«Таңғажайып алаңы» интеллектуалды шоу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Таңғажайып алаңы» интеллектуалды шоу

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Таңғажайып алаңы» интеллектуалды шоу Мақсаты: 1. Білімділігі: Оқушылардың музыкалық білімдерін тиянақтау. Теориялық білімдерін тереңдете түсу, оқушылардың практикалық дағдысын дамыту; 2. Дамытушылығы: Оқушының ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. 3. Тәрбиелігі: Оқушылардың музыка өнері жөніндегі түсінігін кеңейте отырып , әсемдікке, мәдениеттілікке, сабырлыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Таңғажайып алаңы» интеллектуалды шоу

Мақсаты: 1. Білімділігі: Оқушылардың музыкалық білімдерін тиянақтау. Теориялық білімдерін тереңдете түсу, оқушылардың практикалық дағдысын дамыту;

2. Дамытушылығы: Оқушының ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелігі: Оқушылардың музыка өнері жөніндегі түсінігін кеңейте отырып , әсемдікке, мәдениеттілікке, сабырлыққа тәрбиелеу

Түрі: ойын- сабақ

Сабақтың барысы:

Ойын толқын айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып-тасып,
Біреу мығым,біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді білімділер.
Жеңсе де,жеңілсе де қалма жасып.

Армысыздар ма құрметті қонақтар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

«Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі,сүйеніші боламыз.
Бүгінгі «Ғажайып алаң» интеллектаулды ойынына қош келдіңіздер!

ІІ. Ойынның шарты

Ойынға 9 ойыншы қатысқалы отыр. .Ойын 3 айналымнан тұрады. Бұл айналымдағы жеңіп шыққан жеңімпаздар финал ойынына қатысады. 
Финалдан шыққан оқушы «Супер – ойынға» қатысады.

Және жауап беруі түрлі көңіл-күй бейнеленген смайликтермен бағаланады.Кімде көп күлімсіреген смайлик болса сол келесі айналымға өтеді.

Ойын кезегін күтпей жауап берген оқушы ойыннан шығарылады немесе бірден жауап берген кезде бір әріптен қате жіберсе ойыннан шығады.

ІІІ. Ойынның жүру барысы

Тақтаға музыкаға байланысты сөздер беріледі. Бұл сөздерді барабанды айналдыру арқылы ойыншылар табады. Әріптеп табу арқылы немесе бірден жауабын беру арқылы табуға болады. Егерде жасырынған сөзде ойыншы айтқан әріп екі немесе одан да көп кездесетін болса, сәйкесінше сонша есе ойыншының ұпай саны еселенеді. Ойыншы үш әріпті қатарынан тапса екі сандықша әкелінеді, 1 сандықшаның ішінде теңге жасырылған, сол сандықшаны тапқан оқушы смайликқа ие болады. Алдарыңыздағы айналдырма барабан тұрады. Бұл барабанның бетінде сандар белгіленген. Сандарды жинау арқылы ұпайын толықтырады. Егер оқушы финал ойынына шықса, жеңімпаз атанады.

Барабан бетіндегі Ө (банкрот) белгісі жинаған ұпайларыңызды түгелдей күйдіріп, әріп немесе сөз айту мүмкіндігінен айырып, келесі адамға кезегіңіз беріледі. Барабан бетіндегі сөйле белгісі сіздің қазақша ән шырқап немесе тақпақ айтуыңызды талап етеді. Егер бұл талапты орындай алмасаңыз кезегіңізді келесі ойыншыға беруіңізге тура келеді. Ал егер талапты орындасаңыз, ойынды жалғастырасыз.

- Ендеше,дайын болсақ түрлі түсті фишкаларда берілген сандарды таңдау арқылы реттік номер беріледі.

І –айналымды бастаймыз
(бірінші айналымға шыққан қатысушылар өздерін таныстырып өтіп,барабанды айнадыру арқылы тапсырманы орындайды.)


1- айналым сұрағы:
Ол құрал , алғашқы түрі Грекияда пайда болған. Күрделі механизмдерден тұрады. Белгілі бір тембрде дыбыс шығарады.ХҮ ғасырда Ресейде, кейіннен Қазақстанда да пайда болды
. ( орган)


2- айналым: Дәстүрлі әндерде кездеседі.Онда өзгермейтін заңдылықтар бар, әр тармағында ( силлабика)


3- айналым: Кескіндемеде түстер мен масштаб сәйкестігін.Музыкада мажор-минор, қатты-ақырын дыбыстарды,жоғары-төмен қарама-қайшылықтарды білдіреді. (контраст)


Рахмет сіздерге! 
Педагог балаларды мадақтап. Қоштасады.

- Бізде ең мықты ойыншыларымыз қалды.Кезекті финал ойынына берейік.


Финал :

Ағылшын тілінен аударғанда танымал деген мағынаны білдіретін.Эстрада өнеріндегі жеке жанр.

Супер ойын

1.Тігінен : Музыканың ең бай және күрделі жанры  ( опера)
2.Көлденең:Қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап
( домбыра)
3.Тігінен: Қазақ халық биі.Қуыршақ театрының бастау.
( Ортеке)



-
Құрметті қонақтар,білімді балалар! Бүгін сендер керемет ойын көрсеттіңдер!

Осымен тоқтап қалмай әрі қарай білімдерімізді шыңдай түсейік.Біздің әлі алдымызда талай сайыстар күтіп тұр. көшбасшысы, Жұлдызды сәт, Әуенді тап, Кім? Не? Қашан? Интеллектуалды ойындарда өз тапқырлықтарыңмен білімдеріңді шыңдай түсе беріңдер дей келе бүгінгі сайысымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.11.2023
410
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі