«Бекітемін»
Тақырыбы: Тамыры терең Тәуелсіздік
Мақсаты: Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай әр елдің, әр адамның ізгі адамгершілік, жоғары парасат, достық, ынтымақ-бірлік, еліне жеріне сүйіспеншілікпен қарауға, патриоттық сезімге тәрбиелеу, бейбіт өмір сүруге әр адам тиісті екенін оқушылардың санасына жеткізу.
Көрнекілігі: Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жеткен жетістіктерді слайд арқылы көрсету, мемлекеттіміздің рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә.Назарбаевтың портреті. Нақыл сөздер жазылған плакаттар, шарлар, гүлдер. «Әлем таныған Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып суреттер қойылды.
Сахнада үй ішінде қарт атасы мен әжей отырады. Қолдарында кішкентай неемересі. Немерелерін қызықтап, айналып-толғанып отырады. Кенеттен есік ашылып, мектеп жасындағы немересі «Сүйіншілеп» айқайлап кіреді.
-Сүйінші, ата!
- Не болды, қарағым! Ия Алла Қолдай көр!
-Ата, Әже! Сүйінші! Тәуелсіздік! Бүгін біздің ел өз Тәуелсіздігін жариялады.
-Не дейді, қарағым? (қолын жайып, жоғары қарап) Көз жасымызды Алла көрген екен ғой, әй бәйбіше, ақ түйенің қарны жарылды. Көшеге шығайық. Шашуыңды ал, шашуыңды!
Сахнаға қолдарында жалау ұстаған, шар ұстаған қатысушылар шыға бастайды. Шулаған дауыстар: Тәуелсіздік жасасын! Қазақ елі мәңгілік болсын!
Экранда: 1991 жылдың 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін жариялады. Ата- бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздік таңы арайлап атты.
1-жүргізуші:
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,
Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
2-жүргізуші:
Шарықта, шарла көкті көк байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным
Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым
(Әнұран орындалады).
1-жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
2-жүргізуші:
Бүгінгі тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған « Тамыры терең Тәуелсіздік» атты салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Бабадан қалып жеткен көрегендік,
Еркіндік жастығында өлең өрдік.
Арқалап аманатын келіп жеткен,
25 жыл! Құтты болсын егемендік!
2-жүргізуші:
Иә, тарих толқынында толқып отырып, телегей теңіздей тасып жеткен мәртебесі биік тәуелсіздікке 25 жыл толды. Мереке құтты болсын! Құттықтау сөз ............................. беріледі.
1-жүргізуші:
1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заң қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан Тәуелсіздігі туралы заңды КСРО құрамындағы елдер арасында ең соңғы қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.
2жүргізуші:
Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейінгі аз уақытта өңіміз түгіл түсімізге
енбеген оқиғалар болды, сол жетістіктерді атап өтейікші.
1-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы- біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзіне мойындатқан күн.
1991 жылы 16-желтоқсан – ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн.
1991 жылы 1- желтоқсанда еліміздің түңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1991 жылы 29- тамызда Семей полигоны жабылды.
1992 жылы 2- наурызда ҚР дүниежүзіндегі ең ықпалды және беделді Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.
2- жүргізуші:
1992 жылы 8- мамырда кең байтақ елімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы құрылды.
1992 жылы 4- маусымда ҚР-ң Жоғарғы Кеңесінің сессиясында еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды.
1993 жылы 15- қарашада мемлекетіміздің ұлттық валютасы теңге айналымға енді.
1- жүргізуші:
1993 жылы 2- қарашада ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Ұлы Абайдың 150 жылдығы тойланды.
2-жүргізуші:
Армандаған күнге де жеттік.
Мемлекеттік егемендігімізді алып, тәуелсіз ел болдық.
1- жүргізуші: Тәуелсіздіктің көк байрағы желбіреп, әнұран қабылданды. Қазақтың жаңа астанасы бой көтергеннен бері 18 жылдың ішінде әлемді сүйсіндірді, сұлулығымен таң қалдырды. Бас аяғы 25 жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
2- жүргізуші:
Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Алтын заңың құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
1-жүргізуші:
Ендеше, қарсы алыңыздар! Сахнада өзінің тамаша әнімен «Тәуелсіздік» Күзембай Ақнұр, Мұзаппарова Ж
2-жүргізуші:
«Ән көңілдің ажары» демекші, қол соғып қошеметтеп отырыңыздар. 25 жыл ішіндегі еліміздің жеткен жетістіктері тізбектелген бейне-роликке назар аударыңыздар! (2-4 минуттық слайд немесе бейне-ролик)
1-жүргізуші:
Керемет! 25 жыл ішінде қаншама жетістікке жеттік, көптеген қиындықтарды бастан кештік. Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Ендеше осы сәт тағы бір рухтанып алсақ қайтеді
2-жүргізуші:
Бабалардан қалған мынау оң мұра,
Отырайын ал тізеге қондыра.
Қос ішегі сөйлесінші қазақтың,
Шанағынан күй төгіле домбыра.
Күй «______», орындайтын: Сәбитұлы Арсен
1- жүргізуші:
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген…
Ж. Молдағалиевтің осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап бергендей: ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, 30-жылдардағы ашаршылық, 37- жылдардағы нәубет, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан көтерілісі:
Тәуелсіздіктің құны міне осындай
«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» мәнерлеп оқу
1-жүргізуші:
Шабыттарыңыз шарықтай берсін, жас достар ! Ал құрметті ұстаздар, оқушылар өлеңге сусындап алған болсаңыздар, ортаға мың бұралған бишілерді шақыруға рұқсат етіңіздер.
(Ортаға шығып қыздар би билейді. «Көңіл» биі).
2-жүргізуші:
Бұл еркіндіктің, тәуелсіз елдің көңілі . Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!
1-жүргізуші:
Ортада тағы да бір әсем ән болсын.
Ән шашу. «Алға, Қазақстан» Хор
1-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым
алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы
ағыс.
Егемендік - ел бақыты,
ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын
қуаныш!
2- жүргізуші:
Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
«Толғау» биі
1 - жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тамыры терең Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
2-жүргізуші:
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тамыры терең Тәуелсіздік

шағым қалдыра аласыз