жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Таңғажайып шырша! Ертеңгілік
Безендірілген залға ақшақар балалармен бірге әуенмен кіреді.
Ақшақар: Армысыздар қонақтар!
Ақшақарлар:
Армысыңдар,
халайық!
Бармысыңдар, халайық!
Жаңа
жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы
алайық!
Гномдар:
Жаңа
жылым жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын
Пингвиндер:Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанады жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Буратино:
Келді
тағы жаңа жыл
Қуантумен
біздерді
Құтты болсын жаңа
жыл,
Құттықтаймыз сіздерді!
Матрешки: Жаңа жыл келді
Азаймасын әнмен күй
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Балапандар:
Жаңа
жылмен, жаңа жылмен,
Құттықтаймыз
әрине.
Әкемізді,
анамызды
Қонақтардың
бәрін де!
Бәрі бірге: Жаңа жылдарыңызбен!
Ақшақар:
Ақшақармын аппақпын
Немересі боламын
Біздің аяз атаның
Жіберді мен сіздерге
Той тойлм деп ертерек
Көңілсіз бала болмасын
ойын күлкі тарласын
жаңа жыл мейрамы
ядүркіретіп тойлансын
деп тапсырды аяз ата
Ал ендеше бала лар
Қолымызды ұстайық
Үлкен шеңбер құрайық.
Жаңа жылдық мейрамды
Әсем әнмен бастайық
Ән: «Жаңа жыл»
Ақшақар:
Естіңдіңдер ме балалар!
Шырщадан бір дыбыс шығады.
Мүмкін бізге шырша шамын жағыңдар деп тұрған болар.
Ал кәне бәріміз бірге:.
Шырша,шырша шыршашамыз
Қандай әсем шыршамыз
Кәне бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат.
Шыршамыз біздің жанбады
Біреу дұрыс айтпады,
Кәне бәріміз бірге 123
Шырша шырша шыршамыз кәне бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат!
(жарық өшеді,шырша шамы сиқырлы әуенмен жанады).
Балалар:Тамаша,тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Ақшақар:ал ендеше неқып тұрмыз
Қол ұстасып бәріміз
Жарқыраған шыршамызға
Әнімізді арнайық.
Ән: «шырша әні»
(жылаған дыбыс есіледі)
Ақшақар: Бір дыбыс естіледі
Біреу жылаған секілді.
(қоян шығады көңілсіз)
Кім екен бұл? (қоян)
Не болды саған ақ қоян
Неге көңілің түсіп кеткен.
Қоян: Түлкі менің жылы үйімді тартып алды,мені үйден қуып шықты.
(Түлкі артынан кіріп келеді)
Түлкі: иә,бұл не жиын,қыздарда балаларда бәрі жиналыпты ғой.
Ақшақар: ай қу түлкі,кәне қоянның үйін өзіне қайтар.
Түлкі: ой қорқып кеттім ғой,сен кімсің өзі?
Кім бұл?(балалар:ақшақар)
Түлкі: күлкімді келтірдіңдер ғой,бұл ақщақар ма?
Иә,әрине үстіне әдемі көйлек киген,ернін бояған,басына әдемі тәж таққан,сонда не ақшақар бола қалама?
Ал мен ше,маған қараңдаршы,қандай сұлумын,үлпілдек тоным,ал көзім ше,көзім қасым қиылған ,тіпті сөзбен жеткізе алмайм.Ал айтыңдаршы ақшақар әдемі ме,алде мына мен бе?
Балалар: ақшақар
Түлкі: мммм жарайды,өздерің тілеп алдыңдар,қазір мен мына шыршаларыңды өшіріп тастаймын.Сенбейсіңдер ме?
(түлкі шыршаны айналып үріп қшіреді)
Ақшақар: Сен не істедің түлкі шыршаны неге өшірдің?Қап,енді не істейміз?
Түлкі: міне солай,мерекені бұзғанды қалай жақсы көретінімді білсең ғой.Ал сен қоян,егер мыналар саған көмектесед деп ойласаң қателесесің,саған енді ешкімде көмектесе алмайды.
Ақшақар:Қорықпа қоян,бізге аяз ата көмектеседі,ол қазір келеді.
Түлкі: келмейді аяз аталарың,босқа күтпей ақ қойыңдар.
Ақшақар:қалай келмейді,ол бізге уәде берді келеді.
Түлкі:иә,иә білемін,келе жатқан жерінен сәл қулығымды іске асырып
Алдап арбап мен оны
Қамадым ормандағы үйшікке
Кілті міне менде,
Бермеймін сендерге
Болмайды жаңа жылдарың
Ақшақар: енді нестейміз?
Түлкі: енді кетіңдер бұл жерден бәрің.. (кетіп қалады)
Ақшақар:Балалар,оданда біз түлкіні ұйықтатып тастайық.Ал ұйықтатады оны. ақшақарлар биі.содан кейін бірдеңе ойластырармыз.жарайма?
(Түлкі келеді.)
Түлкі: Неменеге отырсыңдар?аяз ата келмейді деймін,сол сақалы ұп-ұзын ағарып кеткен аяз атаны не қылмақсыңдар?.
Ақшақар: Жарайды түлкі,сен оданда отыршы.
Түлкі: ал не болды.отырғанда не өзгереді
Ақшақар:қыздарымыз саған арнап әдемі би билеп береді.
Түлкі: ал көрейік.
Ақшақарлар биі.
Ақшақар:Түш-түш,түлкі ұйықтап қалыпты.Енді тездетіп барып кілтін алайын. алдық,енді оны аяз атаға апару керек.Бірақ қалай апарамыз.А-а,гномдарды шақырайық,олар орманның барлық жолын біледі.Келіңдер гномдар.
Гномдар биі.
Ақшақар: Міне гномдар,
Кіллті алындар,
Тездетіп аяз атаны
Шығарыңдар.
Гномдар:Бұл жағдайды біз шешеміз
Аяз атаны алып келеміз.
Ақшақар: Біздің күтіп отырғанымызды айтыңдар.Аяз атаны күтіп отырмызба балалар? (иәәә).
Сиқырлы әуенмен аяз ата,.гномдар бірге келеді.
Аяз ата:
Рахмет менің гномдарым!
Амансыңдарма ұлдарым,
Амансыңдарма қыздарым,
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем мереке
Ал,Жаңа жыл құтты болсын!
кәне қол соғайық!
(түлкі оянады)
Түлкі: бұл не шу,не айқай?
Аяз ата: ой оянды.
Түлкі:Қап бәлем,мені алдаған екенсіңдер ғой.
Аяз ата:Өтірік күліп алдадың
Уйшікке мені қамадың
Ай-ай,қу түлкі ай,неге бұлай жасадың?
Ал қоянның үйіне неге кіріп алдың?
Түлкі: Шақырдыңдар жаңа жылға
Кыздар ды ,ұлдарды да,тіпті мына
Қорқақ қоянды да
Ал енді көрейік кімнің көмек берерін бұл қоянға
Ал мен кеттім үйіме
Енді мені шығару қиын болады сендерге.
Ақшақар:Енді не істейміз аяз ата
Шыршаны да сөндірді
Қоянның да үйін тартып алды.
Аяз ата: Қорықпаңдар,бәрінде реттейміз
Алдымен шыршамызды жағайық.
Ал ендеше бәрімізге бірге
шырша шырша шыршамыз
Кәне бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат.
(бәрі қолдарын соғады)
Ақшақар:
Балалар алдымен аяз атаға арнап ән айтайық.Содан соң қоянға қалай көмектесетінімізді ойластырамыз.
Ән: Аяз ата. (аяз атаны айналып билейді).
Аяз ата: ой,рахмет балалар,әндерің керемет екен.
Түлкі: осыны да ән дейме екен?
Ақшақар:Аяз ата енді қоянға қалай көмектесеміз
Аяз ата: Ендеше таяғымды соғайын
Түлкіні үйден қууға
Көмекке мен шақырайын
Ал,жаңа жыл келе жатыр
Көмекке бізге
Сонау мадагаскардан
Пингвиндер келе жатыр.
Пингвиндер биі.
(пингвиндер билеп болғасын түлкіге жақындайды,түлкінің аудиомен ақырған дауысы шығады,пингвиндер қорқып қашып,аяз атаның артына тығылады).
Аяз ата: мадагаскардан келген пингвиндер ғой,ыстыққа үйреніп қалғаннан суықтыққа келіп әлсіреп қалған сияқты.
Ақшақар:ал біз сендерді жәй ғана жібермейміз,түлкіні үйден қуа алмаған екенсіңдер,ендеше келіңдер шеңберге аяз ата екеуміздің дайындаған ойынымызды ойынайық
Ойын: «Аққаланы құрастыр».
Ақшақар: жарайсыңдар,пингвиндер ойынды жақсы ойнайды екенсіңдер.
Аяз ата: жарайсыңдар!
Ендеше таяғымды соғайын
Түлкіні үйден қууға
Көмекке мен шақырайын
Ал,жаңа жыл келе жатыр
Көмекке бізге сүйкімді
Мальвина мен Буратино
келе жатыр!
Буратино биі. (би соңында түлкіге жақындайды,түлкінің аудиомен ақырған дауысы шығады,буратинолар қашады).
Аяз ата: Мальвина мен буратино билейміз деп шаршап қалған сияқты.
Ақшақар: жарайды,сүйкімді мальвиналар мен буратиналарды жәй жібермейміз.
Аяз ата: балалар сендер жақсы билейтін сияқтысыңдар,ал маған би үйретесіңдер ме?
Ақшақар: келіңдер балалар,аяз атаға би үйретейік.
Би: буги-вуги. (аяз атаны ортаға алып шеңберге тұрып қимылмен би билейді)
Аяз ата: қандай кереемет,қалай,балалар жақсы биледім бе?
Түлкі: осыны да би дейме екен?
Ақшақар: балалар қолдарыңды ұстаңдар аяз атаны шығармайық.,шыға алама екен көрейік.
Аяз ата: мен бәрібір шығамын,міне мына жақтан,жарайды,ендеше мына жақтан.
Онда мен сендерді қатырамын,қорықпайсыңдар ма?жақсы,онда кімнің жылдам екенін көрейін,қолдарыңды алға созыңдар,таяғымды созған кезде қолдарыңды тартп аласыңдар,ал үлгермесеңдер,қатырып тастаймын.
Ойын: қатырмақ
Аяз ата: не деген жылдам едіңдер,ал енді оң қолдарыңды көтеріңдер,бастарыңды сипаңдар,ой қандай біз ақылдымыз әдеміміз. (сол кезде аяз атаның сол қолындағы қолғабы жерге түсіп кетеді,оны ақшақар алып алады)
Аяз ата: менің қолғабым қайда,ақшақар сенде екенғой,бере ғой маған.
Ақшақар:жооқ,енді аяз атаның жылдамлдығын тексерейік.
Ойын:қолғап.
Аяз ата: балалар,ойынды жақсы ойнайды екенсіңдер.
Түлкі: ойындарының түрін осоны да ойын дейме?
Ақшақар: аяз ата бірақ алі қоянға көмектесе алмадық қой.
Аяз ата: ал таяғымды соғайын......
(осы кезде маша мен аю әуені жүреді)
Аяз ата: мен таяғымды соқпаған сияқты едім ғой,бұл кім болды екен?
(маша мен аю әуенмен кіреді)
Маша мен аю биі. (би соңында түлкіге жақындайды,түлкінің аудиомен ақырған дауысы шығады,маша мен аю қашады).
Аяз ата: аюдың қыста ұйықтайтын уақыты ғой,мына тентек маша маза бермей ұйықтатпаған ғой,сол үшін,әлсіреп қалған ғой,әйтпесе,сазайын берер еді түлкінің.
Ақщақар: ақыры,аюды ұйқысынан тұрғызып алған екенсің,онда келіңдер,бізбен жаңа жылда бірге болыңдар.
Аяз ата: ойын ойнайық ендеше.
Ойын: қар жинау.
Түлкі: ойындарының түрін соны да ойын дей ме?
Ақшақар: аяз ата бірақ алі қоянға көмектесе алмадық қой.
Аяз ата Ендеше таяғымды соғайын
Түлкіні үйден қууға
Көмекке мен шақырайын
Ал,жаңа жыл келе жатыр
Көмекке бізге тауық келе жатыр!
Би: тауық пен балапандар.
Аяз ата. Ааа тауық бізден кетіп жатыр екен ғой,сол үшін де күші де кеткен.Әйтпесе,түлкіні қуып шығар еді.
Ақшақар: ал мен білетін сияқтымын,енді бізге кім көмектесетінін.Балалар,тауық пен қоштастық,енді қандай жыл келеді бізге:
Балалар:ит жылы.
Түлкі: немене,ит дейді,қайда,қайсы?
Аяз ата: аааа,дұрыс айтасыңдар
Ендеше таяғымды соғайын
Түлкіні үйден қууға
Көмекке мен шақырайын
Ал,жаңа жыл келе жатыр
Көмекке бізге ит келе жатыр!
Түлкі: кетіп барамын кетіп барамын,шығайын деп жатырмын,міне міне шықтым.
(түлкі жүгіріп қашып кетеді)
Скуби дуби ду әуені тағы шығады.
(жарық өшеді!)
Ақшақар: аяз ата не болып жатыр өзі.
Аяз ата: мен де түсінбей жатырмын ақшақар.Сезіп тұрсыңба,аяқ қолым өздігінен қозғалып жатырма ,түсінбей жатырмын.
Ақшақар: менде де солай .бұл не өзі?
Ит: скубидуби дуууууууу деп кіріп келеді.
Флешмоб.
(бәрі флешмоб билейді)
Ит: хехеееей,білемін,білемін,қалай билегендеріңді түсінбей қалдыңдар ғой,бұл жаңа жылдық сиқыр ғой.Ал жаңа жыл кім?
Бәрі:ит
Ит: скубидубидуууууу.
Аяз ата: міне жаңа жылмызда келді
Қу түлкі де кетті,қоянда өз үйіне тұратын болды.Ризасыңдар ма балалар?!
Ит: Иә,енді саспаңдар,ешкімде сендерді ренжітпейді,бір жыл бойы бәріңді де күзетемін.
Ақшақар: аяз ата,балалармен би де биледік,ойын ойнадық,әнде айттық,ешнәрсе ұмытпадыңыз ба?
Аяз ата: әрине,оны қалай ұмытайын.Ал скуби сыйлықтарды әкел.
Ақшақар:ал балалар тұрайық
Шеңберді біз құрайық
Жомарт аяз атадан
Сыйлықтарды алайық.
Аяз ата: балаларым,рахмет сендерге,қоянға көмектесеміз деп,пингвинде болдық,буратино мальвинада,гномда,балапанда,ақшақарда,тіпті маша мен аю да болдық.Биді де биледіңдер,әнде айттыңдар,неткен өнерлі едіңдер.Ал,жаңа жылдарың құтты болсын.!
(сыйлықты ақшақар мен аяз ата таратады).
Ақшақар: балалар жаңа жыл ұнадыма сендерге?Ал енді қоштасатын кез келді.Сау болыңыздыр!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген