400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Таңғажайып, Алтын күз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдарге көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Таңғажайып алтын күз.

Мақсаты: Білім алушылардың табиғат туралы білімдерін молайту, туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, күз-байлық, күз-береке, күз- молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін білім алушылардың санасына жеткізу. Дүниетанымдық көзқарастарын дамыту, бүкіл тіршілік атаулыны, қоршаған ортаны, табиғатты сүюге баулып, экологиялық, эстетикалық білімдерін көтере отырып, ауыз біршілікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

1-жүргізуші. Кеш жарық құрметті білім алушылар мен ұстаздар! «Таңғажайып алтын күз» атты күзгі балл кешіне хош келдіңіздер. Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен ай тып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз- даланың дархан дастарқаны. Күз- байлық, молшылық. Күзде егін жиналып, құстар жылы жаққа ұшады. Жапырақтар сарғайып жерге түседі емес пе!?

2- жүргізуші: Екінші айы бұл күздің,

Доп қуып, футбол ойнаймыз

«Күзгі балы» мектептің

Қазан айында тойлаймыз! – дей келе бүгінгі «Таңғажайып алтын күз» кешін бастауға

рұқсат етіңіздер.

Қарсы алыңыздар өзінің тамаша « Күрең күз» атты әнімен Әбілжан Гауһар.

1-жүргізуші: Әр жыл мезгілінде күз ерекшелігі бар. Табиғат қай кезде болмасын тамаша дүние. Күз келсе- біз сары, қызыл жапырақтарды тамашалаймыз, қыс түссе – аппақ қарда алысып ойнаймыз, көктемде қабат-қабат тонымызды шешіп күннің сәулесіне қыздырынып, жаңадан бүршік атқан талдарды, ұшып келген құстарды көріп, жаңа өмір басталғандай боламыз.

2- жүргізуші: Ия, өте дұрыс. Ақындар да әр жыл мезгіліне тамаша өлеңдер жазып, табиғаттың сұлулығын өлең жолдары арқылы бізге жеткізген . Жыл мезгілдерінің бәрі тамаша. Әйтседе, бүгін біз күзге деген құрметімізді көрсетпекшіміз.

2- жүргізуші: Әділқазы, алқасына бір сәлем.

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сал сайыстарда шеше біл, - дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

  1. ................................................

  2. ................................................

  3. ................................................

Әділ қазылар алқасы алдарыңызда берілген «бағалау парағы» бойынша әр топтың әр сайыстағы бағаларын беріп отыруларыңыз керек)

  1. Жүргізуші:

Бүгінгі сайысымыздың әділ- қазылар алқасын сайлап алдық, ендеше сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

  1. Жүргізуші:

Аяулым, алдымен көрермендерімізді сайысымыздың жоспарымен алмаймыз ба?

1-Жүргізуші: Бауыржан, дұрыс айтасың, ендеше бүгінгі сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар.

1.«Артық болмас, таныстық» (Топты таныстыру топтың аты, эмблемасы, киімдері. Топтың киімі бірыңғай болуы шарт және газет, плакаттар дайындау)

2. «Сұрақ бізден – жауап сізден» ( Сұрақ-жауап)

3. «Өнерің өрге жүзсін» ( Әр топ өз өнерлерін ортаға салады)

4. Күзде де күлуге болады (Жалғастыр, әзілдер айту)

5. Жарнама

6. Табиғат сыйы ( үй тапсырмасы: экибана және оны қорғау)

7. Егер де мен мақтансам .....(Әр топ өз аттары жайлы мақтанады)

8.Қорытынды.

2-жүргізуші:

Аяулым, көрермендерімізді сайысымыздың шарттарымен таныстырып болсақ, келесі кезекте сайыскер топтарымызды таныстырып өтейік.

Ендеше.

8 «А» сыныбынан құралған «Асқабақ» тобы.

8 «Ә» сыныбынан құралған «Қара өрік» тобы

9 «А» сыныбынан құралған « Жүзім» тобы

9 «Ә» сыныбынан құралған « Алма» тобы

10 «А» сыныбынан құралған «Қызанақ» тобы

11 «А» сыныбынан құралған « » тобы


2-жүргізуші: Сәлемдесу ертеден-ақ салтымызда

«Күзгі балл» міне, жалпыңызға

Таныстырады өздерін көрерменге

Біз тілейміз сәттілік сайыскерлерге – дей келе, «Артық, болмас таныстық» бөліміне кезек береміз.

1-жүргізуші: Аяулым, ендеше не тұрыс, «Асқабақ» тобының таныстыруына кезек берейік.

2-жүргізуші: «Асқабақ» тобына рахмет. ............., «Асқабақ» тобының өнеріне таң қалып, тұрмын, ал енді «қара өрік» тобының таныстыруы қалай болар екен? Кезекті «Қара өрік» тобының таныстыруына берейік.

1-жүргізуші: «Қара өрік» тобына рахметімізді айтамыз. Аяулым, «Қара өрік» тобыда қалысар емес, ал енді «жүзім» тобына кезек береміз.

2-жүргізуші: «Жүзім» тобына рахмет. .................., бүгінгі сайыскерлеріміз бірінен-бірі қалар емес, «Алма» тобы қандай дайындықпен келген екен, «Алма» тобына кезек берейік.

1-жүргізуші: Аяулым, сайыскерлеріміз дарындылықтарын дарытуда, «Қызанақ» тобы қандай дайындықпен келген екен, кезекті «Қызанақ» тобына берейік.

2-жүргізуші: «Қызанақ» тобына рахметімізді айта отырып, әділ қазыларға өз бағаларын беруді ұсынамыз.

«Асқабақ» тобының балы

«Қара өрік» тобының балы

«Жүзім» тобының балы

«Алма» тобының балы

1-жүргізуші:Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді

Ала білсең білім көп,

Ақыл ойға кел дейді

2-жүргізуші: Білім ой мен арымыз

Рухани ол нәріміз

Сайыскерлер сіздерге

Қол соғамыз бәріміз.

Келесі бөліміміз «Сұрақ бізден – жауап сізден» сұрақ-жауап бөліміне кезек береміз.

1.Қызанақ тобына «Сандақшадан» сұрақтар алады.

1-жүргізуші: Аяулым, сен осы білесіңбе қызанақты испандықтар «поми дель перу»-«перуандық алма» десе, француздар «пома аморис» - «махаббат алмасы», итальяндықтар «помо доро» - «алтын алма» деп атайды екен.

2-жүргізуші:....................... ал Үнділер қызанақты «томатль»-«ірі жидек» деп атаса, әйгілі К.Линней оған «ликоперсикон» - «қасқыр шабдалы» деген ғылыми атау берген екен.

1-жүргізуші: «Қызанақ» тобының жауабын тыңдалық

2-жүргізуші: «Алма» тобына кезек береміз.

1-жүргізуші: «Жүзім» тобына кезек береміз.

2-жүргізуші : «Қара өрік» тобына кезек береміз.

1-жүргізуші: «Асқабақ» тобына кезек береміз.

2-жүргізуші :....................сен, білесіңбе, асқабақтың дәнін ішексорғыны жою үшін пайдаланады.

1-жүргізуші:Аяулым, дұрыс айтасың, балалардың ішегінде паразитті жолмен тіршілік ететін жұмыр құрттар типінің өкілі – ішексорғыны жою үшін асқабақ дәнін пайдаланатын естігем.

2-жүргізуші: Әділ қазылар алқасы өзбағаларын беру кезегін ұсынамыз.

1- жүргізуші:Хас тұлпардың шабысына салыңдар,

Аянбастан мың бұралып билеңдер

Әсем кештің қадірлі көрермендер

Көңілдеріңді серпілтіп бір қалыңдар.

2-жүргізуші:Өнер артық жас дәурен балалықта

Өнер керек қанша жаман болсақта

Өнер болса, қанекей ұлыда, қызыда.

Күзгі балда өнер көрсет жалықпай – дей келе «Өнерің өрге жүзсін» бөліміне кезек береміз. 1-жүргізуші: «Қызанақ» тобына кезек береміз.

2-жүргізуші: «Алма» тобына кезек береміз.

1-жүргізуші: «Жүзім» тобына кезек береміз.

2-жүргізуші : «Қара өрік» тобына кезек береміз.

1-жүргізуші: «Асқабақ» тобына кезек береміз.

Әділ қазылар алқасы өз бағаларын беру кезегін ұсынамыз.

2-жүргізуші : Бұл жандардың қылығына сай ісі

Сәулеленіп тұрады әрбір жай ісі

Топтарымызды шақырайық ортаға

Ендігісі «жалғастыр» әсіл сайысы


1-жүргізуші:Күлкі өмір артады

Деген сөз бар қазақта

Әзілдейік, күлейік

Айналдырмай мазаққа. Ортаға әр топтан бір-бір сайыскер шығады. Өлеңдер жолдарын 1-топ бастайды, қалғандары жалғастырады.

2-жүргізуші : Әділқазылар алқасы өз бағаларын беру кезегін ұсынамыз

1-жүргізуші: Аяулым байқадың ба? Сайыскерлерімізден өнерлер байқасақ болашақ айтыскерлер шығуы мүмкін деп ойлауға болады екен.

2-жүргізуші : Әрине, сайыскерлерімізге сенуге болады.

1-жүргізуші: Білесіңбе бүгінгі берекені,

Құтты болсын алтын күн мерекесі.

Сізге сыйлар ыстық жүрек ала келдім,

Кең пейілмен ұқсын депмерекені – дей келе «жарнамаға» кезек береміз.

2-жүргізуші : Ендеше «Қызанақ» тобының жарнамасына кезек береміз

«Алма» тобының жарнамасы

«Жүзім» тобының жарнамасы

«Қара өрік» тобының жарнамасы

«Асқабақ» тобының жарнамасы

1-жүргізуші:Топтарға рахметімізді айта отырып, әділ қазылар алқасының өз бағаларын беру кезегін ұсынамыз.

2-жүргізуші : Күзгі самал, күзгі салқын, күзгі жел,

Күздікүні қызықты ғой көп күндер

Алтын түспен боялғандай бұл әлем

Өнермен шығам мақсат төріне мен – дей келе үй тапсырмасын «Экибанаға» кезек береміз.

1-жүргізуші: Әділ қазылар алқасы өз бағаларын беруге кезек береміз.

2-жүргізуші: Құстар ұшып кетеді жылқы жаққа

Шеттерінен сарғайды міне бақта

Алтын астық құйылып қамбаларға

Жиын-терін бітеді бұл уақытта – дей келе «Егер мен мақтансам...» бөліміне кезек береміз.

1-жүргізуші: Аяулым, осы кезеңді «жүзім» бөлімінен бастасақ қалай болады?

2-жүргізуші: .................әрине , оң жағында «асқабақ» пен «қара өрік» сол жағында «алма мен қызанақ» топтары тұрғанда «жүзім» неден қорқады. Ендеше «жүзім» тобына кезек береміз.

1-жүргізуші: Аяулым жүзім туралы мақал білесің бе?

2-жүргізуші:................Шіркін қазақтар өзбектерге қонаққа барғанда дастархандағы жүзімін көріп, бірнешеуін жеген көрінеді. Оны байқаған өзбек аға

  • Бұны жүзім дейді

  • Бір-біртіндеп үзіп жейді - деп ішьтарлық көрсеткен көрінеді.

Сонда қазақ ағам

-Бір жегенде жүзін жейді – деген екен.

1-жүргізуші:Өзбек ағаның зәресін алған екен-ау.

Келесті кезекті «Алма» тобына берем

2-жүргізуші: Келесті кезекті «Қызанақ» тобы

1-жүргізуші:Келесті кезекті «Қара өрік» тобы

2-жүргізуші:Келесті кезекті «Асқабақ» тобы

1-жүргізуші:Топтарға рахметімізді ата отырып, әділ қазылар алқасына сөз кезегін береміз.

2-жүргізуші:..............байқадың ба барлық топ мүшелері берілген тапсырмаларға тиянақты әрі ұқыпты дайындалған. Сайыскерлеріміз өнерлі де білімді екен, алдағы уақытта өнерлерің өрге жүзсін демекпіз.

Әнге кезек береміз.

Әділ-қазылар шешімі.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 ақпан
666
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі