400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Таңқыбаева Бағжан Әмірбекқызы

Материал туралы қысқаша түсінік
алаларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Жосалы кенті

ЖШС «Сардарбек» балабақшасы

Тәрбиеші Таңқыбаева Бағжан Әмірбекқызы



Тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!»

Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру.

Сөздік жұмысы: рәміздер, Отан.

Билингвалды компонент: Отан-Родина, әнұран-гимн, елтаңба-герб, ту-флаг.

Әдіс-тәсілі: көрнекілік, сөздік, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, сиқырлы қалам.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушы






Бүгін бізде ерекше күн. Бүгін бізге қонақтар келіп отыр екен.

Балалар шеңбер бойына тұрып, тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды.

Амансың ба, алтын күн,

Амансың ба, Жарқын күн

Амансың ба, достарым,

Сендерге күлкі сыйладым.

Сәлеметсіңдер ме, қонақтар.

Жарайсыңдар, балалар. Отыра қойыңдар.

  • 1 жылда неше жыл мезгілі бар?

  • Қазір қай жыл мезгілі?

  • Қыс мезгілінің ерекшеліктері?

  • Қыста не болады?

  • Қардың түсі қандай?







Шеңбер бойына тұрып өлең жолдарына сәйкес қимыл қозғалыс жасайды.

3 тілде амандасады.




4

Қыс


Қар

Ақ – белый-уайт.


Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы «Мен өз елімнің патриотымын!»

Балалар, біз қандай мемлекетте өмір сүреміз?

Бас қаламыз қай қала?

Елбасымыз кім?

Жарайсыңдар, балалар. Өте дұрыс.

Әрбір республиканың ерекшелігін білдіретін әнұраны, туы, елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп атаймыз. Енді осы рәміздерімі туралы жеке-жее тоқталып өтейік. (сиқырлы қаламды пайдалану).

Мынау-туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды. Көк аспандай көгілдір, ортасында күн, астында бүркіт ұшып келе жатыр.


Мынау-елтаңбамыз. Елтаңбада шаңырақ, күн сәулесі, бес бұрышты жұлдыз, «қазақстан» деген жазу бар.

Рәмідерді үлкен де, кіші де құрметтеп жоғары ұстауы тиіс. Әнұранды біз білеміз. Сендер рәміздерімізді еліміздің патриоты ретінде қастерлеуге тиіссіңдер.

Енді балалар осы рәмідеріміз туралы кім қандай тақпақ біледі?














Жарайсыңдар, балалар. Коп рахмет. Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Халқымызда «Отан-отбасынан басталады» деген мақал бар. Сендер, үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар. Енді балалар, «Мен өз Отанымның патриотымын» атты видео-роликті тамашалайық.

Жарайсыңдар, балалар. Енді бәріміз сергіту сәтін жасайық.

Орнымыздан тұрайық,

Шеңбер жасап алайық

Бір отырып, бір тұрып,

Қолымызды жаяйық,

Құс боп қанат қағайық.

Балалар, жарайсыңдар. Бүгінгі оқу қызметінде алған білімімізді тиянақтайық. Қазір сендерге конверт таратамын. Ішіндегі тапсырманы орындаймыз.

( конверт ішіндегі қиындылардан ҚР туын құрастырамыз ).





Қазақстан


Астана

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев













Қызыға тыңдап, назар аударады.




Мерей:

Шаңырақтың шаттығы,

Асқақтатып тұр мұны

Елтаңбасы елімнің,

Елдің тыныш тірегі.


Ердәулет:

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.


Тамерлан:

Әнұраным, жанұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым,

Айналайын елімнен.







Интерактивті тақтадан видео-роликті тамашалайды.



Сергіту сәтін орындайды.










Тапсырманы орындайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Балалар, бүгін қандай оқу қызметін өттік?

Туымыздың түсі қандай екен?

Үш тілде айтайық.

Жарайсыңдар, балалар. Бүгінгі оқу қызметіне жақсы ат салыстыңдар. Сондықтан мен сендерге сыйлық бергім келеді.


Сұрақтарға жауап береді.







Күтілетін нәтиже:

Нені игеру керек: өз елінің патриоты болу керектігін, рәміздерімізді қастерлеп жүру керектігін.

Меңгергені: туған жерімізді сүюді.

 























































ЖШС «Сардарбек» балабақшасы













Ашық ұйымдастырылған

оқу қызметі



Тақырыбы: «Мен өз Отанымның

патриотымын»









Тәрбиеші: Таңқыбаева Бағжан











2017-2018 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
382
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі