400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Таным белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер

Материал туралы қысқаша түсінік
Таным белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер мәліметтер беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коккозова М.Б., Наралиева Р.Т., Амирова М.Ж., Масимбаева А.Ә.



















ҚАЗАҚ ТІЛІ:

оқиық, үйренейік, сөйлесейік

(Дидактикалық материалдар)





















Алматы – 2015

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті







Пікір жазған: ф.ғ.д., проф. Д.Әлкебаева.



П.ғ.к., доц. М.Б. Коккозованың жетекшілігімен құрастырылды: Құрастырушылар: Наралиева Р., Амирова М.Ж., Масимбаева А.Ә.









Қазақ тілі: оқиық, үйренейік, сөйлесейік

(Дидактикалық материалдар)





















УДК 811.512.122

ББК 81.2 каз – 923

Қ 17







Коккозова М.Б., Наралиева Р.Т., Амирова М.Ж., Масимбаева А.Ә.

К Қазақ тілі: оқиық, үйренейік, сөйлесейік. Дидактикалық материалдар: оқу-әдістемелік құрал.

Алматы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2014 – 60б.

ISBN

Ұсынылып отырған дидактикалық материалдар қазақ тілін өзге тілді дәрісханаға негізгі оқулыққа көмекші оқу-әдістемелік құрал ретінде арналады. Оқу-әдістемелік құрал университеттің ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде білім алушы АИР тыңдаушыларына арналған, дидактикалық материалдар ауыл шаруашылығы саласын таңдаған тыңдаушылардың мамандығына қатысты мәтіндермен қатар, олардың сөздік қорын байыта түсу мақсатында диалогтер, тіл ұстарту мақсатында әртүрлі тақырыптағы мәтіндер де қоса ұсынылды. Оқу-әдістемелік құрал шетелдік тыңдаушыларға арналады.



















АЛҒЫ СӨЗ

Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болып, оны жете білуге көңіл аударған кезде мектептерде, арнаулы оқу орындары мен жоғары оқу орындарында тілдің ғылыми негіздерін игеру талаптары артуда.

Білімнің сапасын арттырып, оны өмір ағымына сай жетілдіріп отыру тіл мамандарына үлкен үміт жүктейді. Қай пәнді болса да өмір талабына лайық жан-жақты игерту, сол пәнге қатысты материалдарды түсінікті, қызықты етіп оқыту әдістеменің басты міндеті екені күмән тудырмаса керек. Осындай қажеттіліктерді өтеу мақсатында оқу-әдістемелік құралына грамматиканы қамтитын әр түрлі ойын түрлері, сөзжұмбақтар, ребустар беріліп отыр.

Бұл оқу-әдістемелік құралы сабақ кезінде өтілген материалдарды пысықтап тиянақтауға, алған білімдерін тексеруге, ой-өрісін кеңейтуге, практикалық дағдысын ұштай түсуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ оқу-әдістемелік құралда грамматикадан оқып-үйренгендерін әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы қайталап бекіту, жауапты тез таптыртып тапқырлыққа дағдыландыру, түрлі тіл дамыту жұмыстарын жүйелі, қызықты, мәнді, мағыналы өткізу мақсаттары көзделеді.

Бұл еңбектің тағы бір өзіндік сипаты – оқушылар тілдік білімдерін жетілдіріп қана қоймай, бірнеше сұрақтарға жауап таба алады. Тыңдаушылардың тілдік қорын байытуда ойлау қабілетін, танымын дамытуда жүргізілетін мұндай қосымша жұмыстардың маңызы мен мәні зор. Әр түрлі танымдық мәні бар деректердің берілуі егеменді еліміздің ұрпақтарының ой өрісі мен дүние танымын кеңейтіп, білім аясының мейлінше толығуына жол ашады.

Сабақты сапалы, әр қилы түрлендіре отырып өткізу терең білім беруге септігін тигізетіні анық. Қазақ тілі – басқа тілдер сияқты сөздік қоры бай, жүйелі қалыпқа түскен, оралымды тіл. Осыған орай, қазақ тілі грамматикасының негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерін жеткілікті мөлшерде меңгеру мен әр түрлі ақпаратты алу дағдысын қалыптастыруға көмегін тигізеді.














ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп, уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!



К ОНСТИТУЦИЯ

Конституция – біздің мемлекетімуздің негізгі Заңы. Бұл – Қазақстан азаматтарының қоғамда өмір сүру ережелері. Негізгі заңға құрмет ретінде – біз Конституция сөзін бас әріппен жазамыз. Тәуелсіз Қазақстанның негізі тұңғыш Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда, ал жаңа Конституция 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.


АТА ЗАҢ

Келе жатыр керім күн

Халық сүйіп қалаған.

Ата Заңы елімнің

Құрметтейді бар адам.

Алтын заңым қорғайды

Бар адамның теңдігін.

Әділетті қолдайды,

Арқа тұтып ел бүгін.

Ол баршаға жөн нұсқап,

Жетелейді жарыққа.

Елбасы оны қолға ұстап,

Ант береді халыққа.



ҚР Конституциясы


34 бап, 1-бөлім: «Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға басқа адамдардың құқықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті».



МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ


Әркім тілін сүйеді,

Қадірлейміз мұны біз.

Қазақ тілі киелі -

Мемлекеттік тіліміз.

Қазына бар бұл тілде

Анам айтқан жыр-әнін.

Жоғалуы мүмкін бе

Өлмейтұғын мұраның?!

Өшпейді еш уақытта

Ата-баба аңсары:

Қазақ тілі бақытқа

Жеткізеді баршаны!


Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы – Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4-желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә.Назарбаев қайта Президент болып сайланды.


ҚР Конституциясы


40 бап, 1 бөлім: «Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, ...ең жоғары лауазымды тұлға».

7 бап, 1-бөлім: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі».





ТУ


Е желгі заманнан әр тайпалар мен руларды біріктіретін белгілер болған, Белгілер – сөздердің орнына қолданылатын таңбалар. Бір топ адамдар үшін қолданылған белгілер – бір мағынаны білдіреді. Ал, рәміздер – белгілі топтар бейнесінің бірігуі. Әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың міндеті.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс – ашық аспанның, тыныштықтың белгісін көрсетеді. Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп өрге көтеріп, ұшып бара жатқан ақиық қыран құс – ерлік белгісі. Матаның сол жағында қызыл түсті ою-өрнегі бар тік жолақ орналасқан, бұл қазақ елінің ұлттық әшекейі. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай-берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.


ҚР Конституциясы


9- бап: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары – Туы, Елтаңбасы және Гимні бар...»



ЕЛТАҢБА


М емлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.

Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп халықты қасіреттерден азат еткен, еліміздің азаттығы мен жеңімпаздығының белгісі. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді.

Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екендігін көрсетеді.


ЕЛТАҢБА


Бейнелеп сан ғасырды

Елтаңбасы елімнің,

Таратады хас үлгі

Киесіндей жерімнің.

Бабам тұлпар жаратты,

Құлынында танып-ақ.

Тұлпар барда қанатты,

Шайқалмайды шаңырақ.

Тәуелсіздік көркі ол да,

Өркениет өрінде.

Нұр төгеді елтаңба

Ақ Орданың төрінде.


ӘНҰРАН


Кез- келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп тұрып тыңдайды, айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Біздің мемлекетімізде «Менің Қазақстаным» әні әнұран болып қабылданды. Әнді ақын Жұмекен Нәжімеденов пен сазгер Шәмші Қалдаяқов 1959 жылы жазған. Әнді алғаш орындаған Жамал Омарова. Әнде халықтың патриоттық сезімі бейнеленген. 1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандықты аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді. 2006 жылы Президенттің қатысуымен жазылған әнұранның жаңа мәтіні қазақ халқының өркөкірек рухын, жақсы өмірге деген құлшынысын, қазақ жерінің молшылығы мен байлығының артатынын көрсетеді.

Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде «Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.

Ұлықтау рәсімі дегеніміз – бүкіл халықтық сайлау қорытындысында сайланған Президенттің ресми түрде іске кірісуі. Ұлықтау рәсімі кезінде Президент өз халқына, Ата Заңға адалдығын білдіріп, ант қабылдайды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ


Сөзі Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Әні Шәмші Қалдаяқов .


Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны –

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным!


Тапсырма:

  1. Мәнерлеп, түсініп оқу.

  2. Өлең жолдарына мағыналық талдау жасаңыз.

  3. Өлеңнің авторы туралы не білесіз?

  4. Өлеңдерді жаттау.


Қазақстанның елордасы – Астана


1997 жылы тәуелсіз Қазақстанның астанасы болып Ақмола жарияланды. 1998 жылы Ақмола қаласы Астанаға ауыстырылды.

Астана қаласы Есіл өзені бойында, Сарыарқа жерінде орналасқан. Қалада көптеген көрікті жерлер бар. «Бәйтерек» кешені – тәуелсіздіктің символы. Ол – Астананың мақтанышы. Көрікті жердің бірі – океанариум. Қала қонақтары бұл жерден әртүрлі балықтарды тамашалайды. Астана еліміздің саяси, қаржы, экономикалық және ғылыми орталығы. Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, оқу орындары, көпқабатты жаңа үйлер, ғимараттар бар. Астана жылдан-жылға көркейіп келеді.


Сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Қазақстанның елордасы қай қала? Ол қашан Астана болып жарияланды?

  • Астана Қазақстанның қай аймағында орналасқан?

  • Астанада қандай көрікті жерлер бар?

  • Астана еліміздің қандай орталығы болып табылады?

  • Астананың белгілі ғимараттарын, көрікті жерлерін атаңыз?

  • Астананың басты рәмізі не?


Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның бірінші астанасы 1920 жылдан 1925 жылға дейін Орынбор қаласы болды. Содан кейін астана Ақмешітке (қазіргі Қызылорда) көшті. 1929 жылдан 1997 жылға дейін Қазақстанның астанасы Алматы қаласы болды.

«Әр қала өз байлығымен атақты» ойыны. Әр қаланың байлығын көрсетіңіз.

Shape2 Shape1 Қарағанды, Екібастұз

АShape3 тырау, Ақтау

ЖShape4 езқазған

Қызылорда

ҚShape5 останай, Петропавл

Керекті сөздер: мұнай, мыс, күріш, бидай, көмір

Сөзжұмбақ «Астана»

1. Мемлекет

2. Сын есім (түстің түрі)

3. Бір нәрседен жеңілу

4. Сан есімнің сұрағы

5. Ас атасы

6. Әкеңнің әкесі

1.

А









2. С








3.

Т








4.

А









5.Н









6.А




















Жауабы: Қазақстан, сары, ұтылу, қанша, нан, ата.


Мына өлең шумағын жаттап алыңыздар.

Астана – елімнің тірегі,

Астана – қазақтың тілегі.

Қызығып күллі әлем қараған

Астана – халқымның жүрегі.


А лматы

Алматы – Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасы. Алматы – өте әдемі қала. Ол Алатау бөктерінде орналасқан. Алматы – әлемдегі жасыл желекті қалалардың бірі. Алматының оңтүстігінде әлемге әйгілі, рекордтар айдыны атанған Медеу мұзайдыны бар. Шығысында әдемі «Самал» ықшамауданы, Көктөбе орналасқан. Батысында «Ақсай» ықшамауданы, ал солтүстігінде І Алматы темір жол бекеті бар.

Қаланың ортасында әдемі алаңдар, биік ғимараттар, Ұлттық Ғылым академиясы, 25 қабатты «Қазақстан» қонақ үйі, Неке сарайы, Орталық стадион бар. Алматы қаласында мәдени орталықтар өте көп. Қаланың атауы алма сөзінен шыққан. Алматы өңірінде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі. Алматы − елдің ғылыми, мәдени, тарихи, өндірістік және қаржы орталығы.

  1. Қаланың атауы неге байланысты шыққан?

  2. Алматы қаласына сипаттама беріңіздер.

  3. Мәтіндегі және қосымша дереккөздері бойынша кестені толтырыңыз.


Shape6



Табиғаты таңғажайып Бурабай


Бурабай – табиғаты сұлу, тамаша жер. Бурабайды «Қазақстан Швейцариясы» дейді. Ол Көкшетау қаласына жақын орналасқан. Бұл – атына заты сай әсем жер. Қарағайлы, қайыңды жасыл орманы, таза ауасы, әдемі, мөлдір Көкше көлдері бар. «Жұмбақтас», «Оқжетпес» шоқылары, түрлі бейнедегі құз-жартастар аңыз кейіпкерлеріне ұқсайды. Осының бәрі – Бурабайдың ерекше жұмбақ әлемі. Бұл жерге адамдар жан-жақтан келеді. Олар арнайы демалыс орындарында минералды емдік сумен, шипалы балшықпен емделеді.


Сұрақтарға жауап беріңіздер.

  • Бурабай қай жерде орналасқан?

  • ...

  • Ол қандай жер? Несімен ерекшеленеді?

  • ...

  • Бурабайдың ерекше жұмбақ әлеміне не жатады?

  • ...

  • Бұл жерге адамдар не үшін барады?

  • ...

  • Сіз Бурабайға бардыңыз ба?



ӨЗІМ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ

Кілт сөздер: есім, құрмет, мақтан тұту, дақ түсірмеу, лайық азамат, үлгілі, мектеп, жеті жас, университет, он тоғыз, болашақ, тілдер, жетік меңгеру, үйрену, оқу, пәндер, әдебиет, ұнату, мінез, ұстамды, жауапкершілік, бос уақыт

Менің есімім – Нұрсұлтан. Есімімді президент атамыздың құрметіне қойған. Өз есімімді мақтан тұтамын. Атыма лайық азамат болып өскім келеді. Сондықтан да барлық уақытта тәртіпті, үлгілі азамат болып жүремін. Мектепке жеті жасымда бардым. Мен қазір он тоғыз жастамын. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курсында оқып жүрмін. Болашақта аудармашы боламын. Сабақ үлгерімім өте жақсы, озатпын. Қазір мемлекеттік тілді – ана тілі деңгейінде, ал ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгергенмін. Келешекте қытай және испан, француз тілдерін үйренгім келеді. Қазақ тілі, әдебиет, тарих пәндерін өте жақсы көремін. Жастарға арналған әдебиетті ұнатамын. “Парасат” журналы мен “Егемен Қазақстан” газетін үзбей оқимын. Қызықты әңгімелері мен қажетті ақпараттары үшін екеуін де жақсы көремін.

Мен қыстың аязы қақаған қаңтар айында дүниеге келгенмін. Шоқжұлдызым – тауешкі. Қыс айында туылғандықтан мінезім сабырлы, ұстамдымын. Өзіме тапсырылған жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қараймын. Уақытында орындаймын. Сүйікті түсім – ақ пен қара және жасыл түс. Ермегім – бос уақытта сурет салу, кітап оқу.


1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыздар.

2. Мәтіннен бейтаныс сөздерді көшіріп жазып, сөздік түзіңіздер.

3. Мәтіннен түсінгеніңізді қысқаша айтып беріңіздер.


Мәтінмен жұмыс


№

Тапсырмалар мен сұрақтар

Жауаптар

1

Нұрсұлтанның есімі кімнің құрметіне қойылған?


2

Нұрсұлтанның жасы нешеде?


3

Ол қайда оқиды?


4

Ол болашақта кім болады?


5

Сабақты қалай оқиды?


6

Оның мінезі қандай?

.

7

Ол бос уақытын қалай өткізеді?



1. Мәтінді пайдалана отырып, диалогті толықтырыңыздар.

  • Сіздің есіміңіз кім?

  • ... есімім Нұрсұлтан.

  • Жасыңыз нешеде?

  • Жасым ... .

  • Сіз қазір не істеп жүрсіз?

  • Мен қазір ... оқып жүрмін.

  • Сіз жылдың қай мезгілінде туылғансыз?

  • Мен ... туылғанмын.

  • Сізге қандай түстер ұнайды?

  • Маған ... ұнайды.

Shape7

Сәйкесін тап!












Shape9 Shape8

шыдамды

жылдам қозғалады

жауапкершілікпен қарайды

еркін сөйлейді

оқиды

Нұрсұлтан 1-курста

Оның мінезі

Ол тауешкі секілді

Нұрсұлтан ағылшын, орыс тілдерінде

Өзіне тапсырылған жұмысқа



Shape10




Shape11






2. Көп нүктенің орнына а, ә дауысты дыбыстарының тиістін қойып көшіріп жазыңыз.

Нұрсұлтанның ж...сы он тоғызд... . Қаз...қ тілі, ...дебиет, т...рих п...ндерін өте ж...қсы көреді. Жаст...рғ.. арн...лғ...н ...дебиетті ұн...т...ды. Ол т...уешкі шоқжұлдызынд... туылғ...н. Мінезі с...б...ырлы, өзі – ұст...мды жігіт.. Ол ...қ, қ...р... және ж...сыл ... ұнатады. Сонымен қ...т...р жұмысты өз у...қытынд.. орынд...уғ... тырыс...ды.


* * * * *


Мен мұғалімнің баласымын. Әкемнің туған інісі Ахметжан аға да оқытушы еді. Мен де қаршадай кезімде мұғалім болып ойнап, құрдастарыма “дәріс” беретінмін.

Арманым оқытушы болу еді. Өйткені мұғалім – ізгілік егуші! Барлық оқытушыларды мұғалімдер күнімен құттықтап, әр шәкіртінің ақылман, еңбекдос, елжанды болып өсуін тілеймін.

Мұзафар Әлімбай, халық жазушысы, “Асыл сөз”, 2003.


* * * * *


Журналистердің көп қоятын сұрақтарының бірі: “Қандай хоббиіңіз бар?”. Орыс тіліне әлдеқашан тастай батып, судай сіңіп кеткен бұл сөздің төркіні ағылшын тілінде жатыр, оның қазақша ең жақын мағынасы “әуестік” болар деймін... Менің үш әуестігім бар: бірі – ит, екіншісі – құс, үшіншісі - ат. “Жас Алаш”газеті.

Мұхтар Құл-Мұхаммед,

1-жаттығу.Сөйлемдерді толықтырыңыз.

Мұзафар Әлімбай - ... баласы. Оның өзі де ... ... армандайтын. Қазір Мұзафар Әлімбай – қазақ халқының ... ....

Хобби сөзі орыс тіліне тастай ..., ... сіңіп кетті. Бұл сөз орыс тіліне ... ... енген. Мұхтар Құл-Мұхаммедтің ... ... бар.



Өзім туралы

Өлеңі мен әнін жазған Қ.Аманжолов


Өзге емес өзім айтам өз жайымда,

Жүрегім жалын атқан сөз дайында.

Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,

Тербетіп, тулатып бір қозғайында.

Аманжол Рахымжанның Қасымымын,

Мен қалған бір атаның ғасырымын.

Біреуге жұртта* қалған жасығымын,

Біреуге аспандағы асылымын.

... Дүниеге келер әлі талай Қасым,

Олар да бұл Қасымды бір байқасын.

Дауылдай өртке тиген өлеңімді,

Қасымның өзі емес деп кім айтады?!


*жұрт – мұнда: көшкен елдің орны

  1. Өлеңді жаттап алыңыз! Көшіріп жазыңыз.

  2. Өлеңнің мазмұнын өз сөзіңізбен ауызша әңгімелеп беріңіз.

  3. Өлең жолдарына мағыналық талдау жасаңыз.

  4. Өлеңнің авторы туралы не білесіз?

  5. Қасым Аманжоловтың тағы да басқа қандай туындыларымен таныссыз?

  6. Қазақ халқының тағы да басқа қандай атақты ақын-жазушыларын білесіз?

  7. Сіз қазақ тілінде жазылған көркем туындыларды оқисыз ба?


2-жаттығу. Өздік есімдігін қажетті тұлғада қойып сөйлемдерді толықтырыңыз.

Shape12


  1. НShape13 ұрсұлтан есімін мақтан тұтады.

  2. Shape14

    Ол ... тапсырылған іске ұлкен жауапкершілікпен қарайды.

  3. Мұзафардың әкесі мұғалім, оның ... де кейде балаларға дәріс беретін.

  1. Shape15 Мұхтар Құл-Мұхамед ... әуестігі туралы жазған.

Кел, танысайық!


Жігітке жеті өнер де аз

Жасым 16-да. 9-сыныпта оқимын. Оқу екпіндісімін. “Ұланнан” қол үзбеймін, көз жазбаймын. Мақала, өлеңдерімді жолдап тұрамын. Бос уақытымда әдеби кітаптар оқып, сөзжұмбақ құрастырғанды ұнатамын. Ал, өлең десе, ішкен асымды жерге қоямын. Оған “Көктем көңіл” атты жыр жинағым дәлел. Арманым – қарымды қалам иесі болу. Сонымен қатар сүйікті “Ұланым” арқылы көптеген достар тапсам деймін.

Мекен-жайым: 485320. Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Қ.Асанұлы көшесі, 45-үй. Сұлтанбаев Тұрсынға.

«Ұлан» газеті, 2002ж.

1. Өзіңіз туралы шағын әңгіме құрастырыңыз.

2. Сіздің жұлдызнамаңыз сіз туралы не дейді?

3. Сіз жұлдызнамаға сенесіз бе?

4. Сіздің есіміңіз қандай мағына береді?

5. Өзіңіздің ермегіңіз жайлы әңгімелеңіз.

6. Сіз қайда тұрасыз?



Пәндік үйірмелерге қатысамын

ҚазҰУ-да журналистика факультетінің 2-курсында оқимын. Сүйікті пәндерім: қазақ тілі мен шет тілі, информатика және мамандыққа қатысты арнайы курстарды да қызғушылықпен бар ынтамды салып оқимын. Бос уақытымда пәндік үйірмелерге қатысам, кітаптар оқимын, спортпен шұғылданам. Келешекте қаламы қарымды журналист болғым келеді.

Айтуарқызы Шынар, 2005.



1. Қандай пәндерді ұнатасыз?

2. Бос уақытыңызда әдеби кітаптар оқисыз ба?

3. Сізге қандай туындылар ұнайды?


3-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, көшіріп жазыңыздар.

Тұрсын ... оқиды. Оның ... он алтыда. Ол ... құрастырғанды ұнатады. Оның “Көктем көңіл” атты ... ... бар. Тұрсын келешекте ... ... болуды армандайды. Шарапат қазақ тілі, орыс тілі мен алгебра, информатика ... сүйіп оқиды. Ол болашақта ... болғысы келеді.



Менің өмірбаяным


Мен, Нұрғалиева Қарылға Бердалықызы, 1968 жылы 10 қарашада туылғанмын. Туған жерім – Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бірлесу-еңбек ауылы. Қазақстан Республикасының тұрақты азаматымын. Ұлтым – қазақ. Тұрмыс құрғанмын, үш балам: екі қыз, бір ұл бар. Мекен-жайым: Алматы қаласы.

Білімім – жоғары. 1987-1992 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқыдым. Мамандығым – филолог, қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің оқытушысы.

Кәсіби тәжірибем мен біліктілігім: 1994-1998 жылдары филология факультетінің деканатында методист болып қызмет еттім, 1999 жылдан бастап қазақ тілі кафедрасында оқытушымын. Орыс тілді дәрісханаларда практикалық қазақ тілі курсынан сабақ беремін. Аға оқытушымын, 50 еңбектің авторымын.

Өзім туралы қосымша мәліметтер: қазақ және орыс тілдерін жетік білемін, ағылшын тілінен сөздіктер көмегімен аудара аламын. ЭЕМ-де MS WORD, Internet Explorer бағдарламаларымен еркін жұмыс істей аламын. Музыканы, биді ұнатамын, аэробикамен, жеңіл атлетикамен айналысамын және әуесқой суретшімін.


  1. Мәтінде кімнің өмірбаяны баяндалады?

  2. Мәтін қандай стильде жазылған?

  3. Диалог пен мәтінді пайдалана отырып, өзіңізді таныстырыңыз.

  4. Сіз қашан дүниеге келдіңіз және қай жерде туып өстіңіз?

  5. Сіздің отбасыңызда неше адам бар?

  6. Ата-анаңыздың мамандығы қандай?

  7. Сіз болашақта кім болғыңыз келеді?

  8. Сіз болашақта қайда жұмыс істегіңіз келеді?

  9. Алғашқы ұстазыңыз туралы қысқаша әңгіме жазыңыз.

  10. Зат есімнің мағыналық түрлерін атаңыз.

  11. Зат есім сөздердің бәрі жіктеледі ме?

  12. “Өзім туралы әңгіме” деген тақырыпта шағын эссе жазыңыз.

  13. “Менің өмірбаяным” мен “Өзім туралы әңгіме” атты мәтіндерді салыстырыңыз. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарына тоқталыңыз.

  14. Екі мәтінді стильдерін өзгертіп, қайта жазыңыз және салыстырыңыз.



1-жаттығу.Үлгіні пайдалана отырып, етістіктерді қажетті тұлғаға түрлендіріңіз және олармен сөйлемдер құраңыз.

Әңгімеле, биле, қара, бар, қайт, жаз, сал, бол, қой, арна, оқы, жүр, ұнат, қимылда, кет, кел.

Үлгі: Олар сабаққа кешікпей келеді. Айдар бүгін сабаққа келмеді.











Диаграмманы өз өмірбаяныңа сәйкес толтырыңыздар.

Shape16

Аты-жөні




Shape18 Shape17

Отбасы мүшелері


Shape19

Жасы



Shape20

Өзім туралы


Shape22 Shape21


Shape23 Shape26 Shape24 Shape25

Болашақ мамандығы


Shape27

Мекен-жайы



Shape28

Қызығушылығы



Танысайық!




Танысайық!


Жасым 16-да, 11-сыныптың үздік оқушысымын. Бос уақытымда әдеби және тарихи кітаптар оқығанды ұнатамын. Музыканы жаным сүйеді. Болашақта журналист немесе жазушы болғым келеді. Ғылыми жұмыстармен айналысқанды ұнатамын. Мектеп ішілік, аудандық байқаулардың жүлдегерімін. Өзім достықты бағалай да, қадірлей аламын. Сондықтан өзім теңдес ұл-қыздардан хат күтемін.

Айкерім Серікбайқызы“Асыл сөз”, 2003ж.


1. Бағандағы сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді аяқтаңыз.


Айкерімнің жасы он алтыға

Ол аудандық жүлдені ұтып

Бос уақытында кітап

Айкерім музыканы жақсы

Оның ұл-қыздармен танысқысы Ол құрбы-құрдастарынан хат

алды

келеді

көреді

күтеді оқиды

толды



2. Диалогті толықтырыңыз.

– ... ?

  • Біздің отбасымызда бес адам бар.

  • ... ?

  • Әкемнің аты-жөні – Есімбекұлы Жолдыбай.

  • ... ?

  • Шешемнің аты-жөні – Сүлейменқызы Жамалхан.

  • ... ?

  • Әкпемнің аты – Жанар. Жанар тұрмыс құрған.

  • ... ?

  • Иә, оның екі ұл және бір қызы бар. Олар мектепте оқиды.

  • ... ?

  • Ағамның аты – Бақытжан. Ол – студент.

  • ... ?

  • Иә. Мен үйдің кенжесімін.




МАМАНДЫҚТЫҢ БӘРІ ЖАҚСЫ. БОЛАШАҚТА КІМ БОЛАМЫН?

Кілт сөздер: отан, адал қызмет ету, мамандық, туған ел, пайдалы қызмет, жеті өнер, экономиканың дамуы, гүлдену, адал азамат, көзқарас, кім болғың келеді.



Мамандықтың бәрі жақсы

Отанына адал қызмет ету - әрбір адамның қасиетті парызы. Мен де өз еліме пайдалы қызмет еткім келеді. Елімнің өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді. Бірақ елімнің болашағы үшін кім болғаным дұрыс? Еліміздің экономикасының дамуына, мемлекетіміздің гүлденуіне септігін тигізер геолог болсам ба екен? Еліміздің қауіпсіздігі үшін заңгер болсам ба екен? Әлде адам жанын емдейтін психолог болсам ба екен?

Кейде тіпті ұшқыш та болғым келеді. Ұшақпен көк аспанда зымырап, құсша қалықтап ұшқым келеді. Асыққан жолаушыларды қажетті жеріне дәл уақытында жеткізгім келеді. Көпшіліктің алғысына бөленгенге не жетсін, шіркін! Мен әлі кім болатынымды шешкен жоқпын. Анам да, ұстазым да: “Сен әлі кішкентайсың ғой, көзқарасыңды әлі талай өзгертесің. Мамандықтың жаманы жоқ, ең бастысы адал азамат болу керек”, - дейді. Иә, мамандықтың бәрі жақсы. Үлкейгенде бір емес, бірнеше мамандықтың иесі болғым келеді. Себебі, “Ер жігітке жеті өнер де аз”, - деген ғой аталарымыз. Ал сенің болашақта кім болғың келеді, замандасым?

Мұханбекұлы Нұрсұлтан, 2004 жыл.


  1. Мәтінді оқып, оның негізгі идеясын көрсетіңіз.

  2. Нұрсұлтанның кім болғысы келеді?

  3. Ал сіздің болашақта қандай мамандықтың иесі болғыңыз келеді?

  4. «Менің таңдаған мамандығым» атты тақырыпқа шағын мәтін құрастырыңыз.

  5. Кілті сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құраңыз.

  6. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті талап ететін маңызды мәселе деп санайсыз ба?

  7. Сіздің мамандық таңдауыңызға өзге жандардың әсері (ықпалы) болды ма?

  8. Өлеңді жаттап алыңыз.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа жүруге.

Бес нәрседен қашық бол,

Адам болам десеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз.

Абай.



Жұмыс іздеп жүрмін


  • Сәлеметсіз бе? Кіруге бола ма?

  • Сәлеметсіз бе? Кіріңіз. Отырыңыз. Қандай шаруамен жүрсіз, айта беріңіз. Құлағым сізде.

  • Мен сіздерге жарнама бойынша келіп едім. Жұмыс іздеп жүрмін. Сіздердің кәсіпорындарыңыз бос жұмыс орындарына байқау жариялаған екен.

  • Иә. Рас айтасыз. біздің кәсіпорынымыздың өніміне деген тұтынушы сұранысы күннен-күнге артып келеді. Кеңейтіп, жаңа цехтар аштық. Мамандар өте қажет. Сіз қандай мамандықтың иесісіз? Қандай жұмыс істегіңіз келеді?

  • Мен жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша технолог-инженер, химикпін. Оқуды жаңа бітірген, жас маманмын. Дипломым бойынша өз мамандығымның саласында жұмыс істегім келеді.

  • Жарайды, жақсы. Құжаттарыңызды мамандар бөліміне тапсырыңыз. Нәтижесін сізге апта соңында хабарлаймыз. Әзірше, сау болыңыз.

  • Рахмет. Сіздерден хабар күтемін. Сау болыңыз.


Диалогпен жұмыс

  1. Диалогті рөлге бөліп оқыңыздар.

  2. Диалогтің мазмұнын өз сөзіңізбен мәтін ретінде әңгімелеңіз.



Бұл не? Қай сөз?

  1. Екі буынды екі сөздің бірінен бірінің айырмашылығы бірінші дыбысында. Егер бірінші дыбысы еріндік жіңішке дауыстыдан басталса, құс аты болады. Егер езулік жіңішке дауыстыдан басталса, сан есім болады. Ол қандай сөздер?

  2. Ұқсас екі буынды сөздің біріншісі - ұсталық құралы, екіншісі - сан есім. Айырмашылығы қай дыбыста? Ол қандай дыбыс?

  3. Бір әрпін өзгертіп жазып, мына сөздерден қандай жаңа сөз жасауға болады? Сал, үй.

  4. Құрамында екі дауысты дыбыс қатар келетін фонетикалық термин қай сөз?

  5. Әріптерінің орнын ауыстырып, жаза отырып, мына сөздердің әрқайсысына жаңа сөз жасап, кім жаза алады? Асыл, араз, тас, шырша, қысым.

  6. Мына жұп сөздердің айырмашылығы неде?

қал - қол тұс - тос

тырма - тұрма қар - қор



Менің жұмыс күнім


  • Айнұр, сен сенбі күні жұмыс істейсің бе?

  • Жоқ, біздің жұмыс күніміз бескүндік, сондықтан сенбі, жексенбі күндері демаламын. Ал сен ше?

  • Біз алты күн жұмыс істейміз. Бірақ сенбі қысқарған жұмыс күні болғандықтан, тек сағат түскі екіге дейін ғана жұмыс істеймін. Түс қайта қолым бос. Екеуіміз Орталық саябаққа барсақ қайтеді?

  • Жарайды, Гүлсана. Барсақ барайық. Табиғатты тамашалап, таза ауада серуендеп, демалып қайтайық.


Диалогпен жұмыс

  1. Диалогті мәнерлеп, рөлге бөліп оқыңыздар.

  2. Өзіңіздің бір жұмыс күніңіз туралы айтып беріңіз.

  3. «Менің күн тәртібім» тақырыбында шағын мәтін құрастырыңыз.



Тіл ұстарту сабағы

  • Сіз қазақ тіліндегі жалғауларды білесіз бе?

  • ....

  • Қазақ тілінде жалғаулар қанша топқа бөлінеді?

  • ....

  • Жалғаулардың түрлерін айтыңыз.

  • ....

  • Меншікті мағынаны білдіретін жалғауды атаңыз.

  • ....

  • Иелік мағынаны қай септік жалғаулары білдіреді?

  • ....

  • Барыс септігі өзі жалғанған сөздерге қандай қосымша мағына береді?

  • ....

  • Туыстық қатыстықты білдіретін қосымшаларды атаңыздар.

  • ....

  1. Сұрақтарға жауап бере отырып, диалогті толықтырыңыздар.



Жаңа достар


Дәуреннің үй іші Астанаға көшті. Астана Қазақстанның солтүстігінде. Есіл өзенінің жағасында. Алғашында Дәурен қуанып кетті. Ол Астана қаласына кетер сапарында достарымен қинала қоштасты. Бірақ ол Астанадан да өзіне жаңа достар тапты. Ол достарының көбісі әр мемлекеттен келген студенттер екен. Оған Астана қатты ұнады. Ол бос уақытында жаңа достарымен бірге Астананың көрікті жерлерін аралап, тамашалайды. Ол жақсы білім алып, білікті маман болатындығына сенімді.

(«Балдырған» журналынан).

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Мәтін неге «Жаңа достар» деп аталған?

  2. Дәурен кімдермен қинала қоштасты.

  3. Кестемен жұмыс. Мәтін бойынша кестедегі мәліметтің рас немесе жалған екенін анықтаңыз.


Мәліметтер

иә

жоқ

Дәуреннің отбасы Астанаға көшіп кетті.



Ол достарымен қиналмай қоштасты.



Оның жаңа достары шетелдік студенттер.



Оған Алматы өте ұнады.



Ол болашақта білікті маман болатындығына сенімді.





Ұлы достық


Достықтың арманы кең, тамыры терең. Күн сәулетті Қазақстан ынтымағы жарасқан көп ұлтты республика. Оның кең байтақ далалары мен сәулетті қалаларында жүзден астам ұлттың өкілдері тату-тәтті тұрады. Олардың мұраты мақсаттарынан болаттай берік достықтың белгілерін байқау қиын емес. («Балдырған» журналынан).

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Ұлы достық деген ұғымды қалай түсінесіз?

  2. Қазақстан – ұлы достықтың тұрақты мекені атты тақырыпта шағын эссе жазыңыз.


Кім жарысқысы келеді?

Буындары бір түрлі дауысты дыбыс арқылы ғана жасалған сөздерді тауып жазу керек. Жұмысты орындауға 2-4 минут уақыт беріледі. Жұмысты бастау, аяқтау мерзімін бақылаушы басқарып тұрады. Тапсырма төмендегідей:

  1. Буындары тек а дыбысы арқылы ғана жасалған сөздер.

  2. е дыбысы арқылы ғана жасалған сөздер.

  3. ы дыбысы арқылы ғана жасалған сөздер.




БАСТЫ БАЙЛЫҚ - ДЕНСАУЛЫҚ

Денсаулық – зор байлық


Халықтың денсаулығы мен рухани саулығы мемлекеттің жарқын болашағының кепілі.

Саламатты өмір салтын ұстанған адам ұзақ өмір сүреді. Көп қимылдау, дұрыс тамақтану, дұрыс демалу, көңілді жүру денсаулықты сақтауға көмектеседі. Зиянды әрекеттер адам өмірін қысқартады.

Қазіргі өркениеттің негізі – дені сау, рухани дамыған адам. Денсаулықты үнемі күту керек. Таңертең ерте тұру, дене жаттығуларын жасау, таза ауада серуендеу – бұлардың барлығы адам ағзасына пайдалы.

Қазіргі өркениеттің негізі – дені сау, рухани дамыған адам. Халықтың денсаулығы мен рухани саулығы – мемлекеттің жарқын болашағының кепілі.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Жақын адамдарыңыз үнемі қуанышты, көңілді болуы үшін не істеу керек?

2.Спортпен шұғылдану адамға не үшін қажет?

3.Сізге спорттың қандай түрі ұнайды?

4.Денсаулықты сақтау үшін не істеу керек?

5.Адам өз денсаулығын қалай жақсарта алады?


Берілген мақалдарды жаттап алыңыздар.

Денсаулық - зор байлық.


Дені саудың – жаны сау.


Тазалық – денсаулық кепілі.


Таза болса – табиғат, аман болар адамзат!



Емханада


- Сәлеметсіз бе?!

- Сәлеметсіз бе!

- Менің дәрігерлік кітапшамды беріңізші.

- Сіздің аты-жөніңіз кім, қай ауданнансыз?

- Менің аты-жөнім –Аманжол Әділжан. Алмалы ауданынанмын.

- Мекен-жайыңыз қандай?

- Мекен-жайым – Алматы қаласы, Төле би көшесі, 104-үй.

- Мінеки, дәрігерлік кітапшаңызды алыңыз.

- Көзім соңғы кезде бұлдырай береді, дәрігер қай кабинетте?

- Көз дәрігері екінші қабатта, 207-кабинетте.

- Рақмет, сау болыңыз!

- Сау болыңыз!


  1. Емхананың тіркеу бөліміндегі сұхбатты рөлге бөлініп оқыңыздар.

  2. Науқас қай дәрігерге келді?

  3. Ол не үшін емханаға келді?




Кім бұрын?

Ойын жүргізуші буындары төмендегідей дауыстылардың қатысуымен жасалған сөздер ойлап жазуды тапсырады. Кім бұрын ойлап тапса, сол жеңеді.

  1. a буынды жеті сөз ойлап табу.

  1. бас киім: - a – a – a –

  2. өсімдік: - a – a – a –

  3. құс: - a – a – a –

  4. жазба еңбек: - a – a – a –

  5. ағаш: - a – a – a –

  6. керегенің бір элементі: - a – a – a –

  7. өте жұқа зат аты болсын: - a – a – a –




Денсаулық – басты байлық


Тіс – адамның көркі. Аппақ та түзу тісті жандарды халқымыз «тісі – аппақ маржандай» екен деп, сүйсіне қолпаштап жатады. Тіс адам ажарына шырай ғана беретін мүше емес, сау тіс - денсаулықтың да кепілі. Адам ағзасына әбден шайнап жеген ас қана пайдалы болып табылады. Тамақтанып болғаннан кейін міндетті түрде ауыз қуысын қанжылым сумен шайып тастаған дұрыс. Себебі тіс арасында қалған майда ас қалдықтары тістің эмалын бұзады және тіске құрт түсуіне әкеліп соғады. Сондықтан да тісті күніне екі рет тіс қойыртпағымен немесе тіске арналған ұнтақпен жуып тазалап жүру қажет. Тіс сау болу үшін тек тісті жуумен шектеліп қана қоймай, оны күтудің басқа да қарапайым қағидаларын есте ұстап, тұтынған жөн. Мысалы, ыстық астың артынан бірден салқын тағамдарды және керісінше салқын тамақтан кейін ыстық тамақты ішіп-жеуге болмайды. Сонымен қатар жаңғақты, өріктің сүйегін шағуға, шөлмектің тығынын тіспен ашуға және де тісті темір заттармен шұқылап тазалауға болмайды. Себебі бұндай әрекеттер тіске зиянын тигізеді, тіс шытынап кетіп ауруға шалдығуы мүмкін. Ал егер тісіңіз ауырса, дәрігерге барыңыз. Тісіңіз ауырмаса да, жылына екі рет барып тіс маманына көрінгеніңіз дұрыс.


  1. Мәтінді оқып, түсінігіңізді айтыңыз.

  2. Тісті неге маржанға теңейміз?

  3. Сіз өзіңіздің денсаулығыңызға ұдайы көңіл аударасыз ба?

  4. Тісіңізге күнделікті күтім жасайсыз ба?

  5. Тіске қандай әрекеттер зиян келтіреді екен?

  6. Сөздерді сәйкесіне тіркестіріңіз.



Shape30 Shape29

көтерілді

науқас





Shape32 Shape31

адам

емханада





Shape34 Shape33

емделеді

қызуы





Shape36 Shape35

қабылдады

ауруынан



Shape38 Shape37

жазылды

жүрегі





Shape39 Shape40

ем

ауырады





«Сөз жұмбақ» ойыны

Бірі айтылады да, естіледі, екіншісі жазылады да көрінеді, ол не?

(Дыбыс пен әріп)

«Ж» -дан басталса, жыл мезгілі,

«Қ» -дан басталса, құс белгісі.

(Жаз, қаз)

«К» -ден басталсам, маған қарап сабақ айтады,

«П» -дан басталсам, маған балалар жүгін артады.

(Карта, парта)


Адам және күн


Күн адам ағзасына зор әсер етеді. Күн сәулесін дұрыс қабылдаған жағдайда адамның көңіл-күйі көтеріліп, зат алмасуы жақсарады. Түрлі ауруларға қарсылығы артып, ағзаны шынықтырады. Қан құрамының дұрысталуына әсер етеді. Ұйқыны жақсартады. Тәбет арттырады. Жалпы денсаулықты түзейді. Теріде «Д» витаминін құрайды. Бірақ күнге ұзақ қыздырынуға болмайды. Ультрақызыл сәулелерін мөлшерден тыс қабылдау денсаулыққа зиянды. Бас айналып лоқсу, құлақ шулап, дененің дел-сал болып ауруы - күн қағудың белгісі. Қатты күн қаққан жағдайда адам өліп кетуі де мүмкін. Ондай кезде ауруды тез салқын жерге көшіріп, киімін шешіп, денеге суық компресс, маңдайына мұз басу керек. Дереу дәрігер шақырып, ауруханаға жөнелткен жөн.

(«Қазақ күнтізбесінен»).


  1. Мәтін бойынша ақпараттың дұрыс-бұрыстығын тексеріңіз.



Ақпарат

Дұрыс

Бұрыс

Күн адам ағзасына әсер етеді.



Күн сәулесі қанның құрамын реттемейді.



Ультра қызыл сәулелерін мөлшерден тыс қабылдауға болмайды.



Күн қаққанда адамның өзін жақсы сезінеді.



Күн сәулесін дұрыс қабылдай білу керек.





Наурыз - ұлыстың ұлы күні


Наурыз – шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы, жалпыхалықтық мейрам. Оны «Ұлыстың ұлы күні» дейді. Ұлыс – ел, халық дегенді білдіреді. Наурыздың жиырма бірінде күн мен түн теңеледі. Күн жылынып, қар еріп, жер көгереді. Жан -жануарлар көктемнің қызуын сезінеді. Адамдар үй ішін тазартады. Мерекеге наурыз көже дайындайды. Наурыз көже 7 тағамнан жасалады: су, ет, тұз, май, ұн, тары (бидай, күріш, жүгері) және сүт. Наурыз тойында айтыс, ән, өлеңдер айтылады. «Көкпар тарту», «Қыз қуу», «Бәйге» сияқты ұлттық ойындар ойналады.

Shape41

р/қ

Тапсырмалар мен сұрақтар

Жауаптар

1

Наурыз мерекесі қашан тойланады?


2

Наурыз мерекесі қандай мереке?


3

Наурыз көже қалай дайындалады?


4

Наурыз мерекесінде қандай ұлттық ойындар ойналады?





Мәтінмен жұмыс




















Абай – ұлы ақын


Абай 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Абай – ұлы ақын, сазгер, аудармашы, философ. Ол 12 жасынан бастап өлең жазған. Табиғат, ғылым, білім туралы өлеңдері («Күз», «Қыс», «Жаз», «Әсемпаз болма әрнеге») ақындық шеберлікпен жазылған. И.Крылов, А.Пушкин, М.Лермонтов шығармаларын қазақ тіліне аударған. Абай қазақтың халық музыкасын терең білген, өзі ән шығарған («Қөзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас»). Абай – философ, ұлы ойшыл. Оған дәлел – 45 қара сөзі. Абайдың қара сөздері – көркем әңгіме емес, терең философиялық ойы бар даналық сөздер. Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Абай кім?

  • Қандай тақырыптарға өлең жазған?

  • Қандай әндерін білесіз?

  • Қандай орыс ақын-жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған?

  • Абайдың қара сөздері туралы не айтасыз?


1.Берілген кестені толтырыңыз.

Shape42

2. Берілген қара сөздерді жаттап алыңыздар, мағынасына талдау жасаңыздар.

34-қара сөзі: Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінезбен ғана озады. Басқаның бәрі – ақымақтық.

38- қара сөзі: Адам баласына зиян үш нәрсе бар, олар:

Надандық – білім, ғылымның жоқтығы.

Еріншектік – әлсіздік, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік.

Залымдық – дұшпан.


ҚЫС

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң -
қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.

Абай.

  1. Өлең жолдарын жаттап алыңыздар.

  2. Өлеңнен қысты адам кейпінде бейнелеген жолдарына талдау жасаңыздар.




СӨЙЛЕУ ЭТИКАСЫ

Кілт сөздер: сөйлесу, ой бөлісу, пікір алмасу, ереже, қабылдау, ұғыну, пікірлесу, сана, қасиет, нәтиже, маңызды құрал, ауызша, жазбаша, ақпарат, түсіну, іске асу.




Әдемі сөйлеу – мәдениеттіліктің белгісі

Адамдар өмір қажеттілігіне байланысты басқа кісілермен ой бөліседі, пікір алмасады, сөйлеседі. Сөйлесу үшін сол ұлттың тілдік грамматикалық ережелеріне сәйкес сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді пайдаланады.

Адамзаттың сана-сезімінің дамуына дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеу – адам сана иесі екендігінің негізгі белгісі. Сана бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын қасиет. Сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуы биологиялық жағдайлар мен қоғамдық-әлеуметтік, тарихи факторларға да байланысты. Сана мен тіл – адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білуінің нәтижесі.

Тілдің негізгі қызметі – адамдар арасында қарым-қатынас құралы ретінде қызмет атқаруы,. Сөйлеу пікір алысу кезінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы болып табылады. Сөйлеу екі түрлі болады: ауызша және жазбаша. Сөйлеу арқылы біз ақапарат алмасамыз. Ақпаратты қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Қабылдау мен түсіну (ұғыну) бір мезгілде жүріп отырады, бір-бірінсіз іске аспайды.

  1. Берілген етістіктерді келер шақта жіктеңіз.

Пікірлесу, қалыптасу, білу, қатынасу

  1. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырып жазыңыз.

Саналы адам, тәжірибесі мол, негізгі қызметі, қатынас құрал, жеке адам, жан қуаты

  1. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз.

Ойлау, ой алмасу, сөйлеу, қабылдау, ұғыну

  1. Мәтіннің мазмұнына қысқаша жоспар жасаңыз, негізгі сөйлемдерін теріп жазыңыз.


Аялдамада


  • Сәлеметсіз бе, апай? Кешіріңіз, көк базарға қалай баруға болады?

  • Сәлеметсіз бе? Көк базарға №9 немесе №11 троллейбуспен баруыңызға болады.

  • Көк базар бұл жерден өте алыс па?

  • Иә, қызым, алыс. Жаяу бара алмайсыз.

  • Айтыңызшы. Неше аялдамадан кейін түсіп қалуым керек?

  • Ең соңғы аялдамадан түсесіз. Сондықтан көк базардан өтіп кетемін бе, деп абыржымаңыз.

  • Сізге көп рахмет! Сау болыңыз.

  • Оқасы жоқ. Сау болыңыз.

  1. Диалогті мәнерлеп оқыңыздар.

  2. Жолаушы қайда бармақшы болды?

  3. Қалай ойлайсыз, жолаушы неге абыржыды?



Жөн сұрау


  • Сәлеметсіз бе, ағай? Кешіріңіз, сізден бір нәрсе сұрауыма болады ма?

  • Сәлеметсіз бе, қарындас? Өте асығыспын. Сол себепті сұрағыңызды тезірек айтыңызшы.

  • Алматыда метро бар ма? Бар болса, метромен қай жерлерге баруға болады.

  • Иә, метро бар. 2012 жылы желтоқсанда 1-кезеңі іске қосылған.

  • Метромен Орталық мешітке, ал ҚазҰУ-ға бара аламын ба?

  • Иә, бара аласыз. Бірақ метро ҚазҰУ қалашығына жақын емес. Бұл жерден 32-автобусқа мінесіз. Ағай, сау болыңыз.

  • Көп рахмет. Сау болыңыз.


Диалогпен жұмыс

  1. Диалогтерді рөлге бөлініп оқыңыздар.

  2. Диалогтен қаратпа сөздерді табыңыздар.



Шаштаразда


  • Сәлеметсіз бе?

  • Сәлеметсіз бе? Қош келдіңіз! Бізде сізге жоғары білікті маман шаштараздар қызмет көрсетеді.

  • Шашымды қидырайын деп едім.

  • Мінекейіңіз. Мына каталогті қараңыз. Содан соң өзіңіз қалаған шаш қою үлгісін көрсетерсіз.

  • Жоқ. Каталогтің қажеті жоқ. Маған тек шашымның ұштарын түзулеп берсеңіз болды. Ақысын алдын-ала төлеуім керек пе?

  • Әуелі шашыңыздың ұштарын түзулейін, содан соң ақысын кассаға төлейсіз. Сіз мына орынтаққа жайғасыңыз. Қозғалмай алдыңызға қарап,тік отырыңыз.

  • Жарайды. Мақұл.

  • Енді айнаға қарауыңызға болады.

  • Рахмет! Жаңа сән үлгісі жарасымды екен. Ақысы қанша?

  • Мен сізге шыптаға есептеп жазып қойдым. Ақысын кассаға төлейсіз.

  • Келіп тұрыңыз. Біз сізге әрқашанда жоғары сыныпты қызмет көрсетуге дайынбыз.

  • Рахмет. Келіп тұрамын. Сау болыңыз!

  • Сау болыңыз!


  1. Диалог қандай тілдік жағдаятқа құрылғанын анықтаңыздар.

  2. Диалогке қатысушылар қандай стильде сөйлесіп тұр?



Бала – өмірдің жалғасы


Бала – өмірдің қызығы, көңілдің қуанышы, көздің нұры, ата-ананың қымбаты. Жақсы бала – сарқылмас байлық, өшпес шырақ, өлмес ұрпақ, солмас гүл, сарқылмас жыр.

«Бала» деген сөзбен «бақыт» деген сөз – егіз. Сол бала мен бақытты қорлаушы, құтқарушы, тонаушы – тек қана соғыс.


  1. Мәтінді оқып, мазмұнын өз сөзіңізбен айтыңыз.

  2. Ата-ана сөзіне мәндес сөзді жазыңыз.



ТАБИҒАТ ТЫЛСЫМЫ

Табиғат сылары


Дүние дүзіндегі ең ащы теңіз - Қызыл теңіз де, суы ең тұщы теңіз - Балтық теңізі.

Жер шарындағы ең жан баспайтын су Сицилиядағы «Ажал көлі». Оның жағалауында ешбір өсімдік өспейді, жәндік болмайды. Ажал көлінің түбінде екі жерден қышқыл атқылап тұрады. Суды уландыратын осы қышқыл.

Әлемдегі ең қуаншылық жер - Атакама. Оның шығыс жағы Тынық мұхитпен, батысы Анд тауымен жатыр. Бұл шөл пайдалы кенге бай. Онда – алтын, күміс, мыс көп. Бірақ оларды қазып алу өте қиын. Себебі Атакамада үнемі қуаңшылық болғандықтан, барған адамның шашы лезде ағарып кетеді екен.

Әлемдегі ең ұзын темір жол Мәскеу-Владивосток жолы. Оның ұзындығы 9216 шақырым.

Жер жүзіндегі ең терең көл - Байкал көлі.



Өсімдіктер әлемі


Қазақстанның табиғаты сан алуан, өте бай. Біз табиғатты өлі және тірі табиғат деп бөлеміз. Тіршілік иелерінің бәрі тірі табиғатқа жатады. Өсімдіктерді тірі табиғаттың бір бөлшегі деп санаймыз. Қазақ жерінде әртүрлі өсімдіктер өседі. Өсімдіктерді ғалымдар үш топқа: ағаштар, бұталар, шөптер деп бөледі. Ағаштарға алма, шие, қайың, емен, терек, жөке, шырша, т.б. өсімдіктер тобы жатады. Итмұрын, бөртегүл, қарақат секілді өсімдіктер бұталар қатарына жатады. Бұталар ағаштарға қарағанда аласа болады. Олардың діңі болмайды. Бір түптен бұталары қаулап өседі. Олар тау баурайында, далалы сулы жерлерде өседі. Ал шөптесін өсімдіктер еліміздің барлық аймағында: таулы, далалы, сулы жерлерде өседі. Құнарлы шөптерді мал азық етеді. Өсімдіктердің адамдар мен жан-жануарларға пайдасы өте зор.


Диалогті толықтырыңыз.

1 .Студент, өсімдіктің қанша тобы бар?

Ұстаз, ....

2. Ұстаз, ой, ағаштар да тірі табиғатқа жатады ма?

Иә, ....

3. Ағаш пен бұтаның қандай айырмашылығы бар?

....

4. Бақшада өсетін өсімдіктерді қалай атаймыз?

....

5. Қандай жеміс жегенді ұнатасың?

Шіркін! Қазір ....

  1. Диалогті рөлге бөліп оқыңыздар.

  2. Диалогтен қаратпа сөздер мен одағай сөздерді табыңыздар.

  3. Одағай сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастырып жазыңыз.



Табиғат сырлары


  1. Қой арам шөптің 570-ке жуық түрін жейді. Қойдан басқа бірден бір жануар мұнша көп арам шөп жемейді.

  2. Табиғатта өмір бойы аяғынан тік тұрумен өтетін жануарлар бар. Олар пілдер. Африкада ересек пілдің жер бауырлап жататынын әлі ешкім көрген емес. Ересек пілдер жүз жыл бойы тізе бүкпейді.

  3. Дүниедегі ең үлкен сарқырама Венесуэла елінде. Оны Анхель деп атайды. Су 979 метр биіктіктен құлайды. Бұл сарқырама Чурин өзенінің құйылысында.

  4. Ғажап көл. Индияда Самбар деп аталатын көл бар. Оның суы жылдың жеті ай бойында ащы, төрт ай бойында тұщы болып тұрады. Көлдің беткі қабаты 160 шаршы шақырым.


«Ойлан, тап» ойыны


Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтағылар қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерді айтады.

Екінщі топтағылар қазақ тіліне тән дыбыстары жоқ, сөздерді айтады.

Әр топтың мүшелерінің жауаптарын өздері бақылап, есептеп тұрады.

Орамжапырақтағы қияр


Халық арасында жас баланың ата-анасы «сені орамжапырақтан тауып алдық» деп алдайтын әзіл бар. Шындығында, бұл сөздің негізі бар екен. Бұрынғы кезде шаруалар жеке меншік бақшасындағы орамжапырақ арасына қияр егетін болған. Қияр түйіндеген кезде оны сабағынан үзбей, жаңа өсіп келе жатқан орамжапырақ жапырағының арасына салады. Жапырақ үлкейген сайын қиярды ішіне салып, жаба түседі. Орамжапырақ піскен кезде оның ішіндегі қияр бірге үзіледі. Қыс ортасында орамжапырақты жарып, оның ішінен жақсы сақталған жас қиярды алуға болады. Міне, әзілдің негізгі шындығы осында жатыр. («Бал.өң.» газетінен).


  1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, мазмұнын айтыңыз.

  2. Бақша өніміне жататын көкөністерді жазыңыздар.

  3. Көкөністердің қайсысы ұзақ мерзімге сақтауға шыдамды?

  4. Көкөністердің қай түрлерін тұздап қалбырларға жабуға болады?



Өсімдіктің мүшелері


Ө сімдіктердің де өзіне тән мүшелері бар: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, т.б. тамыр арқылы өсімдіктер топырақ бекиді және қоректенеді. Сабақтар өсімдіктің барлық мүшелерін байланыстырады және тұла бойына түгел қорек таратады. Шөптекті өсімдіктердің бойы аласа, сабақтары жіңішке болады.

Жапырақ арқылы да қоректенеді, ылғалды буландырады. Гүлден жеміс пайда болады. Өсімдіктердің жемістері әртүрлі болады. Мысалы, арпа-бидайдың жемісі – дәні масақта, ал жүгерінікі собықта орналасады. Еменнің жемісі – жаңғақ, таңқурайдың, бүлдіргеннің жемістері жидек деп аталады.


  1. Сіздің елде бау-бақшада өсетін өсімдіктердің аттарын жазыңыздар.

  2. Қандай шырынды жемістерді білесіз?

  3. Емдік қасиеті мол өсімдіктерді білесіз бе?

  4. Мәтіннен кілт сөздерді теріп жазыңыз.


1-жаттығу. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

  1. Өсімдіктің мүшелері_______________________ .

  2. Шөптекті өсімдіктердің ____________________ .

  3. Жапырақтар арқылы_______________________.

  4. Гүлден __________________________________ .

  5. Бидайдың жемісі _________________________ .

  6. Еменнің жемісі ____________________________ .

  7. Таңқурай мен бүлдіргеннің жемісі ___________ .

  8. Жүгерінің жемісі ___________________________.

  9. Арпа-бидайдың жемісі ____________ деп аталады.




Дәрумендер қоймасы


Кілт сөздер: Шығыс Қазақстан, өсімдік, өсу, дәрумен, емдік, қасиет, халық медицинасы, ауру, қолдану, қойма, атау, қателеспеу.


Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан ауданында шырғанақ өсімдігі өседі. Ғалымдардың айтуынша, 100 грамм шырғанақта 400 милиграмм дәрумен бар. Емдік қасиеті жоғары әрі дәрумені мол саналатын лимонның 100 грамында 60-70 милиграмдай ғана дәрумен болады. Ал шырғанақты халық медицинасында жара, күйік, асқазан ауруларымен қатар бейдауа дерттің де алдын алу үшін кеңінен қолданады. Сол себепті де шырғанақ өсімдігін дәрумендер қоймасы деп атасақ қателеспейміз.


Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Шығыс Қазақстан облысының орталығы қалай аталады.

  2. Шырғанақ қандай өсімдіктер тобына жатады?

  3. Шырғанақтың емдік қасеиті бар ма?

  4. Емдік қасиеті қандай дертке шипалы?

  5. Не себепті оны дәрумендер қоймасы деп атайды?

  6. Кілт сөздерді пайдалана отырып, мәтіннің мазмұнын айтыңыз.



Дәрулік өсімдіктер

Мал бағумен ерте заманнан бері айналысқан қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік, дәрілік қасиетін ертеден білген. Ертеде өмір сүрген Әбу Насыр әл – Фараби, Әбу Әли Ибн – Сина, Беруни, әл – Джурджани және орта ғасырларда өмір сүрген Шығыс ғалымдарының қазақ халық медецинасының дамуына, әсіресе, дәрілік өсімдіктерді танып, пайдалануына еткен ықпалдары зор болды.

Елімізде өсетін 20 мыңнан астам өсімдік түрлерінің 2500–інің шипалық маңызы бар. Бұның 600 – ге жуық түрін дәрі дайындауға шикізат ретінде пайдалануға болады.

Алайда медицинаға 200–ге жуық дәрілік өсімдіктер түрі белгілі. Қазақстанда өсетін 6000-ға жуық өсімдік түрінің 500–і дәрілік өсімдіктерге жатады. Мысалы: адыраспан, қара аңдыз, итошаған, мыңжапырақ, бақбақ, түймешетен, тау қылша, шайшөп, қалақай, атқұлақ, рауғаш, ойраншөп, итсигек, жанаргүл, долана, итмұрын, есекмия, киікоты, тасшөп, миятамыр.


1-жаттығу. Тиісті қосымшаларды қойып сөйлемді толықтырып жазыңыз.

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында шырғанақ өсімдігі өседі. Ғалымдардың айтуынша, шырғанақтың 100 грамм... 400 милиграмм дәрумен болады. Емдік қасиеті жоғары әрі дәрумені мол саналатын лимонның 100 грам... 60-70 милиграм.. ғана дәрумен бар екен.




Тамырсыз өсімдік


Кілт сөздер: Америка, өсімдік, кез келген жер, тияляндия, тамырсыз, іліну, өсу, қоректік зат, жапырақ, ауаны сіңіру, ылғал, жеткілікті


Орталық және Оңтүстік Америкада тияляндия деп аталатын өсімдікті кез келген жерден кездестіре аламыз. Кейде ол электр желісіне де ілініп тұрады, бірақ қурамайды. Әңгіме мынада: бұл өсімдіктің тамыры болмайды. Ол өзіне қажетті қоректік затты жапырақтарына ауаны сіңіру арқылы алады. Сондықтан да ол кез келген жерде өсе береді. Тек қана ауада ылғал жеткілікті болсын деңіз. («С.Қ.» газетінен).


  1. Өсімдіктің ерекшеліктерін тауып жазыңыз.





Shape43



Shape44


Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Тияляндия өсімдігі қай жақта өседі?

  2. Оны неге тамырсыз өсімдік деп атаймыз?

  3. Ол өзіне керек қоректі қалай жинайды?

  4. Мәтіндегі етістіктер қай шақта айтылып тұр?


ОРМАН – ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҒЫМЫЗ


Жасыл орман – жан саясы


Ғалымдар даладағы бір текше метр ауада 25 грамм шаң болатындығын есептеп шығарды. Ал орманда ешқандай шаң болмайды. Орман үлкен фильтрлі алып шаң тартқыш, ауа тазартқыш сияқты. Бір ғана мысал. Жыл сайын бір гектар жердегі қарағай отыз алты, емен елу алты, жылтыр сұр қабықты қатты ағаш (бук) алпыс үш тонна шаң ұстайды екен. Орманды жердегі бір текше метр ауада төрт жүз тоқсан бактерия болады екен. Ғалымдар бұл цифрдың үлкен қалаларда отыз алты мыңға дейін жететіндігін есептеп шығарды. Қалалар мен елді мекендерде жасыл желек неғұрлым көп болса, соғұрлым ауа таза болады. Жасыл орман – адам баласының жан саясы. («Қаз.әдеб,» газетінен).


Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Орманның адамға қандай пайдасы бар?

  2. Орманның ауасы қандай болады?

  3. Орман мен даланың салыстырып сипаттаңыз.


2-жаттығу. Қарамен жазылған сөздердің орнына мәндес сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.

  1. Даладағы бір текше метр ауада 25 грамм шаң болады. 2. Орман алып шаң тартқыш сияқты. 3. Ғалымдар есептеді.4. Жасыл желек неғұрлым көп болса, соғұрлым ауа таза болады. 5. Отыз алты мыңға дейін жетеді.

Мәндес сөздер: шаңсорғыш, мол, тозаң, шейін.



Саябақтар шеруі


«Саябақтар шеруінің» тарихы


«Саябақтар шеруін» тойлау дәстүрі ХІХ ғасырдың 40-жылдарында бастау алған. Жерді қорғауға байланысты алғашқы акция 1840 жылы өткізілген. Дж.Стерлинг Мортон өзінің жанұясымен Небраск (АҚШ) штатына келгенде, олар шексіз даладан енді құрылыс материалдарына кететін жалғыз ағаштарды ғана көреді. Бұл көрініс отбасы мүшелеріне ұнамай, ерлі-зайыптылар алаң ағаш отырғызуды қолға алады. С.Мортон 1872 жылы Небраска аймағының хатшысы болып қызмет атқарып жүргенде, қала халқын жаппай көгалдандыруға шығарып, ағаш еккізу керектігі туралы өзінің ұсынысын айтады. Ұсынысты басшылық қолдап бір күнде миллиондаған ағаштар отырғызылады.

1882 жылы Небраскада 22 сәуірді «Ағаш» (Терек) күні деп жарияланады.

1970 жылдан бастап бұл күн «Жер Күні» деген жаңа атауға ие болды. 1990 жылдан бері АҚШ-та жер мен күннің құрметіне ұлттық саябақтар салына бастады. Қазіргі уақытта бұл мерекені қолдаушылар қатары жетерлік. Бірақ жыл өткен сайын аты өзгеріп «Саябақтар шеруі» дегенге тоқталды. 1995 жылдың 21-23 сәуірінде Американың ұлттық саябақтары мен табиғатты қорғау ассоциясы алтыншы рет «Саябақтар шеруін» өткізді. Америкада 1995 жылы Саябақтар шеруіне 9000 қаладан миллионнан астам халық қатысып, есте қаларлық экологиялық күн жасайды. Шеру тек ағаш егумен шектелмейді, бұл жерде кино фестивальдер, пресс-конференциялар, экскурсиялар және басқа да шаралар өткізіледі. Еріктілер тарапынан 2,25 миллион доллар жиналып, саябақтарға қаржылай қолдау көрсетіледі. Осындай шараларға қатынасу американдықтар үшін мәртебелі іс болып табылады. 1997 жылы Саябақтар шеруі бұрынғы КСРО территориясын түгел қамтыды. Акция күндері ақпараттандыру жұмыстары, дөңгелек үстелдер, экологиялық сабақтар, семинарлар, көрме ұйымдастыру, экологиялық соқпақтарды абаттандыру, экологиялық десенттар, т.б. шаралар өткізілді. Жыл сайын осы уақытта шығармашылық байқаулар жарияланады, мұнда тек балалар емес үлкендер де ат салысады. Ең кішкентайлары – 3-4 жастағы балалар бақшасының тәрбиеленушілері. Қатынасушылардың үздік жұмыстарын экологиялық бағыттағы көрмелерге, автобустар мен трамвайларды безендіруге қолданатын еді.



«Орнын тап» ойыны

  1. Соңғы әрпі түсіп қалған сөздер жазылған кестелер беріледі. Сол керекті әріптерді дұрыс пайдаланып, орнына жазу керек.

Асқаба...., шан..., мемлеке....,

Қайра....., мақт...., ба....,

Еңбе....., тұңғы....., өспе.......,

Заңға......, босағ......, тере.....

  1. Төмендегі әріптерден сөз құраңыз.

  1. қ, л, ы, а, х

  2. з, ж, ұ, д, ы, л

  3. қ, с, н, ұ, у, а

  4. а, т, қ, ы, б

3. Дұрыс және кері оқығанда мағынасы өзгермейтін сөздер табыңыздар.

(шаш, ара, кезек, қазақ, ана, есе, надан).


«Саябақтар шеруінің» мақсаты


  1. Қоғамды, үкіметті, ақпарат құралдарын және бизнесті, ерекше қорғалатын аймақтарды қорғау және шын мәнінде оған көмек көрсетуге, проблемларды көруге шақыру, тарту;

  2. Ерекше қорғалатын аймақтар туралы қоғамда оң көзқарас қалыптастыру;

  3. Оларды қолдау жолдарын қарастыру;

  4. Елімізде экологтялық мәдениеттің деңгейін көтеру;

  5. Әрбір адамды қорықтарды ашуға, өзінің іс-әрекеті арқылы соның дамуына үлес қосуға тарту;

  6. Еліміздегі табиғатты қорғауға бағытталған қайырымдылық шараларын ұйымдастыру.

Облыстық экологиялық – биологиялық орталық «Саябақтар шеруінің» координаторы болып табылады.


Сұрақтарға жауап беріңіз.

    1. Саябақтар шеруі деген не?

    2. Саябақтар шеруін алғаш рет кімдер ұйымдастырды.?

    3. Сіздің еліңізде Саябақтар шеруі өткізіліп тұрады ма?

    4. Саябақтар шеруінің басты мақсаттарын атап айтыңыз.


Орфографиялық жұмбақ


Берілген сөздердегі әріптердің біреуін ауыстырып жаңа сөз жасаңыз:

тал - шаң -

кәсіп - жалау -

қай - келу -

ойын - есік –


«Буынды тез тап» ойыны


  1. «қар» буынынан басталатын сөздерді теріп жазыңыз;

Мысалы: қарға, қарбыз, қармақ, қараша, қайшы, қасық.

  1. Соңғы буыны «на» -ға біткен сөздерді табыңыз;

Мысалы: шана, жина, сана, мағына, ойна, жайна.


Ұзақ жасайтын ағаштар



Оңтүстік Оахака қаласына жақын Санта-Марияда Тула деген деревняда өсіп тұрған кипарис 5000 жыл жасаған. Бұл ағаштың жуандығы 16 метрге жетеді. Батыс Африкада баобаб ағашы 6 мың жыл жасаған. Мексика кипаристері 4 мың жыл тіршілік етеді. Ал Кавказда өсетін тисс ағашы 3 мың жыл жасайды.

Ж ер шарында 1200 жыл тұрған қарағай мен мың жылдан астам өмір сүрген жөке ағашы бар. Қайың – 500 жыл, терек – 400 жыл, үйеңкі – 250 жыл, шырша – 100 жылға дейін тіршілік етеді.



  1. Берілген вендиаграммасын мәтін бойынша толтырыңыз.

Shape45


Ауыл шаруашылығы




Ауыл шаруашылығының даму бағыттары


Ауыл шаруашылығының даму бағыттары мен өзінің өркендеу сипатына қарай үш топқа жіктеледі. Дәстүрлі (тұтынушы) ауыл шаруашылығында қауымдық және ру-тайпалық қатынастар әлі де сақталған. Бұл топ ауыл шаруашылығының екі түрінен тұрады. Біріншісі — Африка, Оңтүстік Америка және Азияның ылғалды тропиктік ормандарына тән аңшылық, балық аулау және өсімдіктерді жинаумен қатар жер өңдеуді ұштастыру. Негізгі өсіретін дақылдары — тамыр және түйнек жемістілер, астық, бұршақ тұқымдастары, май пальмасы. Жер өңдеуде дәстүрлі көне тәсілдер (кетпен, соқа) қолданылады. Бұл шаруашылық өртеп-кесу шаруашылығы деп те аталады. Ауыл шаруашылығының екінші тобына көшпелі немесе жартылай көшпелі мал шаруашылығы жатады.

  1. Ауыл шаруашылығының даму бағыттарына қарай неше топқа бөлінеді.?

  2. Ауыл шаруашылығында қандай қатынастар сақталған?

  3. Жер өңдеуде қандай ескі тәсілдер қолданылады?


Ауыл шаруашылығының негізгі салалары


Дүниежүзіндегі кез келген елінің ауыл шаруашылығы өзара бір-бірімен тығыз байланысты екі саладан — өсімдік және мал шаруашылығынан құралады. Екі саланың арасалмағы әр елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен еңбек ресурстарының көрсеткіштеріне және табиғат ерекшелігіне сәйкес өзгеріп отырады. Өсімдік және мал шаруашылығы тек қана өзара байланысып қоймай, олардың өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салалары да тығыз байланыста болады. Екі сала арасындағы өзара байланыс агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) арқылы жүзеге асады. Мұндай агроөнеркәсіптік кешендер құрылымы мен әлеуетіне қарай әртүрлі болып келеді және дамыған елдерде кең қанат жайған. Дамушы елдерде олар жаңа-жаңа белең алып келеді.

Бүгінгі таңда жерге иелік етудің бірнеше түрі қатар кездеседі. Олар: жеке-меншіктік, мемлекеттік меншік және кооперативтік меншік түрлері. Ең кең таралғаны жерге жекеменшік иелігі, олар дүниежүзіндегі тауарлық ауыл шаруашылық өнімдерінің басым бөлігін өндіреді.

  1. Ауыл шаруашылығының негізгі салаларын атаңыздар.

  2. Саларалық байланыс қалай жүзеге асырылады?


Ауыл шаруашылығының басты бағыттары


Тауарлы және жартылай тауарлы дәстүрлі шаруашылық пен помещиктік-латифундиялық шаруашылық — ауыл шаруашылығында үш түрлі бағытта жүргізіледі: 1) егіншілік шаруашылығы Азияның көп еңбек күшін қажет ететін күріш өсіру шаруашылығы;

2) егіншілік және егіншілік пен мал шаруашылығы — Африка мен Азияға және Латын Америкасына тән. Сұранысқа ие дәнді дақылдар мен жемістер, сергітпе және техникалық дақылдар (банан, кофе, какао, шай, каучук және талшық алынатын өсімдіктер) күш-көлік ретінде және өнім алу үшін өсірілетін мал шаруашылығымен байланысады;

3) көпсалалы тауарлы егіншілік пен мал шаруашылығы — Еуропаның кейбір елдері мен Азия және Латын Америкасы елдеріне тән. Егіншілік пен мал шаруашылығы бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан шаруашылықта сан салалы, сұранысқа ие дақылдар басымдылық беріліп, көп өсіріледі.

Жоғары деңгейде мамандандырылған тауарлы ауыл шаруашылығы — ол ауыспалы егістіктері бар өсімдік шаруашылығы мен мал азығын дайындауды қоса жүргізетін интенсивті мал шаруашылықтарынан және оларды байланыстырушы агроөнеркәсіптік кешендер (АӨК) жиынтығынан тұрады.

  1. Егіншілік шаруашылығында қай саласы көп еңбек күшін керек етеді?

  2. Техникалық дақылдар қай сала үшін өсіріледі?



«Кім бұрын жазады?» ойыны

Бұл ойында ойынға қатысатындар үш топқа бөлінеді. Әр топтағы киім, оқу құралдары, көкөніс аттарынан 8 сөзден жазып, ауызша аударып шығуы керек. Тапсырманы уақытысымен орындап шыққан топ жеңімпаз атанады.


  1. Киім түрлері:

  2. Оқу құралдары:

  3. Көкөністер:



Қазақстанның астық шаруашылығы


Қазақстанда дәнді дақылдар егу ерте замандардан бері қалыптасқан. Астық шаруашылығы – Қазақстандағы егіншілік кәсібінің негізгі саласы. Астық шаруашылығы – аграр саласындағы дәнді дақылдарды өндіру жүйесі. Астық өндірісі ауыл шаруашылығының ірі салаларының бірі болып табылады. Астықтан ұн, нан, макарон, жарма, тәтті тоқаштар сияқты адам баласына ең керекті тағамдық өнімдер алынады.

ХХ ғасырдың бас кезінде (1913 ж.) Қазақстан аумағына ауыл шаруашылық дақылдары 4,1 млн.га-ға себілді. Оның 94 % -ы дәнді дақылдар, негізінен, бидай болды. Астықта Ақмола, Торғай, Қостанай, Семей, Орал, Павлодар жерлерінде егін егілді. Ауыл шаруашылық дақылдарын, оның ішінде дәнді дақылдарды өндіру Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін біршама ұлғайды. Қазақстанның астық шаруашылығы дамыған облыстарының климаты тым континенттік әрі құрғақ болғандықтан протеині мен қуаты көп. Жоғары сапалы астық өндіру үшін қолайлы жағдай туғызады.


Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Астық шаруашылығы дегеніміз не?

  2. Астықтан қандай өнімдер алады?

  3. ХХ-ғасырдың басында Қазақстанның қай облыстарында астық егілді?

  4. Төмендегі кестені мәтін бойынша толтырыңыздар.


Shape47 Shape46

Қазақстанның астық шаруашылығы



Астық бастыру

Астық бастыру – дәнді дақылдарды сабағынан, масағынан, қауызынан ажырату. Астық бастыру комбайндар арқылы жүзеге асырылады. Астық бастыру егіншіліктегі күрделі, ең жауапты да кезек күттірмейтін жұмыстардың бірі болып саналады. Оның басты мақсаты – астықты төкпей-шашпай, дер кезінде жинап, қамбаға құю. Қазақстанда, негізінен, егін орудың екі тәсілі қолданылады. Қазақстанның солтүстік, орталық облыстарында өсімдік сирек, аласа, арамшөптері басым болып келеді, сондықтан астық дәні қамырланып пісу фазасында бөлектеп орылып дестеге түсіріледі. Еліміздің оңтүстік облыстарында астықтың сабағы биік, бітік, әрі дәні толық піскен кезде, арамшөптерден таза, күн жылы, ауа райы ашық болғанда егін тікелей орылады. Бұл жағдайда астық бастыру егін орумен бір мезгілде жүреді, яғни егін шабылып, дән сабан мен топаннан ажыратылып, бірден бастырылады. Бастырылған астықтың сапасы дәннің жарылмауына, сабан-топан дәннің қауызға араласып кетпеуіне қарай бағаланады.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Астық бастыру дегеніміз не?

  2. Астық бастырудың басты мақсаты не?

  3. Қазақстанда астық бастырудың неше түрлі жолы бар?

  4. Егер өсімдік аласа, арамшөптер басым болса, қандай тәсілмен бастырады?

  5. Егер астық бітік, сабағы биік, әрі дәні толық болып піссе, қандай тәсіл қолданылады?



Астық қоймасы


Астык қоймасы – астық сақтауға арналған ғимарат. Ол астықты жауын-шашыннан, зиянды кеміргіштер мен құстардан қорғауға, астықты тиеп түсіруге ыңғайлы және бақылауға қолайлы болуы қажет. Астық қоймасының еденді, қамбалы және сүрлемді түрлері бар.

Еденді астық қоймасы – астық қабылдайтын, астық өндірілетін шаруашылықтарда салынады, астық еденде сақталады.

Қамбалы астық қоймасында мол астықты қамбаларға бөліп құйып сақтайды. Қамбалар едені астық өздігінен ағып шығу үшін көлбеу немесе конус тәрізді болып келеді.

Сүрлемді астық қоймасы биік етіліп, көлденең қимасы дөңгелек, төрт немесе көп бұрышты болып темір-құйматастан немесе металдан салынады. Еденді конус тәрізді немесе шұңқыр болады. Астық қоймасының жетілдірілген түрі – элеватор да сүрлемді түрге жатады. Ол өңдеу орындарына (диірмен, зауыттар, астық қабылдайтын орындар, теңіз, өзен порттары, темір жол тораптары) таяу жерден салынады.


Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Астық қоймасы деген не?

  2. Астық қоймасы нешеге бөлінеді?

  3. Еденді астық қоймасында астық сақталады?

  4. Қамбалы астық қоймасының едені қандай болады?

  5. Сүрлемді астық қоймасы қалай жасалады?





Егіншілік


Егіншілік – ауыл шаруашылық дақылдарынан тұрақты, сапалы, мол өнім алу үшін жерді өңдеп, баптау тәсілдерінің жүйесі.

Егіншілік – ауыл шаруашылық дақылдарын, егін өсірудің және топырақ құнарлылығын жоғарылатудың жалпы тәсілдерін зерттейтін агрономия ғылымының саласы.

Егіншілік ғылым ретінде топырақ құнарлылығын арттыру, оны эрозиядан қорғау, топырақ пен өсімдіктің өзара әсерін, топыраққа механикалық, биологиялық және химиялық әдістермен әсер ете отырып, жоғары әрі тұрақты өнім алу, егістікті зиянкестер мен арамшөптерден, қолайсыз жағдайлардан (құрғақшылық, аңызақ, үсік) қорғау мәселелерін зерттейді.

Егіншілік агрономияның басқа салаларымен (агрохимия, агрофизика, селекция т.б.) тығыз байланыста. Егіншіліктің ғылым ретінде негізі ХУШ ғасырдан бастап қарқынды дами бастады. Оның дамуына Ж.П.Буссенго (Франция), А.Юнг (Ұлыбритания), А.Теэр (Германия), М.В.Ломоносов (Ресей) еңбектері әсер етті.

Егіншіліктің экстенсивті және интенсивті түрлері бар. Экстенсивті түрінде егіншіліктен өнім алу үшін қосымша қаражат көп жұмсалмайды.

Егіншіліктің интенсивті түрінде пайдаланып жүрген жерге қосымша еңбек, қаржы жұмсап, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін арттырады.


Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Егіншілік қандай ғылым?

2. Егіншілік ғылым ретінде нені зерттейді?

3. Егіншілік агрономияның қандай салаларымен байланысты?

4. Егіншілік ғылым ретінде қашаннан бастап дамыды?

5. Егіншіліктің қандай түрлері бар?




Ауыл шаруашылығы


Ауыл шаруашылығы – материалдық өндірістің ең маңызды түрі. Негізгі салалары – егіншілік пен мал шауашылығы. Олардың құрамына ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша бөлінетін қосалқы салалар енеді. Ол халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет т.б.) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз етеді.

ХVI-XVII ғасырдан бастап Қазақстан жерінде егіншілік дами бастады. 1694 ж. Тәуке ханның Түркістандағы сарайында болған Ресей елшісі В.Кобяков жергілікті тұрғындардың бидайды, арпаны, тарыны өте көп мөлшерде егетінін және бидайдың жаздық, күздік түрлерін өсіру керектігі туралы жазған болатын. Шығыс Қазақстан мен Жетісу тұрғындары егін шауашылығына белсене араласа бастады. XX-ғасырдың 30-90 жылдары аралағында Қазақстан ауыл шаруашылық құрылымының негізін кеңестік шаруашалықтар мен ұжымдық шаруашылықтар құрады.


Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Ауыл шаруашылығының қандай негізгі салалары бар?

  2. Қазақстанда ежелден ауыл шаруашылығының қай саласы дамыған?

  3. Қазақстанда егіншілік қашан дами бастады?

  4. Қазақстанда бидайдың қандай түрлері егілген?

  5. XX-ғасырдың 30-90 жылдарындағы ауыл шаруашылық құрылымдарын атаңыз?


Жер өңдеу


Өсімдік жақсы өсу үшін оған барлық керекті жағдайларды туғызу керек. Ол жерді өңдеу жұмысынан басталады. Жақсы өңделген жерде ылғал көп сақталып, ол арамшөптен таза болады және бойында жылуын сақтайды.

Жер жырту – егін шаруашылығындағы негізгі шаралардың бірі. Мұнда соқа немесе басқа да жерді терең өңдеуге арналған құралдар арқылы өсімдік тамырлары жететін жер қыртысын қопсытып немесе жер қыртысын аударып, қыста қар, жазда жаңбыр суларын тегіс сіңіріп алуға, тұқымды керекті тереңдікке орналастыруға, алдында егілген егістердің тамырын жер қыртысының астыңғы қабатына аударып, шіруіне мүмкіндік береді.


Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Өсімдік жақсы өсу үшін не істеу керек?

  2. Жерді өңдеу жұмысы не үшін керек?

  3. Жер жырту дегеніміз не?

  4. Жерді қандай құралмен жыртады?

  5. Жерді не мақсатпен жыртады?



Қарақұмық


Қарақұмықтан жарма және ұн алады. Оның жармасы адамға өте пайдалы тағам. Оның құрамында лимон, алма қышқылдары, минералды, фосфор, темір, кальций заттары көп. Қарақұмық гүлдерінен аралар бал жинайды.

Қарақұмықтың сабағы да пайдалы. Оның тағы бір медициналық қасиеті, оның құрамында болатын лецитин заттары қан тамыры ауруының холестеринге қарсы тұра алады. Қарақұмықтың өсу дәуірі өте ерте басталып г үлдейді де, аяз басталып үсіп кеткенше созылады. Ең алғашқы пайда болған дәндері ірі, бірақ аз болады. Қарақұмық - жылу және ылғал сүйгіш дақыл, топырақ температуры 12-15 С болғанда көктеп шығады. Қарақұмық – суыққа төзімсіз, топырақ таңдайтын өсімдік. Қарақұмық - қарақұмықтар тұқымдасына жататын біржылдық немесе көп жылдық өсімдік. Сабағы жалаңаш, бұтақталған, әр буын арасы тізе сияқты бүгілген.

Бір ғана мәдени түрі бар, ол – мәдени қарақұмық. Ал арамшөп ретінде татар қарақұмығы кең таралған. Мәдени қарақұмық екі кіші түрге бөлінеді: 1. Кәдімгі қарақұмық – биік, сабағы жіңішке, жапырағы ұсақ өсімдік. 2. Көпжылдық қарақұмық – биік өсімдік, жуан қызыл сабақты, жапырақтары ірі болады. Қазақстанда өспейді.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қарақұмықтан не алады?

  2. Қарақұмықтың құрамында қандай заттар бар?

  3. Қарақұмықтың сабағында қандай медициналық заттар бар?

  4. Қарақұмық қандай өсімдік?

  5. Мәдени қарақұмық неше түрге бөлінеді?



Жүгері


Жүгері – Жер шарында көп тараған, өнімі жоғары дақыл. Оның дәні тамақ өнеркәсібінде, малға жем ретінде, техникалық салаларда кеңінен қолданылады. Одан жарма, жарылған жүгері, кристалды қант, спирт және ұн алады. Көк жүгеріні жеуге және консервілеуге болады.

Ж үгерінің ұрығынан медицина және тамаққа пайдаланатын май алады. Бұдан қымбат бағалы қағаз да алуға болады.

Жүгері дәнді дақылдар тұқымдасына жатады. Дәні тары тәріздес. Жүгері – біржылдық өсімдік, мәдени бір ғана түрі бар, ол – егістік жүгері.

Жүгері – жылу сүйгіш дақыл. Жер бетінің жылылығы 10-12 градус С жеткенде ғана өсе бастайды.


Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Жүгері қандай дақыл?

2. Жүгері қай жерлерде қолданылады?

3. Жүгеріден не алады?

4. Жүгері қандай тұқымдастыққа жатады?

5. Ол неше жылдық өсімдік?


Арпа


Арпа – астық тұқымдасына жататын бір және көп жылдық дақыл. Шыққан жері – Иран, Түркия, Армения. Арпаның морфологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес: дақылдық арпа, эфиоптық арпа және аласа бойлы арпа деп аталатын 3 түрге бөлінеді. Арпаның Қазақстанда «Нутанс-970», «Бәйшешек», «Сәуле», «Қарағанды-4», «Күздік», «оңтүстік Қазақстан 43», т.б. сорттары өсіріледі.

Арапның дәні белок пен крахмалға бай болғандықтан, оған малға жұғымды құрама жем дайындайды.

Мал азығына арналған арпа сорттарына қойылатын негізгі талаптар: жоғары өнімділік, дәннің сапасы, қажетті өсу мерзімі, өнімнің тұрақтылығы, топырақ және ауа құрғақшылығына, ауру мен зиянкестерге төзімділігі, жоғары агротехникаға бейімділігі, т.б.


Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Арпа қандай дақыл?

  2. Арпаның шыққан жері қай жер?

  3. Арпаның қандай сорттары бар?

  4. Арпаның неше түрі бар?



Сұлы


Сұлы дәнді дақылдар тұқымдасының сұлы тегіне жатады. Түрлері өте аз. Ол мәдени сұлы және жабайы сұлы немесе арамшөптер деп бөлінеді. Мәдени сұлыға егістік сұлы, византия және құм сұлылары жатады.

Сұлыдан жарма, жаншыма, ұн және спирт алады. Сұлының дәні негізінен қабықты, жалаңаш дәнді түрлері де аздап кездеседі.

Сұлының жақын туысы қара сұлы өте қауіпті және жайылып кеткен арамшөп. Оңтүстікте - оңтүстік қара сұлысы өседі. Оңтүстік қара сұлы дәнінің түп жағында таға сияқты таңбасы бар. Сондықтан піскеннен кейін сөгіліп кетеді.

Сұлы жатып қалса, оның дәні сарғайып кетеді. Егер ақ сұлы мен сары сұлыны айыру қиын болса, оны азот қышқылының 10 пайызды қоспасына 10 минутқа салып, содан кейін кептірсе, 18 сағаттан кейін ақ сұлы ақшыл қоңыр, сары сұлы – ашық сары болып өзгереді. Кейде піспей жиналған сұлы көк болып көрінеді.


  1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

  2. Мәтін бойынша диаграмманы толтырыңыз.

Shape48



Раушан гүлі

Х ош иісі аңқыған әсем раушан гүлі барлық адамзат үшін ортақ сұлулықтың, сымбаттылықтың, мейірбандылықтың, достық пен қайырымдылықтың белгісі болып саналады. Әсемдікті айрықша жырлайтын шығыс поэзиясы раушан гүлдің қасиетті гүл деп аңызға айналдырды.

Ежелгі римдіктерде раушан гүлі ғибадатханалар мен мазарларды сәндендіруге, жеңіске ие болған қолбасшыларды құттықтауға, некелескен жас жұбайларды құрметтеуге арналған сый ретінде ерекше мәнге ие болған.

Орта Азия халықтары раушан гүлді Греция мен Римде ол гүл патшайымы атанбай тұрып-ақ өсірген. Бұл аймақта раушан гүл сәндік үшін ғана емес, емдік қасиеті үшін: дәрі-дәрмек, эфир майын алу үшін де өсірген. Раушан гүлінен гүл майы, алуан түрлі хош иісті әтірлер, дәрі-дәрмектер жасалады.

Ресейге раушан гүлі ХІІІ ғасырда Германиядан әкелінген. Раушан гүлінің әлемде мың түрі, он мыңнан астам сұрыпы бар. Адамзат сан ғасыр бойы осы әсем гүлді өсіріп келеді.


Раушан – гүл патшасы





Shape49

... символы.



Shape50

Ежелгі римдіктер ... .







Shape51

Емдік қасиеті ... .





Shape52

... сұрыпы бар.



Shape53

Ресейге ... .



Раушан гүліне сипаттама беріңіз.

Біздің жасыл досымыз

Табиғи орман тоғайлар, далаларда жасанды түрде егілген орман алқаптары жол бойындағы, көшелердегі жасыл жапырақтары сән ағаштары бау-бақшадағы, саяжайдағы жеміс-жидек өсімдіктері, алуан-түрлі гүлді жасыл желектер бәрі де – біздің жасыл достарымыз.

Олар адамның түрлі қажетін өтейді, ауа-райының түрлі қатал жағдайларын жұмсартады. Сонымен бірге, түрлі пайдалы аң мен құстарға, бунақ денелілерге табиғи мекен.

Қаладағы өсімдіктер ыстыққа көлеңке, желге ықтасын ғана емес, сонымен қатар, ауаны түрлі зиянды газдан, түтіннен, шаң тозаңнан, микробтардан тазартады.


  1. «Біздің жасыл достарымыз» ұғымына сипаттама беріңіз.



Өсімдіктер

Табиғат өсімдіктер дүниесіне өте бай. Қазақстан Республикасында бес мыңнан астам жоғары сатыдағы өсімдік түрлері кездеседі.

Жер бетінде бес жүз мыңнан астам өсімдік түрлері өседі. Өсімдіктер кездеспейтін жер жоқ. Еліміздің көп жерлерін: ормандарды, тоғайларды, шалғындарды дала өсімдіктері, егістіктер, бау-бақшалар алып жатыр. Тіпті тоғандар мен өзендерде, көлдер мен теңіздерде де қаншама өсімдіктің түрлері кездеседі. Олар тек мәңгі мұз басқан биік тау шыңдарында тастақты, құмды шөлдерде ғана аз.

Биіктігі жүз елу метрге, диаметрі отыз метрге жететін алып эвкалипт ағаштары, мұзды биік таулары өлкелер мен тундрада өсетін ергежейлі тырбық талдар мен қайыңдар - өсімдіктердің алуан түрлілігінің тағы бір мысалы.


1. Берілген вентадиаграмманы мәтіндегі ақпарат бойынша толтырыңыздар.


Shape54



Табиғат ананы аялау - әр елдің парызы


Бүкіләлемдік табиғат қорғау қорының бас хатшысы Клод Артен мырза отыз елде бір мезгілде «Глобал - 2000» науқаны басталатынын мәлімдеді. Соған байланысты 2000 жылдан бастап жер жүзінде экологиялық тепе-теңдік бағдарламасы жүзеге аса бастайды.

Табиғатты адамның бүлдіруіне жол берілмейді. Табиғат қорғау ісіне бүкіл әлем елдері шақырылады.

Мұндай түбегейлі мақсат қойылмаса, бүкіл адамзатты аса зор апат күтіп тұрғаны анық. Бұл ретте табиғат қорғау қоры тапжылмайтын фактілерді алға қояды.

Жыл сайын әлем-де он жеті млн гектар орман не өртеніп, не шабылып құртылады екен. Оның орны және толтырылмайды. Жыл сайын жиырма үш млрд. тонна көмірқышқыл газы атмосфераға ұшырылады екен.

Тірі табиғатқа жасалып жатқан қиянат қаншама. Жыл сайын теңіздегі қанша тірі организм жойылады. Есепсіз аулауымыз өз алдына, қаншасын уландырып қырамыз.

Жыл сайын ғана емес, күн сайын талай тірі тіршілік түрлері біржола жойылып кетіп жатыр. Адамдар тек ірілерін ғана аңғарады. Оның бәрі дерлік адамның өзін асыраушы табиғатқа жасаған қиянатының салдарынан. Табиғат қорғау қоры қолға алып отырған жаңа шараларға байланысты жер жүзінде нақты екі жүз экологиялық аймақты қорғау көзделіп отыр. Оның ішінде Қазақстанның да аймақтары бар.

Тек Арал аймағының өзі ғаламдық мәселеге айналып отыр.

Әлемдік табиғат қорғау қоры өзі қолға алып отырған бағдарламаны жүзеге асыруда әлем елдерімен тығыз байланыс орнатпақ.

Айналадағы ортаны қорғау бір аймақтың ғана мүддесіне қатысты емес. Бұл планета халқының мүддесі. Осыны ескеріп, кейбір жеке елдердің табиғатқа тигізіп отырған зиянды әрекетін шектеу де қолға алынуы тиіс.


  1. «Табиғатты аялау керек» - деген ұғымды қалай түсінесіздер?



ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ

Итбалық


Итбалық - суда, құрғақта да өмір сүретін жануар. Алайда уақытының көбісін суда өткізеді. Себебі оның денесі суда тіршілік етуге бейімді. Аяқтары да ескек тәрізді. Ескек тәрізді аяқтары суда жүзуге икемді. Сонымен қатар итбалықтар су шаяны сияқты ұсақ жәндіктер мен балықтарды қореқ етеді. Итбалықтар бір мезгіл судан шығып, құрлықта жатып дем алады. әсіресе мұз үстінде жатқанда үйір-үйір болып жатады. Сәл ғана қорқыныш бұлты төнсе, олар жан сауғалап жаппай суға түсе бастайды. Су ішінде оларға төнетін қауіп жоқ десе болғандай. Итбалықтар елімізде Каспий көлінде тіршілік етеді. Итбалық – ақылды жануар. Себебі қыстыгүні көл бетін қалың мұз жапқанда, олар мұзды ойып сыртқа шығады. Кейде қалыңдығы 2-3 метрге дейін жететін мұзды итбалық қалай тесіп шығады деген мәселе - талайларды толғандырған жайт. Бұл мәселені арнайы жасақталған топ зеттеп көрсе, итбалықтың құпия сыры мында екен: алғаш су қата бастаған күз кезінде-ақ итбалық өзі ойық жасайтын тұсты таңдап алып, әлсін-әлсін сол жерді келіп тұмсығымен бұрғылайды әрі өзінің демімен және дене қызумен мұзды қатырмауға тырысады. Сол тұстағы ойыққа мұздың қатып қалмауын қадағалайды екен. Әр итбалық өзіне осындай бірнеше ойық жасайтын көрінеді.


Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Итбалық қосмекенді жануарлар қатарына жатады ма?

  2. Итбалық немен қоректенеді?

  3. Олар қай кезде жаппай суға түседі?

  4. Қыстыгүні олар қалың мұзды қалай ойып шығады?

  5. Қазақстанда итбалықтар бар ма?




Акула


А лып акула – теңіздің ірі балықтарының бірі, оның ұзындығы 10 метрге, салмағы 4 тоннаға жуықтайды. Ол барлық мұхиттарда мекендейді. Алыптың көгілдір акуладан айырмасы – зиянсыздығында. Ол теңіз жәндіктерімен ғана қоректенді. Апандай аузында айбатты тістері де жоқ. Акула бауырының өзі бір тоннаға жақын тартады. Оның майлылығы сонша – Гербрид аралы мен Шотландияда, Гренландияда бұл май жарық үшін пайдаланылады. Қазіргі уақытта акулаларды майы үшін аулайды. («Білім және еңбек» журналынан).


  1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

  2. Акуланы адамдар қандай мақсатта аулайды?


1-жаттығу. Берілген сөздерді қатыстыра отырып, сөйлемдер құрап жазыңыздар:


2-жаттығу. 1. Алып, көгілдір түсті, ең ірі жануар, зиянды, зиянсыз, айырмашылығы, аулау, айбатты, апандай, ауыз, қоректену,

2. Мына тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түйіндеңіздер.

  1. Аузымен орақ орған.....................................

  2. Аузын айға білеген.......................................

  3. Тырнағын батырды......................................

  4. Ет-жүрегі езілді............................................

  5. Жігері құм болды.........................................

  6. Табанының бүрі бар....................................

Акулаға сипаттама беріңіз.


Shape55


Сіз білесіз бе?

Әлемде талай қызық бар


1. Әлемдегі ең үлкен «кітап» - Фива (Египет) храмының қабырғасына ойылып жазылған жылнама. Оның тас «беттерінің» ұзындығы – 40 метр. Ал қағазға басылған ең үлкен кітап салмағы 500 килограмдық, 8048 беттік Іжіл (АҚШ).

2. Әлемдегі ең кішкентай кітап – жапон миниатюрисі Асао Хосимо шығарған ұзындығы 1,5 милиметрлік кітап.



БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР


М үйізді жылан

Мүйізді тек тұяқты хайуанаттарға тән деп ойлау бекер екен. Солтүстік Африкада, Аравияда мүйізі бар улы сұр жыландар өмір сүретін көрінеді. Ал көзінің тұсында кішкентай екі мүйізі бар жыландар Ежелгі Мысыр дәуірінде де өмір сүріпті.

Оңтүстік Америкада мүйізді бақалардың 16 түрі кездесетіні мәлім. Ол бақалар ірі болады екен: олардың ұзындығы – 20 см, сыртқы түсін жердің, тастардың түрінен айыру қиын көрінеді. Бұл бақалар тышқандармен қоректенеді.

(«Білім және еңбек» журналынан).



Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қандай жануарларда мүйіз болады?

  2. Мүйізді жыландар қай жақтарда мекен етеді?

  3. Мүйізді бақалар қай құрлықта кездеседі?

  4. Мүйізді бақалар немен қоректенеді?



Жыландар


Қыстың күндері жыланды кездестіре алмаймыз. Өйткені суық түсе ұсақ жәндіктеріндеріне, ағаш тамырларының түбіне тығылады да, көктемге дейін сонда ұйықтайды. Күн сәулесі жер бетін қыздырған мезгілде жыландар ирелеңдеп сыртқа шығады. Көп ұзамай-ақ олар түлей бастайды. Жылан терісінің сыртындағы қабыршағы бас жағынан төмен қарай бүтіндей сыпырылып түседі. Сөйтіп, жыландардың терісіне жаңа қабыршақтар пайда болады.

(«Қазақстан әйелдері» журналынан).

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Жыландар жылдың қай мезгілінде белсенді түрде тіршілік етеді?

  2. Қыстыгүні олар қайда тығылады?

  3. Жыландар інінен қай мезгілде сыртқа шығады?



Ұшатын жылан


Құстың ұшатынын жұрттың бәрі біледі. Кейбір жыланның ұшатынын естігендерің бар ма?

Оңтүстік Азияның тропикалық ормандарында ұшатын жыландар кездеседі. Ұшатын жыландар ағаш басында тіршілік етеді. Олар ұшар алдында басын тік көтеріп, қабырғасын жазып, бүйір терілерін қампитып, қамданып алады. Сонан кейін денесімен ағашты тіреп тұрып, қатты серпіліп қалады да, қалықтап барып, екінші бұтаққа қонады.

(«Қазақстан әйелдері» журналынан).

Р.S. Біздің елімізде де оқ жыландар кездеседі. Оқ жыландар дұшпанына атылар алдында басын тіктеп, бойын көтеріп, дайындалады, тұрған жерінен серпіле атылады. Олар атылған кезде біраз метр жерге дейін ұшып барады.


1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, мазмұнын айтыңыз.

2. Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қойыңыз.

3. «Жануарлар әлемі» туралы телебағдарламаларды көресіздер ме?




ҚҰПИЯҒА ТОЛЫ ӘЛЕМ


Су жинағыш бақалар


Орталық Австралияда өзендер мен су қойнаулары күннің ыстығынан жиі құрғап қалады. Осындай кезде тұрғын халық бақа аулауға шығады. Австралияның шөл далаларындағы бақалар ауа райының сондай өзгерістеріне бейімделген көрінеді. Қуаңшылықтарда олар асқазандарына су қорын сақтайды екен. Сол себептен аңшылар бақаларды асқазанынан су алу үшін аулайтын болған.

(«Білім және еңбек» журналынан).


Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Орталық Австралияның ауа райы қандай?

  2. Австралия халқы бақаны не үшін аулайды?



Аңдар мен балықтардың ұйқысы қызық


Балықтар қараңғы түсісімен өзен-көлдің түбінде дем алып, су өсімдіктерінің арасында тынығады. Кейбіреулері ұйықтап жүріп жүріп ақырын бір орыннан екінші орынға ауысып отырады. Енді бірі ұйқылы қалпында басын төмен қаратып жүзсе, екіншісі шалқалай жатып жүзеді.

Шимпанзе күн сайын ағаш бұтақтарының арасына өзі жататын жаңа орын дайындайды. Хайуанаттар паркінде олар ағаш сәкілерде ұйықтайды. Егер түн салқын болса, жылы оранып жатады.

Бегемоттар суда ұйықтағанымен, денесін түгел суға көміп, сыртта тек тұмсығы мен көзін ғана қалдырады.

(«Қазақ күнтізбесінен»).


Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Жан-жануарлар қалай тынығады екен?

  2. Адамдар тынығу үшін не істейді?

  3. Сіз қалай демаласыз?

  4. Демалыс күніңізді қалай өткізесіз? Әңгімелеп беріңіз.



Құндыз


Республикамызда сирек кездесетін бағалы аңдардың бірі – құндыз. Ол қазір Жайық, үлкен және кіші Қобда, Тентекқара өзендерінде ғана кездеседі. Ерте кездерде құндыз Жайық, Ембі, Ырғыз, Есіл, Тобыл Нұра және Ертіс өзендерінде көптеп тіршілік еткен. Оларды бағалы терісі, құнды саналған «құндыз қайыры» үшін бей-берекет аулап жойып жіберген. Құндыз терісінен ертеде өте сәнді бас киімдер, жаға, сырт киімдердің етек-жеңдеріне әшекейлік желектер жасалынған. Кейде құндыздың сала құлаш терісін киіздің керегесіне әсемдік ретінде керіп іліп қою салты да болған. Ертеде қазақ халқы құндыз терісінен қалыңдыққа тарту үшін де пайдаланған. Үлкен бәйге жарыстарында құндыз терісін тігу дәстүрі де болған. («Білім және еңбек» журналынан).


  1. Құндыз қайда мекендейді?

  2. Құндыз терісі бағалы жануарлар қатарына жатады ма?

  3. Қазақстанда құндыз бар ма?

  4. Ертеде қандай дәстүр болған?



Жануарлар мен жәндіктер әлемінде


Жәндіктер өте тез өсіп өнеді. Олар түрлі аурулардан, ауа райының әсерінен миллиондап қырылмаса, мүлде көбейіп кетер еді. Соның өзінде зиянкес жәндіктер дүние жүзінде өсетін астықтың бестен бір бөлігін құртады.

Шегіртке аяғына орналасқан есіту «аппаратымен» мыңдаған километр жерде болатын жер сілкінісін естиді. Маса сонша неге ызыңдайды? Маса бір секундта қанатын бес жүз рет қағады. Осы орасан жылдамдықтан жағымсыз ызың пайда болады екен. Ғалымдар жануарлар мен жәндіктердің алуан қасиеттерін зерттеп, оны жаңа техника жасауға қолданады. Ғылымның бұл саласын бионника деп атайды. Қазір ғылымда жәндіктердің бір миллионға жуық түрі белгілі болып отыр.

(Қазақ күнтізбесінен).


  1. Мәтінді мәнерлеп, оқыңыз. Түсінігіңізді айтыңыз.

  2. Хабарлы жай сөйлемдерді сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлемдерге айналдырып, мәтінді қайта көшіріп жазыңыз.



ҚҰСТАР ӘЛЕМІ

Бірқазан


Бірқазан – Қазақстанда ежелден ұя басқан құс. Ол соңғы жылдары тек Батыс Қазақстанның Қамыс-Салқар көлінде ғана кездесіп жүр. Балқаш көлі мен Іле өзені жағалауларында да бар.

Бірқазандар – аса сезімтал және жауларынан қорғана білетін батыл құс. Ол жер бетінде ауыр қозғалғанымен, суда жақсы жүзе біледі, бірақ сүңги алмайды. Ол – топтанып жүретін «колониялы» құстардың бірі. Оның үйірінде басқа құстар да араласып жүре береді. бірқазандар біздің аймаққа ерте көктемде келеді. Келген бойда жұптасып, топтала бастайды. Ұяны мекиені адам аяғы бармайтын ескі, шірік қамыс араларына салады. Мекиендер екіден алтыға дейін жұмыртқа табады.

(«Білім және еңбек» журналынан).


Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Бірқазан Қазақстанның қай аймағын мекендейді?

  2. Ол қандай құс?

  3. Ұясын қайда салады?

  4. Олар қандай құстардың қатарына жатады?




Алып құс


Осыдан бір миллион жыл бұрын тіршілік екен құстың бірі – эпиорнист. Оның үлкендігі пілге жуық, биіктігі 5 метр болған көрінеді. Құстың тас болып қалған жұмыртқасының үлкендігін сыйымдылығынан-ақ білуге болады. Жұмыртқа қабығына 8-9 литр су сыйған.


Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Алып құстың үлкендігі қандай болған?

  2. Олар қазір жер бетінде тіршілік етеді ме?

  3. Алып құсты қазақ халық ертегілеріндегі самұрық құспен салыстырыңыз.

  4. Оның денесінің үлкендігін қалай анықтаған?



Құстар тор тоқиды


Тор тоқу ісі көп еңбекті керек етеді. Бірақ Батыс Ирактың жағалауларындағы балықшыларды осы бейнеттің лажын тауыпты. Балықшылар бамбук сырықтарынан төрт жақтаулы етіп шырмауықпен байланыстырып, жыңғыл ішіндегі ағаштарға іліп қоятын болған. Құстар түн бойы оған тор тоқитын болған. Олардың осы даярлап қойған торларын таңертеңгілікте балықшылар ала қояды екен. Осы дайын тордың әрқайсысының салмағы екі килограмнан үш килограмға дейін тартады екен.

(«Қазақ пионер» газетінен).


Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Тор тоқу ісі күрделі ме?

  2. Ирак балықшылар тор тоқудың қандай жеңіл амалын тапқан?

  3. Дайын торды балықшылар не үшін пайдаланады?



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі: лексика, фонетика, морфология, синтаксис. -Алматы: Атамұра. Оқулық. 2006.

2. Бұлдыбаев, А.С. "Қазақша сөйлегіңіз келе ме?". Оқулық.1994.

3. Дүйсенбаева Р.И. Кел, қазақша сөйлеуге жаттығайық! Оқулық. 2006.

4. Сариева К.Ы. Қазақ тілі. Оқу, жаттығу құралы. - Алматы: Білім, 2001.

5. Көккөзова М.Б. Қызықты қазақ тілі: Көмекші оқу құралы. 2004

6. Кенжемұратова С.К., Ахметова А.А. және т.б. Қазақ тілі. (Ауыл шаруашылығы мамандықтарына арналған оқулық). - Алматы, 2007.

7. Жалпы құқықтық білім беру. Мемлекеттік рәміздер. Менің Отаным-Қазақстан. Б.Қошым-Ноғай мен Қ.Аманжоловтың өлеңдері қолданылды. - Алматы, 2006.

8. Интернет материалдары.

9. Оразбаева Ф. Ш., т. б. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар . – Алматы, 1999.



Тест тапсырмаларымен жұмыс

  1. Қуануды білдіретін сөзді табыңыз.

Алақай! Алақай! Әкпем маған әдемі тарту сыйлады.

А) әкпем

В) алақай

С) сыйлады

Д) әдемі тарту

2. Назарын аудару үшін қолданған сөзді көрсетіңіз.

Қарағым, сен қандай мамандықты таңдадың?

А) сен

В) қандай

С) таңдадың

Д) қарағым

3. Сөйлемді толықтырыңыз.

..., сізге қай бағыттағы автобус қажет еді?

А) Інішектер

В) Жолаушы

С) Достарым

Д) Балақайлар

4. Дұрыс жауапты табыңыз.

............, қай факультете оқып жүрсің?

А) Ол

В) Сіз

С) Балам

Д) Сендер

5. Сыпайлықты білдіретін сөзді табыңыз.

Кешіріңіз, Орталық кітапханаға қалай баруға болады.

А) Орталық

В) Кешіріңіз

С) кітапханаға

Д) баруға болады

6. Сөйлемді толықтырыңыз.

...! Ол билетін үйде ұмытып кетіпті.

А) Алақай

В) Шіркін

С) Бәрекелді

Д) Қап, әттеген-ай

7. Қарамен жазылған сөздің мағынасын анықтаңыз.

Тәйт! Жә, болды, бос сөзді доғарыңдар.

А) өкіну

В) қуану

С) ренжу

Д) зекіру

8. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.

......., мына күннің суығын-ай!

А) Шіркін

В) Алақай

С) Әттеген-ай

Д) Бәрекелді

9. –сыз қосымшасы жалғанатын сөзді табыңыз.

А) жеміс

В) электр

С) тамыр

Д) өсімдік

10. Болымсыздық мағыналы сөзді көрсетіңіз.

Оңтүстік және Орталық Америкада тамырсыз өсімдік өседі екен.

А) өседі

В) тамырсыз

С) өсімдік

Д) Америкада

11. Иелік мәнді білдіріп тұрған қатарды көрсетіңіз.

А) Олсабақты өте жақсы оқиды.

В) Нұрсұлтан өз есімін мақтан тұтады.

С) Қазір ол ҚазҰУ-да 1-курста оқып жүр.

Д) Аудармашы мамандығын таңдаған екен.

12. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

Шырғанақ өсімдігінде емдік қасиеті мол ... бар.

А) дәрі

В) шипа

С) өсімдік

Д) дәрумен

13. Қалау райдың жұрнақтарын белгілеңіз:

А)-са,-се

Ә)-ған,-ген

Б)-ғы,-гі

В)- қан, -кен

14. Көптік жалғаулы сөзді белгілеңіз:

А) сызғыштар

Ә) мамандық

Б) әжем

В) апам

15. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз.

Көрші... ауланы тазалады.

А) -де

Ә) -ден

Б) –лер

В) –мен

16. Дұрыс жауапты көрсетіңіз.

............, ағай.

А) сәлем

Ә) амансың ба

Б) сәлеметсіз бе

В) сәлемәтсің бе

17. Диалогті толықтырыңыз.

- Кел, танысайық. Менің атым -Алтынай. Ал сенің атың кім?

- Менің ....... - Баян. Танысқаныма қуаныштымын.

- Мен де қуаныштымын.

А) тегі

Ә) әкесінің аты

Б) аты жөні

В) атым

18. Диалогті толықтырыңыз.

-Танысып қойыңыз. Бұл бала – менің сыныптасым. Оның аты –Оразбек.

- Ал менің ....... - Болатбек. Оразбек, сенімен танысқаныма қуаныштымын.

- Мен де танысқаныма өте қуаныштымын.

А) есіміңіз

Ә) әкесінің аты

Б) есімім

В) аты

19. Диалогті аяқтаңыз.

- Жансая,сіз қазір қайда оқып жүрсің?

- Жоқ, мен оқымаймын, жұмыс істеймін. Мен киім ательесінде ...

А) тігінші

Ә) тігіншісің

Б) тігіншіміз

В) тігіншімін

20. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз.

Менің үйім мектепке жақын, ал досым...үйі алыс.

А) -тың

Ә) -дың

Б) -ның

В) –дің

21. Диалогті толықтырыңыз.

- Бану, мына балалардың қол арбасын қайдан сатып алдың?

- Маржан, бұл қол арбаны мен ... сатып алдым..

А) дүкенге

Ә) базардан

Б) сатушыда

В) сатып алушыдан

22.Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз.

Азамат дүкеннен екі кітап… сатып алды.

А) -ша

Ә) -қа

Б)- та

В) -хана

23. Дұрыс жауабын табыңыз.

Олардың тұңғыш баласы... жаста.

А) төрт

Ә) төртінші

Б) төртеу

В) төрттей

24. Көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркесін қойыңыз.

Марат дүкеннен ... сатып алды.

А) бес кітаптар

Ә) бес кітап

Б) бесінші кітап

В) бестей кітап

25. Дұрыс жауапты көрсетіңіз.

Балқия, ... қайда оқып жүрсіз?

А) сен

Ә) сіз

Б) мен

В) ол

26.Дұрыс жауапты көрсетіңіз.

Мұрат, ...... өзіңнің жұмысыңды ұнатасың ба?

А) мен

Ә) ол

Б) сен

В) сіз

27. Дұрыс жауапты көрсетіңіз.

Мен ... костюмді сатып алғым келеді.

А) осы

Ә) мынау

Б) мінекей

В) бұл

28. Асты сызылған сөзге сұрақ қойыңыз.

Мен жазда Түркістанға барып қайттым

А) қайда?

Ә) қалай?

Б) қанша?

В) қашан?

29. Асты сызылған сөзге сұрақ қойыңыз.

Біз алдағы сенбіде саяхатқа барамыз.

А) қашан?

Ә) қай кезде?

Б) қайда?

В) қалай?

30. Сөйлемді аяқтаңыз.

Мен ертең орталық мұражайға ...

А) барамын

Ә) барсын

Б) барсам

В) бар

31. Сөйлемді аяқтаңыз.

Сен туристерді Медеуге ......

А) апарсаң

Ә) апару

Б) апарар

В) апарасың

32.Көп нүктенің орнына әрекеттің болымсыз түрін қойыңыз.

Мұраттың бос уақыты болмаған соң концертке ......

А) бармады

Ә) барар

Б) барды

В) барған

33. Көп нүктенің орнына әрекеттің болымсыз түрін қойыңыз.

Алмастың қолы бос болса да, досына ......

А) көмектесті

В) көмектеспеді

С) көмектесі

D) көмектессе

34. Осы сәтте орындалып жатқан әрекетті көрсетіңіз.

А) Жоспар бойынша бүгін біздің топ жорыққа шығады

Ә) Сабақ кестесі бойынша ертең бізге бес сабақ болады

Б) Жаңа оқу жылына жоспар жасадым

В) Балжан бизнес жоспар жасап отыр

35. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.

Бақыт пен Айгүл үйлену тойларын жазда жасайды ....?

А) ба

Ә) бе

Б) ма

В) ме

36. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.

Бақыт, Маратты тойыңа шақырдың ...?

А) бе

Ә) ба

Б) ма

В) ме

37. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз.

Біздің топ... жиырма бала бар.

А) -та

Ә) -да

Б) -те

В) -де

38. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз.

Геолог... кен барлау жұмысын жүргізіп жатыр.

А) -дер

Ә) -дар

Б) -тер

В) -тар

39. Сөйлемді толықтырыңыз.

Біздің әл-Фараби атындағы ..... – Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орны.

А) ҚР ҰҒА

Ә) ҚазҰУ

Б) Мемтерминком

В) ҚазМұнайгаз

40.Тиісті сөзді қойыңыз.

Ақ көйлектің сыртынан жалпақ қызыл ... тағып апты.

А) белбау

Ә) белдемше

Б) белгі

В) белсенді

41. Дұрыс жауапты таңдаңыз.

Қоңырау соғылды да, ... ішке кірді

А) сынып

Ә) оқушылар

Б) оқулық

В) мектеп

42.Диалогті толықтырыңыз.

- Балқия, қалаға не үшін бара жатырсың?

- Мен қалаға ... тұру үшін бара жатырмын.

А) жұмыс

Ә) жұмысқа

Б) жұмысты

В)жұмыстан

43.Диалогті толықтырыңыз.

- Айдын, Алматыға не мақсатпен келдің?

- Алматыға университетке ... түсу үшін келдім

А) оқудан

Ә) оқудың

Б) оқуға

В) оқумен

44. Диалогті толықтырыңыз.

- Әділхан, ертең сабаққа қашан барасың?

- Қазір, сағат ... кейін барамын, ертең бізге бірінші сабақ сағат 9.25-те басталады.

А) сегізден

Ә) сегізде

Б) сегіздің

В) сегіздерде

45. Сөйлемді аяқтаңыз:

Мен емханаға баруым .....

А) болады

Ә) керек

Б) кетемін

В) жүремін

46. Сөйлемді аяқтаңыз:

Сенің қазақ тілін жақсы оқуың ..........

А) бар

Ә) керек

Б) кетесің

Д) жүресің

47. Көп нүктенің орнына болымсыз етістіктің қосымшасын қойыңыз:

Ақшаңды көп ысырап ет ....

А) –па

Ә) – пе

Б) – ма

В) –ба

48. Әкемнің әкесі - .....

А) әже

Ә) апа

Б) ата

В) көке

49. Асты сызылған сөзге сәйкес уақытты санмен көрсетіңіз:

Мен таңертең сағат жеті жарымда таңғы асымды ішемін

А) 8.30-да

Ә) 6.30-да

Б) 7.30-да

В) 8.30-да

50. Сөйлемді толықтырыңыз:

Кешіріңіз, … сұрауға бола ма, театрға қалай баруға болады?

А) сізге

Ә) сізбен

Б) сізден

В) сіз

75



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
2189
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі