400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Таным жолында»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың білімі мен жан жақты ойлау қабілеті мен ой ұшқырлығын сынау. Түзете-дамыту сабақтары бойынша алған білімдерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, жан жақты дамыған азамат тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Опорный орта мектебі» КММ












«Таным жолында»





Өткізгендер: Аметова А.К.

Қосымбаева Ә.С.







2019 жыл

Тақырыбы:Таным жолында

Мақсаты: Оқушылардың білімі мен жан жақты ойлау қабілеті мен ой ұшқырлығын сынау. Түзете-дамыту сабақтары бойынша алған білімдерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, жан жақты дамыған азамат тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: түрлі түсті қағаз, қорапшалар, дәнді-дақылдар, А3 қағазы, түрлі түсті бояулар, шарлар,тұз, көрнекі суреттер.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар түзете дамыту сабақтары бойынша өткізгелі отырған  «Таным жолында»  атты сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жым отыру жарасама?

Туыс, дос, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас талапқа.

Қолыңды бекерге бос, соға берме,

Ойсыз, соқыр сезімнің соңына ерме,

Зерделеп, сұрақ-жауап санаңа түй,

Сонда ортақ боласың бар жеңіске.

Бүгінгі сайысымызға оқушылардың ішіндегі алғырлары мен білімділері күш сынасуға келіп отыр, ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

Жүргізуші: Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз, біздің күнделікті іс әрекеттеріміз  білімге, оқуға, үйренуге бағытталған, бірақ менің ойымша бұл қасиеттерге қоса адамға шапшандық, тапқырлық та өте қажет. Сонымен жарысымызды бастамас бұрын сергіту сәтіне кезек берейік.

Сергіту сәті: "Арам-зам-зам"

Жүргізуші:

Балалар, өте керемет бой сергітіп алдық, ал ендігі кезекті алғашқы ойынымызға берейік.

«Сиқырлы шарлар».

Мақсаты: Жеке тұлғаның арасында жағымды қарым-қатынас жағдайын туғызу. Тұлғаның сенімділігін, белсенділігін қалыптастыру. Ұсақ моторикасын дамыту. Ойын арқылы баланың қызығушылығын арттыру.

Мазмұны: Әрбір қатысушы қолдарына түрлі түсті шарларды алады. Бұл шарлардың ішінде әр түрлі дәнді - дақылдар мен моншақтар және де басқа заттар жасырылған. Оқушы осы шарды ұстап көру арқылы шардың ішіндегі затты атауы қажет.

Келесі сайысымыз «Тұз терапиясы», бұл жарыста сайыскерлерге түрлі түсті борлармен тұз беріледі. Осы заттарды бір біріне араластыру арқылы шыны ыдысқа әр түрлі түстерге боялған тұздарды жинақтап шығару қажет.

Жүргізуші:

Ал енді «Тауып көр»  сайысын бастайық. Бұл сайыс ең білімділер мен зеректілер додасы болып табылады, сондықтан да мұқият болуға тырысыңдар. Жарыстың шарты; бір минут аралығында жасырылған суреттерді топтау.

Жүргізуші:Осымен тауып көр жарысы да аяқталды.

Жүргізуші:     

«Кубик-рубик» сайысы кезек берелік.Қатысушылар ортаға шығып, оларға түрлі тусті жолдар беріледі. Кубикті лақтырып қай түс түседі сол түске бір қадам жасайды.\Осылайша мәреге тез жеткен бала жеңімпаз атанады.

Жүргізуші:           Білім деген байлық бар,

Еш байлық оған жетпейді.

Жасыңда оқып, жиып ал,

Тепкілесең кетпейді.

Құрметті көрермендер, қатысушылар енді сайыс сабағымызды қорытылау үшін барлығымыз ортаға шығып естелік ретінде өз қолтаңбаларымызды қалдырайық. Бұгінгі сайысымызда ерекше көзге түскен жеңген жеңімпаздарымызды марапаттау үшін әділ қазыларға сөз берейік.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
19.04.2019
1328
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі