Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Таңертең, күндіз, кеш, түн. Кеше, бүгін, ертең.

Материал туралы қысқаша түсінік
уақыт ұғымдары туралы білімдерін қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру салалары: таным, қатынас.

Бөлімі: МАТЕМАТИКА НЕГІЗДЕРІ.

Тақырыбы: Таңертең, күндіз, кеш, түн. Кеше, бүгін, ертең. Мақсаты: уақыт ұғымдары туралы білімдерін қалыптастыру. Міндеттері:

  1. Уақытты сипаттайтын сөздердің атауларын анықтау: таңертең, күндіз, кеш, түн бір тәулікті құрайтыны туралы түсінік беру; тәуліктің бөліктерін тану, атауды үйрену, атау кезінде дұрыс реттілікті сақтау: кеше, бүгін, ертең. Уақытты циферблат арқылы анықтау.

  2. Зейін, есте сақтау, сөйлеу, қолдың ұсақ моторикасын, логикалық ойлауды дамыту.

  3. Ұқыптылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: №1 жұмыс дәптері, демонстрациялық материал, 10, 23, 24-кесте. Қуыршақтар Әлия мен Сырым, сағаттың моделі.

Сөздік жұмыс: Кеше, бүгін, ертең. Таңертең, күндіз, кеш, түн.


ҰОҚ-нің барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Ойын сәті. Әлия мен Сырым балаларға тәулік бөліктері бейнеленген сурет әкелді.

(Демонстрациялық материал, 10-кесте.)

Балалардан тәулік бөліктерін анықтауды үйретуді сұрайды.

Педагог жұмбақ шешуді ұсынады:

– Қабырғадан қарап тұр, Уақытты санап тұр. (Сағат) Ағайынды екеуі

Шеңбер бойы жүгірген. Аласа бойлы ағасы

Бір айналып өтеді, Ұзынтұра інісі

Сағат сайын өтеді. (Сағат тілдері.)

– Сағат адамға нені білуге көмектеседі? (Уақытты.)

Бүгін біз оқиғалардың ұзақтығы мен кезектілігін, яғни ненің бұрын, ненің кейін болғанын анықтап білеміз.

  1. Негізгі кезең.

Педагог балалардың таңертең, күндіз, кешке, түнде не істейтіні туралы сұхбат жүргізеді. Ата-аналар балаларды балабақшаға қашан әкеледі және қашан алып кетеді? Балалар қай уақытта ұйықтайды, түскі тамағын қай кезде ішеді?

Педагог демонстрациялық материалдан 10-кестедегі суреттерді қөрсетеді. Сағаттың үлгісін қолданады (циферблат сағат тілімен).

10-кестедегі демонстрациялық материалмен жұмыс

Педагог балалардан тәуліктің қай мезгілі бейнеленгенін сұрайды. Балалар күннің бөліктерін анықтайды, атайды.

Педагог балалардан жауаптарын түсіндіріп беруін сұрайды: таңертең балалар беттерін жуады, тістерін тазалайды. Күндіз балалар балабақшада ойнайды. Кешке анасы ұйықтар алдында балаларға кітап оқиды. Балалар түнде ұйықтайды.

-Бұл қай мезгілде болады?

Сағатпен танысу. ( 23 демонстрациялық материал (циферблат сағат тілімен).

Сағат не үшін керек?

Сағаттың қай түрін көрдің? (қабырға сағаты, қол сағаты, үстелге қоятын сағат) Саны бар шеңберді циферблат деп атаймыз.

Циферблатта уақытты анықтайтын ұзын және қысқа тілдері бар.

Егер ұзын тілі 12-ні, ал қысқа тілі 1 цифрасын көрсетсе, бұл сағаттың 1 болғанын көрсетеді.

Сағаттың модельдерімен жұмыс

Алдарыңызда жылжымалы тілі бар сағат моделі.

Мен атаған уақытты сағат тілімен көрсету керек. Сағаттың 5 болғанын сағат тілімен қойыңдар. Сағат тілдерін қалай қойдыңдар? (Сағаттың қысқа тілі 5 цифрын, ал ұзыны 12-ні көрсетеді.)

Педагог балаларға өлең тындауды ұсынады.

Таңертең тұрамын, Бетімді жуамын.

Тісімді тазалап, Шашымды тараймын. Киімімді киемін, Бақшаға келемін

Мен әдепті баламын.

Балалар өлең тындап отырып топпен жұмыс жасайды: сағат тілін өз бетінше қозғап, таяқша қай бағытта қозғалатынын қадағалайды.

Дәптермен жұмыс

  1. тапсырма. Тәулік бөліктерін атайды және сәйкес суреттерді тауып жапсырады. Сағатпен уақытты анықтайды.

Педагог балалармен тапсырманы талқылайды, суреттерге қарап күннің уақытын және балалардың сол уақытта не істейтінін анықтайды.

Сағаттағы уақытты атайды: таңертеңгі 7, күндізгі екі, кешкі 8, түнгі он.

Сергіту сәті

«Күн мен түн» дәстүрлі ойыны. Педагог «күн» деген кезде, балалар секіреді, «түн» дегенде, тоқтап қалады. Балалар ережеге сәйкес орындайды.

  1. тапсырма. Мәтінді тыңдайды. Сағат тілін аяқтап сызып салады, суреттермен сәйкестіреді.

Кейін мәтінді оқиды.

-Балалар таңғы сағат 8-де балабақшаға барады.

  • Суретке қараңыз, сағат тілі қай жерде орналасуы керек? Оны салыңыз. Содан кейін педагог тапсырманы оқиды, ал балалар оны өз бетінше орындайды.

-Отбасы кешкі сағат 7-де тамақ ішеді.

-Сырым кешкі сағат 9-да ұйықтайды. Тапсырманы жұппен тексерген дұрыс. Педагог «кеше», «бүгін», «ертең» сөздерін енгізеді.

Балалардан кеше не болғанын еске түсіруді сұрайды. Ал бүгін не істеп жатыр? Ертең не істегілері келеді?

Сондықтан педагог олардың мағынасын нақтылау үшін бір-бірінен кейін бірізді болған 3 оқиға бейнеленген суреттерді іріктеп дайындайды. Мысалы, кеше олар ертегі оқыды, бүгін сурет салды, ертең олар гүлдерді суарады.

Балалар сөздерді хормен қайталайды: кеше – ол өтіп кеткен. Бүгін – қазір болып жатыр. Ертең – ол болады.

Дәптермен жұмыс

  1. тапсырма. Суретке қараңдар. Онда не бейнеленген? Алдымен не болды? Одан кейін? Соңында не болды? Суреттерді ретімен жалғайды.

Суреттерге сәйкестендіріп айтады алдымен гүл (гүлшанақ) болды – бұл кеше болды; одан кейін бүгін гүл ашылды, ал ертең ол қурайды.

«Математикалық жазулар» дәптерімен жұмыс.

Педагог 12-беттегі № 13, 14 тапсырмаларды ұсынады. Балалар жұмысқа кіріспес бұрын ауада қиялдаған сызықтарды салады, қолымен дөңгелек қимылын көрсетеді.

Педагог балалардың партада дұрыс отыруына назар аударады. Жеке жұмыс жүргізеді.

  1. Рефлексия.

Оқу қызметін қорытындылайды. Балаларды мадақтайды. Әлия мен Сырым балаларға тәулік бөліктерін қалай атауға болатынын және уақытты сағат бойынша білуге үйреткеніне алғыс айтады.

Педагог өзін-өзі бағалауға ұсынады. Егер ҰОҚ-тін дұрыс орындасаң, жасыл дөңгелекті боя. Егер тапсырмалар жартылай орындалса, сары дөңгелекті боя. Егер ҰОҚ қиын болып, түсініксіз болса, қызыл дөңгелекті боя.

Күтілетін нәтижелер:

меңгереді: оқиғалардың уақыттағы реттілігін сипаттайтын сөздерді айтуды: кеше, бүгін, ертең, таңертең, күндіз, кеш, түн; уақытты циферблат арқылы анықтауды;

түсінеді: тәулік мезгілдерінің кезектілігін;

қолданады: болған, болып жатқан және болатын оқиғаларға қатысты кеше, бүгін, ертең сөздерін қолдануды.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.01.2025
218
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12