400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Таңғы жаттығулар жиынтығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Таңғы жаттығулар жиынтығы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қыркүйек айы


(1. 09 -- 15. 09 аралығы)


1. Ойын «Маған қарай жүгіріңдер» - бір бағытта топ болып жүру.

2. Бытырап жеңіл – желпі жүгіру - торғайларға ұқсап ұшамыз

3. Тәрбиешінің көмегімен шеңберге тұру.

4. Бастапқы қалып. Қолды артқа жіберіп, аяқты сәл ашып, тіке тұру. Тәрбиеші:

«Сендердің қолдарың қайда?»-- дегенде балалар қолдарын алға созып: «Міне

біздің қолдарымыз» - дейді. 5 – 6 рет қайталау.

5. Б. Қ. Бастапқы қалып. Қолды артқа жіберіп, аяқты сәл ашып, тіке тұру. Тәрбиеші

«Аяғымызды жасырамыз» дегенде, отырып, аяқтарын құшақтайды. «Аяқтарың

қайсы»-- дегенде орындарынан тұрып, бір жерде тұрып аяқтарын топылдатып –

«Міне, біздің аяқтарымыз» - дейді. 5 - 6 рет қайталау.

6. Б. қ. Қолды белге қойып, аяқты алшақ қойып, тіке тұру. Аяқты сәл бүгіп, үздіксіз

отырып – тұру. 6 – рет қайталау.

7. Өкшені көтеріп жеңіл – желпі жүгіру.

8. Бөлмеде топ болып тәрбиешінің артынан жүру.



(15. 09 -- 30. 09 аралығы)


1. Топ болып тәрбиешінің артынан жүру.

2. «Құстар ұшады» ---- бытырап жеңіл – желпі жүгіру.

3. Тәрбиешінің көмегімен шеңберге тұру.

4. Б. қ. Қолды жіберіп, аяқты сәл ашып, тіке тұру. «Құстар қанат қағады» -- Қолды

жанынан иық деңгейіне дейін көтеріп, төмен түсіріп «шықылықтау». 4 - 6 рет

қайталау.

5. Б. қ. қолды белге қойып, аяқты айқастырып, еденге отыру. Оңға бұрылып, солға

бұрылып, б. қ. келу.

6. Б. қ. Қолды артқа қойып, аяқты сәл ашып, тіке тұру. «Құстар шоқиды» -- алға

қарай еңкейіп саусақты тізеге соғып: «Шоқимыз»- деп б. қ келу. 4 - 6 рет қайталау.

7. Б. қ. қолды жіберіп, аяқты қосып, тіке тұру. «Құстар секіреді»-- екі аяқпен жеңіл

секіру, «құстар ұшады» -- қалаған жақтарына қарай жүгіру.

8. Шағын топ болып тәрбиешінің артынан жүру.













Қазан айы


( 01. 10 -- 15. 10 аралығы)


1. «Тоқта» деген белгі берілгенше топ болып бір бағытта жүру. 2 - 3 рет қайталау.

Әрбір балаға екеуден сылдырмақ беру.

2. Сылдырмақпен жүгіру және бір жерде тұрып оң және сол аяқпен кезекпе – кезек

топылдату.

3. Еркін тұру.

4. Б. қ. қолға сылдырмақ ұстап төмен қарай жіберіп, аяқты сәл алшақ қойып, тіке

тұру. Тәрбиеші: «Сылдырмақты көрсетіңдер» дегенде балалар қолдарын жанына

жіберіп, алдына қарай созып «Міне» -- дейді. Тәрбиеші: «Сылдырмақты

жасырыңдар» -- дегенде балалар сылдырмақты артына жасырады. 4 -- 6 рет

қайталау.

5. Б. қ. жоғарыдағыдай. Отырып, сылдырмақпен еденге соғып: «Тук – тук»деп

айтып түрегелу. 4 – 6 рет қайталау.

6. Б. қ. қолды жіберіп, аяқты қосып, тіке тұру. Бір орында тұрып біір уақытта

сылдырмақты сылдырлатып қос аяқпен секіру, жеңіл – желпі жүгіру.

7. Топ болып бір бағытта жүру.



(15. 10 -- 31. 10 аралығы)


1. «Автобуста келеміз» ойыны – бір бағытта топ болып адымдап жүру.

2. Бытырап жеңіл – желпі жүгіру.

3. Тәрбиешінің көмегімен шеңберге тұру.

4. Б. қ. Қолды жіберіп, аяқты сәл ашып, тіке тұру. Қолды әрлі – берлі тербеу. 4 – 6

рет қайталау.

5. Б. қ. қол белде, аяқты сәл алшақ қойып, тіке тұру. Кеудені оңға, солға бұрып б. қ.

келу. Әрбір жаққа 4 реттен қайталау.

6. Б. қ. аяқты сәл алшақ қойып, қол белде, тіке тұру. Тізені бүгіп, алға қарай еңкейіп

«Бом» - деп б қ келу. 4 6 рет қайталау.

7. Б. қ. қолды жіберіп, шалқадан жату. Өкшені еденмен сырғытып, аяқты кеудеге

тартып, бқ келу. 4 -- 6 рет қайталау.

8. Бір орында тұрып секіру және тіке бағытта жүгіру – доптар секіреді, доптар

домалайды.

9. «Автобуспен кетеміз» -- топ болып тәрбиешінің артынан жүру.











Қараша айы


( 01. 11 -- 15. 11 аралығы)


1. Шағын топ болып, бірінің артынан бірі жүру.

2. «Құстар» деген белгі берілген кезде жеңіл – желпі бытырай жүгіру.

3. Тәрбиешінің көмегімен шеңберге тұру.

4. Б. қ. қолды дене бойымен жіберіп, аяқты сәл ашып, тіке тұру. Қолдарын жоғары

көтеріп, бұлғап, «Ұшып кетті» - деп б қ келу. 5 - 6 рет қайталау.

5. Б. қ. жоғарыдағыдай. тізені бұгіп алға еңкейіп: «Клю – клю»- деп б.қ келу. 4 - 6

рет қайталау.

6. Б. қ. қолды жіберіп, аяқты созып, шалқадан жату. «Құстар жуынады» - бүгілген

қол мен аяқты еркін қимылдатып б қ келу.

7. Б. Қ. қолды жіберіп, аяқты қосып, тіке түру. «Торғайлар секіреді, ұшады» - бір

орында тұрып секіру, жеңіл – желпі жүгіру.

8. Шағын топ болып тәрбиешінің артынан жүру.



(15. 11 -- 30. 11 аралығы)


1. Қолдарына жалауша ұстап шағын топ болып тұру және бірінің артынан – брі

жүру, «Жел» деген белгі берілген кезде тоқтап, жалаушаны үру. 2 – 3 рет қайталау.

2. Жеңіл жүгіру.

3. Жүру және тәрбиешінің көмегімен шеңберге тұру.

4. Б. қ. қолға жалауша ұстап төмен жіберіп, аяқты сәл ашып тіке тұру. Қолды алға –

артқа тербету. 4 – 6 рет.

5.. Б. қ. қолға жалауша ұстап төмен жіберіп, аяқты сәл ашып тіке тұру. Оңға

бұрылып, жалаушаны артқа апару, сол жағына дәл осылай орындау. 4 – 6 рет.

6. Б. қ. қолға жалаушаны алып артқа ұстап, аяқты сәл ашып, тіке тұру. Тізені бүгіп

алға қарай еңкейіп, еденге алдарына жалаушаны қойып, б. қ келу. 4 – 6 рет

қайталау. Қайтадан еңкейіп жалаушаны алып түзеліп тұру.

7. Еркін бағытта жеңіл жүгіру және бір орында тұрып секіру.

8. Топшаға бөлініп, тіке бағытта жүру.















Желтоқсан айы.


( 01. 12 -- 15. 12 аралығы)


1. «Поезда келеміз» -- шағын топшаларға бөлініп тұру және бірінің артынан бірі

жүру.

2. «Жүгіреміз» деген белгі берілген кезде залда бытырап жүгіру.

3. Жүру және тәрбиешінің көмегімен шеңберге тұру.

4. Б. қ. қолды жіберіп, аяқты сәл ашып, тіке тұру. Қолды иық деңгейіне дейін

көтеріп, түсіріп «шықылықтау» 4 - 6 рет қайталау.

5. Б. қ. қолды жіберіп, аяқты сәл ашып, тіке тұру. «Қанатымызды қағамыз» -- оңға

бұрылып қолды артқа апарып б. қ келу. Сол жаққа дәл солай қайталау.

6. Б. қ. аяқты иық деңгейіне қойып, тіке тұру. Алға қарай еңкейіп « Ішеміз» - деп б. қ

келу. 4 – 6 рет қайталау.

7. Б. қ. Қолды дене бойымен жіберіп, шалқадан жату. Аяқты бүгіп, жоғары көтеріп,

шалқасынан жатқан қоңыз сияқты тырбаңдатып «Ж – ж - ж - ж - ж» - деп б қ келу.

2 – 3 рет қайталау.

8. Тәрбиешінің артынан сап түзеп бірінің артынан бірі жүру.



(15. 12 -- 31. 12 аралығы)


1. «Қыдыруға барамыз» - тұру және сап болып бір – бірден жүру.

2. «Маған қарай жүгіріңдер» -- тіке бағытта жүгіру.

3. Тәрбиешінің көмегімен шеңберге тұру.

4. Б. қ. қолды артқа ұстап, аяқты сәл ашып, тіке тұру. Қолды жоғары көтеріп бұлғап,

төмен түсіру. 4 – 6 рет қайталау.

5. Б. қ. қолды жіберіп, аяқты сәл ашып тіке тұру. Оңға бұрылып екі қолмен шапалақ

ұрып б қ келу. Сол жаққа дәл солай қайталау. 4 – рет.

6. Б. қ. жоғарыдағыдай. Тізені бүгіп алға қарай еңкейіп, қолды еденге тигізіп б қ

келу. 4 – 6 рет.

7. Б. қ. қолды жіберіп, аяқты қосып тіке тұру. Бір орында тұрып екі аяқпен секіру

және жеңіл жүгіру.

8. Тәрбиешінің артынан сап түзеп бірінің артынан бірі жүру.














Қаңтар айы


( 01. 01 -- 15. 01 аралығы)



1. Аяқты жоғары көтеріп тәрбиешінің артынан сап түзеп бірінің артынан бірі жүру.

«Тоқта» деген белгі берілген кезде тоқтап қалу. 2 рет қайталау.

2. Бірінің артынан бірі жеңіл жүгіру.

3. Жүру және еркін тұру. Кубик алу.

4. Б. қ. қолға кубик ұстап дене бойымен жіберіп, аяқты сәл ашып тіке тұру. Қолды

алға қарай, жанына қарай созып: «Міне!» - деп қолды артқа жасыру.

5. Б. қ. кубикті алдарына қойып, аяқты айқастырып еденге отыру. Кубикті оң

қолымен алып, оңға бұрылып кубикті артқа алысырақ қойып, б қ келу, қайтадан

оңға бұрылып, кубикті алып алдына қою. Сол жаққа дәл осылай орындау. Әрбір

жаққа 3 реттен қайталау.

6. Б. қ. қолға кубик ұстап, аяқты сәл ашып, тіке тұру. Жүресінен отырып, төмен

еңкейіп кубикті еденге қойып түзелу, қайтадан еңкейіп оны алу. 4 – 6 рет

қайталау.

7. қолды жіберіп, аяқты қосып тіке тұру. Бір орында тұрып екі аяқпен секіру және

жүгіру.

8. Жұп болып бөлме ішінде жүру.



(15. 01 -- 31. 01 аралығы)


1. Бір – бірден сап түзеп жүру.

2. Бір орында тұрып секіру және жүгіру.

3. Тәрбиешінің көмегімен шеңберге тұру.

4. Б. қ. қолды дене бойына жіберіп, аяқты сәл ашып тіке тұру. Қолды жоғары

көтеріп шапалақ соғып бқ келу. 4 – 6 рет қайталау.

5. Б. қ. аяқты айқастырып еденге отыру. Солға бұрылып, артқы жақтан еденге

алақанымен соғып «Тук» - деп б қ келу. Сол жаққа дәл осылай орындау. Әрбір

жаққа 3 реттен орындау.

6. Б. қ. қолды жіберіп, аяқты ашып тіке тұру. Алға қарай еңкейіп б қ келу. 4 – 6 рет

қайталау.

7. Б. қ. қолды иектің астына тіке қойып, етпетінен жату. Қолды алға созып иіп, б қ

келу.

8. Б. қ. қолды белге қойып, аяқты ашып тіке тұру. Аяқты сәл бүгіп отырып – тұру.

9. «Қыдырамыз» - жаймен жүру.









Ақпан айы


( 01. 02 -- 15. 02 аралығы)


1. Ақты жоғары көтеріп адымдап жүру.

2. «Құстар ұшады» - бытырап жеңіл жүгіру.

3. Жүру және шеңберге тұру.

4. Б. қ. қолды жіберіп, аяқты сәл ашып тіке тұру. «Әлпеншек» - қолды алға – артқа

тербету. 6 рет қайталау.

5. Б. қ. Қолды белге қойып, аяқты айқастырып, еденге отыру.

«Бұрандалы ойыншық» --- оңға, солға айналу. 2 - 3 рет қайталау.

6. Б. қ. аяқты сәл ашып тіке тұр. Еңкейіп отыру, «Отыру» - деп б қ келу. 4 – 6 рет

қайталау.

7. Б. қ. қолды ұзына бойына жіберіп, аяқты түзу ұстап шалқадан жату. Тізені бүгіп,

аяқты кеудеге тартып б қ келу.

8. Б. қ. қолды жіберіп, аяқты қосып тіке тұру. «Торғайлар секіреді, ұшады» -- бір

орында тұрып секіру және бытырап жүгіру.

9. Бірінің артынан бірі жүру.



(15. 02 — 28. 02 аралығы)


1. «Қыдырып жүрміз» -- жұп болып жүру.

2. «Жүгіріңдер» деген белгі берілген кезде жүгіру. 2 3 рет қайталау.

3. Жүру және еркін тұру.

4. қолды жіберіп, аяқты ашып тіке тұру. «Ең биік ағашты көрсетеміз» -- қолды

жанынан жоғары қарай көтеріп б қ келу. 4 6 рет.

5. Б. қ. қолды белге қойып, аяқты сәл ашып тіке тұру. « Ағаштың артында кім тұр?»

-- оңға бұрылып түзелу, сол жаққа дәл осылай орындау. 4 - 6 рет.

6. Б. қ. жоғарыдағыдай. «Ағаштың астында кім бар?» -- еңкейіп отырып

«Отырамыз» - деп б қ келу. 4 -- 6 рет.

7. Б. қ. төрттағандап тұру. «Аюлар» - төрттағандап жүру.

8. Қонжық ойыншықтың соңынан шағын топ болып жүру.















Наурыз айы


( 01. 03 -- 15. 03 аралығы)


1. Бірінің артынан бірі жүріп белгі берген кезде тоқтау (тәрбиеші қызыл дөңгелек

көрсетеді. )

2. Бытырап жүгіру.

3. Жүру және еркін тұру.

4. Б. қ. қолды артқа ұстап, аяқты сәл ашып тіке тұру. «Алақаныңды көрсет» -- қолды

алға, жанына апарып б қ келу. 4 – 6 рет қайталау.

5. Б. қ. аяқты айқастырып еденге отыру. Оңға бұрылып: «Міне» - деп б қ келу. Сол

жаққа дәл осылай орындау. Әрбір жаққа 3 реттен орындау.

6. Б. қ. қолды төмен жіберіп, аяқты иық деңгейіне қойып тіке тұру. Алға қарай

еңкейіп жұдырықпен тізеге соғып б қ келу. 4 – 6 рет.

7. Б. қ. қолды кеуде тұсына қойып, аяқты созып, етпетінен жату. Қолды алға қарай

созып иіліп б қ келу.

8. Б. қ. жіберіп, аяқты қосып тіке тұру. «Доптар секіреді, доптар домалайды.» -- бір

орында тұрып секіру және тіке бағытта жүгіру.



(15. 03 — 31. 03 аралығы)


1. Сапқа тұру. Сап болып бір – бірден жүру. «Тук – тук» деген белгі берген кезде

тоқтап саусақты саусаққа тигізу. 3 – 4 рет қайталау.

2. Бытырап жүгіру.

3. Жүру және еркін тұру. Қолға лента алу.

4. Б. қ. қолды жіберіп, аяқты сәл ашып тіке тұру. Қолды алға – артқа тербеу. 5 – 6

рет қайталау.

5. Б. қ. қолға лента ұстап төмен жіберіп, аяқты сәл ашып тіке тұру. Қолды жоғары

сілтеп оңға бұрылып б қ келу. Сол жаққа дәл осылай орындау.

6. Б. қ. жоғарыдағыдай. Алға қарай еңкейіп лентаны бұлғап б қ келу. 5 – 6 рет

қайталау.

7. Б. қ. қолды дене бойымен жіберіп шалқасынан жату. Тізені бүгіп аяқты кеудеге

тартып, қолмен тізеге соғып «Тук – тук» - деп б қ келу. 4 рет қайталау.

8. Б. қ. қолды жанына қарай жіберіп, аяқты қосып тіке тұру. Жеңіл жүгіру және бір

орында тұрып секіру.

9. Бірінің артынан бірі жүру.











Сәуір айы


( 01. 04 -- 15. 04 аралығы)


1. Жұптасып жүру.

2. «Аттар» -- тізені бүгіп, аяқты жоғары көтеріп жүру. 2 рет қайталау.

3. Жүру және еркін тұру.

4. Б. қ. қолды артқа қойып, аяқты сәл ашып тіке тұру. «Алақаныңды көрсет» --

қолды алға, жанына қарай созып б қ келу. 4 - 5 рет қайталау.

5. Б. қ. қолды белге қойып, аяқты айқастырып, еденге отыру. Артқа қарай оңға

бұрылып алақанмен еденге соғып «Хлоп « деп б қ келу. Сол жаққа дәл осылай

орындау. Әрбір жаққа 2 – 3 реттен орындау.

6. Б. қ. қолды жіберіп, аяқты сәл ашып тіке тұру. «Үлкендер және кішкентайлар» --

жүресінен отырып, тізені құшақтап б қ келу.

7. Б. қ. қолды дене бойымен жіберіп, аяқты түзу ұстап шалқадан жату. Тізені бүгіп,

аяқты кеудеге тартып жұдырықпен тізеге соғып б қ келу.

8. Б. қ. қолды жіберіп, аяқты қосып тіке тұру. Бір орында тұрып секіруді әрі қарай

жүгірумен жалғастыру.

9. Бірінің артынан бірі жүру.



( 15. 04 — 30. 04 аралығы)


1. Топтанып жүру.

2. «Ұшақтар» деген белгі берілген кезде қолды жанына қарай көтеріп, бөлме ішінде

жеңіл жүгіру. 2 – 3 рет қайталау.

3. Жүру және еркін тұру.

4. Б. қ. қолды жіберіп, аяқты сәл ашып тіке тұру. «Ұшаққа қол бұлғаймыз» -- қолды

жоғары көтеріп, бұлғап б қ келу. 4 – 5 рет қайталау.

5. Б. қ. қолды белге қойып, аяқты айқастырып, еденге отыру. «Ұшақтың қайда

екенін көрсет» -- артқа қарай солға бұрылып, сол қолмен бұлғап б қ келу. Оң

жаққа дәл осылай орындау. Әрбір жаққа 4 – 5 рет орындау.

6. Б. қ. қолды жіберіп, аяқты сәл ашып тіке тұру. «Ұшақ қонып жатыр» -- аяқты

бүгіп, алға қарай еңкейіп «Отырамыз» - деп б қ келу. 5 – 6 рет қайталау.

7. Б. қ. қолды кеудеге қойып, аяқты түзу ұстап тіке тұру. «Ұшақ ұшты» -- қолды екі

жанына жіберіп, иіліп б қ келу.

8. Жеңіл жүгіру және екі аяқпен секіру.

9. «Көлікпен барамыз» -- аяқпен топылдатып жүру.










Мамыр айы


( 01. 05 -- 15. 05 аралығы)


1. Қолға сылдырмақ ұстап бірінің артынан бірі жүру.

2. Жеңіл жүгіру және бір орында тұрып оң және сол аяқпен кезекпе – кезек

топылдату.

3. Жүру және 2 қатар болып сапқа тұру.

4. Б. қ. қолды жіберіп, аяқты сәл ашып тіке тұру, қолда сылдырмақ. Қолды алға –

артқа қарай тербеу. 5 6 рет қайталау.

5. Б. қ. аяқты айқастырып, еденге отыру. «Сылдырмақты жасыр» - оңға бұрылып,

сылдырмақты артына жасырып: « Жоқ» - деп б қ келу. Сол жаққа дәл осылай

орындау. Әр жаққа 2 - 3 реттен орындау.

6. Б. қ. қолды төмен жіберіп, аяқты ашып тіке тұру. Алға қарай еңкейіп, тізені соғып

б қ келу.

7. Б. қ. тізені бүгіп, шалқадан жату. Тізені жоғарырақ көтеріп, аяқпен тепкілеу. 8 рет

қайталау.

8. Тәрбиешінің артынан бір – бірден сап түзеп жүру.



( 15. 05 — 31. 05 аралығы)


1. Бөлме ішінде бытырап жүру. «Сыбызғы» деген белгі берілген кезде, тоқтап

сыбызғыда « ойнау». 3 – 4 рет қайталау.

2. Дабыл аспабын қатты соққанда бытырап жүріп, жәй соққанда балалар көзін

жұмып, тәрбиеші олардан қашып кетеді.

3. Жүру және 2 қатар болып сапқа тұру.

4. Б. қ. қолды жіберіп, аяқты сәл ашып тіке тұру. «Құстар қанат қағады» -- қолды

жанынан көтеріп, түсіргенде « шықылықтау». 4 – 5 рет қайталау.

5. Б. қ. қолды белге қойып, аяқты айқастырып еденге отыру. «Құстар дән іздейді.» --

оңға бұрылып, артқы жағынан еденге қолын тигізіп «Міне» - деп б қ келу. Сол

жаққа дәл осылай орындау. Әрбір жаққа 2 - 3 реттен қайталау.

6. Б. қ. қолды жіберіп, аяқты сәл ашып тіке тұру. «Құстар шоқиды» -- алға қарай

еңкейіп, саусақпен тізеге соғып б қ келу. 3 – 4 рет қайталау.

7. Б. қ. қолды дене бойымен жіберіп, аяқты түзу ұстап шалқадан жату. «Құстар

жуынады» аяқты және қолды бүгіп, оларды еркін қимылдатып, бқ келу.

8. Б. қ. бір – бірінің қолынан ұстап, аяқтарын қосып жұптасып тұру. Жұптасып жүру

жәнебір орында тұрып секіру.

9. Жүру.










Қыркүйек айы


(1. 09 -- 15. 09 аралығы)


1. Аяқ сәл алшақ, қолымыз иықта, алға, артқа есу (3 - 4 рет)
2. Қолды алға созып, қайшылап қозғалту (3 - 4 рет)
3. «Сағаттың тіліндей, Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей, Иіліп солға бір».
4. Аяқ сәл ашық, тіземіз түзу, аяқтың ұшына қолымызды тигізу, қалыпқа келу

(3 - 4 рет).
5. Қоян - секіреді; ат - шабады; құс - ұшады; аю - қорбаңдайды; адам - жүреді.
6. Кілемге жатып, аяқты көтеріп, велосипед тебу, қалыпқа келу (3 - 4 рет).
7. Жерде жатып, балықша жүзу, екі қолды сермеу, қалыпқа келу (3 - 4 рет).
8. Аяқтың ұшымен көтерілу, демді жұтып шығару (3 - 4 рет).


(15. 09 -- 30. 09 аралығы)


1. Аяқ бірге, қолды алға созу, жоғары көтеру, жанға созу (3 - 4 рет).
2. Қол белде, оңға, солға иілу (3 - 4 рет).
3. «Отырайық жүрелеп,
Гүлді үзіп алайық.
Орнымыздан түрегеп,
Басқа гүлге барайық».
4. Қолымыз иықта, алға, артқа есу (3 - 4 рет).
5. Қол белде оң аяқпен 3рет, сол аяқпен 3 рет, қос аяқтап 3рет секіру.
6. Кілемге жатып, аяқты созып, бірге көтеру қалыпқа келу (3 - 4рет).
7. Аяқты алға созып көтеру, қайшылау, түсіру.
8. Саппен жүріп өту. «Денсаулығым керемет, Жаттығуға рахмет!»

















Қазан айы


( 01. 10 -- 15. 10 аралығы)


1. Шеңберде аяқтың ұшымен, өкшемен жүріп өту.
2. Қол белде, оңға, солға бұрылыстар жасау (3 - 4рет).
3. Қолымызды екі жаққа жайып, көбелек болып ұшамыз, гүлге қонамыз, шырын

сорып, қайта ұшамыз.
4. Қолымызды қимылдатып, күбідегі қымызды піскендей боламыз, қалыпқа келеміз

(3 - 4рет).
5. Оң қолды, сол қолды жоғары көтеріп, есеміз (3 - 4рет).
6. Кілемге жатып, аяқты жоғары көтеріп, велосипед тебеміз.
7. Аяқ бірге, аяқтың ұшына қолымызды тигіземіз, қалыпқа келеміз (3 - 4рет).



(15. 10 -- 31. 10 аралығы)


1. Ойын. «Маған қарай жүріңдер» - топтасып бір бағытта жүргізу.
2. «Торғайлар болып ұшайық» - жан – жаққа жүгіру (жеңіл жүгіру).
3. Тәрбиешінің көмегімен шеңбер құрып тұрамыз.
4. Шеңбер бойында жүру, жеңіл жүгіру, «қоянша» жүгіру.
5. Тік тұрып, қолды жоғары көтеру. (3 - 4 рет)
6. Тік тұрып, қолды алға созу. (3 - 4 рет)
7. Торғай болып қанат қағып ұшамыз.
8. Тік тұрып, аяқты алшақ қойып, бүйірді таянып, оңға – солға иілу. (3 - 4 рет)
9. Аяқтың ұшымен жеңіл жүру.
10. Тәрбиешінің артынан үйіріліп жүру.


















Қараша айы


( 01. 11 -- 15. 11 аралығы)


1. Сапта тұрып, бірінен кейін бірі тізіліп жүру, жүгіру, аяқтың ұшымен жүру.
2. Шеңбер жасап тұру.
3. Тік тұрып, қолды алға жоғары, жаңға созу, төмен түсіру. (3 - 4 рет)
4. Екі қолды жайып, көбелекке ұқсап ұшу, бір орында тұрып жайлап айналу, қону.

(3 - 4 рет)
5. Қоянша секіру, аю сияқты қорбаңдау.
6. Балапандар жем шұқыды, саусақтарымен еденді соғу. (3 - 4 рет)
7. Дем алып, дем шығарып, жәй жүріспен кету.



(15. 11 -- 30. 11 аралығы)


1. Тәрбиешінің артынан шеңбер бойында жүру, жеңіл жүгіру, бірінің артынан бірі

тұру.
2. Қоянша секіру, аю сияқты қорбаңдау, құсша ұшу.
3. Шеңбер құрып тұру, тәрбиешінің көмегімен.
4. Басымен оңға, солға иілу.
5. Қолды жоғары көтеріп, төмен түсіру.
6. Бүйірді таянып, оңға, солға иілу.
7. Психогимнастикалар.






















Желтоқсан айы.


( 01. 12 -- 15. 12 аралығы)


1. Ойын. «Маған қарай жүріңдер.» - бір бағытта топтасып жүру.
2. «Торғайлар болып ұшайық» - әртүрлі бағытта жеңіл жүгіру.
3. Тәрбиешінің көмегімен шеңбер құрып тұрамыз.
4. Қалыпты жағдай – тік тұрып, аяқты алшақ қойып, қолды артымызда ұстап.
Тәрбиеші: «Біздің қолымыз қайда?», балалар қолды алға қарай созады «Міне

біздің қолымыз!»
5. Қалыпты жағдай - аяқты алшақ, қолды белге. «Тик - так» - сағаттың тіліндей оңға,

солға иілу.
6. Қалыпты жағдай – аяқты алшақ қою, қол төменде, екі қолды жоғары көтеру

«Күнге қол созамыз».
7. Аяқтың ұшымен жеңіл жүгіру.
8. Тәрбиешінің артынан үйіріліп жүру.



(15. 12 -- 31. 12 аралығы)


1. Тәрбиешінің артынан шеңбер бойында жай жүру, аяқтың ұшымен жүру.
2. Б. қ. – аяқты алшақ қойып, қолды төменде,
1 - қолды алға созамыз.
2 - қолды жоғары көтереміз.
3 - бірінші қалыпқа келеміз. (3 - 4 рет)
3. Б. қ. – аяқты алшақ, қолды белге қойып,
«Сағаттың тілі»
1 - оңға иілеміз
2 - солға иілеміз
Бірнеше рет қайталаймыз.(5 - 6 рет)
4. Б. қ. – аяқты алшақ, қолды төмен басымызбен оңға, солға иілу. (4 - 5 рет)
5. «Қарлығаш» болып ұшамыз
6. «Қоян» сияқты секіреміз.
7. Жай жүру, дем алу.








Қаңтар айы


( 01. 01 -- 15. 01 аралығы)


Психогимнастика.
Мақсаты: Балалардың психо - эмоционалдық көңіл – күйлерін тудыру жаттығуды пайдалану.
1. «Саусақтар амандасады.» массаж жасаймыз –«қолды жуамыз».
2. «Қайырлы күн, көздерім!» Қабақты сипаймыз.
«Оянамыз көздерім!»- бинокльге қараймыз.
3. «Қайырлы таң құлақ!» - құлақты сипаймыз,
«Оянамыз, құлақтар!» - алақанды тосамыз.
4. «Қайырлы таң, қолым!» - алақанды сипаймыз.
«Оянамыз, қолымыз!» - шапалақтаймыз.
5. «Қайырлы таң, аяғым!» - аяқты сипау.
«Оянамыз, аяғым!» - қаз - қаз басамыз.


(15. 01 -- 31. 01 аралығы)


1. «Сықырғыш» - Бiрiнен сон бiрі сапқа тұрып бағытты өзгертiп жүру. «Шапалақ» -

Бытырап жүгiру.
2. Сапта аяқтың ұшымен, өкшемен жүру.
З. Тұзу тұрып, аяқты сәл алшақ қою. Қолдарды артқа - алға тербеп, жан - жақтан

көтеру, оған қарап, ақырындап орнына түсiру. (6 - 7 рет қайталау)
4. Түзу тұрып, аяқты сәл алшақ қою. Оңға бұрылып, қолды артқа созу, оған қарап,

бұрынғы қалыпқа қайта келу. Соны сол қолмен қайталау. (2 - З рет қайталау)
5. Түзу тұрып, аяқты сәл алшақ қою. Қолды алдыға созып, шынтақты бүгеді,
«насос» ұстағандай түру. Машинаның дөңгелегiн ауаға толтырғандай алға,

төменге еңкею, өз қалпына келу.(5 - б рет қайталау)
6. Аркаға жатып, дене бойымен қолды созу. Аяқты кеудеге тартып, тiзеден қолмен

шапалақтау, өз қалпына қайта келу.(5 - б рет қайталау )
7. Түзу тұрып, қолды белге қою. Бiр орында тұрып, секіру. (4 - 5 рет қайталау)
8. Сапта тұрып бiрiнен соң бағытты өзгертiп жүру.














Ақпан айы


( 01. 02 -- 15. 02 аралығы)


1. Тізбекте қатарымен тұру және жүру. Аяқ ұшымен жүру, қолды белге ұстау.
2. Жеңіл аяқ ұшымен жүгіру.
3. Б. қ.: қолды белге ұстау, аяқ арасын алшақ ашып тұру, қолды жанға созу, жоғары

көтеру, аяқ ұшымен тұру, қолды жанда ұстау.
4. Б. қ.: қолды желкеде саусақты айқастырып ұстап, аяқ арасын алшақ, ашып тұру,

кеудені еңкейіп, қолды аяқ ұшына тигізу.
5. Б. қ.: өкшені қосып аяқ ұшын ашып, қолды белге қойып тұру. Қолды алға созып

отыру, тұру.
6. Б. қ.: аяқ ұшын ашып, өкшені қосып қолды белде ұстап тұру. Оң аяқты алға

созып, аяқ ұшын қою жанға, артқа созу, б. қ. келу.
7. Б. қ.: өкшені қосып аяқ ұшын ашып тұру, қолды төмен түсіріп тұру, оң аяқты

жанға, қолды жанға ұстау, оң қолды төмен түсіру, сол қолды жоғары көтеру, екі

қолды да жанға ұстау, оң аяқты қосып, б. қ. келу.
8. Б. қ.: өкшені қосып аяқ ұшын ашып тұру, қолды төмен түсіріп тұру, секіріп аяқ

арасын ашу, қолды жанға ұстау секіріп аяқ арасын қосу.


(15. 02 — 28. 02 аралығы)


1. Тізбекте бір қатармен тұру, жүру, шашырап жүгіру.
2. Жүру, звеноға бөліну.
3. Б. қ.: қолды жанына түсіріп тұру, аяқ арасын сәл ашып тұру, қолды жанынан

жоғары көтеру, керілу.
4. Б. қ.: аяқ арасын сәл ашып, қолды түсіріп тұру, «маятник» кеудені кезектестіріп

солға, оңға иілу, әр жанға.
5. Б. қ.: аяқ арасын алшақ ашып тұру, қолдың саусақтарын айқастырып, бастан

жоғары ұстау. «Ағаш жару»- жылдан алға еңкею, қолды алға, төмен, б. қ. келу.
6. Б. қ.: еденде тізеңе бүгіп отыру, қолды артқа тіреп отыру, аяқты алға созу, жоғары

көтеру, түсіріп алға созу, б. қ. келу.
7. Бір орында тұрып немесе шашырап секіру.
8. Жұптасып жүру.







Наурыз айы


( 01. 03 -- 15. 03 аралығы)


«Сылдырмақпен».  Жүру мен бірінің артынан бірі жүгіру.


Жалпы дамытушы жаттығулар.
1. «Сылдырмақпен тұру» бастапқы қалып аяқтың арасын сәл ашып қол төменде, (қолды сылдырлату). Сылдырмақты жоғары көтеру(4 рет).
2. «Сылдырмақты соғу». Еңкейіп сылдырмақпен тізеге соғу, тұру.
3. «Сылдырмақты қою». Отырып, сылдырмақты жерге қою, тұру. Отырып сылдырмақты алу. Жүру және бірінің артынан бірі жүгіру.


(15. 03 — 31. 03 аралығы)


Аяқтың ұшымен бірінің артынан бірі жүріп, шеңбер жасап тұру.

Жалпы дамытушы жаттығулар.
Қол мен иық бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар
Жаттығуларды құралмен немесе құралсыз орындауда қолдарын жанынан жоғарыға көтеріп, қолдарын кезекпен немесе бірге түсіру. Құралды алдынан, артынан, басының үстімен қолдарына кезекпен ауыстыру. Алдынан немесе басының үстінен шапалақтап қолдарын артына жасыру. Қолдарын алға созып, жан-жағына апару, алақандарын жоғары бұрып, буындарын көтеріп түсіру, саусақтарын қозғалту. Қолының саусақтарын жұмып ашу. Қолдарын белдеріне қою.


















Сәуір айы


( 01. 04 -- 15. 04 аралығы)


Аяққа арналған жаттығулар


1.Аяқтың ұшымен көтерілу. Аяқтың ұшын алға, жанына, артқа қою.

2.Қатарынан 2-3 рет жартылай отыру жаттығуларын жасау.

3.Қолдарын алға созып, қолдарымен тізесіне сүйеніп, тізесін құшақтап және басын иіп отыру.

4.Тізесінен бүгілген аяқтарын кезекпен көтеру, тізесінен бүгілген аяқтарын бір-біріне соғып, шапалақтау.



( 15. 04 — 30. 04 аралығы)


Жалпы дамытушы жаттығулар.

1. «Қолдарымызды көтереміз» Б.ж орындықта отырып, аяқтың арасын сәл ашып,

қолдары тізеде. Қолды алға созып, алақанды көрсетіп қайтадан түсіру. (4-рет).
2. «Басымызды тығамыз». Алға қарай еңкейіп, басты төмен түсіру, түзу тұру. (4-

рет).
3. «Отырып тұру». Аяқты сәл ашып, қолдарын үстелдің басына қою. Отырып

үстелдің артына тығылу. (4-рет).

4. Жүру және бірінің артынан бірі жүру.

















Мамыр айы


( 01. 05 -- 15. 05 аралығы)

Мақсаты: Балаларға ертеңгілік көңіл күй, көтеріңкі сезім сыйлау.Баланы ептілікке, белсенділікке тәрбиелеу. Жүру, жүгірудің түрлерін меңгерту. Құралмен жаттығу жасау дағдыларын қалыптастыру. Ұйымдасқан түрде жаттығу жасауға үйрету.
1.
Жай жүріс
2.
Қолымызды көтеріп, аяқтың ұшымен жүру
3.
Қолымыз өкшемен жүру.
4.
Аюша қорбаңдап жүру
5.
Жыланша ирелеңдеп жүру
6.
Тышқанша жүгіру
7.
Шеңбер болып жүріп, жалаушаны екі қолға ұстау.
             

( 15. 05 — 31. 05 аралығы)



І. Жаттығу түрі: «Жоғары төмен қарайық»

Б.қ. Аяқтың арасы сәл ашық,
1-
алға 
2-
жоғары
3-
жанға
4-
төмен

ІІ жаттығу түрі:Б.қ. Аяқтық арасы сәл ашық.
1. «
Қайшылау».


ІІІ жаттығу түрі:  «Күнге созылу» Б.қ. Аяқтық арасы сәл ашық.
1.
Жалауша артымызда
2.
Жоғары көтеріп, оңға, солға бұрылу.

ІҮ жаттығу «Жанға иілу» 
1.    
Жалаушаны  жанымзға созу
2.    
Алға иілу, оңға, солға иілу


Ү жаттығу: «Жалауды желбірет»
Демалу жаттығуы:
Саппен шығып кету.              





"Балауса" балалар бақшасы МКҚК

















Таңғы

жаттығулар жиынтығы.



«Бұлақ» тобы











Тәрбиеші: Есенкельдина К.С









2018-2019 оқу жылы.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
3 қараша
7345
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі