жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Таңдау курсы, Сөз сыры 5-сынып
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
«№51 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Әдістемелік кеңестің
шешімімен бекітілген
«____»_____2018ж.
Мектеп директоры
Б.Ж.Сапаралиева
_____________
«Сөз сыры»
таңдау курсының
оқу бағдарламасы
5-сынып
Құрастырушы Ф.Орманова
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
2018-2019 оқу жылы
Түсінік хат
Талай тарихи кезеңдерді басынан кешірген қазақ халқының тіл мәдениетінде, оның сөз байлығында терең сырлар бар, қызықты-қызықты құбылыстар бар. Халықтың кәрі тарихымен құрдас тілінен сол халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, шаруашылық жағдайы, өзге елдермен қарым-қатынасы, саяси, мәдени дәрежесі аңғарылатыны жұртқа мәлім. Өйткені қоғам өміріндегі түрлі құбылыстар, тарихи кезеңдер белгілі бір лексикалық ұғыммен ұласып жатады.
Сөз деген – аса бір күрделі ұғым. Сөз дегеніміз – сырлы әлем. Ол сөздің мағыналары арқылы аңғарылады. Сырлы әлемге ену үшін сөз мағыналарын жетік меңгеру қажет. Ал сөз мағыналары өзгереді, дамиды, заман ағымына қарай сөз де, оның мағынасы да мүлде жаңарып отырады. Сондықтан тілдегі сөздерді жинақтап, жүйеге салып, әрқайсысының мән-мағынасын ашып, сөздік қалпына түсіріп, халыққа ұсынылып отыратын сөздіктердің маңызы зор. Яғни сөз сырын ашатын кілт – тіліміздегі сөздіктер.
Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес білім беру жүйесіне көшкен кезеңде оқушыларға сөз сырының мән-мағыналарын жете түсіндіру қажеттігі туындап отыр. Өйткені жалпы білім беретін мектептердегі қазақ тілі пәніне арналған жаңа буын оқулықтарында бұл саланың аясы тар екені белгілі.
Бұл бағдарлама осы мәселелерді ескере отырып, қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа таңдау курс ретінде жасалған.
Бағдарлама мазмұнды меңгертуге арналған үлкен тараулар мен тақырыптардан тұрады. Бағдарлама мазмұнын қамтитын тақырыптар тіліміздегі сөздіктер саласын басшылыққа ала отырып таңдалды.
Бағдарлама мазмұнын меңгертуде мұғалім теория мен практиканы ұштастыра жүргізеді. Сол арқылы оқушыларды сөз мағыналарын тануға, олардың сырын ашуға жетелеп отырады.
Курс мазмұнын меңгеру арқылы оқушылардың сөз өнеріне деген қызығушылығы артады. Ой-өрісі дамиды, шығармашылықпен жұмыс істеуге машықтанады.
Оқу курсының мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты – оқу курсын меңгерту арқылы қазақ тілінің қыр-сырын жете меңгерген, сөздік қоры бай, бүгінгі заманға сай жан-жақты біліммен қаруланған, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.
Міндеттері:
-
сөз өнерінің қыр-сырын меңгерту;
-
сөз мағыналарының алуан түрлілігін білдіру;
-
сөздіктермен жұмыс жасай білуге үйрету;
-
сөз мағыналарының қазіргі әдеби тілмен байланысын білгізу;
-
сөздерді лексикалық тұрғыдан талдату;
-
оқушыларды сауаттылыққа баулу;
-
курс мазмұнын меңгерту арқылы оқушыларды сөз өнерін бағалай білуге үйрету;
-
оқушыларды шешендікке, тапқырлыққа баулу, олардың дүниетанымын қалыптастыру;
-
оқушылардың сөздік қорын молайту;
-
оқушыларды ғылыми-ізденіс жұмыстарына баулу;
-
сөз өнерінің құдіретін таныту арқылы кәсіби бағдар беру.
«Сөз сыры» таңдау курсының
күнтізбелік-тақырыптық жоспары
(Барлығы – 34 сағат, аптасына 1 сағаттан)
|
№ |
Сабақтың тақырыбы |
с/с |
Мерзімі |
|
1 |
І. Кіріспе.Сөз сыры |
1 |
|
|
2 |
ІІ. Лексикография |
1 |
|
|
3 |
Сөздіктермен жұмыс жасау ережелері |
1 |
|
|
4 |
Атау сөз (реестр) |
1 |
|
|
5 |
Стильдік белгі |
1 |
|
|
6 |
Сөз мағынасы мен реңктерінің түсіндірмесі |
1 |
|
|
7 |
ІІІ. Түсіндірме сөздік |
1 |
|
|
8 |
Көнерген атаулар |
1 |
|
|
9 |
Қару-жарақ атаулары |
1 |
|
|
10 |
Сауыт-сайман атаулары |
1 |
|
|
11 |
Әдет-ғұрып атаулары |
1 |
|
|
12 |
Киім-кешек атаулары |
1 |
|
|
13 |
Ыдыс-аяқ атаулары |
1 |
|
|
14 |
Ас-тағам атаулары |
1 |
|
|
15 |
Киіз үйге қатысты атаулар |
1 |
|
|
16 |
Үй жиһаздары |
1 |
|
|
17 |
Ай, жыл аттары |
1 |
|
|
18 |
Халық өлшемдері |
1 |
|
|
19 |
Кәсіби сөздер |
1 |
|
|
20 |
Қол өнерінің құрал-жабдықтары |
1 |
|
|
21 |
Шаруашылық және тұрмыс құралдары |
1 |
|
|
22 |
Жаңа сөздер |
1 |
|
|
23 |
Термин сөздер |
1 |
|
|
24 |
ІV. Фразеологиялық сөздік |
1 |
|
|
25 |
Фразеологиялық сөздік |
1 |
|
|
26 |
Мақал-мәтелдер |
1 |
|
|
27 |
Қазақ ырымдары |
1 |
|
|
28 |
Тыйым сөздер |
1 |
|
|
29 |
Диалектологиялық сөздік |
1 |
|
|
30 |
Қазақ тілінің синонимдер сөздігі |
1 |
|
|
31 |
Лингвистикалық түсіндірме сөздік |
1 |
|
|
32 |
Қайталау |
1 |
|
|
33 |
Шығармашылық жұмыс |
1 |
|
|
34 |
Қорытынды |
1 |
|
Оқу курсының мазмұны
|
І. Кіріспе. Сөз сыры. (1 сағат) |
|
ІІ. Лексикография (5 сағат) |
|
Лексикографияның қазақ тіл білімінің сөздіктер жасайтын саласы екендігі. Сөздіктермен жұмыс жасау ережелері. Атау сөз (реестр). Стильдік белгілер. Сөз мағынасы мен реңктерінің түсіндірмесі. Түсіндірме сөздік (17 сағат) |
|
Көнерген атаулар. Қару-жарақ атаулары. Жауынгерлік, сайыпкерлік қару-жарақтары. Сауыт-сайман атаулары. Әдет-ғұрып атаулары. Киім-кешек атаулары: Қазақ киімдерінің түрлері. Ерлер киімдері. Әйелдер киімдері. Қыз-келіншектердің тағымдары мен әсемдік бұйымдары. Бозбаланың әсемдік бұйымдары. Ыдыс-аяқ атаулары. Ас-тағам атаулары. Киіз үйге қатысты атаулар. Үй жиһаздары. Ай, жыл аттары. Халық өлшемдері. Салмақ өлшемдері. Көлем өлшемдері. Ұзындық және қашықтық өлшемі. |
|
Кәсіби сөздер (2 сағат) |
|
Қол өнерінің құрал-жабдықтары. Ерлер құралдары. Әйел қолданатын құралдар. Шаруашылық және тұрмыс құралдары. Көліктің ер-тұрмандары. Жегін әбзелдері мен құралдары. Жаңа сөздер. Термин сөздер. |
|
|
|
ІV. Фразеологиялық сөздік (2 сағат) |
|
|
|
Мақал-мәтелдер (1 сағат) |
|
Қазақ ырымдары. Тыйым сөздер (2 сағат) |
|
|
|
Диалектологиялық сөздік (1 сағат). Жергілікті жерде қолданылатын сөздердің мағынасы. |
|
Қазақ тілінің синонимдер сөздігі (1 сағат) Қазақ тілінің синонимдерге бай екендігі. Тілдегі синонимдер сөздік қордың асыл қазынасы екендігі. |
|
Лингвистикалық түсіндірме сөздік (1 сағат) |
|
Қайталау (1 сағат) |
|
Шығармашылық жұмыс (1 сағат) |
|
Қорытынды (1 сағат) |
Оқу курсын меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар
Бағдарлама мазмұнында қамтылған тақырыптарды оқи отырып, оқушылар төмендегідей талаптарды меңгеруі тиіс:
-
сөз өнері ғылымын терең меңгере алуы;
-
лексикография саласын білуі;
-
сөздіктермен жұмыс жасай алуы;
-
сөз мағыналарының қоғамда маңызды екендігін білуі;
-
сөздерді лексикалық тұрғыдан талдай алуы;
-
сөз өнерінің құдіретін тани алуы және бағалай алуы;
-
алған білімдерін өмірде қолдана алуы;
-
тіл тазалығын сақтай білуі;
-
тіліміздегі сөздік қорды байытуға үлес қоса алуы;
-
ғылыми-шығармашылық жұмыстар атқара алуы;
-
төл мәдениетімізді, ұлттық құндылықтарымызды бағалай алуы;
-
сөз өнерінің бүгінгі қоғамның қуатты құралы екенін білуі.
Практикалық сабақтар
Білім алушылардың дайындығына қарай практикалық бөлімде оқушылардың практикалық дағдысы жетілдіріліп, алған білімдері бекітіледі.
Практикалық бөлімде төмендегідей жұмыстар атқарылады:
|
Тақырып |
Кезеңдері |
Практикалық бөлім |
|
Сөз сыры |
І жартыжылдық
ІІ жартыжылдық |
1. Түсіндірме сөздікпен жұмыс жасауға, әрбір сөздің қыр-сырына қанық болып, тереңіне бойлай білуге және шешен болуға дағдыланады. |
|
2. Шығармашылық тапсырмалармен және өз бетінше сыни тұрғыдан жұмыс жасайды. |
Білімді меңгеру деңгейін бақылау
|
№ |
Тексеруді жүргізу жиілігі |
Сабақ типі |
Оқушылардың білімін бақылау |
|
1 |
Әр сабақ сайын |
- |
Үй жұмысын сұрау, ауызша баға беру. |
|
2 |
Әр сабақ сайын |
Білімді жинақтау сабағы |
Қазақ тілінің синонимдерге бай екендігі, тілдегі синонимдер сөздік қордың асыл қазынасы екендігін, жергілікті жерде қолданылатын сөздердің мағынасын ұғынғандығы т.с.с. арқылы білімді меңгеру деңгейі бақыланады. |
|
3 |
Әр сабақ сайын |
Білімді жинақтау сабағы |
Әр түрлі тақырыптағы мәтіндерге тілдік талдау жасай білуі және ойдан мәтін жаза білуі, яғни оқушының шығармашылық қабілеті арқылы білімді меңгеру деңгейі бақыланады. |
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандырылуы
1. Бұқаралық ақпараттық құралдары, газет-журналдар.
2. Арнайы слайдтар.
3. Суреттер мен деңгейлік тапсырмалар жинағы.
4. Аудиожазбалар.
-
Тірек сызбалар.
-
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.
-
«Қазақтың шешендік өнері» кітабы.
-
Мақал-мәтелдер жинағы.
-
Ғаламтор YouTube, Google.
Мұғалімдерге ұсынылатын әдебиеттер:
-
М. Балақаев «Қазақ әдеби тілі және оның нормалары» А., 1984
-
М. Балақаев, М. Серғалиев «Қазақ әдеби тілі және оның нормалары» Алматы «Зият-Пресс», 2004
-
М. Балақаев, М. Серғалиев «Қазақ тілінің мәдениеті» А,. «Зият-Пресс», 2006
-
Н. Уәлиев «Сөз мәдениеті» Алматы, 1985
-
Р. Сыздық «Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі» А., «Арыс», 2004
-
Р. Сыздық «Тілдік норма және оның қалыптануы» Астана: Елорда,2001
-
«Қазақ тілін оқыту методикасы» Алматы, «Мектеп», 1988
-
С. Құрманғалиева «Қазақ тілін тереңдетіп оқыту» Алматы, «Рауан», 1995
-
Ж. Дәуітбекова, Е. Арын, Г. Махамбетова «Қазақ тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасы » Алматы, «Жеті жарғы», 2003
-
Қ. Алпысбаев «Көркем мәтінді талдау әдістері» Алматы, «Қазақ университеті», 2004
-
«Қазақтың шешендік өнері» Алматы, 1991
-
«Қазақ мақал-мәтелдерінің АЛТЫН КІТАБЫ» Алматы, «Аруна»
Оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер:
-
Фразеологиялық сөздік Алматы, «Арыс», 2007
-
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі Алматы, «Дайк-Пресс», 2008
-
Ә. Болғанбаев «Қазақ тілінің синонимдер сөздігі» Алматы, «Мектеп», 1975
-
А. Салқынбай, Е. Абақан Лингвистикалық түсіндірме сөздік Сөздік-Словарь, 1998
-
С. Кенжеахметұлы Жеті қазына
-
«Ақыл кені» Алматы, «Көшпенділер» баспасы, 200
-
Қазақ тіліне арналған дидактикалық материалдар
-
«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы
-
«Тіл» журналы
-
«Ана тілі» газеті
-
Интернет желісіндегі материалдар

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген