жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
таңғажайып алаң ойыны " Әлемнің ұлы математиктері"
Умаргалиева Тауила Калеловна
«А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» КММ
математика пәні мұғалімі
«Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» тақырыбындағы
«МИФ» апталығында өтілген танымдық ойын
«Әлемнің ұлы математиктері» атты таңғажайып ойыны
Жоспар:
-
Ойыншыларды таңдау.
-
Ойын тәртібімен таныстыру
-
Мақсатын айту
-
І тур
-
Көрерменге сұрақ.
-
ІІ тур
-
Көрерменге сұрақ
-
ІІІ тур
-
Көрерменге сұрақ
-
Финал
-
Көрерменге сұрақ
-
Қорытындылау
І. Кіріспе.
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар
Математикадан басталмақшы
Ғажайыптар алаңы.
Көргендерде армандар,
Көрмегендер де армандар.
Қызықтан құр қалмаңдар
Математика туын көтеріп,
Жар салайық әлемге
Көрмегендер көріңдер
Естімегендер естіңдер!
Дабылын оның қағайық
Шақырамыз бәріңізді
Кешігіп одан қалмайық
Ал құрметті балалар, ұстаздар «Математика» апталығының бағдарламасы бойынша
8а,б сынып оқушыларының арасында өтетін «Ғажайыптар алаңы» ойынын бастаймыз.
Мақсаты: Оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру, ой – өрісін кеңейту, ғұлама адамдардың (математиктердің) өмірімен таныстыру.
ІІ . 8а, 8б сынып оқушылары арасынан іріктеу арқылы 9 оқушы қатысып отыр.
Қазір сол 9 оқушы мына жерден нөмірленген қағаз суырады. Кім қай турда өнер көрсететіні анықталады.
ІІІ. Енді ойынның ойнау тәртібімен таныстырайын. Теледидардан көретін «Ғажайып алаң» ойынына кішкене өзгертулер енгіздім. Айналдыратын дөңгелектің орнына, кәдімгі асықты алдым. Әрбір асыққа 42 әріп және музыкалық пауза және «сызықша» белгіленген. Сондықтан 42 әріпті яғни алфавитті еске түсіру қажет емес.
Тақтада ілінген сөздерді табу керек. Үш әріпті қатар айтқанға екі үшбұрыш әкелінеді. Біреуінде белгі, яғни сыйлық, екіншісінде ештеңе жоқ. Түсінікті болса, бастаймыз.
IV. Іске сәт!
І тур. 24 жасында профессор атағын алған орыс математигі?
|
Л |
О |
Б |
А |
Ч |
Е |
В |
С |
К |
И |
Й |
Николай Иванович Лобачевский
1792 жылы ескіше 26-шы қарашада Еділ өзенінің бойында, бұрынғы Нижний Новгород қаласында дүниеге келді.
Балалық шағы мұқтаждықпен өтеді. 1802 жылы 17 қарашада ағасы Александр, 10 жасар Николай,інісі 7 жасар Алексей қазына күшімен оқытатын гимназияға орналастырады. иколай бәрінен де зерек еді. алғашқы ұстазы Карташевскийдің математика сабағы оған үлкен әсер етті. 1807 жылы Қазан гимназиясын үздік бітіріп университетке түседі. Есеп өнерімен ол 15-16 жастан бастап шұғылданды. Университетті бітірісімен сонда жұмысқа қалдырылды. 1811 жылы 18 жасында магистр атағын алып, 1814 жылы доцент атағына ие болады. Шет тілдерін жақсы білген, әсіресе француз тілін жетік ммеңгерген. Ғылымның асқар шыңына өрлеген Н.И.Лобачевский 24 жасында профессор атағын алады. 1827 жылы Қазан университетінің ректоры болып сайланды. Бұл орынға ол қатарынан 5 рет сайланып, 20 жылдай ректорлық қызметін атқарады. Оның ұлы жаңалықтары «Геометрияның бастамалары» деген атпен 1829 жылы жарық көрді. Ғалымдар оны «Геометриядағы Коперник» деп атады. Лобачевскийдің «Алгебрасы» жоғары алгебраның сол кездегі ең жақсы оқулықтарының бірі болды. Ғылымдар тарихындағы өшпес еңбегі – гиперболалық геометрия.
V. Көрерменге сұрақ.
Қ
андай
таңбалар геометриялық фигуралардың кішірейтуінен
шыққан?
Ж
ауабы: ( , , ІІ, ,
...)
VІ. ІІ тур.
«Геометрияға да поэзиядан кем түспейтін шабыт керек».
Қанатты сөзді айтқан кім?
|
Ә |
Л |
|
Ф |
А |
Р |
А |
Б |
И |
Аристотельден кейін «Екінші ұстаз атанған ғалым Әл-Фараби ежелгі Фараб қаласында туып өскендіктен, араб елдерінде оны Фараби деп атап кеткен. Ол тек қана математик емес, сонымен қатар философ , музыкант болған. Әбу Насыр қыпшақ, оғыз, араб, түрік, парсы, еврей, грек тілдерін жетік білген. Ол 200-ге жуық ғылыми кітап жазған. Солардың 117-нің аты белгілі, әзірге табылғаны 36 кітап, әр елдің кітапханасында сақтаулы тұр. Ол атақты жиханкез Қорқыт данамен танысып, оның шәкірті болып еріп жүріп, одан көп әңгіме, аңыз, ән-күйлер үйренген.
VІІ. Көрерменге сұрақ.
5,10,50,100,500,1000 сандарын римше жазып көрсет.
Жауабы: I, V, X, L, D, M
VIII. III тур.
« Кімде – кім өз уақыты үшін өмір сүрсе, ол барлық уақыт үшін де өмір сүреді».
Өзінің артынан осындай пікір сөз қалдырған, тұңғыш математик әйел.
|
К |
О |
В |
А |
Л |
Е |
В |
С |
К |
А |
Я |
Софья Васильевна Ковалевская туралы қысқаша
мәлімет.
Софья Васильевна Ковалевская Москва қаласында (Ресей) 1850 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген. Әкесі Василий Корвин – Круковский әскери адам.жас кезінен бастап көркемәдебиет пен ғылыми кітаптар оқуға құмар болған. Математикаға деген құштарлық 13 дасынан басталды. 15 жасынан бастап, Петербургтегі әйгілі математика мұғалімімен алғаш дифференциалдар есептеулер сабағын алады. 18 жасында Германия барып, Гейдельберг университетіне оқуға түседі. Атақты математик Карл Вейерштрасстан дәріс алады. Жоғарғы математикадан сабақ береді, еңбектер жазды.
ІХ. Көрерменге сұрақ.
Санға қосып, алсаң
Сол санның өзі шығады
Санды оған бөлуге болмайтынын
Математиктер ұғады
Көп адамдар ол санға
Шекесінен қараған.
Сан өсін қақ бөлуге
Сол саныңыз жараған. (0)
Х. Финалдық ойын.
Орта Азия математигі және астрономы, математиканың дамуына зор ықпалын тигізген (арифметика). Алгебраны арифметикадан бөліп алып және оны өз алдына жеке пән ретінде қарастырған ғалым.
|
М |
У |
Х |
А |
М |
М |
Е |
Д |
|
Б |
Е |
Н |
|
М |
Ұ |
С |
А |
|
Ә |
Л |
- |
Х |
О |
Р |
Е |
З |
М |
И |
Мұхаммед бен Әл-Хорезми 787 – 850 жылдар шамасында өмір сүрген. Әл-Хорезми оның фамилиясы емес, лақап ат тәріздес. Мұны былай түсіндіруге болады. Мұхаммед Мұсаның баласы, Хорезмнен шыққан. Хорезм қаласы Амударьяның төменінде орналасқан мәдениеті жоғары қала. Бағдатта « үйі» ашылған. Мұхаммед бен Мұса Әл-Хорезми соның мүшесі болған. Арифметика мен алгебраға алғаш негіз болатын трактаттар жазды. Оның негізгі шығармасы «Китаб аль-джебр валь – мукабала» араб тілінде жазылған. «Алгебра» сөзі «аль – джебр» сөзінен шыққан.
ХІІ. Қорытынды.
Сонымен, балалар, «Ғажайып алаң» ойынын қорытындылайық. Ойын жеңімпазы анықталып, «Ғажайып алаң жеңімпазы» деген атақ беріледі.
Ал қалғандарына сыйлық ұсынылады. Осымен ойынымыз аяқталды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген