400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Танымал болудың бір жолы 7 -сынып қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі ғаламтор және әлеуметтік желі тарауы бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлім:

Ғаламтор және әлеуметтік желі

Педагогтің аты-жөні:

Бейсенова Жұлдыз Мауленқызы

Күні:

19.01.2024ж

Сынып:

7 А Қатысушылар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Танымал болудың бір жолы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

7.3.3.1 мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу.

Сабақтың мақсаты

Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жаза алады

ЕББҚ оқушыларына арнайы тапсырма беріледі

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақың басы

(Ұйымдастыру)

5 мин.

Психологиялық ахуал орнату. «Досыма сәттілік» шаттық шеңберін құру. Орындалу шарты:

Шаттық шеңбері ым-ишара арқылы орындалады.

  1. Сен менің досымсың. (иықтарынан қағады)

  2. Мен сені іздедім.(қолдарын көздерінің үстіне қойып іздейді).

  3. Сен қайда болдың? (оң құлақтарын тартады)

  4. Сен келдің. (құшақтарын жаяды)

  5. Мен саған сәттілік тілеймін (қол алысады)

  6. Досым сені жақсы көремін (қолмен жүрек жасап көрсетеді).

Топқа бөлу. Facebook, Instagram, VK суреттері арқылы үш топқа бөлемін. (І топ -фейсбук, ІІтоп- инстаграм, ІІІ топ- вк)

Сабақтың тақырыбын «Болжау стратегиясы» арқылы таныстырамын. Ол үшін видеоролик көрсетіледі. Оқушылар суретті көре отырып, тақырыпты болжап табады. Сабақтың мақсатын тақтаға іліп, таныстырамын.

Оқушылар амандасады, көңіл-күйімен бөліседі. Психологиялық ахуал қалыптастырады.Топқа бөлінеді. Тақырыпты болжап көреді.

Өзі үйренетін әрекетті анықтайды, алдына мақсат қояды.

Сұрақтарға жауап береді










Ауызша мадақтау

«Досыма сәттілік» шаттық шеңбері


Болжау стратегиясы


Бейнежазба


Facebook, Instagram, VK суреттері



Слайд №1



https://www.youtube.com/watch?v=MRCZoKgTzZQ







Бағалау шкаласы,маркерлер

Сабақтың ортасы

30 мин














































Еркін микрафон» әдісі арқылы сұрақтар қоямын

1.Қазіргі біздің заманымызда болып жатқан жаңалықтарды қайдан білуге болады деп ойлайсыңдар?

2.Ғаламтордың ең танымал желісі туралы айт.

3. Желінің негізін кім қалаған?

4.Ғаламтордан нелер көруге болады?

5.Әлеуметтік желілер арқылы адам өзіне не табады?

1-тапсырма

Үш топқа бірдей әртүрлі ғаламтордың пайдасы мен зиянын көрсетуге болатын суреттер беріледі. Қиылған суреттерді топтастырады. «Т-таблица» әдісін қолданамын. Ғаламтордың пайдасы мен зиянын білдіретін суреттерді топтастырып желімде. Себебін түсіндір

2-тапсырма. Бірінші тапсырмада берілген суреттерді пайдалана отырып,ғаламтор жайлы мәтін құрастырып жаз. «Үш таған» әдісі

Овал 4

пайдасы


Овал 5

зияны



Овал 6

қорытынды






3-тапсырма. Көсемшенің, есімшенің жұрнақтарын қойып, сөйлемдерді толықтырыңдар.

Ұялы телефонның зияны жайында көп айтыл... . Жиі қолданатын адамды ми ісігіне ұшыратуы мүмкін деген сияқты қорқынышты мәліметтерді ғалымдар алға тарт... баст...ды. Ал ғаламтордан келетін қауіп одан да қорқынышты. Қазіргі таңда ғаламтор жастардың басты ермегіне айнал... . Әлеуметтік желілерде байланыс орнатудың түрі көбей... сайын оған қызыға түскендердің қатары арт... . Әлеуметтік желіге тіркелгендер, көп жағдайда, өзі туралы мәліметті ашық жаз... бер...ді. Ал мұндай мәліметті қылмыскерлер пайдалан... кетуі ғажап емес. “Ертең мен ауылға кет... мін, дүйсенбіде кездес... , достар!” деп парақшасына жазып кет... бір аңқау жігіт ауылдан оралса, үйін тонап кет...ті.

Дарынды балаларға арналған тапсырмалар:

Тапсырма: Сөйлемге синтаксистік талдау жаса. Айтқанның аузы жаман, көргеннің көзі жаман




Оқушылар сұрақтарға жауап береді.











. Қиылған суреттерді топтастырады. «Т-таблица» әдісін қолданады. Ғаламтордың пайдасы мен зиянын білдіретін суреттерді топтастырып желімдейді. Себебін түсіндіреді








Бірінші тапсырмада берілген суреттерді пайдалана отырып,ғаламтор жайлы мәтін құрастырып жазады












ЕББҚ оқушысы,оның ішінде үлгерімі төмен оқушы көсемшенің, есімшенің жұрнақтарын қойып, сөйлемдерді толықтырып жазады

Дарынды оқушылар сөйлемге синтаксистік талдау жасайды








































Дескриптор:

1.Суреттерді пайдаланады. -1балл

2. мәтіннің кіріспе бөлімін жазады. -1 балл

3.Мәтіннің ннегізгі бөлімін жазады.-2 балл

4.Мәтіннің қорытынды бөлімін сипаттап жаза алады. -2 балл

5. графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жаза алады.-2 балл

Жалпы -8 балл


Еркін микрафон» әдісі





Слайд №2









«Т-таблица» әдісі











«Үш таған» әдісі



Слайд №3


Слайд №4











Слайд№5



Слайд№6





Сабақтың соңы

(Бекіту)

5 мин





Сабақты қорытындылай отыра, шартты белгімен көрсетілген жағдаяттық тапсырма. Данияр компьютерді өте жақсы көреді. Енді Даниярмен байланыс жасай алмайсың, өйткені ол жолдастарымен кездеспейді, ешқайда бармайды, ешкімге телефон соқпайды, қит етсе компьютерге жүгіреді. Сұрақ : Даниярдың мәселесін шешуге бола ма?


Жағдаяттық тапсырманы оқып, өз болжамдарымен мәселені шешіп, сипаттап жазады.

Дескриптор:

1.Шартты белгімен берілген процестің шешімін тауып, сипаттап жаза алады

Жалпы балл-2

Жағдаяттық тапсырма

Шартты белгілер

(Кері байланыс)

5 мин

Кері байланыс. Оқушылар сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазып, Хат салатын ұяшыққа жабыстырады.


Оқушылар жинаған ұпайларын есептейді. Кері байланыс орнатады

10 баллдық шкала

Хаттар ұяшығы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14.05.2024
215
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі