Жаңа сабақ (8
мин)
Жаңа
тақырып «Миға
шабуыл» Балалар түрөзгеріс
деген не? Ол туралы не айтуға болады? Сипаттама беріп
көрейік!
Түрін өзгерткен тамырлы
өсімдіктерді білеміз бе?
Қызылша, сәбіз қандай
өсімдіктерге жатады?
Балықтар туралы электронды
оқулық арқылы мағлұмат
алады.
Сабақ мақсатын тұжырымдау үшін
сұрақтар қойылады. «Бүгінгі сабақта қандай мақсатпен жұмыс
жасайсыңдар?», «Бүгін біз не үйренуіміз керек?», «Нені орындай
алуымыз керек?» мұғаліммен бірлесіп сабақ мақсатын
тұжырымдау.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты
- Тамырдың түрөзгерістері туралы
түсіндіру
Өсімдіктің барлық мүшелерінде
сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты түрлі ауытқулар мен
өзгерістер болады. Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр
түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы
бейімделуін түрөзгеріс
(метаморфоз) дейді.

Жемтамырлар
Әр түрлі органикалық заттар
өсімдіктердің негізгі тамырларының жасшуаларында қорға жиналады,
жуандап түрін өзгертеді. Жемтамырлар шырынды, құрамында органикалық
заттар мен витаминдер болғандықтан, күнделікті тамаққа
пайдаланады. Екі жылдық өсімдіктер (редискадан басқасы).
Жемтамырлар асханалық (қызылша, шомыр, шалғам, тарна),
техникалық(қант қызылшасы, ақжелкен,
балдыркөк)
Тіреу
тамырлар
Тропиктік ормандарда өсетін
ағаштарда болатын қосалқы тамырлар. Дами келе қосалқы тамырлар
шығып, біртіндеп ұзарып, топыраққа (жерге) жетеді. Қосалқы
тамырлардың саны көбейеді, жуандайды. Тіреу тамырлар ағаштың
діңінен алысқа кетеді. Мұндай ағаштардың діңі өте жіңішке, сұлпасы
үлкен болады. Үлкен сұлба мен жіңішке дің тіреу тамырларға сүйеніп
өседі.
Емізік
тамырлар
Паразиттік тіршілік ететін
өсімдіктердің тамырлары. Бұлар пішіні, түсі жағынан басқа
өсімдіктерге мүлде ұқсамайды. Тамырлары басқа бір өсімдіктің сабағы
мен тамырына жанасқан кезде ғана пайда болады. Еміздік тамыр
алдымен сабақ өңінде өсінді түрінде шығады. Ол өзіне жанасқан басқа
өсімдіктің өңіне (қабығына) еніп, емізік тамыры арқылы дайын
қоректік заттарды сорады
Түйнекті
тамырлар
Тамырдың барлығы жуандап,
шырынды болады. Егер шашақ тамыр түйнек тамыларға айналса, барлық
тамырлары білеуленіп, жуандап, топтанып тұрады. Түйнек тамырлар
өсімдік қыстап шығу үшін және жыныссыз көбею үшін
керек.
Ауа
тамырлар
Сабақтан дамиды. Оттегі жоқ,
батпақта, сазды жерлерде өсетін өсімдіктер ұштары батпақтан шығып
тұрады, қабығы жұқа болады. Ағаш діңіне жабысып өскен сүйсіннің
(орхидея) ауа тамырлары ағаш қабығынан сырғып аққан су мен жаңбыр
суын сіңіреді. Жапырақтары болмайтындарында фотосинтез қызметін
атқарады.
2-тапсырма:
Топпен
жұмыс жасаймыз (8 минут)
1-топ:
Жемтамырлар
2-топ:
Тіреу
тамырлар
3-топ:
Емізік
тамырлар
4-топ:
Түйнектамырлар
5-топ:
Ауа
тамырлар
1.Түйінді идея – 5
ұпай
2.Тақырыптың ашылуы –
5 ұпай
3. Тақырыпқа мысал
келтіру - 5 ұпай
12-13 ұпайдан жоғары
«5» баға
8-11 ұпай «4»
баға
4-7 ұпай «3»
баға
3- тен кіші ұпай «2»
баға
3 –
тапсырма: Кім
жылдам? (3
минут)
Әріптері адасқан сөздерден
жемтамырлы өсімдіктердің аттарын
құрау
Бізәс
(сәбіз)............
Зыошақы
(қызылша)................
Таран
(тарна)...............
Мырош
(шомыр)...............
.Қанлаш
(шалқан).............
4-тапсырма: №8 Тамырдың
түрөзгерістері (5
минут)
Тамырдың
түрөзгерістерін зерттеуге бағыт беру және
дәптермен жұмыс жүргізуге нұсқау беремін
|