15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Таңдау курыс: Алаштану
Таңдау курсының тақырыбы: «Алаштану»
Түсінік хат:
Қазір Қазақстан республикасы
тәуелсіздік алған әлеуметтік әділет
орнап, әркім ойын ашық айтып ойласуға,
ақылдасуға мүмкіншілік туып отырғанда,
кейбір мәселелерді қайта ойласып
шешуіміз керек. Солардың бірі- «Алаш»
мәселесі. Ғасырға жуық уақыт «Алаш»сөзін
айтуға тиым салынды. Айтыла қалса қара
бояуы қалың жағылған, қоғамға зиянды,
қауіпті қозғалыс ретінде ғана көрсетілді.
Бұл сөздердің шынайы мәнін білетіндер
іштен тынды.Кейінгі ұрпақ мұндай
қозғалыстың болғанын мүлдем білмей
өсті. Алаш азаматтарын таныту, олардың
еңбектерін кейінгі ұрпаққа оқыту әлі
де төменгі деңгейде қалып отыр.
Халық арасынан шыққан біртуар Алаш азаматтарының өздері өмір сүрген кездегі халықтың ауыр
жағдайын жақсарту, елдің
тұтастығын, тәуелсіздігін сақтап
қалу жолындағы атқарған
қызметтері
жайлы дерек
қөздерін пайдалана отырып
оқыту арқылы оқушылардың
қызығушылығын,
шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы белсенді тұлға тәрбиелеу мақсатында жасалды.
Оқушылардың
бойына тұлғалық сипатын қалыптастыру,
отансүйгіштік, ұлтжандылық, азаматтық
қасиеттерді ұялатуға «Алаштану» таңдау
курсының атқаратын рөлі зор. Мектеп
оқушылары бойында осындай қасиеттерді
қалыптастыру үшін Алаш зиялылары өмірі
мен қызметін, шығармашылығын оларға
үлгі - өнеге ету оң нәтиже берері сөзсіз
.
Оқушыларға
«Алаштану» таңдау курсы арқылы Алаш
азаматтарының ұлтжандылығын, күрескерлігін,
қайраткерлігін жеткілікті деңгейде
насихаттау
Мақсаты:
Алашордалықтардың өнегелі өмірі мен халқы үшін жасаған еңбегі, ғылыми, шығармашылық жұмыстары, қазақ тарихындағы ерекше алатын орны туралы оқушыларға тиянақты білім беру, сол арқылы алаш зиялыларының тұлғасын терең тануға бағыттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектесу, іздену,
зерттеу жұмыстарына баулу.
- Алаш зиялылары туралы мағлұматтар алып, олардың тарихта алатын орны, азаматтық келбетін көрсету.
- Ұлтжандылыққа, адал да өткір, рухы биік қыр ұлдарын пір тұтып бағалай білуге, халқының тарихын қадірлеуге намысты болуға тәрбиелеу.
-Ұлтазаттық
көтеріліс басшылары мен
Алаш қозғалысының жетекшілері
жайлы деректермен
таныстыру арқылы оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына жол ашу.
-Ұлт зиялыларының қоғамдық қызметтерінің маңыздылығын жанжақты талдай отырып, бүгінгі
тәуелсіз елдің белсенді тұлғалары болуға баулу.
Оқытудың міндеттері:
-
Қазақ елінің тәуелсіздігі мен азаттығы
жолында жанын берген Алаш азаматтарының
аманатын кейінгі ұрпақ санасына сіңіре
отырып,олардың бойында өткенге
құрмет көрсету,ардақтыларымызды бағалай
білу қасиеттерін қалыптастыру.
-
Жас ұрпақты алаш тарихымен кеңінен
таныстыра отырып,Алаш идеясын ұрпақ
бойына сіңіру.
- Алаш идеясы ұлтты біріктіруші,тұтастырушы идея ретінде қашанда қазақпен бірге жасай беретіндігін ұғындыру.
-
Шығармашылықпен жұмыс жасауға,әр түрлі
дерек көздерін пайдалана отырып,ұлт-азаттық
көтеріліс басшыларының, Алаш
қайраткерлерінің өмірі мен
қоғамдық қызметтерін жетік
білуге үйрету.
-
Оқушылардың білімдіктерін дамыту, жеке
іздену, зерттеушілікке дағдыландыру.
Р/с |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
Дайындық деңгейіне қойылатын талаптар |
Қосымша материалдар |
1 |
Кіріспе Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы |
1 |
|
Курстың мәні |
|
2 |
Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы. |
1 |
|
Елдік рухтың қайнары- Алаш қозғалысы, зиялылар туралы |
Шың-2010ж |
3 |
Ұлт зиялылары- алаш қозғалысының тірегі. Алаш қозғалысы және ресей Мемлекеттік Думасы |
1 |
|
|
|
4 |
Отаршылдыққа қарсы күрестің жаңа бағыттары. Ұлттық басылымдар («Айқап», «Қазақ» газеттері) |
1 |
|
Ұлттық басылымдар |
Қазақстан тарихы 1-том. |
5 |
1916 жылғы көтеріліске қатысты Алаш қозғалысы жетекшілерінің ұстанымдары мен қайраткерлік қызметтері |
1 |
|
Алаш зиялыларының көзқарастары |
Қазіргі Қазақстан тарихы -9 сынып Интернет материалдары |
6 |
Ресей отаршылдығы және дүниежүзілік антимпериалистік күрес аясындағы қазақ оппозициясы. Ресей мұсылмандары қозғалысы |
1 |
|
||
7 |
1917 жылы Ақпан төңкерісі және алаш қозғалысы |
1 |
|
Қос үкіметке қарсы ұстанымдары |
|
8 |
1917жылы Қазан төңкерісі және Алаш қайраткерлерінің көзқарасы |
1 |
|
Қазақ тарихы журналы |
|
9 |
Қазақ Комиттерінің құрылуы, алғашқы қазақ облыстық съездер |
1 |
|
|
Қазақстан тарихы әдістемелік журналы |
10 |
Алаш» партиясының құрылуы. бағдарламалық жобасы |
1 |
|
Алаш партиясы туралы |
қосымша мәліметтер |
11 |
Алаш партиясының көсемі Әлихан Бөкейханов |
1 |
|
Ә.Бөкейханұлы
өмірі мен қызметі жайлы |
Қазақстан тарихы әдістемелік журналы |
12 |
Бірінші Жалпықазақ съезінің шешімі. Партияның бағдарламасы |
1 |
|
|
Егеменді Қазақстан 2012ж, |
13 |
1917 жылғы желтоқсандағы Жалпықазақ екінші съезі. Алашорда үкіметінің мақсаты |
1 |
.
|
Алашорда және Түркістан автономияларының құрылуы туралы мәлімет беру |
Шың-2010ж |
14 |
Алашорда ұлттық үкіметінің құрылуы |
1 |
|
Слайд, |
|
15 |
Бүкілресейлік құрылтай.Түркістан мұхтарияты –алаш қайраткерлері |
1 |
|
Қазақстан тарихы 1-том. |
|
16 |
Ұлтжанды ғалым -Мұхамеджан Тынышпаев
|
1 |
|
Алаш арысы Мұхамеджан Тынышпаев туралы |
Интернет материалдары,слайд |
17 |
Мұстафа Шоқай және Алаш |
1 |
|
Қазақстан мемлекетінің қоғам қайраткері М.Шоқай туралы сипаттау |
Бейне материалдар.
|
18 |
Тұңғыш эмигрант- Мұстафа Шоқай |
1 |
|
Слайд.қосымша мәліметтер.әдебиет |
|
19 |
Қайталау |
1 |
|
Реферат, ой-толғау |
|
20 |
Алашорда үкіметінің таратылуы |
1 |
|
|
|
21 |
Алаш көсемдерінің бірі – Халел Досмұхамедов |
1 |
|
Қазақстан
мемлекетінің қоғам қайраткерілері,
Алаш
арыстары өмірі мен қызметі жайлы |
Қазақ тарихы журналы№8,2012ж.
|
22 |
Жаһанша Досмұхамедов- Алаштың аяулы ұлы |
1 |
|
Қазақстан тарихы әдістемелік журналы |
|
23 |
Мағжан – Алаш ақыны |
1 |
|
Аңыз адам журналы Интернет материалдары
|
|
24 |
Алаш тұлғасы- Ахмет Байтұрсынов |
1 |
|
||
25 |
Міржақып Дулатұлы-ұлт мақтанышы |
1 |
|
||
26 |
Сұлтанмахмұт Торайғыров - алаш қайраткері |
1 |
|
||
27 |
Т.Рысқұловтың өмірі мен қызметі жайлы деректер |
1 |
|
||
28 |
С.Сәдуақасов, С.Қожановтың өмірі мен қызметі |
1 |
|
||
29 |
Алашорда үкіметінің таратылуы |
1 |
|
Жазықсыз қудалау,репрессия зардабы туралы, Ату жазасы Ұрпақтары туралы қосымша деректер жинағы |
Қазақстан тарихы әдістемелік журналы№12,2012ж.
қосымша мәліметтер. әдебиет бейне материалдар |
30 |
Алаш азаматтарын қудалау және жазықсыз жазалау
|
1 |
|
||
31 |
Алаш азаматтарын «халық жауы» деп айыптау. |
1 |
|
||
32 |
Алаш арыстарының ұрпақтары |
1 |
|
||
33 |
Алаш аманаты-Мәңгілік ел идеясы |
1 |
|
Алаш арыстарының арманының орындалуы |
|
34 |
Қорытынды қайталау |
1 |
|
|
тест материалдары |
Пайдаланған әдебиеттер:
Мұғалімдер үшін:
1.Қазақтар -9 томдық
2.Қазақстан энциклопедиясы
3. Атырау. Энциклопедия.Алматы.Атамұра,2000ж
4. «.Қазақ тарихы» ғылыми әдістемелік журналы
5. «Қазақстан тарихы» әдістемелік журнал.
6. «Аңыз адам» журналы
7. «Тарих толқынында» Н.Ә.Назарбаев. Алматы «Атамұра»-2003 ж.
Оқушылар үшін:
1.Оқушы анықтамасы.Қазақстан тарихы.6-11 сыныптар.
2 . Қазақтар -9 томдық
3. Тарихи тұлғалар кітабы
4. Қазақстан энциклопедиясы
5. «Тарих толқынында» Н.Ә.Назарбаев. Алматы «Атамұра»-2003 ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген