтың ішінде жататындықтан өсімдіктің жер асты мүшесі.

Оның атқаратын қызметі:

1.Өсімдікті топыраққа мықтап бекіту;

2.Қоректік заттарды қорға жинау;

3.Топырақтан сіңірілген суды,минералды заттарды сабаққа жеткізеді;

4.Көбеюге қатысады.

4.Тамыр шығу тегіне қарай негізгі , жанама , қосалқы болып бөлінеді.

Негізгі тамыр  тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды.Төмен қарай бағытталып , топыраққа тереңдей береді.Жанама тамыр  негізгі тамырдың жан-жағынан таралады.Топырақтан қоректік заттарды соруға қатысады.Қосалқы тамыр сабақ пен жапырақтан өсіп шығады.Өсімдіктің топыраққа берік орнығып,қоректенуін күшейтеді.

5.Тамыр жүйесі –бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама,қосалқы) жиынтығы. Кіндік тамыр жүйесі және шашақ тамыр жүйесі деп екі типке бөлінеді. Кіндік тамыр жүйесінде білеуленген жуан негізгі тамыры бар,оның жан-жағынан әр түрлі бағытқа жанама тамырлар таралады. Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктер:сәбіз, картоп, қызанақ, орамжапырақ т.б.

Шашақ тамыр жүйесінде ерекшеленіп білінетін негізгі тамыр болмайды. Қосалқы тамырлардың  қаулап өсуі біркелкі жуандықта шашақталып жан-жаққа жайыла өседі,көбінесе дара жарнақты өсімдіктерде  (бидай ,жүгері ,күріш ,тары ,пияз ,т.б.) болады.

  Топтар дайын болғанда өздерінің қорғаған тақырыптарымен ортаға шығып өз ойларын қорғайды.9 минут

 Сергіту сәті: Биологиялық эстафета (2 минут).

Деңгейлік тапсырмалар: үш топқа үш түрлі тапсырма.

1 – топ жазбаша Өрмекші торы

2 –топ Сурет қиындыларынан өсімдіктердің тамыр жүйелерін аныққтап бөлу.

3-топ  Тест жұмысын орындайды

 1.Мүше дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай мүшелер болады?

2.Вегетативті мүшелерді ата. Вегетативті мүшелер өсімдікке не үшін қажет?

3.Тамырдың қызметін ата.

4.Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді? Олардың айырмашылықтарын ата.

5.Тамыр жүйесі дегеніміз не?

6.Дара жарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің тамырларын салыстырыңдар. VI.Жаңа сабақты бекіту:

Зертханалық  жұмыс.

Көрнекілігі: Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктердің кеппешөптері.Алдын ала өсірілген тұқымдар.

Орындалатын тапсырмалар:

1.Өсімдік кеппешөбінен тамырларын мұқият қарап тамыр типтерін ажыратыңдар;

2.Қосалқы тамырды әрі шашақ тамыр жүйесін қарау үшін суға салынған пиязшықтың жаңа өсіп шыққан тамырларын талдаңдар;

3.Шашақ тамыр жүйесін кеппешөптерден қарап анықтандар;

4.Кіндік тамырлар мен шашақ тамырлар жүйесінің ерекшеліктеріне  көңіл аударып,оқулықтың суреттерімен салыстырыңдар;

Нәтижесі: 1)
Тамыр типтерін ата:

1.___ ________________________________________
2. __________________________________________
3.___________________________________________
2) Бос торкөздерге тамыр жүйесінің суретін салып, соған сәйкес өсімдік түрлерін ата:

Кіндік тамыр тән:__________________ Шашақ тамыр тән:___________________

Қорытынды:
1. Тамыр дегеніміз не?___________________________________________________________
______________________________________________________________________________
2. Тамыр жүйесі дегеніміз не?_____________________________________________________
______________________________________________________________________________
3. Кіндік тамырдың шашақ тамырдан қандай айырмашылығы бар?______________________
______________________________________________________________________________











Толғаныс (рефлексия)

-сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

ІІІ. Ой қорытынды

Бүгінгі сабаққа сараптама

  1. Бүгінгі сабақта қандай жаңа заттарды үйрендіңдер?

  2. Қай жерінде қандай қиындықтарға тап болдыңдар?

  3. Сіз қиындықтарды қалай жеңе білдіңдер?

  4. Топпенен жұмыс жасағанда қандай заттарды толықтыруға болады немесе алып тастауға болады?

Бүгін біз не білдік

 1. Тамыр- өсімдіктің  вегетативті мүшесі

 2.Тамыр өсімдікті топыраққа бекітеді.

 3. Өсімдік   тамыр арқылы су мен минералды заттарды алады,

 4.Тамыр өсімдікті топыраққа бекітеді.

 5. Өсімдік тамыр арқылы су мен минералды заттарды алады,

 6.Тамырға қандай жүктеме түсетінін  елестету үшін, күшті жел кезінде

  қолшатырды ашып, ұстап тұру керек.

 7.Бүкіл тіршілік бойы өсімдіктерде жаңа тамырлары түзіліп, ескілері өсіп

   отырады.

 8.Өсімдіктің барлық тамырларының жиынтығын тамыр жүйесі

   деп атайды.

               Жағдаят кезеңінің тапсырмалары

1.“Қыстағы қар жерге ырыс, жердегі ылғал елге ырыс” мақалының мазмұнын түсіндіріңіз.

2.Халық  даналығы  Бұхар жырауға кедей «Тарыны қай жерге еккенде мол түсім аламын» деп ақыл сұрай барса, ол құрт-құмырсқа жәндіктер қаптап жүрген жазық жерді нұсқап жүріп кетіпті. Сол жерге тары егіп, «шаш етектен келетін» мол түсім алған кедей Бұхарға келіп, неліктен солай нұсқағанын сұрапты. Мұны сіз қалай түсіндіресіз?

3. Құмды топырақта өсетін қарағайдың тамыр жүйесі қос жарнақты өсімдіктерге кіндік тамыр болады. Сонымен қатар оның тамыры ылғалға жету үшін топыраққа терең орналасады. Ал батпақта өсетін қарағайдың тамыр жүйесі шашақ тамырға ұқсайды. Оның тамырлары үлкен ауданды алып жатады, бірақ топыраққа терең орналаспайды. Себебі неде деп ойлайсыңдар

Жағдаят тапсырмаларының жауабы:

1. Мол топырақта тұқым тез өнеді, тамыр тез өседі.

2. Жәндіктер бар жерде құнарлы, қопсытылған топырақ болады.

3. Құмда ылғал тереңде жатқандықтан, тамыр ұзын болады, батпақта жайылып өседі.











Бағалау түрлері

-      оқушының өзін-өзі бағалауы;

-      топтық өзін-өзі бағалауы;

-      мұғалімнің бағалауы;

-      жалпы бағалау;

-      критерийлер арқылы бағалау


VIII.Оқушылардың білімдерін бағалау.

Бағалау: /4мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау парағы

Аты-жөні

Үй тапсырмасы

1-тапсырма

2-тапсырма

3-тапсырма

4-тапсырма

5-тапсырма

6-тапсырма

7- тапсырма

8-тапсырма

Қорытынды баға

1















2















3















4















5















6

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 наурыз
588
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі