400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Таным сабақ "Мен гүлдерді жақсы көремін"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестерімен жіберген материалдарыммен бөліскім келеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мырзағали Айша

Баланың жасы: 5 жас

Күні ,айы ,жылы 21.11.2014

Тәрбиеші : Нуртаева Нурбала


Мен гүлдерді жақсы көремін

Оқу қызметінен соң әдеттегідей далаға серуенге шықтық. Барлық бала еркін ойынға асығып, жан-жаққа бытырап, бірі доп, бірі құммен, ойынға кірісті. Кенет балаларды санап толықтай бастадым. Бір бала кем, кім жоқ?!-деп, асыға сұрақ тастадым. Балалар саспастан Айшанын ауладағы гүл текшесінде қалып қойғанын айтты. Балаларға тәрбиеші көмекшісін қалдырдым да, жүгіріп ауладағы гүл текшесіне бардым. Ол жерде түрлі –түсті гүлдер көздің жауын алып тұр. Айша бар ынта-пейілімен гүлдің айналасындағы бірер тал арам шөптерін жұлып, топырағын реттеп, жан-жағына қарап отыр екен. Мені қатты таңқалдырғаны Айшаның гүлді ұнату, қызықтау бір басқа, ал оның күтімін біліуі бір басқа. Мен оның жанына отырып, сұрай бастадым: -Айша, саған гүл қатты ұнайды ма? - иа апай маған гүлдер қатты ұнайды. – Сен кәзір нестеп отырсын? -Мен казір гүлдердін әдемі болып өсіп кележатқанына қарап отырмын. - Иа дұрыс айтасын гүлдер өте әдемі болып өсіп келеді. -Гүлдерге не қажет ? - Гүлдер өсіру үшін топырақ, күннің көзі, су қажет. –өте дұрыс айтасын гүлдер өсіру үшін су, топырақ күннің көзі қажет екен. -Гүл туралы тағы не білесің?. -Гүлдін әр түрлі түстері бар. Мен гүлге қарағанды, гүлді өсіргенді жақсы көремін. Күн түспесе жаурайды. Су ішпесе шөлдиді, әдемі биік болып өспей қалады. Арам шөпті жек көреді. Жапырағын сүртіп, тазалап тұру керек»-деді. -Өте дұрыс айтасың! Ал, бұл өсіп тұрған гүлдер мен далада, тауда өсетін гүлдерден қандай айырмашылығы бар, білесің бе?-деп, өзінің алдыңғы жауабына сүйене отырып, осы сұраққа жауап беруін күттім. Айша сәл ойланып. -Апай, тауда, далада өсетін гүлдерді ешкім барып суарып, топырағын жүмсартып, жапырағының шаңын сүртпейді ғой. Олар өздері біз қарамай-ақ өсе береді. -Ал сенің анаң қандай бөлме гүлдерін өсіреді білесің бе?

  • Иа апай, анам маған үйдегі гүлдердің атауларын айтып, бір – бірімен таныстырған. Гүлдерді суғарғанда, маған атауларын айтқызып суғартады. Бірақ маған алоэ гүлінің жапырағын сүрткізбейді, оған анам қарайды. Себебі оның тікенектері бар.

  • Жақсы, онда келесі жолы екеуміз осы гүлдердің қасиеттері мен пайдаларын анықтап, гүлдерге зерттеу жүргізетін боламыз.

  • Қортындылау: Айша анасына күнделікті гүлдерді қарауға көмектесіп, оның қандай күтім қажет ететіндігін, гүлдердін негізгі түрлерін ( бөлме гүлдері, бақша гүлдері, дала гүлдері), бір-бірінен негізгі айырмашылықтарын, біршама гүлдердің атауларын біледі. Бірақ гүлдердің қандай пайдалық қасиеттері бар екендігі жайлы білімі жоқ, Осы турасында танымдық әңгімемізді жалғастырып, кішігірім зерттеу жұмысы жүргізілу жоспарланды.

  • Бұл нені білдіреді?

  • Баланың өз бойындағы қабілетін өз-өзіне сенімділігін

  • Мүмкіндігі: Өз ойын ашық айта алады.

  • Ата –анаға сұрақ Қызыңыздің әр түрлі гүлдерді жақсы көретінің білесізбе?

































Есеп

Табиғаттың бөлінбес бөлшегінің бірі – өсімдік. Сондықтан «Бір тал кессен он тал ек» деген даналық сөздері осы өсімдікті қадірлеп, қастерлеуден туған. «Гүл-дүние көркі» десек қателеспейміз. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Балабақшаға келгенде күнделікті балаларды бақылау басты міндетіміз. Таңнан, кешкі сағат беске дейін барлық баланы бақылау, оған мейірім мен жылулық сыйлау оңай емес екені баршамызға аян. Таңертен әр бала әртүрлі көңіл күймен келеді. Айшада таңертен қандай көңіл күймен келсе де, ол гүлдерді көрген кезде жүзі жадырап кетеді. Осыдан –ақ оның гүлдерді ерекше бағалайтынын білуге болады. Балалар балабақшаға келгенде әркімнің өзіне ұнаған ойыншығымен ойнап, бұл таңда Айша ойыншық емес гүлдерді көзімен іздеп тауып оны сипаттай бастайды. Айшаның бұл қасиетін бірінші бақылауым емес, ол әр сөзінде гүлдерді жақсы көретінін, олардың әдемілігін сипаттап айтып отырады. Әр серуенге шыққан сайын Айша аула гүлдерін жинап балаларға таратып беретін. Айшаның ауладағы гүл текшесінде қалып қойғанын балалар айтқанда көмекші тәрбиешімді балаларға қарауын өзім Айшаны гүл текшесіне барып оның гүлді соншалықты жақсы көретінін байқадым. Айша гүлдерді жақсы көретінін айтты. Мен гүлдердің түрлері және пайдасы туралы айтып өттім. Оны қалай суғарып өсіретінін, арам шөпті жек көретінін айтып бердім. Содан мен сұрақ – жауап қоя отырып әңгімелей бастадым. Менің қойған сұрақтарыма жауап бере отырып, өзінің анасының гүлдерді жақсы көретінің, оны қалай суғарып, баптап күтетінің гүлдердің атауларын айтып үйреткені және оларды қалай өсіруге болатыны туралы айтып берді. Айшаның көздері жайнап гүлге деген сезімі оянып, анасының гүлді күтіп баптауы туралы мақтанышпен жауап берді. Кәзіргі кезде адам өмірі үшін пайдасы өте ерекше. Осындай игілікті істер Айша үшін жылдан жылға әрі қарай өз жалғасын табады деген үміттемін.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
501
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі