жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Таңертеңгі жаттығулар кешені
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН
ТАҢЕРТЕҢГІ ГИМНАСТИКАЛАР
КЕШЕНІ
СӘБИЛЕР ТОБЫНА АРНАЛҒАН
ТАҢЕРТЕҢГІ ГИМНАСТИКАЛАР
КЕШЕНІ
2-3 ЖАС
КІРІСПЕ
Таңғы гимнастика балалардың қозғалыс тәртібінің ең маңызды компаненті (бөлігі) болып табылады. Ол денсаулықты нығайтуға, күшейтуге ағза қызметін жоғарлатуға, қабілетінің дамуына қарым-қатынасының жоғарлауына бағытталған.
Есіңізге түсіріңіз. Таңертең ерте тұруды, әсіресе, қысқы уақытта, суықта көрпе астында жата тұрғыңыз келеді. Сіздің балаңызда да дәл осылай.
Таңертеңгілік жаттығу баланың өздігінен ерте тұруын талап етеді. Баланы қайраттылыққа, тұрақтылыққа, өздігінен ұмтыла білуге тәрбиелейді.
Таңғы гимнастиканың артықшылығы сол баланың күнде таңертең ерте тұрып түрлі жаттығу жасауы әдетке айналады. Уақыт өте келе бұл әдет адамның бойында өмір бойы сақталады.
Жаттығуды бала үлкендермен: анасымен, әкесімен, апасымен, ағасымен, тәрбиешілерімен бірге жасауы керек. Сәби біреуден үлгі алу керек, соған қарап қайталау керек.
Таңғы гимнастиканы жақсы көңіл -күймен ойындар, музыкалық сүйемелдеулер арқылы өткізу керек. Осылардың барлығы балалардың қимыл-қозғалысының артуына көмектеседі. әсіресе, таңғы гимнастикадағы ойын жинағы балалар үшін өте қажет.
Сәбилік шақтағы балалар жақсы қарым-қатынасы, жылылықты қорек етеді.
Неліктен балалармен үнемі ойнау керек?
Біріншіден: Жағымды эмоция құру үшін балалардың көңіл күйлерін көтеру керек. Кейбір балалар таңертең балабақшаға жылап келеді, өз-өзімен ұрысысып, анасына барғысы келеді, кейде еш нәрсемен шұғылданғысы да келмейді.
Қандай гимнастика өткізу керек?
Сүйікті кейіпкердің үйіне қонаққа бару, күтпеген жерден қонақтың пайда болуы, келуі, түрлі жүрістер, күлкі, көңілді, ойнақы билер, ән-осылардың барлығы баланы қалыпты жағдайға келтіреді. Оның бірден күлуі міндетті емес.
Жылағанын қойып немесе белгілі бір іспен шұғылданғанының өзі жеткілікті.
Екіншіден: Баланы қызықтыру үшін жаңа бір іспен шұғылдануды ұсыну керек. Мысалы; көңілді, күлкілі маймылдарға айналуды, кішкентай тышқандардың үйіне қонаққа баруды және өзі туралы жаңа бір ақпарат естігенде-осылардың барлығын түрлі қозғалыстармен көрсете білу керек.
Қозғалыс арқылы бала қоршаған ортаны таниды.
Әрбір ұсынылған таңғы гимнастика қозғалысына арналған ойын шартының сюжеті болады. Олар балалар білетін қызықты кейіпкерлер. Кейіпкерлердің алдын-ала киімдері, бас киімдері дайын тұруы керек. Әдемі ашық түсті ойыншықтар балалардың көңіл күйлерін көтеріп қуантады. Қызықтырады, қимыл-қозғалыстарының жылдамдауына көмектеседі.
Егер таңғы гимнастика әнмен көркемделсе қызықты өтеді. Ән балалардың эмоциясына әсер етіп, оларда жақсы көңіл-күй туғызады.
Кейбір таңғы гимнастикалық жаттығулар ойын ойнаудың алдында мидағы ауыртпалықты түсіруге немесе сезу дағдыларын қоршаған ортаға деген алаңдаушылығын, көңіл-күйін жоғарлатуға арналып жасалады. Кейбір таңғы гимнастиканың соңында білімін арттыруға жаңылтпаштар, санамақтар айтқызуға болады. Ақыл-ойының да дамуына ойын массаждар, майтабандылыққа қарсы профилактикалық жаттығулар жасатуға болады. Мысалы: («Бақаймен күн суретін сал», «Секірмелеп секіру», «Нәскиді бақайыңмен көтер» т.б.)
Таңғы гимнастика іріктеліп алынады.
Балалар білетін
Қозғалмалы ауыр жаттығулардан соң тыныс алуды жақсартуға арналған тыныс алу жаттығуларын жасату керек. Мектепке дейінгі жастағы балаларда тыныс алу бұлшықеттері әлсіз, сондықтан тыныс алу жаттығулары өте пайдалы.
Біртіңдеп жаттығулар классикалық түрде мынадай құралдармен өтеді. Алдымен жаттығу иыққа, белге, қолға және аяққа. Жаттығуларды түрлі қалыпта жасауға болады: тұрып, отырып, арқалап жатып және ішпен жатып.
Бойжазба № 1
/құралсыз, сылдырмақпен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап жүру.
Қол бүйірде аяқтың ұшымен жүру.
Қол бүйірде өкшемен жүру.
Шеңбер бойы тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б. қ: «Ара ұшты»
1. Аяқтар алшақ қойылған, қолдар бүйірде. Басты оң иықтан сол иыққа қарай, сол оңға қарай иілту. «з-з-з» деп айту. /5 рет қайталау/
Б. қ.: «Айдаһардың құйрығы»
2. Аяқтары алшақ қойылған , қолдары бүйірде, оңға - солға бұрылу, Әр бұрылған сайын «көрдім» деп айту. / 6 рет қайталау/
Б.қ. : «Қайшы»
3. Аяқтары алшақ қойылған , Қолды алдыға созып, оң қолмен сол қолды айқастырып, қайшылау. / 6 рет қайталау/
Б. қ.: «Қоян қашты»
4. Аяқтарын біріктіру. Қолдарын қоянның аяғына ұқсату. Орнында секіру.
/15-20 секунд/
Қорытынды:
«Айналу» - бір - бірінің қолынан ұстай отырып, айнала жүгіру. Шеңбер бойы маршпен жүру. Тыныс алу жаттығулары: 1 – 2, 3 - 4 есебінде танаудың әр тесігінен кезек - кезек демді ішке тартады; 1 – 10 (16) есебінде дем алуды бөгеп, сыртқа шығарады.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 2
/құралсыз, бубенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап, адымдап жүру.
Қол бүйірде, аяқтың сыртымен жүру.
«Трактор» - шеңбер бойы жылжымалы қадаммен жүру.
Шеңбер бойымен тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Тик-так»
1. Аяқтары алшақ , қолдары белде. «Тик» сөзін айтып басты оңға қисайту , «так» сөзін айтып басты тік ұстау, басты солға қисайтып қайталау. (6 рет қайталау)
Б. Қ.: «Иықтың жүруі»
2. Аяқ иық көлемінде, қолдар иық үстінде. Иықты артқа, алдыға қарай айналдыру. /6 рет қайталау/
Б. Қ.: «Ағаштар тербеледі»
3. Аяқтар алшақ қойылған, қолдар жоғарыда. Оң жаққа, сол жаққа тербелу. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Күнге жетемін»
4. Орнында тұрып секіру. (10-15 секунд)
Қорытынды:
Шеңбер бойы жүру. Адымдап жүру.
Тыныс алу жаттығулары: араның дыбысын салу (з-з-з), мұрынмен дем алып, ауыздан демді шығару. Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 3
/құралсыз, барабанмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен марш екпінімен жүру.
Қол жанда, өкшемен жүру.
«Зырылдауық» - кеудені оңға, солға бұрып жүру .
Шеңбер бойымен еркін жүру.
Шеңбер бойы тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Келісу»
1. Аяқтары иық мөлшерінде. Қолдары артта. Басты жоғары көтеріп, төмен түсіру, «иә-иә» сөзін айту. /6 рет қайталау/
Б. қ.: «Балетші»
2. Қолдары белде. 1- оң аяқтың ұшын оң жаққа созамыз, бастапқы қалыпқа келу; 2- сол аяқтың ұшын солға созамыз, бастапқы қалыпқа келу.
/6 рет қайталау/
Б.қ.: «Зырылдауық»
3. Аяқтар алшақ қойылған, қолдар бүйірде. Белді оңнан – солға, солдан – оңға қарай айналдыру. /5 рет қайталау./
Б.қ.: «Биік, аласа»
4. Аяқты алшақ қоямыз, қолды алдыға созамыз. Отырып «аласа» деп айту, тұру – «биік» деп айту. / 5 рет қайталау/
Қорытынды:
Шеңбер бойы еркін жүру. «Құс» - аяқтың ұшымен бірқалыпты жеңіл жүгіру.
Қолды жанға созып, аяқтың ұшымен жай жүру. Тыныс алу жаттығулары: шәйнектік дыбысын салу (ш-ш-ш). Терең тыныс алып, демді шығару. Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 4
/құралсыз, әуенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап, адымдап жүру.
Қол бүйірде, аяқтың сыртымен жүру.
«Тышқан» - аяқтың ұшын алмастыра отырып жүру.
Шеңбер бойы тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б. қ: «Мазақтау»
1. Аяқтары алшақ қойылған , қолдары төменде. Басты оң жақ, сол жақ иыққа қою. «А-я-я-я-й» сөзін айту. /5 рет қайталау/
Б. қ.: «Дымбілмес»
2. Аяқтары алшақ қойылған , қолдары бүйірде. Оң және сол иықты көтеріп- түсіру. Иықты көтергенде «білмеймін» сөзін айту, / 6 рет қайталау/
Б.қ.: «Міне-міне»
3. Аяқтары алшақ қойылған. Алдыға еңкейіп, қолдарды артқа тығу, денені тік ұстап, қолды алдыға созып алақанды жоғары ұстап көрсету «Міне-міне» сөзін айту. /5 рет қайталау./
Б.қ.: «Көңілді аяқтар»
4. Орнында тұрып, қол белде 8-10 рет секіріп, жүру. /6 рет қайталау./
Қорытынды:
Шеңбер бойы маршпен жүру. «Қасқыр» - кең қадаммен жүгіру.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап жай жүгіру .
Тыныс алу жаттығулары: «Көкек» - тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, қолды белге қояды, демді ішке біртіндеп тартады, «Ку-ку, Ку-ку» деп дыбыстап демді сыртқа шығара денені алға еңкейтеді.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 5
/құралсыз, сылдырмақпен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Қол бүйірде, аяқтың ұшымен жүру.
Қол бүйірде, өкшемен жүру.
«Түлкі» - Шеңбер бойы бүкіл табанмен қалыпты, жұмсақ жүру.
Шеңбер бойы тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Торғай ұшты»
1. Аяқты алшақ қоямыз, қолымыз жанға созып құстың қанатын жасау, басты оңнан солға қарай, төмен- жоғары бұру; «Чик- чирик» деп айту.
/ 5 рет қайталау/
Б.қ.: «Мотор»
2. Аяқты алшақ, қолымызды кеуде тұсына қоямыз, қолымызды дөңгелек қозғалысқа келтіреміз. «р-р-р» деп айту. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Гүлдің ашылуы»
3. Аяқтары бірге қойылған. Отыру. Алақанды біріктіріп ұстау, орнынан тұрарда қолды жоғару созып алақанды ашу. (6- рет қайталау.)
Б. қ.: «көңілді пингвин»
4. Өкшелерін беттестіру арқылы пингвиннің жүрісін көрсету. Қолдары жанда пингвиннің қанатын жасау. Орнында тұрып жүру, айналып жүру.
/10-15секунд/
Қорытынды:
Шеңбер бойы маршпен жүру. «Құлыншақ» - тізені жоғары көтере жүгіру.
Тыныс алу жаттығулары: «Отын» - аяқтың ұшымен иық деңгейінде қойып, саусақтарын іліндіріп қолын желкеге ұстау қажет; аяғын түсіріп, қолдарын аяқ арасына жіберіп, алға қарай еңкейеді, демін тез ішке тартып кері шығарады, яғни балалар ағаш шауып жатқан тәрізді болады. (ту-у-х, ту-у-х)
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 6
/құралсыз, бубенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап, адымдап жүру.
Қол бүйірде, аяқтың сыртымен жүру.
Қол бүйірде, аяқтың ішімен жүру.
«Шаңғышы» - жылжымалы қадам.
Шеңбер бойымен тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Араның ұшуын бақылау»
1. Аяқтар алшақ қойылған, қолдар бүйірде. Мойынды оңнан солға қарай, солдан оңға қарай айналдыру. «з-з-з» деп айту/6 рет қайталау/
Б.қ.: «Қарлығаш ұшты»
2. Аяқтары алшақ қойылған, қолдарын жан-жаққа созып, құстың ұшу қимылын жасау. «Ұшты-ұщты» сөзін айту. /6 рет қайталау./
Б.қ.: «Жел соқты»
3. Аяқтар алшақ қойылған, қолдар жоғарыда, оңнан - солға, солдан- оңға иілу. /6 рет қайталау./
Б.қ.: «Шапалақ»
4. Аяқтарын алшақ, қолды жанға созу. Секіріп аяқты біріктіру. Қолды жоғары созып, шапалақтау. «Шапалақ» деп айту. /6 рет қайталау./
Қорытынды:
Адымдап шеңбер бойы жүру.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап жеңіл жүгіру.
Тыныс алу жаттығулары: «Әтеш» дыбысын салу, «ку-ка-ре-ку» деп айту. Мұрынмен дем алып, ауыздан демді шығару.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 7
/құралсыз, барабан/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен «аюға» ұқсап жүру.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап жүгіру.
Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру.
Қол жанда, өкшемен жүру.
«Достар» - жұптасып жүру .
Шеңбер бойымен тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Көбелек қонды»
1. Аяқтары иық мөлшерінде. Қолдары артта. Иыққа қонған көбелекті көру. басты оңға, солға бұру, «қонды» деп айту. /6 рет қайталау/
Б. қ.: «Жыланның қозғалысы»
2. Аяқ иық көлемінде, қолды жанға созу. Жыланның қимылын жасау. иықты ирелеңдете айналдыру. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Қайшы»
3.Аяқтар алшақ қойылған, қолдар жан-жақта, қолдарды қайшылау.
/6 рет қайталау./
Б. қ.: «Жұлдызша»
4. Қолдары белде. Аяқты бірге ұстау. Орнында секіріп аяқты және қолды жанға созу «ха-а-а» деп айту, орнында секіріп аяқты біріктіру және қолды белге қою, «хоп» деп айту. /6 рет қайталау/
Қорытынды:
Шеңбер бойы жүру. Еркін жүру. Қолды жанға созып, аяқтың ұшымен жүгіру. Тыныс алу жаттығулары: шәйнектік дыбысын салу(ш-ш-ш). Терең тыныс алып, демді шығару.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 8
/құралсыз, әуенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Қол бүйірде, аяқтың сыртымен жүру.
Қол бүйірде, аяқтың ішімен жүру.
«Бұрамалы қуыршақ» - екі жаққа шұғыл бұрылып жүру.
Шеңбер бойымен жай жүру .
Шеңбер бойымен тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Буратино» ойыны
1. Аяқты алшақ қоямыз, Буратинаға әдемі мұрын жасаймыз.
Буратино мұрнымен «күн» салады. /5 рет қайталау/
Б.қ.: «Су тасу»
2. Аяқты алшақ қоямыз, жұдырықты түйіп, қолды жанға қою. Оң және сол иықты кезек жоғары көтеру. / 5 рет қайталау/
Б.қ.: «Үлкен- кіші»
3. Аяқты алшақ қоямыз, қолды жанымызда, отырамыз «кіші» деп айту, тұру «үлкен» деп айту. / 6 рет қайталау/
Б.қ.: «Доп тебу»
4. Орнында тұрып, қол белде, аяқты алдыға кезек серпіп секіру.
/15-20 секунд/
Қорытынды:
Шеңбер бойы еркін жүру.
«Балапан» - дабыл бойынша затты айнала аяқ ұшымен жүгіру .
Маршпен жүру.
Тыныс алу жаттығулары: «Ботқа пысты» мұрынмен дем алып, ауыздан демді шығару. «пы-х, пы-х ,пы-х» деп айту.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 9
/доппен, әуенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап жүру.
Қол бүйірде, аяқтың ұшымен жүру.
Қол бүйірде, өкшемен жүру.
«Бала қораз» - тізені жоғары көтере, қолды жан-жаққа сермей жүру.
Шеңбер бойымен еркін жүру.
Шеңбер бойымен тұру. / шеңберге тұрарда себеттен бір доп алу/
Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Жоғары –төмен»
1. Аяқтары алшақ қойылған, доп қолда. Допты жоғары көтеріп, төбеге қарау«жоғарыда» деп айту. Допты төмен түсіріп, жерге қарау «төменде» деп айту. /6 рет қайталау./
Б.қ.: «Айдаһардың құйрығы»
2. Аяқтар алшақ қойылған, доп қолда. Оңнан – солға, солдан-оңға қарай бұрылу, әр бұрылған сайын « көрдім» деп айту. /6 рет қайталау./
Б.қ.: «Дәл тигіз»
3. Аяқтары бірге. Доп қолда, денені тік ұстау. Оң жақ тізені көтеріп допқа тигізу «тиді» деп айту. Сол жақ тіземенде қайталау. /6 рет қайталау/
Б. қ.: «Доп қашты»
4. Аяқтарын біріктіру. Доп қолда. Орнында секіру. /10-15секунд/
Қорытынды:
Шеңбер бойы маршпен жүру. Еркін жүру.(допты себетке қою)
«Достар» - жұптасып жүгіру.
Тыныс алу жаттығулары: «ұйқыдағы мысық» «п-ы-р, п-ы-р»деп айту. Мұрынмен дем алып, ауыздан демді шығару.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 10
/доппен, әуенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Қол бүйірде, аяқтың сыртымен жүру.
Қол бүйірде, аяқтың ішімен жүру.
«Ізкескіштер» - шеңбер бойы жылжымалы қадаммен денені алға қарай еңкейте жүру.
Шеңбер бойымен жай жүру . (шеңберге тұрарда себеттен бір доп алу)
Шеңбер бойымен тұру.
Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Оң - сол»
1. Аяқтары иық мөлшерінде. Доп қолда. Допты оң жаққа қозғап, басты оң жақ иыққа қою. «Оң жақ» деп айту. Допты сол жаққа қозғап, басты сол жақ иыққа қою. «Сол жақ» деп айту. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Секіргіш»
2. Аяқтары алшақ қойылған. Доп кеуде тұсында. допты жоғары лақтыру ./6 рет қайталау./
Б. қ.: «Құламалар»
3. Аяқтары алшақ қойылған, қолдағы допты жоғары созу. Доппен оңға- солға иілу. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Дән»
4. Жиырылып отырады, доп қолда. Күн қыздырып, жауын жауады. «Дән» ақырын допты жоғары созып керіледі. Орнында тұрып айналады. Өкшемен тұрып керіледі. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Серіппе»
5. Аяқтарын алшақ қою, доп қолда. Денені тік ұстайды. Орнында отырып - тұрып «серіппе» секілді секіру. /15-20 секунд/
Қорытынды:
Шеңбер бойы еркін жүру.(допты себетке қою) .Қолды жанға созып, аяқтың ұшымен жүру. Шеңбер бойымен денені тік ұстап жеңіл жүгіру.
Тыныс алу жаттығулары: шәйнектік дыбысын салу. Терең тыныс алып, демді шығару. Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 11
/лентамен, әуенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен марш екпінімен жүру.
Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру.
Қол жанда, өкшемен жүру.
«Пони» - Шеңбер бойы ауыстырмалы қадаммен жүру.
Шеңбер бойымен еркін жүру.
Шеңбер бойымен тұру. / шеңберге тұрарда себеттен екіден лента алу/
Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Жылынның қимылы»
1. Аяқтары иық мөлшерінде. Денені тік ұстау. Лента төменде. Басты оңға бұрып, иекті иыққа түсіру және иекпен доға жасап басты ақырын көтеру және төмен түсіріп - көтеру. Әр қимылда «т-с-с-с-с» деп айту. Сол жақ иыққа да осылай жасалады. /4-рет қайталау./
Б.қ.: «Сермеу»
2. Аяқтары алшақ қойылған, оң қолдағы лентаны – жоғарыға, сол жақтағыны – төменге сермеп отырып ауыстыру. /5 рет қайталау./
Б.қ.: «Алдыда- артта»
3. Аяқтары иық жалпақтығында, ленталар жанда, алдыға еңкейіп, ленталарды артқа созу «артта» деп айту, шалқайып, қолды алдыға созу «алдыда» деп айту. /5 рет қайталау./
Б.қ.: «Бұйрықты орында»
4. Аяқтарын алшық қою, ленталар екі жақта. Қолдары төменде. «Ал», «қой» - дегенде тез алып қою керек. /6 рет қайталау./
Б.қ.: «Көңілді аяқтар»
5. Аяқтарын алшақ қою, ленталар жанда; 8- рет маршпен жүру, 10- рет секіру.
Қорытынды:
Шеңбер бойы маршпен жүру./ленталарды себетке салу/ «Жолбарыс» - қолды әр түрлі жағдайда ұстап, кең қадаммен жүгіру.
Тыныс алу жаттығулары: «Пирамида» - түзу тұрып, аяқтарын иық деңгейлерінде қою; қолдарын жоғары көтеріп тартылу, демін ішке жұту, рет - ретімен қолдарын, иықтың тұсын, иығын, басы, денесін төмен түсіру, демін сыртқа шығарады.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 12
/лентамен, сылдырмақпен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен еркін жүру.
Қол белде, аяқтың сыртымен жүру.
Қол жанда, аяқтың ішімен жүру.
Көгершінге ұқсап ұшу .
Шеңбер бойымен адымдап жүру.
Шеңбер бойымен тұру / шеңберге тұрарда себеттен екіден лента алу/ Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау
Негізгі бөлім:
Б. қ.: «Оң-сол»
1. Аяқтары алшақ қойылған , ленталар төменде. басты оңнан-солға қарай бұрып «сол жақ» деп айту, солдан-оңға қарай бұрып «оң жақ» деп айту.
/6 рет қайталау/
Б. қ.: «Шеңбер жасау»
2. Аяқтары алшақ қойылған , ленталар жанда, лентаны жоғарыдан-төменге, төменнен-жоғарыға иықты айналдыра отырып шеңбер жасау.
/ 6 рет қайталау/
Б.қ.: «Айқастыру»
3. Аяқты алшақ қоямыз. Ленталарды жанға созу. оң қолдағы лентаны сол иыққа апару, сол қолдағы лентаны оң иыққа апару. «айқасты» деп айту.
/6 рет қайталау/
Б.қ.: «Жасыру»
4. Аяқты алшақ қоямыз. Ленталар белде. Алдыға қарай еңкейіп ленталарды созу «бар» деп айту, артқа шалқайып, ленталарды жасыру «жоқ» деп айту.
/6 рет қайталау/
Б.қ.: «Серіппе»
5. Аяқтарын алшақ қою, лента төменде. Орнында тұрып «серіппе» секілді секіру. /15-20 секунд/
Қорытынды:
Шеңбер бойы жүру /ленталарды себетке салу/. Маршпен жүру. «Қоян» - аяқтың ұшымен жүгіруді секірумен ауыстыру .
Тыныс алу жаттығулары: «Шар» - ерніңді жұмып, ұртыңды томпайту; жұдырықпен жайлап жұмылу, еріннен ауаны шығарады (3 - 4 рет).
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 13
/таяқшамен, әуенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап, адымдап жүру.
«Арыстан және тасбақа» - жиі және кең қадамдарды алмастыра жүру.
Қол бүйірде, аяқтың сыртымен жүру.
Қол бүйірде, аяқтың ішімен жүру.
Шеңбер бойымен жай жүру .
Шеңбер бойымен тұру. (таяқшаны үстел үстінен бір- бірден алу)
Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Мысық оянды »
1. Аяқтары алшақ қойылған, таяқшаны екі шетінен ұстап, жоғарыға, оңға, солға қарай созылып керілу. әр керілген сайын «м-я-у» деп айту.
/6 рет қайталау./
Б. қ.: «Кілем қағу»
2. Аяқтары алшақ қойылған, таяқша төменде қолдарымен ұстау. Таяқшаны жоғарыға көтеріп созу, «кілем қағу» соғу қимылын жасау «тук-тук-тук»- деп айту. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Шалтай-балтай»
3. Аяқты алшақ қоямыз, таяқша төменде қолдарымен ұстау, оңға, солға бұрылу . /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Дәл тигіз»
4. Аяқтары алшақ қойылған, таяқшаны кеуденің тұсында. Бүгілген оң аяқты көтеру, тізені таяқшаға тигізу. Арқаны түзу ұстау. Сол жақпен дәл солай қайталау. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Көңілді таяқша»
5. Таяқшаны айналып секіру және жүру. /15-20 секунд/
Қорытынды:
Маршпен шеңбер бойы жүру. Еркін жүру.(таяқшаны үстел үстіне қою) Қолды жанға созып, аяқтың ұшымен жүру.
Тыныс алу жаттығулары: шәйнектік дыбысын салу(ш-ш-ш). Терең тыныс алып, демді шығару.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 14
/таяқшамен, бубенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап, адымдап жүру.
Қол бүйірде, аяқтың сыртымен жүру.
«Пингвин» - табанның ішкі жақтарымен қысқа және алшақ қадаммен жүру.
Шеңбер бойымен маршпен жүру .
Шеңбер бойымен тұру. (таяқшаларды үстел үстінен кезекпен алу)
Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Сағаттар»
1. Аяқтары алшақ , таяқша белде. «Тик-так» сөзін айтып басты оңға, солға қозғалту. / 6 рет қайталау/
Б. қ.: «Су тасушы»
2. Аяқтары алшақ қойылған, таяқша иықта, иықты кезек көтеру.
/6 рет қайталау/
Б.қ.: «Құламалар»
3. Аяқтары алшақ қойылған, таяқшаны жоғары созу, оңнан – солға, солдан - оңға қарай иілу. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Күш жинау»
4. Аяқтар алшақ қойылған, таяқша кеуде тұсында. Таяқшаны жоғары көтеріп- түсіру. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Мотоцикл жүргізу»
5. Аяқтарын алшақ қою, таяқша кеуде тұсында; мотоциклды жүргізу (ыр-ыр-ыр) деп айту. Бір орында жүру. (15-20 секунд).
Қорытынды:
бір саппен шеңбер бойы жүру /таяқшаларды үстел үстіне қою/ . Маршпен жүру.
Тыныс алу жаттығулары: «Көкек» - тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, қолды белге қояды, демді ішке біртіндеп тартады, «Ку-ку, Ку-ку» деп дыбыстап демді сыртқа шығара денені алға еңкейтеді.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 15
/жалаушамен, әуенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен марш екпінімен жүру.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап жүгіру.
Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру.
Қол жанда, өкшемен жүру.
«Серіппе» - қолдарымен ұстап, отырып тұрып шеңбер бойымен жүру.
Шеңбер бойымен еркін жүру.
Шеңбер бойымен тұру. / шеңберге тұрарда себеттен екі жалауша алу/ Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Желбірейді жалау»
1. Аяқтары иық мөлшерінде. Жалаушаны жоғары созып ұстайды. Жалаушаны және басты оң – сол жаққа қисайту. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Әткеншек»
2. Аяқтары алшақ қойылған, жалаушалар төменде. Жалаушаларды артқа- алдыға қарай сермеу. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Кім жылдам»
3. Аяқтарын алшық қою, жалаушалар екі жақта жерде. Қолдары төменде. «Ал», «қой» - дегенде тез алып, қою керек. /6 рет қайталау/
Б. қ.: «Жұлдызша»
4. Аяқты бірге, денені тік ұстау. Жалауша белде. Орнында секіріп аяқты және жалаушаны жанға созу «ха-а-а» деп айту, орнында секіріп аяқты біріктіру және жалаушаны белге қою, «хоп» деп айту. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Көңілді жалауша»
5. Аяқтарын алшақ қою, жалаушалар белде; 8- рет маршпен жүру, 10- рет секіру.
Қорытынды:
Бір саппен шеңбер бойы жүру. /жалаушаларды себетке салу/ Маршпен жүру. «Айналу» - бір - бірінің қолынан ұстай отырып, айнала жүгіру.
Тыныс алу жаттығулары: «Үйшік» - тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, қолды бастан асыра көтеріп, «үйшік» сияқты біріктіреді, демді ішке тартады, қолды төмен түсіріп, денені босатып демді шығарады.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 16
/Жалаушамен, барабанмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен еркін жүру.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап жеңіл жүгіру.
Қол белде, аяқтың сыртымен жүру.
Қол жанда, аяқтың ішімен жүру.
«Арқан бойлап жүруші» - еңкейтілген тақтайшамен жоғары, төмен жүру .
Шеңбер бойымен тұру. / шеңберге тұрарда себеттен екі жалауша алу/ Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Жылынның қимылы»
1. Аяқтары иық мөлшерінде. Денені тік ұстау. Лента төменде. Басты оңға бұрып, иекті иыққа түсіру және иекпен доға жасап басты ақырын көтеру және төмен түсіріп - көтеру. Әр қимылда «т-с-с-с-с» деп айту. Сол жақ иыққа да осылай жасалады. /6-рет қайталау./
Б. қ.: «Суда жүзу»
2. Аяқтары алшақ қойылған , жалаушалар жанға созу. Иықты қозғап, суда жүзу қимылын жасау. / 6 рет қайталау/
Б.қ.: «Айқастыр»
3. Аяқты алшақ қоямыз. Жалаушалар төменде. Оң қолдағы жалаушаны сол иыққа апару, сол қолдағы жалаушаны оң иыққа апару. «айқасты» деп айту.
/6 рет қайталау/
Б.қ.: «Құламағайлар»
4. Аяқты алшақ қоямыз. Жалаушалар белде. Алдыға қарай еңкею, артқа шалқаю. /6 рет қайталау
Б.қ.: «Серіппе»
5. Аяқтарын алшақ қою, жалауша төменде. Орнында тұрып «серіппе» секілді секіру. /15-20 секунд/
Қорытынды:
Бір саппен шеңбер бойы жүру. /жалаушаларды себетке салу/
«Қоян» - аяқтың ұшымен жүгіруді секірумен ауыстыру .
Тыныс алу жаттығулары: «Отын» - аяқтың ұшымен иық деңгейінде қойып, саусақтарын іліндіріп қолын желкеге ұстау қажет; аяғын түсіріп, қолдарын аяқ арасына жіберіп, алға қарай еңкейеді, демін тез ішке тартып кері шығарады, яғни балалар ағаш шауып жатқан тәрізді болады.
мұрынмен дем алып, ауыздан демді шығару. Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 17
/орамалмен, сылдырмақпен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен марш екпінімен жүру.
«Үйректің балапаны» - кеудені алға қарай еңкейте отырып, өкшемен жүру.
«Түйеқұс» - тізені жоғары көтере жүру.
«Сайқымазақ» - басты бұра жүру.
Шеңбер бойымен еркін жүру.
Шеңбер бойымен тұру. / шеңберге тұрарда себеттен бір орамалдан алу/ Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау
Негізгі бөлім:
Б. қ: «Мазақтау»
1. Аяқтары алшақ қойылған , орамал қолда. Басты оң жақ, сол жақ иыққа қою. «А-я-я-я-й» сөзін айту. /6 рет қайталау/
Б. қ.: «Дымбілмес»
2. Аяқтары алшақ қойылған , орамал белде. Оң, сол иықты көтеріп- түсіру. / 6 рет қайталау/
Б.қ.: «Қу түлкі»
3. Денені тік ұстау. Орамал қолда. Түлкінің жүрісін салу. /5 рет қайталау./
Б. қ.: «Теңіз толқыны»
4. Аяқтарын алшақ қою, орамал төменде. Орамалды желпу, «Теңіз толқиды бір, теңіз толқиды екі» деп айтады, «Буырқанады, буырқанады» - орамалды тез желпу. «Сосын тына қалады» - жиырылып отыра қалу. /6 рет қайталау./
Б.қ.: «Биші орамал»
5. Аяқтарын алшақ қою, қолдағы орамалды әр жаққа қозғап қимыл жасау. /15-20 секунд/
Қорытынды:
Маршпен шеңбер бойы жүру /орамалды себетке салу/ .
«Қуғын» - 1.5-2 минут бойы үзіліссіз жүгіру.
Тыныс алу жаттығулары: «Диірмен» - тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, оң қолды жоғары көтеріп, сол қолды төмен түсіреді, қолды кезекпен - кезек алмастырады, еркін дем алады .
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 18
/орамалмен, әуенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап, адымдап жүру.
«Үйректің балапаны» - кеудені алға қарай еңкейте отырып, өкшемен жүру.
«Түйеқұс» - тізені жоғары көтере жүру.
«Сайқымазақ» - басты бұра жүру.
Шеңбер бойымен жай жүру .
Шеңбер бойымен тұру. /шеңберге тұрарда себеттен бір орамалдан алу/ Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Көбелек ұшты»
1. Аяқтар алшақ қойылған, орамал бүйірде. басты оңнан – солға, солдан - оңға қарай айналдыру. /6 рет қайталау/
Б. қ.: «Көңілді орамал»
2. Аяқ иық көлемінде, орамал иықта, иықты артқа –алдыға, төмен –жоғары қозғау. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Ғажайып кемпірқосақ»
3.Аяқтар алшақ қойылған, орамал белде. орамалды оң - сол жаққа қисайту, әр иілген сайын «ғажайып» деп айту. / 6 рет қайталау./
Б.қ.: «Шапалақ»
4. Аяқтарын алшақ қою, орамалды жанға созып, жоғары көтеріп алақанды соғу. «Шапалақ»- деп айту. /6 рет қайталау/
Б. қ.: «Орамалды ілу»
5. Аяқтарын алшақ қойып, тізе бүгу. Орамал төменде. Орнынан тұрып, орамалды жоғары көтеріп, орамалды ілу қимылын жасау «ілдім» деп айту.
/6 рет қайталау./
Қорытынды:
Маршпен шеңбер бойы жүру. /орамалды себетке салу/
Адымдап жүру. «Достар» - жұптасып жүгіру.
Тыныс алу жаттығулары: «Түтікше» - ысқырықты үргендей қылып, ерніңмен түтікшені қысып, сосын жымиып ерніңді босатасың; еріннің осындай қалыптарын кезектестіріп қайталайды.
Бастапқы қалыпқа келу.
ЕСТИЯРЛАР ТОБЫНА АРНАЛҒАН
ТАҢЕРТЕҢГІ ГИМНАСТИКАЛАР
КЕШЕНІ
3-5 ЖАС
Бойжазба № 1
/құралсыз, сылдырмақпен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап жүру.
Қол бүйірде аяқтың ұшымен жүру.
Қол бүйірде өкшемен жүру.
Шеңбер бойымен жиі және кең қадамдарды алмастыра жүру.
Шеңбер бойы тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б. қ: «Маса қонды»
1. Аяқтар алшақ қойылған, қолдар бүйірде. Басты оң иықтан сол иыққа қарай, солдан оңға қарай иілту. «бз-з-бз-з-бз» деп айту. /5 рет қайталау/
Б. қ.: «Қақпа»
2. Аяқтары алшақ қойылған , қолдары бүйірде, 1- оңға бұрылу, 2- б.қ.
3- солға бұрылу, Әр бұрылған сайын «қақпа ашылды» деп айту .
/ 6 рет қайталау/
Б.қ. : «Шаңғышы»
3. Аяқтары алшақ қойылған , 1- сол қолмен оң аяқты жерден алмай алдыға
созу, 2- оң қолмен сол аяқты алдыға созып шаңғы тебу қимылын жасайды.
/ 6 рет қайталау/
Б. қ.: «Биік - аласа»
4. Аяқтарын біріктіру. Қолдарын алдыға созып 1- отырады «аласа» деп айтады, 2 – қолды жоғары созып аяқтың ұшымен тұрады «биік» деп айтады.
/6- рет қайталау /
Б.қ.: «Құлыншақ»
5. Аяқтарын біріктіру. Қол белде. Тізені жоғары көтере жүгіру.
Қорытынды:
Шеңбер бойы маршпен жүру.
Тыныс алу жаттығулары: 1 – 2, 3 - 4 есебінде танаудың әр тесігінен кезек - кезек демді ішке тартады; 1 – 10 (16) есебінде дем алуды бөгеп, сыртқа шығарады.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 2
/құралсыз, бубенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап, адымдап жүру.
Қол бүйірде, аяқтың сыртымен жүру.
Шеңбер бойы жылжымалы қадаммен жүру.
Шеңбер бойымен тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Басты бұру»
1. Тік тұрып, қолды белге ұстау керек, 1-2 есебінде басты оңға қарай,
3 - 4 есебінде солға бұру керек. (6 рет қайталау)
Б. Қ.: «Иықтың жүруі»
2. Аяқ иық көлемінде, қолдар иық үстінде. Иықты артқа, алдыға қарай айналдыру. /6 рет қайталау/
Б. Қ.: «Ағаштар тербеледі»
3. Аяқтар алшақ қойылған, қолдар жоғарыда. Оң жаққа, сол жаққа тербелу. /6 рет қайталау/
Б. қ.: «Қоян қашты»
4. Аяқтарын біріктіру. Қолдарын қоянның аяғына ұқсату. Орнында секіру.
/15-20 секунд/
Б.қ. «Көңілді аяқтар»
5. Орнында тұрып жеңіл жүгіру (15-20 секунд)
Қорытынды:
Шеңбер бойы жүру. Адымдап жүру.
Тыныс алу жаттығулары: Шеңбер бойымен тұрып араның дыбысын
салу (з-з-з), мұрынмен дем алып, ауыздан демді шығару.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 3
/құралсыз, барабанмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен марш екпінімен жүру.
Қол жанда, өкшемен жүру.
Шеңбер бойымен бүгілген тізені барынша биік көтеріп жүру.
Шеңбер бойымен еркін жүру.
Шеңбер бойы тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Келісу»
1. Аяқтары иық мөлшерінде. Қолдары артта. Басты жоғары көтеріп, төмен түсіру, «иә-иә» сөзін айту. /6 рет қайталау/
Б. қ.: «Сегіздік»
2. Тік тұрып, қолды екі жаққа жіберіп, жұдырықты түю керек, 1 есебінде білезікпен алға қарай айналдыру, 2 есебінде артқа қарай айналдыру қажет.
/6 рет қайталау/
Б.қ.: «Зырылдауық»
3. Аяқтар алшақ қойылған, қолдар бүйірде. Белді оңнан – солға, солдан – оңға қарай айналдыру. /5 рет қайталау./
Б.қ.: «Биік, аласа»
4. Аяқты алшақ қоямыз, қолды алдыға созамыз. Отырып «аласа» деп айту, тұру – «биік» деп айту. / 5 рет қайталау/
Б.қ.: «Доп тебу»
5. Орнында тұрып, қол белде, аяқты алдыға кезек серпіп секіру.
/15-20 секунд/
Қорытынды:
Шеңбер бойы еркін жүру. Аяқтың ұшымен бірқалыпты жеңіл жүгіру.
Қолды жанға созып, аяқтың ұшымен жай жүру.
Тыныс алу жаттығулары: шәйнектік дыбысын салу (ш-ш-ш). Терең тыныс алып, демді шығару.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 4
/құралсыз, әуенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап, адымдап жүру.
Қол бүйірде, аяқтың сыртымен жүру.
Шеңбер бойы жылжымалы қадаммен жүру.
Шеңбер бойы тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б. қ: «Мазақтау»
1. Аяқтары алшақ қойылған , қолдары төменде. Басты оң жақ, сол жақ иыққа қою. «А-я-я-я-й» сөзін айту. /5 рет қайталау/
Б. қ.: «Дымбілмес»
2. Аяқтары алшақ қойылған , қолдары бүйірде. Оң және сол иықты көтеріп- түсіру. Иықты көтергенде «білмеймін» сөзін айту, / 6 рет қайталау/
Б.қ.: «Міне-міне»
3. Аяқтары алшақ қойылған. Алдыға еңкейіп, қолдарды артқа тығу, денені тік ұстап, қолды алдыға созып алақанды жоғары ұстап көрсету «Міне-міне» сөзін айту. /5 рет қайталау./
Б.қ.: «Тіземен дөңгелек жасау»
4. Кеуденің жоғарғы бөлігін сәл еңкейіп, қолдарын тізеге қою; тізесін бүгіп солға қарай (сағат тілімен), одан кейін оңға қарай (сағат тіліне қарсы) дөңгеленіп айналады. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Секір, жүгір»
5. Орнында тұрып, қол белде 8-10 рет секіріп, жүру. /6 рет қайталау./
Қорытынды:
Шеңбер бойы табанды жерден алмай жылжымалы қадаммен жүру.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап жай жүгіру .
Тыныс алу жаттығулары: Тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, қолды белге қояды, демді ішке біртіндеп тартады, «Ку-ку, Ку-ку» деп дыбыстап демді сыртқа шығара денені алға еңкейтеді.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 5
/құралсыз, сылдырмақпен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Қол бүйірде, аяқтың ұшыменшеңбер бойымен жүру.
Қол бүйірде, өкшемен жүру.
Шеңбер бойы бүкіл табанмен қалыпты, жұмсақ жүру.
Шеңбер бойы тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Көбелек қонды»
1. Аяқтары иық мөлшерінде. Қолдары артта. Иыққа қонған көбелекті көру. басты оңға, солға бұру, «қонды» деп айту. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Резеңке»
2. Тік тұру керек, аяқ иық деңгейінде, оң қолды жоғары көтереді, сол қол төмен түсіреді, шұғыл қимылдап, қолдарды кезек сермейді.
/6 рет қайталау/
Б.қ.: «Тарсылдақ»
3. Аяқтары алшақ, қолды төмен түсіріп, тік тұру керек, қолды алға - артқа шапалақтай сермеу керек. (6- рет қайталау.)
Б. қ.: «Көңілді пингвин»
4. Өкшелерін беттестіру арқылы пингвиннің жүрісін көрсету. Қолдары жанда пингвиннің қанатын жасау. Орнында тұрып айналып жүру.
/10-15секунд/
Б.қ.: «Акробат»
5. Орнында тұрып, аяқты артқа қарай тізеден бүгіп кезектесіп секіру.
/10-15 секунд/
Қорытынды:
Шеңбер бойы тізені жоғары көтере жүру. Еркін жүру.
Тыныс алу жаттығулары: «Отыншы» - аяқтың ұшымен иық деңгейінде қойып, саусақтарын іліндіріп қолын желкеге ұстау қажет; аяғын түсіріп, қолдарын аяқ арасына жіберіп, алға қарай еңкейеді, демін тез ішке тартып кері шығарады, яғни балалар ағаш шауып жатқан тәрізді болады. (ту-у-х, ту-у-х)
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 6
/құралсыз, бубенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап, адымдап жүру.
Қол бүйірде, аяқтың сыртымен жүру.
Қол бүйірде, аяқтың ішімен жүру.
Аяқтың ұшын алмастыра отырып жүру.
Шеңбер бойымен тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Араның ұшуын бақылау»
1. Аяқтар алшақ қойылған, қолдар бүйірде. Мойынды оңнан солға қарай, солдан оңға қарай айналдыру. «з-з-з» деп айту/6 рет қайталау/
Б.қ.: ««Диірмен»
2 . Аяқтары алшақ қойылған, тік тұрып, қолды екі жаққа жіберіп, жұдырықты түйіп, шынтақпен ішке - сыртқа айналдыра қимылдаймыз.
/6 рет қайталау./
Б.қ.: «Тарсылдақ»
3. Аяқтар алшақ қойылған, қолдар жоғарыда, 1- аяқты тізеге дейін бүгіп, жоғары көтереді, 2- тізе астынан шапалақ соғады. 3- б.қ.
/6 рет қайталау./
Б.қ.: «Шалтай-балтай»
4. Аяқты алшақ қоямыз, қолымыз жанда, оңға, солға бұрылу, қол бос қозғалады. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Қосаяқ»
5. Орнында тұрып, қос аяқтап секіру ( 10-15 секунд)
Қорытынды:
Адымдап шеңбер бойы жүру.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап жеңіл жүгіру.
Тыныс алу жаттығулары: «Әтеш» дыбысын салу, «ку-ка-ре-ку» деп айту. Мұрынмен дем алып, ауыздан демді шығару.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 7
/құралсыз, барабан/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап жүгіру.
Қол бүйірде, аяқтың сыртымен жүру.
Қол бүйірде, аяқтың ішімен жүру.
Шеңбер бойымен тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Торғай ұшты»
1. Аяқты алшақ қоямыз, қолымыз жанға созып құстың қанатын жасау, басты оңнан солға қарай, төмен- жоғары бұру; «Чик- чирик» деп айту.
/ 5 рет қайталау/
Б. қ.: «Жыланның қозғалысы»
2. Аяқ иық көлемінде, қолды жанға созу. Жыланның қимылын жасау. иықты ирелеңдете айналдыру. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Қайшы»
3.Аяқтар алшақ қойылған, қолдар жан-жақта, қолдарды қайшылау.
/6 рет қайталау./
Б. қ.: «Жұлдызша»
4. Қолдары белде. Аяқты бірге ұстау. Орнында секіріп аяқты және қолды жанға созу «ха-а-а» деп айту, орнында секіріп аяқты біріктіру және қолды белге қою, «хоп» деп айту. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Акробат»
5.Денені тік ұстау, қол белде, аяқты артқа қарай тізеден бүгіп кезектесіп секіру. /10-15 секунд/
Қорытынды:
Шеңбер бойы жүру. Еркін жүру. Шеңбер бойы жылжымалы қадаммен денені алға қарай еңкейте жүру.
Тыныс алу жаттығулары: шәйнектік дыбысын салу(ш-ш-ш). Терең тыныс алып, демді шығару.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 8
/құралсыз, әуенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен шеңбер бойымен жүгіру.
Қол жанда, өкшемен жүру.
Шеңбер бойы ауыстырмалы қадаммен жүру.
Шеңбер бойымен жай жүру .
Шеңбер бойымен тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Буратино» ойыны
1. Аяқты алшақ қоямыз, Буратинаға әдемі мұрын жасаймыз.
Буратино мұрнымен «күн» салады. /5 рет қайталау/
Б.қ.: «Су тасу»
2. Аяқты алшақ қоямыз, жұдырықты түйіп, қолды жанға қою. Оң және сол иықты кезек жоғары көтеру. / 5 рет қайталау/
Б.қ.: «Гүлдің ашылуы»
3. Аяқтары алшақ қойылған. Қол төменде, аяқтың ұшымен тұру, қолды жоғары созу. (6- рет қайталау.)
Б.қ.: «Доп тебу»
4. Орнында тұрып, қол белде, аяқты алдыға кезек серпіп секіру.
/15-20 секунд/
Б. қ.: «Көңілді көжек»
5. Аяқтарын біріктіру. Қолдарын қоянның аяғына ұқсатып, орнында секіру. /10-15секунд/
Қорытынды:
Шеңбер бойы еркін жүру.
Дабыл бойынша шеңберді айнала аяқ ұшымен жүгіру .
Маршпен жүру.
Тыныс алу жаттығулары: «Ботқа пысты» мұрынмен дем алып, ауыздан демді шығару. «пы-ых, пы-ых ,пы-ых» деп айту.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 9
/доппен, әуенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Қол бүйірде, аяқтың ұшымен шеңбер бойымен жүру.
Қол бүйірде, өкшемен жүру.
Шеңбер бойымен жеңіл жүгіру.
Тізені жоғары көтере, қолды жан-жаққа сермей жүру.
Шеңбер бойымен еркін жүру.
1 сапқа тұру. / сапқа тұрарда себеттен бір доп алу/
1саптан 4 лекке (колонна) тұру.
Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Жоғары –төмен»
1. Аяқтары алшақ қойылған, доп қолда. Допты жоғары көтеріп, төбеге қарау«жоғарыда» деп айту. Допты төмен түсіріп, жерге қарау «төменде» деп айту. /6 рет қайталау./
Б.қ.: «Айдаһардың құйрығы»
2. Аяқтар алшақ қойылған, доп қолда. Оңнан – солға, солдан-оңға қарай бұрылу, әр бұрылған сайын « көрдім» деп айту. /6 рет қайталау./
Б.қ.: «Мергендер»
3. Аяқтары бірге. Доп қолда, денені тік ұстау. Оң жақ тізені көтеріп допқа тигізу «тиді» деп айту. Сол жақ тіземен кезек қайталау. /6 рет қайталау/
Б. қ.: «Аққу қанатын қақты»
4. Аяқтың ұшымен тұрып, доп жанда. Қолды жоғары-төмен «аққудың» қанаты сияқты жасау. /6 рет қайталау/
Б. қ.: «Доп қашты»
5. Аяқтарын біріктіру. Доп қолда. Орнында секіру. /10-15секунд/
Қорытынды:
4 лектен (колонна) 1 саппен шеңбер бойы жүру.
Еркін жүру.(допты себетке қою)
Тыныс алу жаттығулары: «ұйқыдағы мысық» «п-ы-р, п-ы-р»деп айту. Мұрынмен дем алып, ауыздан демді шығару.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 10
/доппен, әуенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен шеңбер бойымен жүру.
Шеңбер бойымен жұптасып жүгіру.
Қол жанда, өкшемен жүру.
Шеңбер бойымен жай жүру .
1 сапқа тұру. / сапқа тұрарда себеттен бір доп алу/
1саптан 4 лекке (колонна) тұру.
Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Оң - сол»
1. Аяқтары иық мөлшерінде. Доп қолда. Допты оң жаққа қозғап, басты оң жақ иыққа қою. «Оң жақ» деп айту. Допты сол жаққа қозғап, басты сол жақ иыққа қою. «Сол жақ» деп айту. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Піл»
2. Тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, қолды төмен түсіріп, қарын тұсынан бір-бірімен айқастырады, екі қолды бірдей жоғары көтеріп, алға еңкейеді, қолды иыққа дейін түсіріп, денені 90 градусқа бұрады, қолды жерге дейін түсіріп, бастапқы қалыпқа оралады. /6 рет қайталау./
Б. қ.: «Допты жалғастыр»
3. Аяқтары алшақ қойылған, тік тұрып, қолды екі жаққа созып, жоғары көтеру, допты келесі қолға салып, қайта екі жаққа созып төмен түсіреді
/6 рет қайталау/
Б.қ.: «Бақа»
4. Доп жанда . Қол мен табанға сүйене отырып, допты айнала секіре еңбектеу.
/6 рет қайталау/
Б.қ.: «Жоғары-төмен»
5. Аяқтарын алшақ қою, доп қолда «Жоғары» дегенде допты жоғары созу, «төмен» дегенде тізені бүгу. Допты жерге тигізу. /6 рнет қайталау/
Б.қ.: «Аққұтан»
6. Аяқтарын алшақ қою, доп қолда. Денені тік ұстайды. Аяқты алма кезек көтере секіру. /15-20 секунд/
Қорытынды:
4 лектен (колонна) 1 саппен шеңбер бойы жүру.
Еркін жүру.(допты себетке қою)
Қолды жанға созып, аяқтың ұшымен жүру.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап жеңіл жүгіру.
Тыныс алу жаттығулары: шәйнектік дыбысын салу. Терең тыныс алып, демді шығару.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 11
/лентамен, әуенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен марш екпінімен жүру. Қол бүйірде, аяқтың сыртымен жүру.
Қол бүйірде, аяқтың ішімен жүру.
Шеңбер бойымен екі жаққа шұғыл бұрылып жүру.
Шеңбер бойымен еркін жүру.
1 сапқа тұру. / сапқа тұрарда себеттен екі лентадан алу/
1саптан 4 лекке (колонна) тұру.
Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Жылынның қимылы»
1. Аяқтары иық мөлшерінде. Денені тік ұстау. Лента төменде. Басты оңға бұрып, иекті иыққа түсіру және иекпен доға жасап басты ақырын көтеру және төмен түсіріп - көтеру. Әр қимылда «т-с-с-с-с» деп айту. Сол жақ иыққа да осылай жасалады. /4-рет қайталау./
Б.қ.: «Биші»
2. Аяқтары алшақ қойылған, оң қолдағы лентаны – жоғарыға, сол жақтағыны – төменге сермеп отырып ауыстыру. /5 рет қайталау./
Б.қ.: «Ләйлек»
3. Аяқтары иық мөлшерінде, ленталар жанда, тік тұрып, аяқты иық деңгейінен сәл алшақ ұстайды, алақанның сырт жағымен белден ұстап, денемен жартылай шеңбер жасайды. /5 рет қайталау./
Б.қ.: «Бұйрықты орында»
4. Аяқтарын алшық қою, ленталар екі жақта. Қолдары төменде. «Ал», «қой» - дегенде тез алып қою керек. /6 рет қайталау./
Б.қ.: «Қоңыз»
5. Төрт тағандап тұрып, қолды, аяқты бүгу және жазу керек.. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Көңілді аяқтар»
6. Аяқтарын алшақ қою, ленталар жанда; 8- рет маршпен жүру, 10- рет секіру.
Қорытынды:
4 лектен (колонна) 1 саппен шеңбер бойы маршпен жүру.
/ленталарды себетке салу/
Шеңбер бойымен қолды әр түрлі жағдайда ұстап, кең қадаммен жүгіру.
Тыныс алу жаттығулары: түзу тұрып, аяқтарын иық деңгейлерінде қою; қолдарын жоғары көтеріп тартылу, демін ішке жұту, рет - ретімен қолдарын, иықтың тұсын, иығын, басы, денесін төмен түсіру, демін сыртқа шығарады.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 12
/лентамен, сылдырмақпен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен еркін жүру.
Қол белде, аяқтың сыртымен жүру.
Қол жанда, аяқтың ішімен жүру.
Көгершінге ұқсап ұшу .
Шеңбер бойымен адымдап жүру.
1 сапқа тұру. / сапқа тұрарда себеттен екі лентадан алу/
1саптан 4 лекке (колонна) тұру.
Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б. қ.: «Оң-сол»
1. Аяқтары алшақ қойылған , ленталар төменде. басты оңнан-солға қарай бұрып «сол жақ» деп айту, солдан-оңға қарай бұрып «оң жақ» деп айту.
/6 рет қайталау/
Б. қ.: «Шеңбер жасау»
2. Аяқтары алшақ қойылған , ленталар жанда, лентаны жоғарыдан-төменге, төменнен-жоғарыға иықты айналдыра отырып шеңбер жасау.
/ 6 рет қайталау/
Б.қ.: «Маятник» -
3. Тік тұрып, аяқты бірге ұстайды, денені солға еңкейтеді, оң қолмен қабырғаны, сол қолмен саннан тізеге дейін сипалайды, дәл осылай екінші аяқпен жасалады.
/6 рет қайталау/
Б.қ.: «Жасыру»
4. Аяқты алшақ қоямыз. Ленталар белде. Алдыға қарай еңкейіп ленталарды созу «бар» деп айту, артқа шалқайып, ленталарды жасыру «жоқ» деп айту.
/6 рет қайталау/
Б.қ.: «Тағзым»
5. Денені тік ұстау. Лента белде. 1- алға қарай еңкейіп, 2- лентаны аяқ басына дейін жеткізу керек.
Б.қ.: «Серіппе»
6. Аяқтарын алшақ қою, лента төменде. Орнында тұрып «серіппе» секілді секіру. /15-20 секунд/
Қорытынды:
4 лектен (колонна) 1 саппен /ленталарды себетке салу/. Маршпен жүру. «Қоян» - аяқтың ұшымен жүгіруді секірумен ауыстыру .
Тыныс алу жаттығулары: «Шар» - ерніңді жұмып, ұртыңды томпайту; жұдырықпен жайлап жұмылу, еріннен ауаны шығарады (3 - 4 рет).
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 13
/таяқшамен, әуенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап, адымдап жүру.
Жиі және кең қадамдарды алмастыра жүру.
Қол бүйірде, аяқтың сыртымен жүру.
Қол бүйірде, аяқтың ішімен жүру.
Шеңбер бойымен жай жүру .
1 сапқа тұру. (таяқшаны үстел үстінен бір- бірден алу)
1саптан 4 лекке (колонна) тұру.
Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Мысық оянды »
1. Аяқтары алшақ қойылған, таяқшаны екі шетінен ұстап, жоғарыға, оңға, солға қарай созылып керілу. әр керілген сайын «м-я-у» деп айту.
/6 рет қайталау./
Б. қ.: «Кілем қағу»
2. Аяқтары алшақ қойылған, таяқша төменде қолдарымен ұстау. Таяқшаны жоғарыға көтеріп созу, «кілем қағу» соғу қимылын жасау «тук-тук-тук»- деп айту. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Бұрылыс»
3. Аяқты алшақ қоямыз, таяқша төменде қолдарымен ұстау, оңға, солға бұрылу . /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Иілу»
4. Аяқты алшақ қойып, тік тұрады, таяқша қолда. Таяқшаны алға ұзартып, таяқшаны жоғары көтереді, артқа шалқаяды, солға бұрылады, денені алға еңкейтіп, оңға бұрылады. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Дәл тигіз»
5. Аяқтары алшақ қойылған, таяқшаны кеуденің тұсында. Бүгілген оң аяқты көтеру, тізені таяқшаға тигізу. Арқаны түзу ұстау. Сол жақпен дәл солай қайталау. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Көңілді таяқша»
6. Таяқшаны айналып секіру және жүру. /15-20 секунд/
Қорытынды:
4 лектен (колонна) 1 саппен шеңбер бойы жүру. Еркін жүру.(таяқшаны үстел үстіне қою) Қолды жанға созып, аяқтың ұшымен жүру.
Тыныс алу жаттығулары: шәйнектік дыбысын салу(ш-ш-ш). Терең тыныс алып, демді шығару.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 14
/таяқшамен, бубенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап, адымдап жүру.
Қол бүйірде, аяқтың сыртымен жүру.
Табанның ішкі жақтарымен қысқа және алшақ қадаммен жүру.
Шеңбер бойымен маршпен жүру .
1 сапқа тұру. (таяқшаны үстел үстінен бір- бірден алу)
1саптан 4 лекке (колонна) тұру.
Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Сағаттар»
1. Аяқтары алшақ , таяқша белде. «Тик-так» сөзін айтып басты оңға, солға қозғалту. / 6 рет қайталау/
Б. қ.: «Су тасушы»
2. Аяқтары алшақ қойылған, таяқша иықта, иықты кезек көтеру.
/6 рет қайталау/
Б.қ.: «Терезе»
3. Аяқтары алшақ қойылған қолға таяқшаны алып, аяқты айқастыра тұрып, денені оңға-солға бұрады./6 рет қайталау/
Б.қ.: «Атлет»
4. Аяқтар алшақ қойылған, таяқша кеуде тұсында.1- отырады, арқаны түзу ұстап, екі қолмен таяқшаны алға қарай көтереді, тұрып қолды төмен түсіреді. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Құтқарушы таяқшасы»
5. Аяқтарын алшақ қою, таяқша кеуде тұсында; екі қолмен таяқшаны ұстап, серіппелі қимылмен отырып - тұру. (6 рет қайталау).
Б.қ.: «Велосипедші»
6. Аяқтарын алшақ қою, таяқшаны бел тұсында ұстау; 10 рет маршпен жүру,
Қорытынды:
4 лектен (колонна) бір саппен шеңбер бойы жүру /таяқшаларды үстел үстіне қою/ Маршпен жүру.
Тыныс алу жаттығулары: Тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, қолды белге қояды, демді ішке біртіндеп тартады, «Ку-ку, Ку-ку» деп дыбыстап демді сыртқа шығара денені алға еңкейтеді.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 15
/жалаушамен, әуенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен марш екпінімен жүру.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап жүгіру.
Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру.
Қол жанда, өкшемен жүру.
«Серіппе» - қолдарымен ұстап, отырып тұрып шеңбер бойымен жүру.
Шеңбер бойымен еркін жүру.
1 сапқа тұру. (себеттен екі жалауша алу)
1саптан 4 лекке (колонна) тұру.
Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Желбірейді жалау»
1. Аяқтары иық мөлшерінде. Жалаушаны жоғары созып ұстайды. Жалаушаны және басты оң – сол жаққа қисайту. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Әткеншек»
2. Аяқтары алшақ қойылған, жалаушалар төменде. Жалаушаларды артқа- алдыға қарай сермеу. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Гүл»
3. Қолды белге ұстап, тізерлей отырады, денені екі жаққа кезек бұрып, орамалды жаяды. /6 рет қайталау/
Б. қ.: «Диірмен»
4. Аяқты иық деңгейіне қойып, денені алға қарай еңкейту керек, қолды екі жаққа жібереді, алға қарап, қолды алма кезек алға, артқа сермейді.
/6 рет қайталау/
Б.қ.: «Шырақ»
5. Аяқты иық деңгейіне қойып, қолды жоғары көтереді, алға еңкейеді, түзу тұрады, солға еңкейеді, түзу тұрады. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Көңілді жалауша»
6. Аяқтарын алшақ қою, жалаушалар белде; 8- рет маршпен жүру, 10- рет секіру.
Қорытынды:
4 лектен (колонна) бір саппен шеңбер бойы жүру. /жалаушаларды себетке салу/ Маршпен жүру. «Айналу» - бір - бірінің қолынан ұстай отырып, айнала жүгіру.
Тыныс алу жаттығулары: Тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, қолды бастан асыра көтеріп, «үйшік» сияқты біріктіреді, демді ішке тартады, қолды төмен түсіріп, денені босатып демді шығарады.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 16
/Жалаушамен, барабанмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен еркін жүру.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап жеңіл жүгіру.
«Арқан бойлап жүруші» - еңкейтілген тақтайшамен жоғары, төмен жүру .
1 сапқа тұру. (сапқа тұрарда себеттен екі жалаушадан алу )
1саптан 4 лекке (колонна) тұру.
Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Жылынның қимылы»
1. Аяқтары иық мөлшерінде. Денені тік ұстау. Лента төменде. Басты оңға бұрып, иекті иыққа түсіру және иекпен доға жасап басты ақырын көтеру және төмен түсіріп - көтеру. Әр қимылда «т-с-с-с-с» деп айту. Сол жақ иыққа да осылай жасалады. /6-рет қайталау./
Б. қ.: «Аттап созылу»
2. Аяқтары алшақ қойылған , жалаушалар жанға созу .Алға сәл адымдап, сол аяққа отырады, оң аяқ түзу артқа созылады, артқа - алға денемен шеңберлер жасау керек.. / 6 рет қайталау/
Б.қ.: «Қаз»
3. Аяқты алшақ қоямыз. Жалаушалар төменде тік тұрып, бүгілген аяқтың сирағынан ұстайды, жібереді. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Аяқтарды қозғау»
4. Аяқты алшақ қоямыз. Жалаушалар белде өкшені арқанға тіреп, аяқтың ұшын жерге тіреп бір орында қарай адымдап жүру. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Серіппе»
5. Аяқтарын алшақ қою, жалауша төменде,. тік тұрады, 1- аяқтар бірге, қолдар төмен түсірілген, тізені қолмен қапсыра ұстап отыру керек, басты тізеге қояды, тіке тұру керек. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Қоян»
6. Орнында тұрып аяқтың ұшымен жүгіруді секірумен ауыстыру ./15-20 секунд/
Қорытынды:
4 лектен (колонна) 1 саппен шеңбер бойы жүру. /жалаушаларды себетке салу/
Тыныс алу жаттығулары: «Отын» - аяқтың ұшымен иық деңгейінде қойып, саусақтарын іліндіріп қолын желкеге ұстау қажет; аяғын түсіріп, қолдарын аяқ арасына жіберіп, алға қарай еңкейеді, демін тез ішке тартып кері шығарады, яғни балалар ағаш шауып жатқан тәрізді болады.
мұрынмен дем алып, ауыздан демді шығару.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 17
/орамалмен, сылдырмақпен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен марш екпінімен жүру.
«Үйректің балапаны» - кеудені алға қарай еңкейте отырып, өкшемен жүру.
«Түйеқұс» - тізені жоғары көтере жүру.
«Сайқымазақ» - басты бұра жүру.
Шеңбер бойымен еркін жүру.
1 сапқа тұру. /сапқа тұрарда себеттен бір орамалдан алу/
1саптан 4 лекке (колонна) тұру.
Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б. қ: «Мазақтау»
1. Аяқтары алшақ қойылған , орамал қолда. Басты оң жақ, сол жақ иыққа қою. «А-я-я-я-й» сөзін айту. /6 рет қайталау/
Б. қ.: «Әткеншек»
2. - Аяқтары алшақ қойылған , орамалды белге ұстап, денені жан - жаққа бұрады.
. / 6 рет қайталау/
Б.қ.: «Қу түлкі»
3. Денені тік ұстау. Орамал қолда. Түлкінің жүрісін салу. /5 рет қайталау./
Б. қ.: «Шеңберлер»
4. Тік тұрып, аяқты иық деңгейіне қояды, орамалды жоғары көтеріп, саусақтарды айқастырады, 1 - есебінде денені еңкейтіп, қолды солға бұрады, 2 - дене мен қолды алға еңкейтеді, 3 - оңға, 4 - артқа. (қолды желкеге қоюға болады)
Б.қ.: «Маятник»
5. Тік тұрып, аяқты бірге ұстайды, денені солға еңкейтеді, оң қолдағы орамалмен қабырғаны, сол қолдағы орамалмен саннан тізеге дейін сипалайды, дәл осылай екінші аяқпен жасалады. /6 рет қайталау./
Б.қ.: «Шегіртке»
6. Аяқты біріктіріп ұстау. Орамал белде оң және сол аяқпен секіру . /10-15секунд/
Қорытынды:
4 лектен (колонна) 1 саппен шеңбер бойы жүру /орамалды себетке салу/ .
«Қуғыншы» - 1.5-2 минут бойы үзіліссіз жүгіру.
Тыныс алу жаттығулары: Тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, оң қолды жоғары көтеріп, сол қолды төмен түсіреді, қолды кезекпен - кезек алмастырады, еркін дем алады .
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 18
/орамалмен, әуенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап, адымдап жүру.
«Үйректің балапаны» - кеудені алға қарай еңкейте отырып, өкшемен жүру.
«Түйеқұс» - тізені жоғары көтере жүру.
«Сайқымазақ» - басты бұра жүру.
Шеңбер бойымен жай жүру .
1 сапқа тұру. /сапқа тұрарда себеттен бір орамалдан алу/
1саптан 4 лекке (колонна) тұру.
Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Дөңгелек»
1. Тік тұрып, аяқты иық деңгейіне қойып, орамалды алға созып, алақанды жұмып, білезікті, шынтақты, иықты қысу, айналдырады. /6 рет қайталау/
Б. қ.: «Қанат»
2. Аяқ иық көлемінде, тік тұрып орамалды ішке қарата қолды жоғары көтеріп, артқа қарай түсіреді. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Жіп орағыш»
3. Тік тұрады, аяқты сәл бүгіп, орамалды тізеге тигізеді, тізені жан - жаққа айналдырады. / 6 рет қайталау./
Б.қ.: «Тарсылдақ»
4. Тік тұрып, аяқты алға созады, оң аяқты жоғары көтеріп, аяқ астынан шапалақ соғады, дәл осылай екінші аяқпен жасалады. /6 рет қайталау/
Б. қ.: «Орамалды ілу»
5. Аяқтарын алшақ қойып, тізе бүгу. Орамал төменде. Орнынан тұрып, орамалды жоғары көтеріп, орамалды ілу қимылын жасау «ілдім» деп айту.
/6 рет қайталау./
Б.қ.: «Сайқымазақ»
6. Тік тұрып, орамалды жоғары көтеріп, аяқты алға қарай түзу лақтыра секіру .
/10-15 секунд /
Қорытынды:
4 лектен (колонна) 1 саппен шеңбер бойы жүру. /орамалды себетке салу/
Адымдап жүру. «Достар» - жұптасып жүгіру.
Тыныс алу жаттығулары: Ысқырықты үргендей қылып, ерніңмен түтікшені қысып, сосын жымиып ерніңді босатасың; еріннің осындай қалыптарын кезектестіріп қайталайды.
Бастапқы қалыпқа келу.
ЕРЕСЕКТЕР ТОБЫНА АРНАЛҒАН ТАҢЕРТЕҢГІ ГИМНАСТИКАЛАР
КЕШЕНІ
Бойжазба № 1
/құралсыз, сылдырмақпен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап жеңіл жүгіру.
Қол бүйірде аяқтың ұшымен жүру.
Қол бүйірде өкшемен жүру.
Қарлығашқа ұқсап ұшу.(қолды жанға созу.)
Шеңбер бойымен еркін жүру. 1 сапқа тұру.
Саптан 4 лекке (колонна) тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б. қ: «Оң-сол »
1. Аяқтары алшақ , қолдары белде. басты оң иыққа қисайту иықты көтермеу керек , басты солға қисайтып қайталау. (6 рет қайталау)
Б. қ.: «Шеңбер»
2. Аяқтары алшақ , қолдары иықта. 1-4 қолымызды шеңбер бойынша алдыға қарай айналдырамыз. 5-8 – қолымызды шеңбер бойынша артқа қарай айналдырамыз. / 5 рет қайталау/
Б. қ.: «Бұйрықты орында»
3. Аяқтары алшақ , қолдарымыз басымызда. 1- оң жаққа еңкею, 2- б.қ.
3 – сол жаққа еңкею, 4- қолымызды алдыға созып, отырамыз. 5 – б.қ.
/6 рет қайталау/
Б. қ.: «Шам жағу »
4. Аяқтары алшақ , қолдарымыз жанда. 1- қолымыз басымызда, 2- қолымыз жоғары, оң аяғымызды артқа қойып, өкшемізді көтереміз, бүгеміз. 3- оң аяғымызды қоямыз, қолымыз басымызда. 4- б.қ. Сол аяқпен де дәл солай қайталау. / 6 рет қайталау/
Б. қ.: «Құлын»
5. Аяқтарды біріктіріп ұстау, орында тұрып, қолды шынтаққа дейін бүгіп, тізені барынша биік көтере жүгіру .
Б. қ.: «Бұршақтар»
6. Аяқтарды біріктіріп ұстау, қолдар белде, орында тұрып алға, артқа, оңға, солға секіру . /15-20 секунд/
Қорытынды:
4 лектен (колонна) 1 саппен шеңбер бойы жүру. Маршпен жүру.
Тыныс алу жаттығулары: мұрынмен дем алып, ауыздан демді шығару. Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 2
/құралсыз, бубенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап,
жылжымалы қадаммен жанына, артқа жүру .
Шеңбер бойымен аяқты артқа қарай жіберіп, түзу жүгіру .
Қол бүйірде, аяқтың сыртымен жүру.
Қол бүйірде, аяқтың ішімен жүру.
Шеңбер бойымен жай жүру .
1 сапқа тұру.
Саптан 4 лекке (колонна) тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Маса ұшты»
1. Аяқтар алшақ қойылған, қолдар бүйірде. Мойынды оңнан солға қарай, солдан оңға қарай айналдыру. «з-з-з» деп айту. /6 рет қайталау/
Б. қ.: «Қақпа»
2. Аяқ иық көлемінде, қолдар иық үстінде. 1- шынтақты артқа созу,
2- шынтақты беттестіру. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Шапалақ»
3. Аяқтар алшақ қойылған, қолдар белде. 1- алдыға еңкею, 2- қолдарды шапалақтау. 3- артқа шалқаю, 4- шапалақтау . /6 рет қайталау./
Б. қ.: «Күнге жетемін»
4. Аяқтар алшақ қойылған, қолдар белде. 1- қолымызды екі жаққа созамыз. 2- өкшемізді көтеріп, қолымызды жоғары көтеремізде созыламыз.
3 -б.қ. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Шапалақ»
5. Аяқтарын біріктіру. Қолдар белде. 1- тізені бүгіп отырады, 2- орныныан тұрып шапалақтайды. 3- б.қ. (6 рет қайталау)
Б.қ.: «Биші аяқтар»
6. Аяқтарын біріктіру, қолдар белде. 1- оң аяқты жанға созу, 2- б.қ.; 3-сол аяқты жанға созу, 4- б.қ.; /6 рет қайталау./
Қорытынды:
4 лектен (колонна) 1 саппен шеңбер бойы жүру. Адымдап жүру.
Тыныс алу жаттығулары: араның дыбысын салу, мұрынмен дем алып,
ауыздан демді шығару. Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 3
/құралсыз, барабанмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен көрсетілген бағыт бойынша бірінен кейін бірі жүру.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап жүгіру.
Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру.
Қол жанда, өкшемен жүру.
Шеңбер бойымен еркін жүру.
1 сапқа тұру.
Саптан 4 лекке (колонна) тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Келісу»
1. Аяқтары иық мөлшерінде. Қолдары артта. Басты жоғары-төмен бұру, «иә-иә» сөзін айту. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Робот»
2. Аяқтары алшақ қойылған, қолдары жанда. Қолдарын алдыға –артқа сермеу және аяқтарын түзу ұстап бір орында жүру. /6 рет қайталау. /
Б.қ.: «Қақпа »
3. Аяқтар алшақ қойылған, қолдар бүйірде. Белді оңнан - солға, солдан - оңға қарай бұру. /6 рет қайталау./
Б. қ.: «Жіп орағыш»
4. Тік тұрады, аяқты сәл бүгіп, қолды тізеге тигізеді, тізені жан - жаққа
айналдырады. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Балапан су ішті»
5. Аяқтарын біріктіріп ұстайды. Қолды жанға қойып алақанды жайып, балаланның қанатын жасайды. 1- алдыға еңкейеді, 2- б.қ. 3- алақанды шапалақтайды. 4- б.қ. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Бақа»
6. Аяқтары алшақ қойылған, тізені бүгіп, қолды тізе үстіне қойып орнында «бақа» сияқты секіру. /8 рет секіру. /
Қорытынды:
4 лектен (колонна) 1 саппен шеңбер бойы жүру. Еркін жүру. Қолды жанға созып, аяқтың ұшымен жүру.
Тыныс алу жаттығулары: шәйнектік дыбысын салу. Терең тыныс алып, демді шығару. Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 4
/құралсыз, әуенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап, адымдап жүру.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап аяқты айқастыра жүгіру .
Қол бүйірде, аяқтың сыртымен жүру.
Қол бүйірде, аяқтың ішімен жүру.
Жыланның жүрісімен жүру.
Шеңбер бойымен жай жүру .
1 сапқа тұру.
Саптан 4 лекке (колонна) тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау
Негізгі бөлім:
Б. қ: «Мазақтау»
1. Аяқтары алшақ қойылған , қолдары төменде. Басты оң жақ, сол жақ иыққа қою. «А-я-я-я-й» сөзін айту. /6 рет қайталау/
Б. қ.: «Мұнда-мұнда»
2. Аяқтары алшақ қойылған, қолдары бүйірде.1- оң қолды алдыға созып айналдыру, «мұнда-мұнда» деп айту. 2- б.қ. 3- сол қолменде қайталау.
/ 6 рет қайталау/
Б. қ.: «Тағзым»
3. Аяқтары алшақ қойылған , қолдары бүйірде.1 - алға қарай еңкейіп, қолды аяқ басына дейін жеткізу керек. 2- б.қ. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Биік, аласа»
5. Аяқты алшақ қоямыз, қолды алдыға созамыз. Отырып «аласа» деп айту, тұру – «биік» деп айту. / 6 рет қайталау/
Б.қ.: «Масаны ұстап ал»
6. Аяқтары алшақ қойылған , қолдары бүйірде. 1- қолды бастан асыра көтеріп шапалақтап және аяқты алшақ ұстап секіру . / 10-15 секунд/
Қорытынды:
4 лектен (колонна) 1 саппен шеңбер бойы жүру. Еркін жүру.
Қол белде екі жаққа шұғыл бұрылып жүру.
Тыныс алу жаттығулары: мұрынмен дем алып, ауыздан демді шығару. Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 5
/құралсыз, сылдырмақпен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап жүру.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап тізені шапалақтай жүгіру .
Қол бүйірде, аяқтың ұшымен жүру.
Қол бүйірде, өкшемен жүру.
Қол бүйірде тізені бүгіп жүру.
Шеңбер бойымен еркін жүру.
1 сапқа тұру.
Саптан 4 лекке (колонна) тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Торғай ұшты»
1. Аяқты алшақ қоямыз, қолымыз жанға созу, басты оңнан солға қарай, төмен- жоғары бұру; «Чик- чирик» деп айту. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Баспалдақ»
2. Аяқты алшақ қоямыз, қолымыз жанда, 1- 2 қолды белге қоямыз, 3-4 иыққа ,5-6 жоғары созамыз, 7-8 – шапалақтаймыз. Керісінше қайталаймыз.
/ 6 рет қайталау/
Б.қ.: «Арқан созу»
3. Аяқты алшақ, қолымызды кеуде тұсына қоямыз, 1- оң қолымызды жоғары, 2- сол қолды төменге қарай созу. 3-4 қимылды керісінше жасау.
/6 рет қайталау/
Б.қ.: «Гүлдің ашылуы»
5. Аяқтары алшақ қойылған. Қол төменде, аяқтың ұшымен тұру, қолды жоғары созу. (6- рет қайталау.)
Б. қ.: «Тырна»
6. Аяқтарын біріктіру. Оң аяқты бүгіп, орнында секіру. Сол аяқты /10-15секунд/
Қорытынды:
4 лектен (колонна) 1 саппен шеңбер бойы жүру. Жүруді жүгірумен, секірумен алмастыру.
Тыныс алу жаттығулары: мұрын арқылы демді ішке жұтып, ауыздан «Чух-чух-чух» сөздерімен бірге демді шығарады.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 6
/құралсыз, бубенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап, адымдап жүру.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап секірмелі жүгіріс .
Шеңбер бойымен табанның ішкі жақтарымен қысқа және
алшақ қадаммен жүру.
1 сапқа тұру.
Саптан 4 лекке (колонна) тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Күн- түн»
1. Аяқтар алшақ қойылған, қолдар бүйірде. 1- көзімізді жұмамыз. 2- мойынды оңға бұрып, көзімізді ашамыз, 3- алдыға қарап көзімізді жұмамыз, 4- мойынды солға бұрып көзімізді ашамыз. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Иілгіштер»
2. Аяқтар алшақ қойылған, қолдар жанда, 1-2 - оң аяқтың тізесін сәл бүгіп оңға қарай иілеміз, 3-4 – сол аяқтың тізесін сәл бүгіп солға иілу.
/6 рет қайталау./
Б.қ.: «Балапан қанатын қақты»
3. Аяқтарды біріктіреміз, қолдарын кеуде тұсына ұстап, 1-3 алақанды жұмып-ашу, 4-6- шынтақты жоғары-төмен көтеру, . /6 рет қайталау./
Б. қ.: «Айнаны сүрту»
4. Аяқтарды біріктіреміз, қолдарын кеуде тұсына ұстап, 1-4 алақанды ашып отырып-тұрып айнаны сүрту қимылын көрсетеміз. 5-6 қолды жоғары созып шапалақтаймыз. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Көбелек ұстау»
5. Аяқтарын алшақ, қолды жанға созу. Секіріп аяқты біріктіру. Қолды жоғары созып, шапалақтау. /6 рет қайталау./
Б.қ.: «Серіппе»
6. Аяқтарын біріктіру. Қолдары белде. 1- тізені бүгіп отыру, 2- б.қ.
Қорытынды:
4 лектен (колонна) 1 саппен шеңбер бойы жүру. Адымдап жүру.
Тыныс алу жаттығулары: араның дыбысын салу, мұрынмен дем алып, ауыздан демді шығару. Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 7
/құралсыз, барабан/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен тізені жоғары көтере, қолды жан-жаққа сермей жүру.
Шеңбер бойымен аяқтың ұшын алмастыра отырып жүру.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап тізені жоғары көтере жүгіру.
Шеңбер бойымен еркін жүру.
1 сапқа тұру.
Саптан 4 лекке (колонна) тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Көбелек қонды»
1. Аяқтары иық мөлшерінде. Қолдары артта. Иыққа қонған көбелекті көру. басты оңға, солға бұру, «қонды» деп айту. /6 рет қайталау/
Б. қ.: «Диірмен»
2. Аяқтары иық мөлшерінде. Қолды екі жаққа жіберіп, жұдырықты түйіп, шынтақпен ішке - сыртқа айналдыра қимылдаймыз.
/6 рет қайталау/
Б.қ.: «Құс қанаты»
3. Аяқ иық көлемінде, алақанды жоғары қарата қолды екі жаққа сермейді.
/8 рет қайталау./
Б. қ.: «Хоп-ха»
4. Қолдары белде. Аяқты бірге ұстау. Орнында секіріп аяқты және қолды жанға созу «ха-а-а» деп айту, орнында секіріп аяқты біріктіру және қолды белге қою, «хоп» деп айту. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Жүйрік көжек»
5. Аяқтары алшақ қойылған, қолдарын көжектің аяғына ұқсатып ұстап, орнында жүгіру. (10-15 секунд)
Б.қ.: «Секіргіштер»
6. Аяқты бірге қосып, қолдарын жоғары созып, орнында секіру.
(10- 15 секунд.)
Қорытынды:
3 қатардан 1 қатарға шеңбер бойы жүру.
Еркін жүру. Қолды жанға созып, аяқтың ұшымен жүру.
Тыныс алу жаттығулары: шәйнектік дыбысын салу. Терең тыныс алып, демді шығару.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 8
/құралсыз, әуенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен қолды тізе астына шапалақтата ұрып жүру .
Шеңбер бойымен тізені жоғары көтере, аяқты алға қарай түзу ұстап жүру .
Шеңбер бойымен табанның ішкі жақтарымен жүру.
Шеңбер бойымен аяқтың ұшымен бірқалыпты жеңіл жүгіру
Шеңбер бойымен жай жүру .
1 сапқа тұру.
Саптан 4 лекке (колонна) тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Көңілді сандар» ойыны
1. Аяқты алшақ қоямыз, қолдары белде, мұрнымен «1,2» сандарын жазу.
/5 рет қайталау/
Б.қ.: «Маймақ қонжық»
2. Аяқты алшақ қоямыз, жұдырықты түйіп, қолды жанға қою. Оң және сол жаққа кезек қисаю. / 6 рет қайталау/
Б.қ.: «Көңілді ұшақ»
3. Аяқты алшақ қоямыз, қолымызды жанға созамыз. 1-2 - оң қолды баяу жоғары көтереміз, 3-4 - сол қолды баяу жоғары көтереміз. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Құламалар»
4. Аяқты алшақ қоямыз, қолымыз жанда, оңға, солға иілу, қол бос қозғалады. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Үлкен- кіші»
5. Аяқты алшақ қоямыз, қолды жанымызда, отырамыз «кіші» деп айту, тұру «үлкен» деп айту. / 6 рет қайталау/
Б.қ.: «Оң-сол»
6. Орнында тұрып, қол белде, аяқты алдыға кезек серпіп секіру. Әр секірген сайын «оң-сол» деп айту. /15-20 секунд/
Қорытынды:
3 қатардан 1 қатарға шеңбер бойы жүру. Маршпен жүру.
Аяқтың ұшын алмастыра отырып жүру.
Тыныс алу жаттығулары: 1 – 2, 3 - 4 есебінде танаудың әр тесігінен кезек - кезек демді ішке тартады; 1 – 10 (16) есебінде дем алуды бөгеп, сыртқа шығарады.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 9
/доппен, әуенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен жылжымалы қадаммен жанына, артқа жүру .
Шеңбер бойымен аяқтың ұшымен, қолын керіп ұстап, иығына жазып жүру.
Шеңбер бойымен бір - бірінің қолынан ұстай отырып, айнала жүгіру.
Шеңбер бойымен еркін жүру.1 сапқа тұру.
1 саптан 4 звеноға тұру. / сапқа тұрарда себеттен бір доп алу/
Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Буратино» ойыны
1. Аяқты алшақ қоямыз, доп жанымызда. Буратинаға әдемі мұрын жасаймыз.
Буратино мұрнымен «2,3» сандарын жазады. /4 рет қайталау/
Б.қ.: «Аттап созылу»
2. Аяқтары алшақ қойылған, доп қолда, 1- оң аяқты бүгу, 2- алға қарай бүгілген аяққа қарай иілу керек, дәл осы қимылды екінші аяқпен қайталайды.
/6 рет қайталау./
Б.қ.: «Бауырсақ»
3. Аяқтар алшақ қойылған, доп қолда. 1- тізерлей отырып, допты айналдыра домалатады. 2- б.қ. /6 рет қайталау./
Б. қ.: «Аққу қанатын қақты»
4. Аяқтың ұшымен тұрып, доп жанда. Қолды жоғары-төмен «аққудың» қанаты сияқты жасау. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Дәл тигіз»
5. Аяқтары бірге. Доп қолда, денені тік ұстау. Оң жақ тізені көтеріп допқа тигізу «тиді» деп айту. Сол жақ тіземенде қайталау. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Кетті, кетті домалап»
6. Аяқтары алшақ, допты аяқпен оңнан – солға , солдан- оңға қарай сырғыту.
/15-20 секунд/
Б. қ.: «Көңілді доп»
7. Аяқтарын біріктіру. Доп қолда. Қолды жоғары созып, орнында секіру.
/10-15секунд/
Қорытынды:
4 звенодан бір саппен шеңбер бойы жүру. Маршпен жүру.
Еркін жүру.(допты себетке қою)
Тыныс алу жаттығулары: мұрынмен дем алып, ауыздан демді шығару. Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 10
/доппен, әуенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап, адымдап жүру.
Шеңбер бойымен кеудені алға қарай еңкейте отырып, өкшемен жүру.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап жеңіл жүгіру.
Қол бүйірде, аяқтың сыртымен жүру. Шеңбер бойымен жай жүру .
1 сапқа тұру.
1 саптан 4 звеноға тұру. / сапқа тұрарда себеттен бір доп алу/
Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Оң - сол»
1. Аяқтары иық мөлшерінде. Доп қолда. Допты оң жаққа қозғап, басты оң жақ иыққа қою. «Оң жақ» деп айту. Допты сол жаққа қозғап, басты сол жақ иыққа қою. «Сол жақ» деп айту. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Сайқымазақ»
2. Аяқтары алшақ қойылған. Доп кеуде тұсында. 1- допты жоғары лақтырып, 2- қолды шапалақтап барып қағып алу . 3- б.қ. /6 рет қайталау./
Б. қ.: «Иілгіштер»
3. Аяқтары алшақ қойылған, қолдағы допты жоғары созу. 1- оңға қарай иілу, 2- солға қарай иілу. 3- б.қ. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Дән»
4. Жиырылып отырады, доп қолда. Күн қыздырып, жауын жауады. «Дән» ақырын допты жоғары созып керіледі. Орнында тұрып айналады. Өкшемен тұрып керіледі. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Серіппе»
5. Аяқтарын алшақ қою, доп қолда. Денені тік ұстайды. Орнында отырып - тұрып «серіппе» секілді секіру. /15-20 секунд/
Б.қ.: «Көңілді доп»
6. Аяқтарын алшақ қою, доп қолда. 5 реттен допты оң, сол қолдарымен соғу.
/15-20 секунд/
Б.қ.: «Көңілді доп»
7. Допты айналып секіру және жүру. /15-20 секунд/
Қорытынды:
4 звенодан бір саппен шеңбер бойы жүру. Еркін жүру.(допты себетке қою) Қолды жанға созып, аяқтың ұшымен жүру.
Тыныс алу жаттығулары: шәйнектік дыбысын салу. Терең тыныс алып, демді шығару.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 11
/лентамен, әуенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен қойылған заттар арасымен әр түрлі жағдайда: қолды белге қойып, екі жаққа жіберіп, артқа ұстап жүру.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап жұптасып жүгіру.
Шеңбер бойымен еркін жүру.
1 сапқа тұру.
1 саптан 4 звеноға тұру. / сапқа тұрарда себеттен екі лентадан алу/
Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Басты айналдыру»
1. Аяқтары иық мөлшерінде. Денені тік ұстап, лента төменде.тік тұрып, қолды белге ұстау керек, 1-2-3-4 есебінде басты оңға қарай, содан соң келесі жаққа айналдыру керек. /5-рет қайталау./
Б.қ.: «Шеңбер»
2. Аяқтары алшақ қойылған, оң қолдағы лентаны 1-2 деп санағанда алдымен екі жанға, содан соң алға, қайта екі жанға, содан соң артқа қолмен кең шеңберлер жасау керек; 3 - 4 есебінде алға қарай. /5 рет қайталау./
Б.қ.: «Лентаны жасыр»
3. Аяқтары иық жалпақтығында, ленталар жанда, алдыға еңкейіп, ленталарды артқа созу «жасырдым» деп айту, шалқайып, қолды алдыға созу «міне-міне» деп айту. /5 рет қайталау./
Б.қ.: «Жоғарыда-төменде»
4. Аяқтарын алшық қою, ленталар қолда. Лентаны жоғары созып «жоғарыда» деп айту, төменде түсіріп «төменде» деп айту. /6 рет қайталау./
Б. қ.: «Лентаны ілу»
5. Аяқтарын алшақ қойып, тізе бүгу. Ленталар төменде. Орнынан тұрып, лентаны жоғары көтеріп, лентаны ілу қимылын жасау «ілдім» деп айту.
/6 рет қайталау./
Б.қ.: «Балерина»
6. Аяқтарын біріктіру. Ленталар жанда. 1- оң аяқты оң жаққа көтеру, сол қолды жоғары көтеру. 2- б.қ. 3- сол аяқты сол жаққа көтеу, оң қолды жоғары көтеру. (6 рет қайталау.)
Б.қ.: «Көңілді ленталар»
7. Аяқтарын алшақ қою, ленталар жанда; аяқты көтеріп жүріп секіру. «Ля-ля-ля» деп айту. (10-15 секунд)
Қорытынды:
4 звенодан бір саппен шеңбер бойы жүру. /ленталарды себетке салу/ шеңбер бойы жүру. Маршпен жүру.
Тыныс алу жаттығулары: Бала әтеш қанат қағады. Қолды бос жіберіп, тік тұрамыз. Қолымызды жоғары көтеріп, жанымызға ұстап, жамбасқа қойып қанат қағамыз. Демді ішке тартып, «ку-ка-ре-ку» деп шақыру.
мұрынмен дем алып, ауыздан демді шығару.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 12
/лентамен, сылдырмақпен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен еркін жүру.
Шеңбер бойымен аяқты алға қарай түзу ұстап жүгіру.
Шеңбер бойымен өкшемен жүру.
Шеңбер бойымен табанның ішкі жақтарымен қысқа және алшақ қадаммен жүру.
1 сапқа тұру.
1 саптан 4 звеноға тұру. / сапқа тұрарда себеттен екі лентадан алу/
Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б. қ.: «Көңілді ленталар»
1. Аяқтары алшақ қойылған, ленталар төменде. 1- лентаны жоғары көтеріп, 2- 3- б.қ. 4- басты, қолды сол жаққа қисайту. 5-б.қ. /6 рет қайталау/
Б. қ.: «Шеңбер жасау»
2. Аяқтары алшақ қойылған , ленталар жанда, лентаны жоғарыдан-төменге, төменнен-жоғарыға иықты айналдыра отырып шеңбер жасау.
/ 6 рет қайталау/
Б.қ.: «Айқастыру»
3. Аяқты алшақ қоямыз. Ленталарды жанға созу. 1- оң қолдағы лентаны сол иыққа апару, 2- сол қолдағы лентаны оң иыққа апару. 3-4 лентаны жоғары созып айқастыра желбірету. 5- б.қ. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Жасыру»
4. Аяқты алшақ қоямыз. Ленталар белде. Алдыға қарай еңкейіп ленталарды созу «бар» деп айту, артқа шалқайып, ленталарды жасыру «жоқ» деп айту.
/6 рет қайталау/
Б.қ.: «Тағзым»
5. Аяқты алшақ қоямыз. Ленталар белде. 1-алға қарай еңкейіп, қолды оң аяқтың басына дейін жеткізу керек. 2- б.қ. 3- алға қарай еңкейіп, қолды сол аяқтың басына дейін жеткізу керек. (6 рет қайталау)
Б.қ.: «Серіппе»
6. Аяқтарын алшақ қою, лента төменде. Орнында тұрып «серіппе» секілді секіру. /15-20 секунд/
Б.қ.: «Сарбаз»
7. Қолды жоғары созып, бір орнында маршпен жүру. /15-20 секунд/
Қорытынды:
4 звенодан бір саппен шеңбер бойы жүру. /ленталарды себетке салу/ Маршпен жүру.
Тыныс алу жаттығулары: Шар үрлеу - мұрынмен дем алып, ауыздан демді шығару.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 13
/таяқшамен, әуенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап, адымдап жүру.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап жүгіру
Қол бүйірде, аяқтың сыртымен жүру.
Қол бүйірде бүкіл табанмен қалыпты, жұмсақ жүру.
Қол жанда жылжымалы қадаммен денені алға қарай еңкейте жүру.
Шеңбер бойымен жай жүру .
1 сапқа тұру.
1 саптан 4 звеноға тұру. (таяқшаны үстел үстінен кезекпен алу)
Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Балапан су ішті»
1. Аяқтары иық мөлшерінде. Таяқша артта. 1-4 - басты алдыға қарай созып, таяқшаны артқы жақтан баяу жоғары көтеру. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Биші мысық »
2. Аяқтары алшақ қойылған, таяқшаны екі шетінен ұстап, жоғарыға, оңға, солға қарай созылып керілу. әр керілген сайын «м-я-у» деп айту. /6 рет қайталау./
Б. қ.: «Тартылу»
3. Аяқтары алшақ қойылған, таяқша төменде қолдарымен ұстау. 1-2 - таяқшаны жоғарыға көтеріп созылу,аяқтың ұшымен тұру.3- б.қ. /6 рет қайталау/
Б.қ.: ««Әткеншек»
4. Аяқтары иық мөлшерінде. Таяқшаны кеуде тұсында ұстап, денені оң-сол жаққа бұрады. /5 рет қайталау./
Б.қ.: «Мергендер»
5. Аяқтары алшақ қойылған, таяқшаны кеуденің тұсында. Бүгілген оң аяқты көтеру, тізені таяқшаға тигізу. Арқаны түзу ұстау. Сол жақпен дәл солай қайталау. /6 рет қайталау/
Б.қ. : «Шабыс»
6. Таяқшаны ат қылып ұстау. Сол қолымен таяқшыны ұстап, оң қолды жоғары көтеріп иіре айналдыру. Ат үстінде шабу. (15-20 секунд)
Б.қ.: «Көңілді таяқша»
7. Таяқшаны жерге тіреп ұстап, айналып секіру және жүру. /15-20 секунд/
Қорытынды:
4 звенодан бір саппен шеңбер бойы жүру.Еркін жүру.(бауларды үстел үстіне қою) Қолды жанға созып, аяқтың ұшымен жүру.
Тыныс алу жаттығулары: шәйнектік дыбысын салу. Терең тыныс алып, демді шығару.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 14
/таяқшамен, бубенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап, адымдап жүру.
Шеңбер бойымен аяқты айқастыра жүгіру .
Қол бүйірде, аяқтың сыртымен жүру.
Қол бүйірде, аяқтың ішімен жүру.
Қол жанда жиі және кең қадамдарды алмастыра жүру.
Шеңбер бойымен маршпен жүру .
1 сапқа тұру. (таяқшаларды үстел үстінен кезекпен алу)
1 саптан 4 звеноға тұру.
Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Сағаттар»
1. Аяқтары алшақ , таяқша белде. «Тик-так» сөзін айтып басты оңға, солға қозғалту. / 6 рет қайталау/
Б. қ.: «Күш жинау»
2.Аяқтар алшақ қойылған, таяқша кеуде тұсында. Таяқшаны жоғары көтеріп- түсіру. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Қайықшы»
3. Аяқтары алшақ қойылған, таяқшаны кеуде тұсына ұстайды. Таяқшаны «ескек» сияқты ұстап, еседі. Таяқшаны жоғары-төмен көтереді. /6 рет қайталау/
Б.қ.: ««Атлет»
4. Аяқтары алшақ қойылған, таяқшаны кеуде тұсына ұстайды, 1- отырады, арқаны түзу ұстап, екі қолмен таяқшаны алға қарай көтереді, 2- тұрып қолды төмен түсіреді. 3- б.қ. (6 рет қайталау)
Б.қ.: «Өрмелеу»
5. Аяқтарын алшық қою, таяқша жанында тік ұстайды. 1- 4 отырып қолдарын кезектестіріп таяқшаның басына дейін көтеріледі. 5- б.қ. /6 рет қайталау./
Б.қ.: ««Құтқарушы таяқшасы»
6. Аяқтарын алшық қою, таяқша жанында жерде. 1 - екі қолмен таяқшаны ұстап,
2-3 серіппелі қимылмен отырып - тұру. 4- б.қ. (6 рет қайталау)
Б.қ.: ««Бұғы»
7. Аяқтарын түзу ұстайды. Таяқшаны желкеге қойып, екі аяққа кезекпен
құлай жүгіру . (15-20 секунд)
Қорытынды:
4 звенодан бір саппен шеңбер бойы жүру./таяқшаларды үстел үстіне қою/ бір саппен шеңбер бойы жүру. Маршпен жүру.
Тыныс алу жаттығулары: «Жұпар гүл» - мұрынмен дем алып,
ауыздан демді шығару.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 15
/жалаушамен, әуенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен марш екпінімен жүру.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап жүгіру.
Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру.
Қол жанда, өкшемен жүру.
Ұшақ болып ұшу.
Шеңбер бойымен еркін жүру.
1 сапқа тұру. / сапқа тұрарда себеттен екіден жалауша алу/
1 саптан 4 звеноға тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Қызыл -жасыл»
1. Аяқтары иық мөлшерінде. Жалаушаны кеуде тұсына ұстау. 1- «қызыл» дегенде қызыл жалаушаға мойынды бұрамыз, 2- б.қ. 3- «жасыл» дегенде жасыл жалаушаға мойынды бұрамыз. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Жол бағдарлаушы»
2. Аяқтары бірге, жалаушалар жанда. 1- оң қолдың шынтағын сол жаққа, 2- оң қолдың шынтағын алдыға сәл бүгу. 3- б.қ. 4- 5 сол жақ қа да қайталанады.
/6 рет қайталау/
Б.қ.: «Шаңғышы»
3. Аяқтары алшақ қойылған, жалаушалар төменде. Шаңғышының жүрісін салу.
/6 рет қайталау/
Б.қ.: «Барабан»
4. Аяқтарын алшық қою, жалаушалар екі қолда. Бір орында жүру. Қолдары кеуде тұсында, жалаушамен «барабанды» кезек соғу. /6 рет қайталау/
Б. қ.: «Жұлдызша»
5. Аяқты бірге, денені тік ұстау. Жалауша белде. Орнында секіріп аяқты және жалаушаны жанға созу «ха-а-а» деп айту, орнында секіріп аяқты біріктіру және жалаушаны белге қою, «хоп» деп айту. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Отыр-тұр»
6. Аяқтарын біріктіреді. Жалауша белде. 1- жалаушаны алдыға созады, 2- отырады. 3- б.қ. (6 рет қайталау.)
Б.қ.: «Көңілді жалауша»
7. Аяқтарын алшақ қою, жалаушалар белде; 8- рет маршпен жүру, 10- рет секіру.
Қорытынды:
4 звенодан бір саппен шеңбер бойы жүру.жалаушаларды себетке салу/ бір саппен шеңбер бойы жүру. Маршпен жүру.
Тыныс алу жаттығулары:Шар үрлеу мұрынмен дем алып,ауыздан демді шығару.
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 16
/Жалаушамен, барабанмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен еркін жүру.
Шеңбер бойымен аяқтың ұшымен жүгіруді секірумен ауыстыру .
Қол белде, аяқтың сыртымен жүру.
Қол жанда, аяқтың ішімен жүру.
Қол жанда көзді жұмып жүру.
Шеңбер бойымен адымдап жүру.
1 сапқа тұру.
1 саптан 4 звеноға тұру. / қатарға тұрарда себеттен екіден жалауша алу/ Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Жылынның қимылы»
1. Аяқтары иық мөлшерінде. Денені тік ұстау. Жалауша төменде. Басты оңға бұрып, иекті иыққа түсіру және иекпен доға жасап басты ақырын көтеру және төмен түсіріп - көтеру. Әр қимылда «т-с-с-с-с» деп айту. Сол жақ иыққа да осылай жасалады. /6-рет қайталау./
Б. қ.: «Сүңгуір»
2. Аяқтары алшақ қойылған , Жалаушаларды беттестіріп, Суға секіру кейпін көрсетеді. Жалаушалар жанға созу. Иықты қозғап, суда жүзу қимылын жасау.
/ 6 рет қайталау/
Б.қ.: «Бұрамалы қуыршақ»
3. Аяқты алшақ қоямыз. Жалаушалар белде. екі жаққа шұғыл бұрылып, орнында
жүру./6 рет қайталау/
Б.қ.: «Маймақ аю»
4. Аяқты алшақ қоямыз. Жалаушалар жерде. 1- 4 табан мен алақанға сүйене отырып, аяқты бүкпей орнында жүру. /6 рет қайталау
Б.қ.: «Шамшырақ»
5. Аяқтарын алшақ қою, жалауша белде, 1-2 жылжымалы қадаммен жалаушаны оңға қарай айналдыру қалпында жанына қарай жүру.3- б.қ. 4-5 – дәл солай сол жаққа қарай жүру. (6- рет қайталау.)
Б.қ.: «Секіргіштер»
6. Аяқтарын бірге ұстайды, жалауша белде. Алдыға ,артқа, оңға, солға секіреді. (6-рет қайталау.)
Б.қ.: «Сарбаз»
7. Бір орнында «сарбаз» жүрісін салу. /15-20 секунд/
Қорытынды:
3 лектен 1 қатармен шеңбер бойы жүру. /жалаушаларды себетке салу/ Маршпен жүру.
Тыныс алу жаттығулары: Шәйнек қайнады. - мұрынмен дем алып, ауыздан демді шығару. Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 17
/орамалмен, сылдырмақпен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен марш екпінімен жүру.
Шеңбер бойымен бір - бірінің қолынан ұстай отырып, айнала жүгіру.
Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру.
Қол жанда, өкшемен жүру.
қолдарымен ұстап, отырып тұрып шеңбер бойымен жүру
Шеңбер бойымен еркін жүру.
1 сапқа тұру.
1 саптан 4 звеноға тұру. / қатарға тұрарда себеттен бір орамалдан алу/
Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау
Негізгі бөлім:
Б. қ: «Мазақтау»
1. Аяқтары алшақ қойылған , орамал қолда. Басты оң жақ, сол жақ иыққа қою. «А-я-я-я-й» сөзін айту. /6 рет қайталау/
Б. қ.: «Маятник»
2. Аяқтары алшақ қойылған , орамал белде. 1- тік тұрып қолды алға, 2- екі жаққа,
3- жоғары көтеру, 4-6 кезекпен түсіреді. / 6 рет қайталау/
Б.қ.: « Қаздар»
3. Денені тік ұстау. Орамал қолда. Қолды тізеге ұстап отырып жүру.
/5 рет қайталау./
Б.қ.: «Биші орамал»
4. Аяқтарын алшақ қою, қолдағы орамалды әр жаққа қозғап қимыл жасау. /15-20 секунд/
Б. қ.: «Теңіз толқыны»
5. Аяқтарын алшақ қою, орамал төменде. Орамалды желпу, «Теңіз толқиды бір, теңіз толқиды екі» деп айтады, «Буырқанады, буырқанады» - орамалды тез желпу. «Сосын тына қалады» - жиырылып отыра қалу. /6 рет қайталау./
Б.қ.: «Бала қораз»
6. Аяқтарын алшық қою, орамалды алдыға созу. Тізені шапалақтай орнында жүгіру (15-20 секунд)
Б.қ.: «Балапан»
7. Денені тік ұстап тұру. Дабыл бойынша орамалды айнала аяқ ұшымен жүгіру. (15-20 секунд)
Қорытынды:
4 звенодан бір саппен шеңбер бойы жүру. /орамалды себетке салу/ шеңбер бойы жүру. Маршпен жүру.
Тыныс алу жаттығулары: «Ботқа пысты» - мұрынмен дем алып, ауыздан демді шығару. (пыых- пыых)
Бастапқы қалыпқа келу.
Бойжазба № 18
/орамалмен, әуенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап, аяқты бүкпей түзу жүру.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап аяқты айқастыра жүгіру.
Қол бүйірде аяқтың сыртымен жүру.
Қол бүйірде аяқтың ішімен жүру.
Шеңбер бойымен жай жүру .
1 сапқа тұру.
1 саптан 4 звеноға тұру. / қатарға тұрарда себеттен бір орамалдан алу/ Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Өкпешіл»
1. Аяқтар алшақ қойылған, орамал бүйірде. Басты оң және сол жақтағы орамалға төмен түсіріп бұру. /6 рет қайталау/
Б. қ.: «Қозғалмалы иық»
2. Аяқ иық көлемінде, орамал иықта, иықты артқа –алдыға, жоғары – төмен қозғау.
/6 рет қайталау/
Б.қ.: «Ғажайып кемпірқосақ»
3.Аяқтар алшақ қойылған, орамал белде. орамалды оң - сол жаққа қисайту, әр иілген сайын «ғажайып» деп айту. / 6 рет қайталау./
Б.қ.: «Керілу»
4. Аяқтарын алшақ қою, орамал жанға кеуде тұсында, 1- 3 орамалды жанға баяу соза отырып керілу. 4-б.қ. /6 рет қайталау/
Б. қ.: «Диірмен»
5. Аяқтарын алшақ қойып, денені тік ұстау. Орамал жанда. 1- орамалды жанға созу, 2- оң қолдағы орамалды сол аяқтың өкшесіне тигізу. 3- керісінше . 4- б.қ.
/6 рет қайталау./
Б.қ.: ««Қарлығаш»
6. Тік тұрып, ормалды белге қояды . 1 - аяқты артқа созады, 2 - жоғары көтереді, 3 – 1 қалыпқа оралады, 4 - б.қ. (6-рет қайталау)
Б.қ.: «Ұшты, ұшты»
6. Аяқтарын алшақ қою, орамал төменде. Орнында тұрып серіппе секілді секіру. әр секірген сайын «Ұшты, ұшты» деп айту. (6 рет қайталау)
Қорытынды:
4 звенодан бір саппен шеңбер бойы жүру./орамалды себетке салу/ Адымдап жүру. Тыныс алу жаттығулары: араның дыбысын салу, мұрынмен дем алып, ауыздан демді шығару.
Бастапқы қалыпқа келу.
Қолданылған әдебиеттер.
1. Буцинскаая П.П., Васюкова В.И., Лескова Г.П. Общеразвивающие упражнения в детском саду.М.: Просвещение, 1990
2. Коноваленко В.В., Коноваленко С.В. Артикуляционная и пальчиковая гимнастика. Комплекс упражнений. –М.: Гном-Пресс 1998.
3. Лайзане С.Я. Физическая культура для малышей.-М.: Просвещение, 1978
4. Методические указания к программе воспитания и обучения в детском саду.-М.: Просвещение, 1986
5. Осокина Т.И. Физическая культура в детском саду.- М.: Просвещение, 1986
6. Балабақша тәрбиешілері мен әдіскерлеріне арналған көмекші құрал «Ана тілім-айбыным» хрестоматия. Алматы «Просвещение-Қазақстан» 2009
7. «Өзңн-өзі тану» балабақша тәрбиешілеріне арналған хрестоматия. «Бөбек» Алматы, 2010

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген