Сабақтың тақырыбы: Рухани жаңғыру: Туған
жер - тұнған тарих. (Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына
арналады)
Сабақтың мақсаты: Туған жеріміздегі тарихи оқиғалардың бірі
Орбұлақ шайқасы туралы түсінік беру, Орбұлақ шайқасындағы
батырларымыз туралы мәлімет алу, қазақстандық патриотизмге
тәрбиелеу, туған жердің тарихын білуге
уйрету.
Сабақтың түрі: танымдық
сабақ.
Көрнекіліктері: слайд, батырлар
суреттер.
Сабақтың
барысы:
І. Кіріспе бөлім. (сабақтың барысымен
таныстыру)
ІІ. Негізгі бөлім. (Орбұлақ шайқасы туралы
мәлімет)
ІІІ. Қорытынды бөлім. (Сабақты
қорытындылау)
І.
Кіріспе бөлім. Мұғалім сөзі: Қайырлы күн! Құрметті оқушылар,
қонақтар! Біздің бүгінгі танымдық сабаққа хош келдіңіздер! Сабақтын
барысымен таныстырып өтемін. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы Қазақ елінің
болашағына бағдар беретін аса мағызды құжат. Бұл жоба халық арасыда
үлкен қолдауға ие болып, жалпы ұлттық патриотизмге жас ұрпақты
тәрбиелеуге маңызы зор. Елің, жерін сүйген батыр ұлдарымыз бен
инабатты қыздарымызды бүкіл әлемге қазақ халқының тұлғасын
дәріптейтіндей тәрбиелеу мәселесі осы тұста өзекті болмақ. Олай
болса бүгінгі өтетін танымдық сабақ сіздерді қазақстандық
патриотизмге тәрбиелеп, туған жердің тарихын білуді мақсат
етеді.
ІІ. Негізгі
бөлім.
Оқушылар! Батырлық дегенді қалай түсінесіндер?
Батыр дегенде кімдер көз алдарына келеді? Батырларға арналған
топтастыру жасайық.
Оқушыларға Орбұлақ шайқасының барысы және
қатысқан батырлар туралы қысқаша бейне ролик ұсынылады.
Ұсынылған бейне роликті талқылау.
Орбұлақ шайқасы туралы қосымша мәлімет
беру.
Орбұлақ шайқасындағы батырлар туралы оқушылар
мәлімет оқып отеді.
Салқым Жәңгір хан.
Қарасай батыр.
Ағынтай батыр.
Жалантөс баһадүр.
Жиембет жырау.
ІІІ. Қорытынды
бөлім.
Білем, білгім келеді,
үйрендім.
Микрафон әдісі. Сабақтан алған мәліметтерін
қорыту үшін оқушылар сұрақтар қояды.
Сабағымызды Елсасының
сөзімен аяқтағым келеді.
«Тарихты танып, зерделеу
керек, тарихты таразылау керек, сонда тағдырыңды, бүгінгі
тұрпатыңды, танисың, келешегіңді бағдарлайсың, алдағы жүрер
жолыңның слемесін табасың»... Н.Ә.Назарбаев