400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Таңғажайып музыка әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Кешіміз атына заты сай болғандықтан, таңғажайыпқа толы болмақ. Яғни, бүгін қатысқалы отырған оқушыларда, жасырылатын сөздерде, оқушыларымыздың әкелген сыйлары да, біздің оқушыларға арнаған сыйлықтарымызда бәрі-бәрі таңғажайып болмақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты. "Таңғажайып музыка әлемі"

Мақсаты:

Білімділік мәні: Дарынды оқушыларды табу, олардың қабілетін ашу, алған білімдерін өмірде қолдана білу шеберліктерін арттыру.

Дамытушылық мәні: Эстетикалық талғамын ашып, өнерге баулу.

Тәрбиелік мәні: Оқушыларды елжандылыққа, әдемілік пен әсемдікті көре білуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Барысы:

Жүргізуші: 

Құрметті өнерлі ұстаздар мен өнерлі оқушылар! Өнер ордасындағы «Таңғажайып музыка әлемі» кешіне хош келдіңіздер. 

Кешіміз атына заты сай болғандықтан, таңғажайыпқа толы болмақ. Яғни, бүгін қатысқалы отырған оқушыларда, жасырылатын сөздерде, оқушыларымыздың әкелген сыйлары да, біздің оқушыларға арнаған сыйлықтарымызда бәрі-бәрі таңғажайып болмақ. Олай болса таңғажайып ойынымызды бастайық! Ойынымыз үш кезеңнен және шешуші кезеңнен тұрады. Барлық бөлімнен жеңіп шыққан оқушы «Таңғажайып өнерлі және білімді оқушы» атанады.
Бірінші кезең.Ал енді бірінші үштікті шақырамыз. Бірінші үштік ортаға! Ортаға үш оқушы шығады. Ойынды бастамас бұрын ойын шартын айта кетейін, сонан соң өздеріңізбен танысып алайын. Ойынның шарты – музыка әлемінен бір сөз жасырылады. Сол сөзді әріптен, егер білсеңдер бірден табуға болады. Кезектесіп дабылымызды айналдырамыз, дабылымызда нота аттары жазылған және диез, бемоль белгілері белгілері жазылған. Егерде дабыл нота аттарының біреуіне келіп тоқтайтын болса,әріп айту мүмкіндігіне ие боласыздар,ал диез белгісіне тоқтаса, сыйлық. Бірақ сыйлықты алам десеңіз сыйлықты аласызда ойыннан шығасыз, егер сыйлықтан бас тартсаңыз ойынды әрі қарай жалғастыра аласыз. Егер де дабыл бемоль белгісіне келіп тоқтаса сіз қалаған бір әріпіңізді оп-оңай аштыру мүмкіндігіне ие боласыздар. Ойын шарты түсінікті ме оқушылар?!
Енді өздеріңізбен танысып алайық. Кезекпен өздеріңізді таныстырып өтіңіздер.
Бірінші үштіктің оқушылары: Досыбай Илияс, Жайлау Айзере,Марат Әлішер. Оқушылар кезекпен өздерін таныстыра келе, өздерінің музыкалық сәлемдемелерін де жолдайды.Бәрекелді қандай тамаша өнерлер мен тамаша оқушылар. Олай болса сіздерге жасырылатын сөз: 

Жергілікті әуесқой композитор, ұлағатты өнер мектебінің ұстазы қызметін атқарған үлгілі жанның фамилиясы кім? Жауабы: Алтыбаев. Ойыншылар кезекпен дабылды айналдырып, ойын жалғасады. Бірінщі кезеңнің жеңімпазы анықталған соң
Жүргізуші: Таңғажайып музыка әлемінің шарты бойынша сөзді тапқан оқушы шешуші кезеңге қалады. Ал қалған оқушылармен өкінішке орай қоштасамыз. Олай болса бірінші үштікке сыйлық!Тушь жіберіліп, екі қазақша киінген қыз сыйлық табыстайды.
Екінші кезең: Ортаға екінші үштігімізді шақырамыз!

Екінші үштіктің оқушылары: Абдулла Гүлденай,Жақсығалиев Мади,Балғабаева Дильназ.Оларға да бірінші кезеңдегідей ойын шарты түсіндіріледі, өздерін таныстырып, дайындап келген музыкалық сйларын арнайды.
Екінші үштікке жасырылатын сөз:

Республикаға танымал мәдениет қайраткері, ардагер ұстаз, оркестр, ансамбль дирижёры, ерен еңбегімен өнер мектебін аштырып өнерлі ұрпақтарға өлмес мұра қалдырған жарқын тұлға фамилиясы кім? Жауабы:Құлсариев
Ойыншылар кезекпен дабылды айналдырып, ойын жалғасады.

Екінші үштіктің жеңімпазы анықталғаннан кейін
Жүргізуші: Сіздерден де сөзді тапқан оқушы шешуі кезеңге жолдама алады.

Ал қалғандарыңызға ойынға қатысқандарыңызға рахмет деп шығарып саламыз. Екінші үштікке сыйлық!Тушь жіберіліп, қазақша киінген екі қыз сыйлық табыстайды.
Үшінші кезең:Ортаға үшінші үштігімізді шақырамыз!

Үшінші үштіктің оқушылары: Жұмабек Еркеназ,Сәрсенбай Роллан,Сембай Адия.Оларғада ойын шарты түсіндіріліп, өздерін таныстырып, дайындап келген музыкалық сыйларын арнайды.
Жүргізуші:Үшінші үштікке жасырылған сөз – Музыкалық аспаптың аты. Жауабы: Күйсандық.
Ойыншы кезекпен дабылды айналдырып, ойын жалғасады.
Жүргізуші:Сіздерден де сөзді тапқан оқушы шешуші кезеңге жолдама алды.

Ал қалғандарыңызға ойынға қатысқандарыңызға рахмет деп шығарып саламыз. Үшінші үштікке сыйлық!
Шешуші кезең: Жүргізуші:Бастапқы үш кезеңнің жеңімпаздарын ортаға шақырайық! Сіздер әрине ойын шартымен таныссыздар. Сондықтан дабылымыздың айналуына кезек берейік. Сіздерге жасырылған сөз – динамикалық белгінің аты:

Жауабы: Сфорцандо.Ойыншылар кезекпен дабылды айналдырып, ойын жалғасады. Жасырын сөзді тапқан оқушы жеңіпаз атанып ерекше сыйлықпен және «Таңғажайып музыка әлемінің таңғажайып өнерлі де білімді оқушысы» атанады.

Сөз кезегі көркем еңбек пәнінің мұғалімі:Балтасова Алла Ниетәліқызына беріледі. Марапат табысталып әсем ән аясында оқушылармен фотосуреттерге түсумен кеш аяқталды.



№5 мектеп-лицейі













"Таңғажайып музыка әлемі"

(тәрбие сағаты)











Өткізген: Жолмағамбетова Ж.Ә.















2019-2020 оқу жылы





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.05.2020
827
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі