400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

танымдық ойын " Брейн ринг"

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Умаргалиева Тауила Калеловна

«А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» КММ

математика пәні мұғалімі

«Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» тақырыбындағы

«МИФ» апталығында өтілген танымдық ойын

«Брейн ринг»

Мақсаты:

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, тапқырлыққа, мақсатқа жету табандылыққа тәрбиелеу.

Ойынның шарттары:

  • Алдымен залдағы ойынға қатысамыз, біліммен, тапқырлықпен санасамыз деп келген топтардың барлығына бір сұрақ қойылады.

Қай топ бірінші болып дұрыс жауап берсе, сол топ басты үстелге ие болып, залдағы басқа топты сайысқа шақырады.

  • Екі топ арасындағы ойын 3 ұпайға дейін ойналады.

  • Басты үстелді иеленген топ жеңілген жағдайда, екінші үстелдегі топ басты үстелге иемденіп, басқа топты ойынға шақырады.

  • Қойылатын тапсырмаға берілетін уақыт 2 минут, жауапқа – 1 ұпай

  • Қай топ қолындағы белгіні бұрын көтерсе, сол топ жауап береді

  • Егер топ жауап бере алмаса, екінші топтың ойланатын уақыты қалады.

  • Бір топтан екі қайтара жауап алынбайды.

  • Егер де екі топ сұраққа жауап бере алмаса, онда келесі сұрақтың жауабы 2 ұпаймен бағаланады.

Топ жетекшісі сұраққа жауап бере Мақсаты:

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, тапқырлыққа, мақсатқа жету табандылыққа тәрбиелеу.

Ойынның шарттары:

  • Алдымен залдағы ойынға қатысамыз, біліммен, тапқырлықпен санасамыз деп келген топтардың барлығына бір сұрақ қойылады.

Қай топ бірінші болып дұрыс жауап берсе, сол топ басты үстелге ие болып, залдағы басқа топты сайысқа шақырады.

  • Екі топ арасындағы ойын 3 ұпайға дейін ойналады.

  • Басты үстелді иеленген топ жеңілген жағдайда, екінші үстелдегі топ басты үстелге иемденіп, басқа топты ойынға шақырады.

  • Қойылатын тапсырмаға берілетін уақыт 2 минут, жауапқа – 1 ұпай

  • Қай топ қолындағы белгіні бұрын көтерсе, сол топ жауап береді

  • Егер топ жауап бере алмаса, екінші топтың ойланатын уақыты қалады.

  • Бір топтан екі қайтара жауап алынбайды.

  • Егер де екі топ сұраққа жауап бере алмаса, онда келесі сұрақтың жауабы 2 ұпаймен бағаланады.



  • Топ жетекшісі сұраққа жауап беретін оқушының аты – жөнін айтып, сөз беріп отырады.

  • Ойын кезінде залда тыныштық болуы керек, жанкүйерлер жауаптарын айтып, ойынға кедергі жасамауы керек.

  • Топта алты ойыншы болуы қажет.


Қатысушы топтар: 8а, 8б, 9а, 10а, 0б


Ойын – толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.

Ойын – толқын, жатқандай асып – тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Ойын алаңына шығатын топты анықтау сұрағы:

Сұрақ: N, Z, Q, R бір сөзбен қалай аталады?

Ойын сұрақтары:

  1. 1+2+3+4+5+6+7+8+9=45 тура теңдігі берілген. Бір ғана қосу таңбасын көбейту таңбасына ауыстырғанда қосындының мәні 100-ге тең болуы керек. Бірақ ешқандай жақша қоюға, не басқа таңбаларды өзгертуге болмайды.

  2. Математикада координаттар әдісін жете зерттеген француз математигі, әрі физигі.

  3. Екі оқушы кезектесіп, бірінен кейін екіншісі кезектесіп одан үлкен санды жазуы керек. Ең үлкен санды жазғаны жеңіске жетеді. Бұл ойында кім жеңіске жетеді?

  4. Қай сан артық? 85 және 322

  5. Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста. Қанша жылдан кейін атасының жасы немересінің жасынан екі есе үлкен болуы керек?

  6. √ВГВ=ВВ теңдігі тура болатындай әріптерді цифрмен алмастыр.

  7. Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан, ғалым математик.

  8. Кірпі үйінен шығып, қоянға қонаққа орман арасымен барады. Ол жолда жаңғақ теріп барады. Егер кірпі 1000 жаңғақ терсе, ол қай жолмен бағанын көрсет.


  1. «Алгебра» қай елдің сөзі?

  2. Төрт бірлікті пайдаланып ең үлкен санды жааз.

  3. Аулада бірнеше қаз бен қоян жүр. Олардың аяқтарын санағанда тең болып шықты. Қоян мен қаздың қайсысы көп. Қанша есе көп?.

  4. Әйелдер арасынан дүние жүзінде тұңғыш рет профессор атағына кім ие болды?




  1. «Әрбір жарты сағат сайын бір түйірден іш» деп дәрігер ауруға үш түйір дәрі берді. Дәрігердің берген дәрісі қанша уақытқа жетеді?

  2. Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары 1 метрге тең 5 бөлікке кесті. Егер 1 бөлікті кесі үшін 1, минут кетсе, бөренені кесуге қанша уақыт кетеді?

  3. А.Македонский будильник ретінде нені пайдаланған?

  4. Карточкада 1,0,2 цифрлары жазылған. Осы карточкалардан сандар құралып тура емес теңдік жазылған. Бір ғана карточканы қозғау арқылы тура теңдікке қалай айналдыруға болады?

  5. Кешегі ауың ауыр болды ма?- деп бір балықшы көрші балықшыдан сұрапты. Екі үлкен табан балық пен бір шортанды ауладым. Балығымның салмағы 15 кг. Шортаным керемет. Әр табан балықтан 3 есе ауыр. Сонда шортанның салмағы қандай?

  6. (Ежелгі грек есебі) Бірде патша Пифагорды шақырып алып: Ұлы Пифагор, сенің мектебіңде қанша оқушы бар екенін айтшы,-деп сұрағанда Пифагор: барлық оқушыларымның жартысы математиканы, төрттен бірі музыканы үйреніп жүр, жетіден бірі үндемей отырады және бұдан басқа 3 әйел бар,-деп жауап беріпті. Пифагордың мектебінде қанша оқушы бар екенін есепте.

  7. Біреу жылқысына күн сайын 10 қадақ сұлы беріп жүреді. Жем жылқының жасын қарай бөлінеді: биеге – 3 қадақ, құнандарына – 2 қадақтан, ал тайына – 1 қадақтан жем беріпті. Сонда бие нешеу, құнан нешеу, тай нешеу?

  8. Келесі санды табыңыз: 1,3,7,15...

  9. Х-ті тап. 20=20+18+16+14+...+х

  10. Келесі санды табыңыз: 2,5,10,17...

  11. Малшы сиыр мен балапандарды өсіреді. Егер жалпы малдың 9 басы мен 26 аяғы болса, сиырдың саны қанша?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
31 қазан
2021
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі