400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Таным Жаратылыстану Тақырыбы:Әр жыл мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Материал туралы қысқаша түсінік
ұйымдастырылыған оқу қызметі конспектісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

МДС ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні:14.01.2019 ж

Тәрбиеші: Нурканова Н.К.

Білім беру саласы: Таным

Пән: Жаратылыстану

Өтпелі тақырыбы: Табиғат әлемі

Тақырыбы:Әр жыл мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Мақсаты: Маусымдық өзгерістердің жан-ды табиғатқа тигізер ықпалын анықтау

Педагогикалық әдіс –тәсілдер: Сұрақтарға жауап береді. Әңгімеге араласады, сөздік қорын кеңейтеді.

1.Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

Ұйымдастырушылық кезеңі:

«Мен жерімді сүйемін» өлеңінің көмегімен дұрыс әсерлі көңіл күй жасау.

Мен жерімді сүйемін, Жеріме дән себемін. Ауа таза болсын деп, Жылда ағаш егемін. Балалар, табиғат құбылысы дегеніміз не? Есімізге түсірейікші. Бүгін біз сендермен әр маусымдағы өзгерістер болатыны туралы айта-тын боламыз. Маусымдық өзгерістер дегеніміз не? Қалай ойлайсыңдар?

2.Негізгі бөлім

Жұмбақтарды шешу арқылы маусымдық өзгерістер туралы түсінік беру. 1. Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлайды. Қарға омбығып, Бет домбығып,

Сырғанап жастар ойнайды. Бөбектерім, айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? (Қыс).

2. Қар, мұз еріп, су көбейіп, Сай-салаға толады.

Бүршік жарып, жарық ашып, Гүл бәйшешек басады. Бөбектерім, айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады? (Көктем).

3. Өрік, алма,Жидек жүзім піседі. Қауын-қарбыз,

Қияр, сәбіз дүкендерге түседі. Астық пісіп, орақ түсіп, Қырман дәнге толады. Бөбектерім, айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? (Жаз)

4. Бұлттар төніп, жерге төгіліп, Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып, Дала нұры қашады. Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады. Бөбектерім, айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? (Күз)

Балалар, қандай жыл маусымдарын білесіңдер? Жылдың төрт мезгілі бар: қыс, көктем, жаз, күз. Маусымдық өзгерістерге анықтама беріп көрейікші.

Маусымдық өзгерістер – әр жыл мезгілінде өзіне тән табиғат құбылыстары мен өзгерістері.

Ертегі: «Жыл атайдың төрт баласы»

. – Ертегі не жайында айтылған?

– Жыл атайдың қанша баласы бар екен?

– Ертегіде қандай мезгілдер туралы айтылған? «Маусымдық өзгерістер» тақырыбында сурет бойынша әңгімелеу

– Балалар, суреттен нені байқадыңдар? – Қай мезгілді көріп отырсыңдар?

– Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

– Жаз мезгілінің басқа мезгілдерден айырмашылығы қандай?

– Күз мезгілінде ағаштардың жапырақтары неге сары түске енеді деп ойлайсыңдар?

– Көктем мезгілінде алғаш жер бетіне шығатын қандай гүл? (Ұ) «Байқағыштық» деген жаңа ұғым бойынша жұмыс. Маусымдық өзгерістерді бақылату.

Серуенде аулаға шығып табиғат құбылыстарына бақылау жасау. Бақылау: «Маусымдық өзгерістерді бақылау»

Қазір жылдың қай мезгілі? Күзде ауа райы қандай болады? Қыс мез-гілінің басқа мезгілдерден айырмашылығы неде? Жазда қандай маусым-дық өзгерістер болады? Көктемде алғаш қандай гүл жарып шығады? Әр жыл мезгіліндегі жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі қандай?

Жақын маңдағы саябаққа баруға ұсыныс тастаңыз. Осы сұрақтарға жауап іздеу.

Байқағыш адамның қасиеттері бірге қалыптасады және карточкалар көмегімен белгіленеді:

• нысандардың, құбылыстардың ерекшеліктерінің барлығын байқау ептілігі;

• елеусіз заттардың өзін байқау шеберлігі;

• арнайы аспаптарды қолдана білу іскерлігі; • сұрақтарды қоя білуі;

Жаз мезгілінде адамдар қалай киінеді? Қыста ауа райы неге суық бола-ды? Астық пен жеміс-жидектің толық пісіп-жетілетін кезі қай мезгіл? Өрік пен құлпынай жемісі қай кезде піседі?

3.Қорытынды

1.Талдау.

Әр маусымда қандай өзгерістер болады? Маусым дегеніміз не?

Маусымдық өзгерістер дегеніміз не?

Маусымдық өзгерістер неге байланысты құбылады?

Маусымдық өзгерістердің жанды табиғатқа тигізер ықпалы қандай?

2.Мадақтау.




























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
1403
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі