Тақырып бойынша 11 материал табылды

Танабау тағу дәстүрі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұмытылған дәстүрлер. Кішкене қыз бала іске жарап, қолғанат болғанда көршілері құтты болсын айтып, танабау тағады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Танабау тағу (салт - дәстүр)

Қыз балаға жарасады

Алқа, шашбау, сәукеле

Жоғалмасын дәстүріміз, ұмытылмасын

Ата-баба көзіндей ғып сақтайық қазақ дәстүрін. (әжесі шөбересіне шашбау тағып отырады)

Әжесі: Бұл шашбау күмістен жасалады. Шашбаудың салмағы 3 келіге дейін жеткен екен.Шашбау таққан қүрісі мен бойын тік ұстау мәнерін қалыптастырған. Шолпының түрлері: көзді шолпы,қозалы шолпы,қоңырау шолпы,шынжырлы шолпы т.с.с.с

Әжесі:Шөберем, сен маған ана тұрған ұршығымды алып бере қойшы.

Немересі:Жарайды,әже.Міне сіздің ұршығыңыз.

Әжесі:Ой құлыным ,көп жаса .Қажетке жарады деген осы міне.Ұрпағым аман болсын,дәулетім өсе берсін ,менің тәубе.

Көршілер: Көршілер жүріңдер, көрші апаның шөбересі іске жарап, қолғанат болыпты, құтты болсын айтып, танабау тағып шығайық.

Көршілер:Амансыз ба,апа.

Анасы:Қош келдіңіздер көршілер

Көршілер: Сіздің шөбереңіз қолғанат болып, іске жарапты дегеннен кейін танабау тағып, құтты болсын айтуға келдік.

Әжесі:Ой рахмет әкем. Пиғылдарына рахмет.Ата-дәстүрғой бұл.

Анасы: Қызым жүре ғой, көршілерге барып танабау тақтырайық.

Көршілер: Келе ғой, қызым.Үлкен азамат бол.

Көркіңе ақылың сай қыз болып өсе ғой.

Осы білезіктей жарқырап жайнап жүре бер.

Әже: Көршілер рахмет. Менің шөбереме тана тағып жатырсыңдар? Жүректеріңе, ниеттеріңе риза болып отырмын. Мінекей, шашулы болсын деп шашу шашайын.

Әжесі: Құлыным келе ғой шөберем қолыңа тана тағып жатырмын. Менің жолымды берсін көп жаса. Көптің тілеуі қабыл болсын.

Анасы: Қызым көршілерге қымыз әкеле ғой. Көршілерім, сендерге ризамын. Ата – бабадан жалғасып, бүгінде ұмыт болып келе жатқан дәстүрлерімізді жаңғыртып жатыр екенсіңдер. Бұларыңды жас ұрпақты ұлттық салт – дәстүр негізінде тәрбиелеуге жасаған қадамдарың деп білемін.

Танабау тағуды бала ер жетіп тірлікке жараған кезден бастайды, яғни бұл анасына көмек көрсетіп тірлікке жараған кезі. Бұл кезді көрген көрші туған туыстары жас қызға танабау тағады. Бұл ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүр. Иа, осындай тәрбиелік негізі бар дәстүрлерімізді жаңғырта берейік.

Шөбере: Әже, мен қымыз алып келдім.

Әжесі: Міне, қолғанат болды деген осы. Шөбереме бата берейін:

Ал құдайым оңдасын

Оң жолынан бастасын

Кетпес дәслет,кең пейіл беріп

Ниетімізді қабыл етіп ,тілеген тілекті беріп

Айдан аман, жылдан есен қылып ата-анасымен бірге ерке қыз болып өсуді Алла нәсіп етсін.Тілеген тілегім қабыл болсын.Аумин!







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.12.2024
175
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12