400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

танымдық ойын "Алтын сақа"

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Умаргалиева Тауила Калеловна

«А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» КММ

математика пәні мұғалімі

«Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» тақырыбындағы

«МИФ» апталығында өтілген танымдық ойын

Алтын сақа.

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, пәнге қызығушылығын арттыру, ұйымшылдыққа баулу, өз ойларын талқылай және айта білуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: асықтар, конвертке салынған сұрақтар.

Өту барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Мақсатын айту.

  3. Өту барысы:

а) Ойынға бірнеше топтар (топта 3 оқушы) қатысады.

б) «Табалдырық» сұрақ қою арқылы 4 топты анықтау.

в) «Әудем жер». Әр топтың қоржынында алты-алтыдан асық бар. Асық иіру арқылы жауап беру ретін анықтаймыз. Әр топ конверт түсін таңдайды. Сол арқылы жауап береді. 1 топ ойыннан шығады. (асық иіру арқылы)

г) «Қозы көш». Тағы да конверт таңдап, 3 топ ретімен жауап береді. Жауап берілмесе немесес екі адамның жауабы берілмесе, онда асық арқылы бағын сынаймыз.

е) «Жол айрық». Бұған бір топ қана жауап береді. «Алтын көмбенің» сұрағына жауап береді.

д) «Беласар». Бұл бөлімге екі топ қана қатыса алады. Дұрыс жауап бермеген жағдайда, асық иіру арқылы бағын сынаймыз.

«Табалдырық» сұрақтары.

  1. Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағ 20мин ұшады да, қайтарда 80 мин ұшты. Себебін түсіндір.

  2. 5 жұмыртқа 12 минутта піседі. 10 жұмыртқа ше?

  3. Бір жанұядағы 5 ұлдың бір – бірден қарындасы бар. Жанұяның қанша баласы бар?

  4. Екі әкесі, екі баласы үш алманы тең бөліп жейді. Бұл қалай?

«Әудем жер», «Қозы көш», «Беласар» сұрақтары төрт түрлі конвертке салынған.

Ақ конверт сұрақтары:

  1. Атадан он баламыз,

Бір – бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз

Азайып кейде қаламыз

Бөлініп кейде арамыз

Көбейіп те аламыз.

  1. Бес үш цифры арқылы 31 санын жаз.



  1. «Бәрі қанша құс болды?»

Мынау да бір санамақ

Өздерің көр саралап

Төбеден төрт бөктері

Аңдыпты қос кептерді

Шыңқылдаса көп қарға

Үн қоспапты көп қарға

Секем ап бір дауыстан

Безектеп бес сауысқан

Алты белден асыпты

Үш үкі үркіп ұшыпты

Тасқа құлап түсіпті

Жарда жеті жапалақ

Отырғанда қаталап,

Топ – топ тоғыз тоқылдақ

Қарғып кетті топырлап,

Бүйтіп қызық іс болды.

Бәрі қанша құс болды

  1. Бөлмеде 10 май шам жанып тұр еді. Оның үшеуін өшіріп тастады. Қанша май шам қалды.

  2. Математик бір ғалым,

Бір мүшеліктен іріктеп

Атын жайып әлемге

Топтың көңілін тоқ қылды.

Екіге алып ол топты

Нөлге теңеп жоқ қылды.

  1. Санау үшін адамды, малды, талды.

Ертеден мұра болып қалды

Көбейтіп, бөліп, азайтып қосамыз

Күнделікті ол санды

Сары конверт сұрақтары:

  1. Торда 3 тауық бар. Үш оқушы оларды бір – бірден таратып алды. Сонда торда бір тауық қалды. Бұл қалай?

  2. Алты ыдыстың қатар тұрған үшеуінде су бар да, үшеуі бос. Бір ыдысты өзгерту арқылы суы бар ыдыс пен бос ыдысты кезектестіріп қоюға болады ма?

  3. Сағат берілген. Циферблатты 6-ға бөлу керек, әр бөліктегі сандардың қосындысы өзара тең.

Көк конверт сұрақтары:

  1. Шекер жейтін ақ құтан

Бір қазыққа байланды.

Аузына тістеп шекерін

Ол қазықты айналды

  1. Үш бестік арқылы нөл санын жаз

  2. Кетті бірге нешеуі

Кездесіп бір топ аңменен,

Қалды отыз бас малменен

Олар кетті Һәм достасып,

Үш түлкімен қоштасып,

Әуре болып құмар басқа

Күлкі болма зерек досқа

Теңдеуді ойлап құрыңыз

Сан қанша айта тұрыңыз

Жеңімпаз Көк түсті күймедегі Айзада, Әлия, Айдана тобы «Жол айрыққа» жетіп, «Алтын көмбені» ашуды ұйғарды.

«Алтын көмбе» сұрағы.

Айжан, Жанар, Шынар үшеуі тоқаш пісіріп әкелуі керек. Шынар тоқаш әкелмей, орнына 42 тг ақша төледі. Сонда Айжан 10 тоқаш, Жанар 8 тоқаш әкелді. Әрқайсысы қанша теңгеден әкелді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
31 қазан
832
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі