400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Таным. Жаратылыстану Тақырыбы: Бөлме өсімдігі деген не?

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін :

күні:30.01.2020ж

Коммуникация.Драма. ТАҚЫРЫБЫ: «Ең керемет дәм» (сахналау)

Ортақ тақырып: Мен үшін не дәмді және пайдалы?


Мектеп/ Мұ:

Педагогтің аты-жөні:

сынып/ топ:

Қатысқандар саны:

қатыспағандар саны:

сабақтың

оқытылу

мақсаты


0.1.1.1 Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу.

0.1.1.2 Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту.

0.1.2.3 Интонацияларды ажырата алу және оларды айту.

0.2.1.2 Кеңістікте бағдарлану (сахнада, ойластырылып құрылған сахна алаңында),

түрлі қарқында қозғалу.

0.3.1.4 Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу.

0.3.1.6 Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығарма негізінде кейіпкердің бейнесін жасау.


күтілетін

нәтиже


Барлық тәрбиеленушілер:ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттей алады;дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс, сыбырлап және қатты айтады.

көпшілік тәрбиеленушілер: интонацияларды ажырата алады және оларды айтады;

кеңістікте бағдарланады (ойластырылып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында

қозғалады.

кейбір тәрбиеленушілер: басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түседі;

ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығарма

негізінде кейіпкердің бейнесін жасай алады.

тілдік мақсат

тәрбиеленушілердің дағдыларының дамуы:

Сөз қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізу.

Диалогтік қарым-қатынасқа түсу.

Мәнерлі және таза сөйлеуге дағдыландыру.

көптілділік:адам – человек – һитап нан – хлеб – bread

негізгі терминдер мен сөз тіркестері:бидай, бағбан, диірменші, наубайшы.

Пікір алмасу сұрақтары.

Ұннан қандай тағамдар пісіріледі?

«Еңбекпен келген нан тәтті» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Өткен

сабақтардан

алған білім


Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолдануды біледі, интонацияларды

ажыратады. Ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтады.

Кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіру. Нан тағамдары

туралы білім.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


I. Дұрыс әсерлі

көңіл күй

орнату.

0-2 минут

II. Өмірлік

тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты

болжам.

3-5 минут


(ұ)Тәрбиеленушілермен ынтымақтастық қарым-қатынасқа

түсу.

Ойын-жаттығу: «Өз көңіл күйіңді көрсет».

Мына сұлу әлемде

Адам өмір сүреді.

Үлкен менен кішіге

Күн сәулесін төгеді.

– Балалар, сендердің көңіл күйлерің қалай?

– Олай болса, көңілді болғанда не істейсіңдер? (Қол шапалақтау).

– Ренжігенде (қабақ түю).

– Таңғалғанда (көздерін бақырайту).

– Қуанғанда (күлу).

– Ендеше, біз бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.Айсұлу тәрбиеленушілерден мақал-мәтелдің мағынасын сұрайды.

Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күміс тас екен.

Тәрбиеленушілер өз ойларын білдіреді.

Жайлы әуен


Сабақтың

ортасы

III. тақырып

бойынша

жұмыс

6-27 минут


(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс 1-тапсырма.

(ұ) Интонациямен жұмыс: Өлең жолдарын Айсұлумен бірге

қайтала.

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Суреттегі қай баланың іс-әрекеті ұнады?

Неге? Әңгімеле.

Біз нанды қадірлейміз және дәмін білеміз.

Басқа тамақтардың дәмі қандай болады?


(ұ) 2-тапсырма. Суреттегілерді жегенде бет-әлпетің қандай бо-латынын ым-ишарамен көрсет.

Мимикалық жаттығу:беттің бұлшық етіне массаж.

1. Қышқыл лимон жегенде. (3-4 рет)

2. Тәтті балмұздақ жегенде. (3-4 рет)

3. Ыстық шайға ауыз күйіп қалмас үшін, үрлеп суытамыз.

Тәрбиеленушілер үрлейді. (4-5 рет)

4. Ащы тамақ жегенде. (4-5 рет)


көптілділік:адам – человек – һитап,нан – хлеб – bread

– Нан туралы қандай ертегі білесіңдер?


«Нан қайдан шығады?» ертегісін оқып беру.(Қосымшаны қараңыз.)

– Сол ертегідегі тышқанның дауысын салып көрейік.

(Ж) 3-тапсырма. Тышқанның дауысын салу.

– Тышқан нанды көрген кезде не деді?Қалай айтты?

Тәрбиеленушілер берілген сұрақтар бойынша дауыс ырғағына

салып айтады.

(ұ) 4-тапсырма. Ертегіге қатысты суреттерді белгіле.

сахналау.Ертегіні сахналау үшін рөлдерге бөлінуіміз керек.

Сол үшін бізге Айсұлу өзімен бірге қолсандық алып келіпті.

Ол сандықтың ішінде тәрбиеленушілер санына сәйкес карточ-калар болады. Ертегі кейіпкерлері бар карточканы алған

тәрбиеленушілер рөлдерге бөлінеді. Суреті жоқ бос карточка-ны алған тәрбиеленушілер көрермен болады.

Сахнадағы жұмыс тәртібін еске түсіру: Актёр ойын кезінде залдағы көрермендер назарын өзіне аударады. Актёрдің сөз шеберлігі қандай болу керек? Өзіңді тыңдату үшін сөзіңді қалай жеткізуің керек? Көрерменді басқаша қалай атауға болады? (Халайық.)

(ұ) театрландырылған көрініс: «Нан дастарқанға қалай

келеді?» (Қосымшаны қараңыз.)

Әліппе-дәптер


































Костюмдер, сахна


IV. сабақтың

қорытындысы.

Рефлексия.

28-30 минут


(Ө, қ) Тәрбиеленушілерден сабақта өзінің жұмысын бағалауын сұраңыз.

1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды.

2. Өз жұмысына көңілі

толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бо-яйды.

Әліппе-дәптер,

түрлі түсті

қарындаштар








Бекітемін :

Күні :30.01.2020ж

Таным. Жаратылыстану Тақырыбы: Бөлме өсімдігі деген не?

ҰОҚ-ның оқытылу

Мақсаты

0.1.2.4. Пиязшық арқылы көбейетін өсімдік түрлерінің өсіп-өнуін бақылау.


Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

• бөлме өсімдіктерінің 2-3 түрін атайды;

• адам өмірі үшін бөлме өсімдіктерінің мәнін атап шығады;

• бөлме өсімдіктерін өсіру не үшін қажет екенін түсіндіре алады.

Көпшілік балалар:

• тірек сөздер көмегімен болжамдарды айта алады;

• бөлме өсімдіктерін күту бойынша алгоритм құрастырады.

Кейбір балалар:

• «жабайы өсетін өсімдіктер», «бөлме өсімдіктері» ұғымдарына анықтама береді;

• жаңа ақпарат алу үшін сұрақтарды дұрыс қоя біледі;

• өз бетімен бақылау жұмысын жүргізе алады.

тілдік мақсат

Дағдыларды дамыту.

Мәселелерді көре білу, сұрақтар қою, болжамдарды айту, бақылау, қорытынды және ой тұжырымдау, мәтінмен жұмыс жасау, дәлелдеу және өз идеясын қорғай білуді дамытады.

Көптілділік: бөлме өсімдігі – комнатное растение – houseplant

негізгі терминдер мен сөз тіркестері: бөлме өсімдіктері, қазоты, алоэ, кактус, хлорофитум, жылу сүйгіш өсімдіктер.

талқылауға арналған сұрақтар.

Бөлме өсімдіктерін неге осылай атайды?

Адамдарға бөлме өсімдіктері не үшін керек?

Бөлме өсімдіктерін қалай күтеміз?

Өткен ҰОҚ-дан

алған білім


Өсімдік тіршілігінің жағдайлары туралы, олардың даму сатылары, қайсылары мәдени және жабайы өседі, өсіп жетілу орны туралы, әртүрлі маусымдардағы тіршілік ерекшеліктері туралы

қарапайым білімдер, қарапайым бақылау дағдылары.

Жоспар

Жоспарланған

Уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

ресурстар


I. Дұрыс әсерлі

көңіл күй орнату.

0-2 мин.


II. Өмірлік

тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.


(Ұ) Педагог ҰОҚ-дағы жұмыс үшін қолайлы атмосфера жасайды.

Шаттық шеңбері.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге!

Армысың, жер-ана,

Армысың, алтын күн,

Армысыңдар, балалар!

(Ұ) Педагог өсімдік туралы жұмбақ жасырады. Балалардың өсімдік ту-ралы білетіндері қызықтырады.

Ауаны ол тазартып,

Үйдің сәнін кіргізер.

Терезеде гүлдейді,

Қыста қызыл гүл берер.(Бөлме өсімдіктері)


ҰОҚ-ның ортасы

III. тақырып

бойынша жұмыс

6 – 28 мин.


(Ұ) Өзекті мәселелер.

Сіздің үйде бөлме өсімдіктері бар ма? Оларға кім күтім жасайды? Олар неге бөлмелік деп аталады?

Педагог балалардың білімдерін белсендіреді. Балалар үлестірмелі мате-риалдан бөлме өсімдіктерінің аттарын атай алуы тиіс.

Балалармен бірлесіп гүлдерді қалай күту керектігі туралы қорытынды жасалады. Өсімдіктердің өсуіне мейірімділік керектігі де айтылады. Мейірімді адамның қолынан өсімдіктер қаулап өседі.

(Ұ) Өзекті мәселе:

Қандай бөлме гүлдерінің атын білесіңдер? Адамдарға бөлме гүлдері не үшін қажет?

Бөлме гүлдерін біз не үшін өсіреміз?

Бөлме гүлдері болмай қалған жағдайда не болады?

Қорытынды жасау: бөлме гүлдері бізге пайдалы болсын, әдемі және

жақсы гүлдесін, оларға күтім қажет.

(Ұ) Өзекті мәселе.

Біз сендермен бөлме өсімдіктерін қалай күтіп ұстаймыз? Күтіп

ұстаудың әдістерін атаңдар.

(Ө, т) Бақылау іс-әрекеті.

Педагог гүлдер отырғызылған қыш құмыраларды қояды, оларға

біршама уақыт бойы (әдейі) күтім жасалмаған, балаларға гүлдерді си-паттап берулерін сұрайды.Өсімдіктерді қалай суғару, шаңнан қалай тазарту керектігі түсіндіріледі. Өйткені өсімдіктің пішіні мен жапырақтарының мөлшері де осыған бай-ланысты.

Қорытынды жасату: бөлме өсімдіктері бізге пайда әкеледі. Олар әдемі болу үшін, оларды күтіп-баптау қажет.

(Ұ) Бөлме өсімдіктерін күту бойынша алгоритм құрастыру.

Гүлдер тұнжырап қалмауы үшін біз не істей аламыз?

• Суғарамыз Су шашамыз Жуамыз Қопсытамыз.Кеуіп қалған жапырақтарын жұламыз.Басқа ыдысқа отырғызамыз.Тыңайтамыз

Осы тармақтардың әрқайсысы өсімдіктің өсуіне және сыртқы түріне

қалай әсер ететінін дәлелдеп беруді балалардан сұраңыз.

Қорытынды. Гүлдерге міндетті түрде күтім керек. Оларға біздің

қамқорлығымыз бен сүйіспеншілігіміз қажет. Өсімдіктер мейірімділікті жақсы сезінеді. Мейірімді адамға өсімдіктер тартылады, одан қорықпайды. Гүлдер де аялы алақанды, мәпелеп айтқан сөзді жақсы көреді.

Кейбір гүлдердің құмырасына көңілсіз смайликтер жапсырылған.

Жазуы бар тақтайша:суғарау,су шашу,жуу,қопсыту.

Кеуіп қалған жапырақтарын жұлу.Басқа ыдысқа отырғызу.Тыңайту.

(Ұ) Динамикалық кідіріс.

(т) Практикалық жұмыс.

Педагог әр топқа гүлдері бар қыш құмыраларды таратады және

балалардың бөлме гүлдеріне қалай күтім жасайтындарын көрсетуді

сұрайды.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс

1-тапсырма. Жабайы кактус – бөлме кактусы т.б.

2-тапсырма. Сурет бойынша қазтамақ гүлін көбейту жолын цифрмен көрсетеді.

3-тапсырма. Бөлме өсімдігін отырғызу ретін әңгімелеу.

Бөлме өсімдіктері, су сепкіштер, сулықтар, шаң сүрткіштер, ша-ралар, клеенкалар, субүркуіштер, бала-лар алжапқыштары.

Бөлме өсімдіктері

немесе

әртүрлі бөлме

гүлдері бейнеленген

суреттер.

Әліппе-дәптер.


ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның

қорытындысы.

рефлексия.

28-30 мин.

(Ө, Қ) Егер бала тақырыпты түсінсе және білімі мен ісмерлігін қолдануға қабілетті болса, онда ол гүлшанақты және екі гүлді бояйды, егер мақсат жартылай орындалған болса – гүлшанақ пен гүлді, ал егер мақсатқа қол жетпеген болса – гүлшанақты ғана бояйды.

Әліппе-дәптер,

түрлі түсті

қарындаштар.




Бекітемін :

Күні: 30.01.2020ж

ҰОҚ:Шығармашылық.Аппликация.Күнтізбе(сюжеттік аппликация)


мектеп/мұ:

Педагогтің аты-жөні:

сынып/топ:

қатысқандардың саны:

қатыспағандарды

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
874
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі