400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Танымдық дамуға арналған ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Танымдық ойындар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баланың танымдық дамуы.


Мектепке дейінгі кезең баланың танымдық, психомоторлық, әлеуметтік, жеке тұлға болып жедел даму кезеңі. Сондықтан ,мектепке дейінгі мекеменің психологы мен тәрбиешілерінің негізгі міндеті осы даму кезеңі барысында жағдай туғызып,баланың дұрыс дамуына игі ықпал ету.Ол үшін әр педагог баланың жас ерекшелігін ескере отырып,оның жан-жақты дамуына әсер ететін тәрбиенің негізгі мақсат –міндеттерін,сараптау тәсілдерін меңгеруі тиіс.


3-4 жастағы баланың танымдық дамуы.

Негізгі міндеттері:

-баланың ой-қиялын дамыту;

-үлгіні пайдалана отырып жұмыс жасауға үйрету;

-қимыл әрекетін дамыту;

-зейінін бірнеше затқа аудара білуге үйрету;

-үлкендер әрекетімен санаса отырып әрекет етуге дағдыландыру.


Баланың танымын дамытуға арналған ойындарды назарларыңызға ұсынамыз.


Ойын: «Не өзгерді?»

Мақсаты:есте сақтау қабілетін дамыту.

Психолог балаларға үлкендігі бірдей бірнеше жұмсақ ойыншықтарды көрсетеді.Балалар олардың атын атайды.Содан соң психолог балалардан көздерін жұмуын өтінеді де,ойыншықтардың біреуін алып тастайды.

Балалар көзін ашып, қандай ойыншық жоқ екендігін айтады.Ойын 3-4рет қайталанады.




Ойын: «Суреттерді құрастыр»

Мақсаты:ойлау қабілетін дамыту.

Психолог балаларға 3-4 бөлікке бөлінген суретті береді.Балалар үлгінің көмегінсіз суретті құрастырады.

Ойын: «Кім тығылды?»

Мақсаты: көзбен қабылдауын дамыту.

Психолог балаларға жануарлар бейнеленген суреттерді көрсетіп, суретте қандай жануар жасырынғанын сұрайды.

Балалар алдымен атын атап, содан соң суретті бояйды.



Ойын : «Не артық?»

Мақсаты:суреттерді салыстыру арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Психолог балаларға үш қатар суреттері бар бетшелерді ұсынады.Әр қатардағы бейнеленген заттарды сипатына қарай мұқият қарап ,басқаларынан өзгеше біреуін табуын өтінеді.Осылайша әр қатардағы заттардан бала артығын табады.



Ойын: «Не жетіспейді?»

Мақсаты: көзбен қабылдау және ойлау қабілетін дамыту.

Психолог балаларға бірнеше заттардың суреті бар бетшелерді ұсынады.Суретті мұқият қарап,әр заттың жетіспейтін бөлшегін табуын сұра йды.


4-5 жастағы баланың танымдық дамуы.

Негізгі міндеттері:

-көру, есте сақтау ,ойлау қабілеттерін дамыту;

-үлгіге қарап жұмыс жасауға үйрету;

-қысқамерзімдік және ұзақ уақыт есте сақтауын дамыту;

-қолдың ұсақ моторикасын,графикалық дағдыларын қалыптастыру;

-заттардың арасындағы қарапайым қисындық байланыстарын ,заңдылықтарды табуды үйрету;

-үлкендердің, құрбыларының әрекетімен санаса отырып әрекет етуге үйрету.

Баланың танымын дамытуға арналған ойындар.


Ойын: «Жұбын тап»

Мақсаты:заттардың арасындағы байланысын таба білуге үйрету.

Психолог балаларға бірнеше заттың бейнесі бар суреттерді береді. Оларды мұқият қарап,екі-екіден жұптастырып қарындашпен сызып көрсетуін өтінеді.




Ойын: «Есіңде сақта»

Мақсаты:есте сақтау қабілетін дамыту.

Психолог балаларға пішін бейнеленген карточканы ұсынып, мұқият қарап алуын сұрайды.Балалар оны есінде сақтап, содан соң суретін салады.


Ойын: «Бір сөзбен ата»

Мақсаты:ойлау қабілетін дамыту.

Психолог балаларға әртүрлі суреттері бар карточка ұсынады.Балалар әр қатардағы заттарды бір сөзбен атауы қажет.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
1008
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі