400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Таңдау курсы: Өлкетану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге Отан тарихын жан-жақты оқытып, оқушылардың тереңірек білім алуына мүмкіндік жасауына көмегі тиеді..
Материалдың қысқаша нұсқасы

Таңдау курсының тақырыбы: «Өлкетану»





Түсінік хат


Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларды орындау, «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру мақсатында әзірленді. Елбасымыз тарихтың маңызы туралы «Өркениетті алға бастырар ғылым десек, соның бірден-бір саласы жас ұрпақты дәл тарихтай отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, әділдікке тәрбиелей алмайды»-дейді.

Отан сүйгіш ұрпақ тәрбиелеу үшін Отан тарихын сапалы әрі тиімді оқыту қажет. Бүгінгі орта білім беру жүйесіндегі Отан тарихын оқытуды «өлкетану» пәні арқылы бекітетін болсақ, оқушының тарихи санасының қалыптасуы мен патриоттық сана-сезімі анағұрлым арта түсер еді. Себебі, «өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпы адамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, Қазақстанның мектептерінде «өлкетану» пәнін енгізіп оқыту – Отан тарихын өлке тарихы арқылы тануға негіз қалар еді. Мектепте өлкетану жұмыстарын жүргізу, жинаған материалдарды тарих сабақтарында пайдалану өте маңызды. Сабақ барысында өлкетану материалдарына көп уақыт бөле алмайсың, сондықтан өлкетану бойынша қосымша үйірмелерде оқыту керек.

Қазақстанның барлық өңірлерінің өлке тарихы жазылған дайын оқу әдебиетітерінің жоқ екенін ескере отырып, «Өлкетану» сабағы оқушылардың өзіндік ғылыми негізді ізденістері мен шығармашылығына негізделуі қажет. «Жарсуат» аулына қатысты тарихи деректер арқылы пәні арқылы мектеп мұражайын толықтыруға да болады.

Білім беру жүйесіндегі бүгінгі күндегі өзгерістер Отандық тарихтан білім беруде оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеруді талап етеді. Туған жері мен елінің, халқының өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін оқытып үйрету оқушыларды азаматттық пен ұлтжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, жеке тұлғаның дамуына септігін тигізеді.















«Өлкетану» таңдау курсының негізгі тұжырымдамасы:


-Мектепте тарихи-өлкетану жұмысын жүргізу


-Өлке тарихын, Отан тарихын меңгерген тарихи сананы қалыптастыру


-Оқушыны өзіндік іс-әрекет жасауға үйрету, оның интеллектісін дамыту



«Өлкетану» таңдау курсының мақсаты мен міндеттері:


- Тарих сабақтарында инновация әдістерін пайдалану арқылы өлкетану

материалдарын оқыту, өлке тарихын оқып меңгерген тарихи сананы

қалыптастыру.


- оқушының тарихи біліктері мен дағдыларын жетілдіру


- оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үрдісінің

сапасын арттыру


- өзіндік ізденіс, шығармашылыққа баулу және жетелеу



Оқушыларға қойылатын талаптар:


- Туған жердің қадір – қасиетін түсіну.


- Өз ой – өрісін ғылыми тұрғыда дамыту.


- Туған өлкенің тарихи деректерін жинақтау, іскерлігін дамыту

.

- Ғылыми іскерлігін кеңейту.


- Еңбек пен ізденіске тәрбиелеу.






Күтілетін нәтиже:


-Өз ауылын сүйетін, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін тұлға тәрбиеленеді.


-Оқушылардың туған ауылына деген қадір-құрметін оята отырып, сол арқылы туып-өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілік қалыптастырады.


-Оқушылар мүмкін болғанша зерттеу жұмыстарына қатысады.


-Оқушыларда қоршаған ортаны бақылай алу білігі қалыптасады, олардың күнделікті қажетті істерге қатысу қабілеті дамиды.


-Ауылымыздың тарихына жаңа беттер қосылады.



Атқарылатын жұмыс түрлері:


-Жарсуат ауылын зерттеуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу


-Тарихи-өлкетану қоғамын құру


-Ауылға саяхаттар ұйымдастыру


-Ауылдағы ескерткіштерді зерттеу


-Ауыл туралы материалдар жинақтау


Ауыл туралы мұражайлар ұйымдастыру


-Ауыл туралы тарихи кештерін ұйымдастыру


-Өлкетану тақырыбында конференция, пікір-талас ұйымдастыру


-Қабырға газеттерін шығару, стендтер дайындау





7-сыныпқа арналған «Өлкетану» таңдау курсының оқу жоспары.

Аптасына 1 сағаттан 34 сағат


Тақырыптар


Сағат

саны

Күні

Сабақтың әдісі


Сабақтың мақсаты

Күтілетін нәтиже


1


Кіріспе

1



Дәріс


Үйірме мақсаты,міндеті және жылдық жоспарымен таныстысу

Өлке тарихы туралы аңыз әңгімелер, деректермен танысады

2

«Туған жерім – алтын ұя бесігім» мұражайға саяхат

1


Саяхат сабақ

Ауыл тарихымен, халықтың тыныс-тіршіліг ауыл тарихындағы тұлғаларды танып-білу



Ауыл тарихымен танысады, мұражайдағы тұлғалардың еңбегімен танысып, ауыл тарихын зерттей


3


«Жарсуат өлкесі» – тұнған шежіре

1



Саяхат, зерттеу жүргізу

Өлкеміздің тарихи тұлғалары-батырлар, билер,қоғам қайраткерлерімен таныстыру


Жарсуат өлкесінің өткенін біліп, ауыл тарихына қатысты жәдігерлер жинақтайды



4

«Менің әулетімнің тарихы»

1


Баяндама

Өз әлетінің тарихын білуге, отбасы тарихы Отан тарихы екенін ұғындыру


Өлке шежіресінің маңызын білу.Ата-тегін біледі



5

«Жер – су аттарына шолу»

1


Картамен жұмыс, қимасын жасау

Өлкеміздегі жер-су аттарының өзгешелігімен танысады, тарихи кезеңдерде жер-су атауларының өзгеруі.


Өлкеміздегі жер-су аттарының өзгешелігін біледі.Тарихи кезеңдерде жер-су атауларының өзгеруі.Жарсуат, Қызылжар, Ақтан т.б

6

Жарсуат атауының шығу тарихы

1


Баяндама даярлау

Жергілікті жердің тарихын, ауылдың тарихы туралы мәліметтер жинауға баулу

Жарсуат атауының шығу тарихымен біледі, өзіндің ізденіспен зерттейді.

7

Өлкеміздегі тарихи -мәдени ескерткіштер

1


Картамен жұмыс,кестелерге талдау жасау

Өлкеден шыққан батырлар, халыққа қызмет қылған тұлғаларға қойылған ескерткіштермен танысу

Махамбет, Малайсары, Мұрат ескерткіштерімен, Қылыш қорғанын танып біледі, дәріптейді.

8

Махамбет маздап өткен жер

1


Саяхат сабақ

Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде кездесетін жергілікті атауларға шолу, танысу


Махамбет өлеңдерін жаттайды, елі үшін еңбек етіп, ерлік көрсеткен батырлармен танысады

9

« Махамбет Өтемісұлы» ескерткіші

1


Суреттермен түсіндіру иллюстративті, жартылай іздену

Тәуелсіздік үшін күрескен, Махамбет туралы тың деректер жинау. Бүктемелер жасау


Өлкенің тарихи-мәдени ескерткіштері туралы деректер жинау. Ескерткішке гүл шоқтарын қою,тағзым ету рәсімін жасайды

10

« Малайсары би» ескерткіші

1


Суреттермен түсіндіру иллюстративті, жартылай іздену

Өз өлкеміздегі Малайсары бидің батырлығымен, шешендігімен таныстыру



Өлкенің тарихи-мәдени ескерткіштері туралы деректер жинайды


11

« Мұрат Мөңкеұлы» ескерткіші

1


Саяхат сабақ

Қазіргі таңда еңбектерімен еленіп жүрген түлектер жайында материалдар жинау



Өлкенің тарихи-мәдени ескерткіштері туралы деректер жинайды



12


Жарсуат өңірінде болған тарихи оқиғалар тізбесі

1



Саяхат, кестемен жұмыс

Жарсуат өңірінде болған тарихи оқиғалар жайында материалдар таныстырып, жинау


Тарихи оқиғалар тізбесін жасақтайды, архив материалдарымен танысады, ізденеді



13


Жарсуат өңірі тарихи деректерде

1



Зерттеу, іздену, талдау

Жарсуат өңірі туралы жазылған тарихи деректермен танысу

Тарихи оқиғалар тізбесін жасақтайды, архив материалдарымен танысады, ізденеді

14

Мектебіміздің құрылу тарихы

1


Ізденіс, тарихи құжаттармен жұмыс

Ауыл мектебінің тарихы жайында деректермен танысып, мектеп тарихын зерттеуге дағдыландыру


Алғашқы ұстаздар жайлы “Мектеп мақтаныштары”, ”Ауыл ағалары” атты бүктеме,альбомдар жасайды оларды құрметтей біледі.

15


Жарсуат өнірістік кооперативінің құрылу тарихы

1



Дәріс

Өлкенің ауыл шаруашылығында үлкен рөл атқарған кооператив тарихымен таныстыру

Ауылымыздаға кооператив тарихымен танысады, кооператив жұмысына елеулі үлес қосқан ауыл тұрғындарын танысады

16



Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыл тарихы

1




Кездесу, сұрақ-жауап

ҰОС және ауған соғысы ардагерлері жайында деректермен таныстыру, оларды құрметтеуге баулу




Бүктеме,альбомдар жасайды, ардагерлерімізді құрметтей білед, шығармашылықпен жұмыс жасайды.





17

Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміз

1


Іздену, анықтау

ҰОС қатынасқан жерлестеріміздің ерлік істерімен танысу



ҰОС қатынасқансоғыс ардагерлерімен танысады, ұрпақтар құрметтейді, елін қорғауға тәрбиеленеді

18


Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлері

1



құжаттармен жұмыс

Ауыл тарихы туралы деректер жинау, ауылымыздағы Еңбек Ерлерінің өмірімен, жетістіктерімен танысу

Ауданымыздың тыңлды түлеткен еңбек ерлері туралы деректер жинау.Бүктемелер жасау



19

Жарсуат өңірінен шыққан атақты адамдар, қоғам қайраткерлері.

1


Сараптама жасау, талдау, түсінік беру

Жарсуат өңірінен шыққан атақты адамдың өмірімен танысу.

Жарсуат өңірінен шыққан танымал тұлғаларды біледі, мәліметтер жинайды.

20

Қаз ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты М. Мусина

1


Зерттеу жүргізу

Ауылымыздан шыққан тұңғыш депутаттың өмірімен таныстыру

М.Мусина өмірімен халқына арнаған қызмет жолымен танысады

21

1986 ж. Желтоқсан оқиғасына қатысқан жерлестеріміз

1


Кездесу, сұрақ-жауап

Желтоқсан оқиғасына қатынасқан жерлестеріміздің өмір жолымен танысу, ел тәуелсіздігі жолын қосқан үлестерін ашып көрсету

Желтоқсан оқиғасына қатынасқан жерлестеріміз Е.Пшатаев, З.Набиева т.б. өмір жолыме, ел тәуелсіздігі үшін қосқан үлестерін біледі

22

Ауданның құрметті азаматтары

1


Саяхат,мәліметтер жұмыс жүргізу

Өлкеміздің ақын-жазушы,әнші-сазгер және ғалымдары өмірімен еңбектерімен танысу.

Ауылдан шыққан ауданның құрметті азаматтары Ж.Бақи, А.Берғалиев т.б. еңбектерімен танысады

23

Еңбек майталмандары

1


Дәріс

Еңбегімен елге танылған ауыл азаматтарының еңбегімен танысу

Еңбегімен елге танылған ауыл азаматтарының еңбегімен таныады

24

Шипагерлер шырайы

1


Ізденушілік. Сараптамалық, баяндау

Ауылымыздан шыққан айтулы дәрігерлер, денсаулық саласында абыройлы қызмет етіп жүрген азаматтармен танысу

Ауылымыздан шыққан айтулы дәрігерлер, денсаулық саласында абыройлы қызмет етіп жүрген азаматтармен танысады

25

Ауыл түлектері ғылым әлемінде

1


Әңгімелесу, баяндама

Ауыл мектебінің мақтанышы болған түлектер жайында маңызды материалдар жинау

Ауыл мектебінің мақтанышы болған түлектерді біледі, ауыл дамуына өз үлестерін қосуға ұмтылады

26

Жарсуаттан шыққан спортшылар жетістіктері.

1


Дәріс

Өлкемізден шыққан спортшылардың өмірімен жетістіктерімен танысу

Аудан еркін күрес спортының негізін қалаған С.Азербаевтың еңбегімен танысады



27

Жазушы, ақын, әнші-сазгерлер.

1


Проблемалық шығармашылық сабақ

Қ.Жылқышиев сыныды ақын-жазушы, танымал әнші-сазгер және ғалымдардың еңбек жолын танып-білу

Ақын жазушылар еңбегңмен танысады

28

Жарсуатқа арналған өлең-жырлар.

1


Саяхат сабақ

Жарсуат арналған ақын-жазушылардың өлең жырларымен танысу.

Туған өлкеге арналған өлең жырлармен анысады, жатқа біледі

29

Жарсуаттың  бүгінгі келбеті.

1


Шығармашылық жоба, даму бағдарламасын жасау

Жарсуат ауылының бүгінгі жетістігімен танысу

Ауылымыздың дамуына өз үлестерін қосқан ел ағаларымен танысады

30

Жарсуаттың демографиялық жағдайы

1


Проблемалық шығармашылық жұмыс

Ауыл демографиясының өсім шкаласымен таныстыру, жылдардағы халық санын салыстыра білу

Ауылдың дамуы жалық санының артуы, өзге ұлт өкілдерінің қоныстану тарихымен танысады

31

Ауылдағы әлеуметтік нысандар

1


Саяхат, сараптамалық жұмыстар

Әлеметтік нысандарың салынған жылдарымен танысу, зерттеу

Мәдениет үйі, әкімшілік ғимараты, саз мектебі, дүкендердің салыну тарихын біледі

32

Ауылымыздағы шаруа қожалықтары

1


Сараптау жұмысын жүргізу

Ауыл шаруашылығы дамуы туралы тың деректер таныстыру

Ауылымыздбағы ірі шаруа қожалықтармен танысады, ауыл үшін қосқан үлестерін біледі

33

Махамбет өлкетану мұражайына саяхат.

1


Саяхат

Мұражайдағы жаңадан қойылған жәдігерлермен танысу

Мұражай материалдарымен танысады

34

Қорытынды

1


Жоба қорғау

Жыл бойы меңгерген білімдерінің нәтижесін тыңдау, жоба қорғай білу

Жыл бойы меңгерген білімдерін жоба қорғау арқылы көрсетеді


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10.04.2019
1002
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі