Материалдар / Таңдау курсы "Математикалық сауаттылық" 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Таңдау курсы "Математикалық сауаттылық" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сыныпқа арналған "Математикалық сауаттылық" тақырыбындағы таңдау курсы жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс жасайтын, 2 сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерге аса қажет деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
3117
27 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Түсінік хат

Пәндік курстың негізгі міндеті - базалық оқуға кіретін мектеп пәндері бойынша білімді тереңдету және кеңейту. Вариативті курстар, яғни мұнда міндетті бағдарламаға енетін берілген пәннің жекелеген бөлімдері тереңдетіліп оқытылады. Бастауыш білім жалпы білім алудың негізгі базасы. "Матматикалық сауаттылық" курсы балалардың бастауыш сыныптарда оқылатын негізгі пәндерінен алған білімдерін тереңдету, қоршаған ортамен таныстырып, ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді. Бастауыш сыныпта баланың абстрактілі ойлау деңгейі ой түйіндеуге, өзгеше танымдық тапсырмалар шешу кезіндегі логикалық ой қорытуға мүмкіндік береді. "Математикалық сауаттылық" курсымен үнемі жұмыс жүргізу осындай орындау кезінде қажетті машықтық пен біліктілікті дамытуға көмектеседі. Бұл бағдарлама тек қажетті дайындық деңгейін, жетістіктерін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар логикалық математикалық дайындықты күшейтетін, терең әрі жан-жақты математикалық білімді игеруді, математикалық нысандармен жұмыстағы нақты тәжірибені, оқу қызметінің маңызды элементтерін дамытуға жол ашады.

"Математикалық сауаттылық" курсының мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты:

  • Логикалық тапсырмалар арқылы жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыта отырып, байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын еркін дәлелдеуге, ізденімпаздылыққа үйрету;

  • Логикалық ой-өрісін кеңейте отырып, практикалық іскерліктерін қалыптастыру;

  • Ойын арқылы пайымдауға, шығармашылық тұрғысынан ойлауға, өз бетінше шешім қабылдауға және қорытынды жасауға үйрету;



Міндеттері:

  • Баланың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, көздеген мақсатқа жету үшін өз бетінше іздену әрекеттерін қалыптастыру;

  • Негізгі ойлау операцияларын саналы түрде қолдана білуге үйрету, қиялдау, елестету және шығармашылық ойлауын дамыту;

  • Өз пікірін ашық жеткізуге және дәлелдеуге, математикалық тілде дұрыс сойлеуге дағдыландыру.

  • Қойылған мақсатқа жету үшін қажетті ерік-жігерді дамыту. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету және тәрбиелеу.



Күтілетін нәтиже:

  • Дұрыс және жылдам есептей алу;

  • 2-5-ке көбейту кестесін қолдана алу;

  • 1000 көлеміндегі сандарды қосу және азайту;

  • Уақыт шамаларының мәнін салыстыру және сағат бойынша уақытты дәл анықтау;

  • Шамалар өлшем бірліктерін түрлендіру;

  • Геометриялық фигураларды тану, сызу және құрастыру;

  • Логикалық есептерді шешудің жолын табу

  • Көбейту мен бөлуге берілген теңдеуді шеше алу;

  • Жиынды және оның элементтерін белгілеу;

  • Тура және жанама сұрақтармен берілген есептерді шығару;



"Математикалық сауаттылық" курсының мазмұны

І. Екі таңбалы сандар. 21-ден 100-ге дейінгі сандарды оқу, жазу, салыстыру, разрядтық құрамын анықтау. ІІ. Сандармен амалдар орындау. Бір және екі таңбалы сандарды ондықтан аттап өту арқылы ауызша қосу және азайту; екі, бір таңбалы 11-ден 18-ге дейінгі сандарды құру қарастырылады. ІІІ. Шамалар. Әртүрлі өлшем бірліктері арқылы шамалардың мәнін табу; өлшем бірліктерін түрлендіру. ІV. Екі таңбалы сандарды қосу және азайту. Жүздіктерді ауызша қосу жіне азайту. Тиімді есептеу үшін қосудың қасиеттерін қолдану. Есептерді құрастыру, талдау және шығару, кері есептер құрастыру. V. Жиын және оның элементтері. Жиын элементтерін белгілеу.Кесте және диаграмма сызу. Ақиқат пен жалған пікірді анықтау. VІ. Геометриялық фигуралар. Көпбұрыштардың түрлерін анықтау. Фигураларды салу. VІІ. Көбейту және бөлу. Көбейту мен бөлу кестесін құрастыру. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін түсіну. VІІІ. Санды және әріпті өрнектер. Санды және әріпті өрнектерді жазу, оқу, салыстыру және құрастыру. Әріпті өрнектердің мәнін табу арқылы теңдеу шешу. ІХ. Есептеудің тиімді тәсілдері. Екі не үш арифметикалық амалдан тұратын жақшалы және жақшасыз өрнектердің мәнін табу. Амалдардың орындалу ретін анықтау. Х. Есеп шығару тәсілдері. Тура және жанама сұрақтармен берілген есептерді ажырату. Тапқырлықты қажет ететін логикалық есептерді шешу. ХІ. Геометриялық фигуралар. Периметр. Фигуралардың қабырғаларын өлшеп, периметрді табу; периметрі және белгілі қабырғалары бойынша белгісізді табу.

Тақырыптық жоспар Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат


қ\с


Тақырыптар

Сағат саны


Оқу мақсаттары



Мерзімі

І бөлім Екі таңбалы сандар

1

1

21-ден 100-ге дейінгі сандардың разрядтық құрамы "Кеменің жолын тап"

1

Сандардың разрядтық құрамын анықтауға үйрету


ІІ бөлім Сандармен амалдар орындау

2

1

Ондықтан аттап өту арқылы қосу және азайту. "Не артық?"

1

Ондықтан аттап өту арқылы екі таңбалы сандарды ауызша қосу және азайтуды меңгеру


3

2

11-ден 18-ге дейінгі сандардың құрамы. "Тізбек қандай саннан басталады?"

1

11-ден 18-ге дейінгі сандардың құрамын анықтау


4

3

20-ға дейінгі сандарды қосу және азайту

"Кім екенін тап"

1

20-ға дейінгі екі таңбалы сандарды қосуды және азайтуды меңгерту


5

4

100 көлеміндегі сандарды ауызша қосу және азайту."Есептеу машинаасы"

1

1000-ға дейінгі жүздіктерді ауызша қосу және азайтуға үйрету


6

5

Бір және екі амалмен орындалатын есептер. "Ойлан, тап!"

1

Бір және екі амалмен орындалатын есептерді шығаруға үйрету


ІІІ бөлім Шамалар

7

1

Шамалардың бірліктері "Кім жылдам?"

1

Шамалардың мәнін салыстаруды меңгерту


8

2

Шамалармен амалдар орындау "Өз орнын тап"

1

Шамалармен амалдар орындап, оны салыстыруды үйрету


ІV бөлім Екі таңбалы сандарды қосу және азайту

9

1

Жүзбен санау. "Аукцион"

1

Санау бірлігі жүздікті білу, жүздіктермен 1000-ға дейін санап үйрету


10

2

Тиімді тәсілмен қосу және азайту. "Сандар шатасты"

1

Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмін, баған түрінде есептеуді үйрету


11

3

Есептер шығару "Сиқырлы қорапша"

1

Екі амалмен орындалатын есептерді әртүрлі тәсілмен шығарып үйрету


12

4

Тәулік. Уақыт. "Артығын тап"

1

Сағат бойынша уақытты анықтауды, тәулік уақытын анықтауды үйрету


13

5

Шамалар "Тапқырлық"

1

Шамалардың мәнін салыстыру және олармен амалдар орындап үйрену


V бөлім Жиын және оның элементтері

14

1

Жиындар "Суретті толықтыр"

1

Жиын және оның элементтерін белгілеу, элементтердің жиынға тиістілігін анықтау


15

2

Ақиқат және жалған пікір

1

Ақиқат және жалған пікірді анықтау


16

3

Кесте және диаграмма "Жаңылмаймын"

1

Деректер жинағын жүргізуді, жүйелеуді, кестелер мен диаграммалар құруды үйрету


VІ бөлім Геометриялық фигуралар

17

1

Көпбұрыштар "Зат неге ұқсайды?"

1

Көпбұрыштың түрлерін ажырату, атауын білу


18

2

Фигуралар салу "Айырмашылығын тап"

1

Түрлі фигуралар салуды үйрету


VІІ бөлім Көбейту және бөлу

19

1

Көбейту және бөлу. "Таңғажайып баспалдақ"

1

Заттарды топтап санауға, заттар тобын бөліктерге бөлуге үйрету және көбейту, бөлу амалдарымен таныстыру


20

2

Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті "Математикалық телефон"

1

Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пысықтау


21

3

2-5 санына көбейту және бөлу "Гүлдер, аралар"

1

2-5 сандарына көбейту және бөлу кестесін қолдануды үйрету


22

4

Саусақпен көбейту

1

Саусақпен санауды үйрету


VІІІ бөлім Санды және әріпті өрнектер

23

1

Санды және әріпті өрнектер "Қимақ"

1

Санды және әріпті өрнектерді тануды, оқуды, жазуды және құрастыруды үйрету


24

2

Теңдеу шешу "Жұбыңды тап"

1

Көбейту мен бөлуге берілген теңдеулерді шешуді үйрету


25

3

Күрделі теңдеу шешу "Орамал тастау"

1

Теңдеудің күрделірек түрін шешуді үйрету


26

4

Тура және жанама сұрақтармен берілген есептер "Теңге ілу"

1

Есептерге талдау жүргізе отырып шығаруға үйрету


ІХ бөлім Есептеудің тиімді тәсілдері

27

1

Амалдардың орындалу реті "Ойлаған санды тап"

1

Өрнектегі амалдардың орындалу реті туралы ережені қолдану


28

2

Логикалық есептер "Сиқырлы шаршылар "

1

Логикалық есептер шығаруды үйрету


Х бөлім Есеп шығару тәсілдері

29

1

Құрама есептер "Еселік"

1

Екі амалдан тұратын есептерге талдау жасап, оларды шығару


30

2

Логикалық есептер "Математикалық фокус"

1

Санды басқатырғыштарды шешуді, логикалық есептер шығаруды үйрету


ХІ бөлім Геометриялық фигуралар. Периметр.

31

1

Фигуралардың периметрін табу. "Сіріңке шырпысы"

1

Фигуралардың периметрін есептеуді үйрету


32

2

Геометриялық мазмұнды есептер "Айырмашылықты тап"

1

Тіктөртбұрыштың (шаршының) қабырғасы мен периметрін табуға берілген есептерді талдауды және шығаруды үйрету


33

3

Бақылау жұмысы

1

Өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтау


34

4

"Математикалық әткеншек"

1

Алған білімін тапсырма орындау барысында қолдану




"Математикалық сауаттылық" курсының оқудағы білім, білік дағдылары.

Білу:

  • 1000-ға дейін жүздіктермен санауды, жазуды, салыстыруды білу;

  • екі үш амалды амалдан тұратын жақшалы және жақшасыз өрнектердің мәнін табуды білу;

  • шамалардың мәнін салыстыруды және олармен амалдар орындауды білу;

  • жиынды диаграмма көмегімен белгілеуді білу;

  • бұрыш түрлерін ажыратуды және атауды білу;

  • көбейту мен бөлу өзара байланысты амалдар екенін түсіну;

  • көпбұрыштың түрлерін ажырата алу;



Қолдану:

  • екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмін қолдану;

  • тиімді есептеу үшін қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолдану;

  • есептерді құрастыру, талдау және шығару, кері есептер құрастырып шығару;

  • элементтердің жиынға тиісті тиісті емес екендігін, жиындардың бірігуі мен қиылысуын, тиісті, тиісті емес элементтің белгілерін қолдану;

  • фигуралар, сандар, заттар тізбегін құрастыру;

  • санды және әріпті өрнектерді тану және жазу, оқу, құрастыру;

  • көбейту және бөлуге берілген қарапайым теңдеулерді және құрылымы күрделі теңдеулерді шешу;





Қорытынды

Оқушылар "Математикалық сауаттылық" курсын оқу барысында топта, жұпта, жеке жұмыс жасай отырып, 21-ден 100-ге дейінгі сандарды санауды, жазуды, салыстыруды, сандардың разрядтық құрамын анықтауды үйренеді. Көбейту мен бөлу амалдарымен танысады. Уақыт, масса өлшем бірліктерін түрлендіре алатын болады. Сонымен қатар өрнектер құрастыруды, есептер шығаруды, теңдеу шешуді және геометриялық фигуралардың түрлерімен, қасиеттерімен танысып, фигураларды сызуды үйренеді. Көбейту кестесін жаттап, алған білімін өмірде қолдана алатын болады. Сондай-ақ қызықты және шыдамдылықты қажет ететін логикалық есептер шығарады. Есептеудің тиімді тәсілдерін, жақшалы және жақшасыз өрнектердің мәнін табуды үйренеді. Ақыл-ойды, тапқырлықты дамытуға көмектесетін түрлі тапсырмаларды орындауды меңгереді.

































Пайдаланылған әдебиеттер

1. "Ойнайық та , ойлайық" Алматыкітап 1996ж

2 Ә.Б.Ақбаев, В.В. Буровова. " Қызықты математика" Алматыкітап 2011ж

3. Жаманғараева Н. Ә. Жазықбаева Ұ. П. "Математикадан 105 сабақ" жұмыс дәптері Шымкент 2012ж

4. Ұ. Жазықбаева, А. Әуелбекова, С. Омарханов. "Оқушылардың логикалық танымдық әрекеттерін дамыту" Шымкент 2009ж

5. Райхан Мәженқызы. "Қызықты математика" Балалар әдебиетінен "Алматыкітап" 2006ж

6. Т.К.Жикалина "Математикадан ойындар мен қызықты тапсырмалар" Алматы, Рауан 1992ж

7. "Қызықты математика" Алматыкітап 1938ж

8. Ш.Х.Құрманалина, С.Ш.Сәрсенбаева, Р.Қ.Өміртаева. "Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар" Атамұра 1997ж

9. "Кім зерек" Алматыкітап1993ж

10. Ш.Х.Құрманалина, С.Ш.Сәрсенбаева, Р.Қ.Өміртаева. "Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар" Атамұра 1997ж

11. К. Ерешова , Г. Сәлімханова "Өзіндік және бақылау жұмыстары" жұмыс дәптері Алматы "Өлке" баспасы





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!