Таңғажайып күз

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Таңғажайып күз

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖШС «Азамат AS»


Келісілді Бекітемін

әдіскер директор

_________Н. Қабылова _______Ж.Ш. Ерболатова



















«Балапан»

ортаңғы тобы

«Таңғажайып күз»

ертеңгілігі



























Тәрбиешілер: Капанова Ұ.Ж.

Кожбанова Г.Ш.











2023-2024ж.

Күні: 01.11.2023ж

Ортаңғы: «Балапан» тобы

Тақырыбы: «Таңғажайып күз»

Балалар музыка әуенімен залға паровоз болып кіреді

Жүргізуші: Біздің көңілді паровоз, балаларды орманға әкелді. Қараңдаршы, бұл не?

Балалар: Жапырақтар.

Жүргізуші: Олар қандай түсті?

Балалар: Сары, қызыл, жасыл.

Жүргізуші: Жақсы балалар, Ел байлығын арттырған, сары алтындай сары күз, бізге дәмді жемістерін, қамбаға толы астығын сыйлады. Ендеше «Таңғажайып күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

Ән «Кап-кап»

балалар орындарына жайғасады

Жүргізуші: Балалар күз мезгілін барлығымыз жақсы көремізбе? Иа! Жапқандай жапырағымен айналаны

Қуантып байлығымен халқымды

Бір қуантып қайту үшін біздерді

Сабырлы ,сары алтын күз келді.

Олай болса күз Ханшайымын ортаға шақырайық!

Бәрі бірге: Алтын күз, Алтын күз, Алтын күз!!!

музыка әуенімен ортаға күз ханшайымы кіреді

Күз ханшайымы:  Береке бақ дарыған,

                                 Жомарт көңіл жарқын күз.

                                 Сары алтынға малынған,

                                 Мен Күз ханшайымымын,

                                 Сендерді көргеніме өте қуаныштымын!

Баршаңызды алтын күз мерекесімен құтттаймыз! Күз бақыт, береке әкелсін!

Жүргізуші: Қош келдіңіз, «Күз ханшайымы», төрлетіңіз! Бүгінгі мерекеміздің қонағы бол, балалардың өнерін тамашала.

Таппақтар:

Баллардың тақпақтары

Күз ханшайымы:Қандай тамаша, балалар таппақтарыңа рахмет!

Би «Жидектерді жинаймыз»

Жүргізуші: Керемет қыздар. Орнымызға жайғасайық.

(Музыка әуенімен залға саңырауқұлақ билеп келеді. Қолында себеті, ішінде балаларға сыйлықтары және орамал)

Саңырауқұлақ:Армысыңдар балалар! Мен -орман саңырауқұлағы боламын, сендердің дауыстарыңді естіп қонақ болып келіп қалдым. Сендермен бір ойын ойнасам балама?

Балалар:Иа!

Ойын «Жеуге болатын, жеуге болмайтын саңырауқұлақтар»

Саңырауқұлақ: Керемет балалар жарайсыңдар!

Күз ханшайымы:Біздің балалар күшті билей алады, Саңырауқұлақ! Қанекей, ұлдар ортаға шығып би билейікші.

Би «Саңырауқұлақтар»

Саңырауқұлақ: Жарайсыңдар балалар! Орманда осындай көңілді кеш талай болмап еді, рахмет сендерге!

Жүргізуші: Саңырауқұлақ сен отырып дем ал, ал біздің балалар саған арнап таппақтарын айтып берсін.

Таппақтар:

Баллардың тақпақтары

Саңырауқұлақ: Рахмет балалар. Мен сендерге келе жатып, орамал тауып алдым. Жай орамалға ұқсамайтын сиякты, қараңдаршы. Бәріміз орнамыздан тұрып бір ойын ойнасақ қалай қарайсыңдар?

Ойын «Сиқырлы орамал»

Шарты: балалар шеңбер құрып, көздерін жұмады, Күз ханшайымы орамалды алып кез келген баланың үстіне жауады.

Күз ханшайымы: Бір, екі, үш. Көзімізді ашамыз, арамызда кім жоқ?

үш рет ойнатып соңында Саңырауқұлақты жасырады

Жүргізуші: Балалар, кім жасырынды екен? Барлықтарың түгелсіңдерме?

Күз ханшайымы: Қанекей, орамалды көтереміз, кім екен бұл. Ой, саңырауқұлақ сен екен ғой. Қолыңдағы себетте не бар, айтшы? Саңырауқұлақ: Бұл сендерге балалар менің сыйлығым. Топқа барғанда тәрбиеші апайларың таратып береді.

Күз ханшайымы: Балалар, әндеріңде тамаша, билеріңде керемет, сендерге үлкен рахмет! Рұқсат болса, біз кетейік.

Саңырауқұлақ: Сау болыңдар, келесі кездескенше!

Жүргізуші: Осымен «Балапан» тобының «Таңғажайып күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Күзге айтарымыз берер сыйы жылдан жылға арта берсін!

Фотосессия























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.04.2024
209
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі