Материалдар / Танымдық ойын "Бір шаңырақ астында", 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Танымдық ойын "Бір шаңырақ астында", 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Мамыр 2022
677
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






Тақырыбы:




















Бір шаңырақ астында

(танымдық ойын)


Мақсаты: оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру.


Көрнекілігі: нақыл сөздер, шарлар, шаңырақ, гүлдер


Жүргізуші:

-Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін Тіл мерекесіне арналған апталығымыздың «Бір шаңырақ астында» атты танымдық ойынға қош келіпсіздер! Жүздеріңізден шуақ, бойларыңыздан қуат кетпесін дей келе бүгінгі ойынымызға біз 4 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз қазақ, орыс, украин, өзбек.


Жүргізуші:

-Қазақстан Республикасын мекен еткен 130-дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.


Қазақ жері достықтың гүлстаны ,

Дархан өлкем-мерейлі,ырыс бағы

Күрестерде,еңбекте,мерекеде

Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.


Жүргізуші:

-Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз ‒ деп бүгінгі іс-шараның өтуін қадағалайтын әділ қазылар алқасын тағайындаймыз
.

-Бүгінгі танымдық ойынымыздың жоспарымен танысайық:

1 кезең - Таныстыру

2 кезең – Жорға

3 кезең – Қонақ күте білеміз бе?

4 кезең – Поэзия минуттары

5 кезең – Өнер сайысы

-Қазақстанды ,қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек ,түрлі этностар оның арайлы уықтары іспеттес.Тату елге тыныштық орнайды,бейбіт елде ғана береке болады. «Татулықтың тұтқасы-бірліктің белгісі» дей келе кезек ұлт өкілдерінің өздеріне келіп тұр.

«Қазақта бірлік болмай, тірлік болмайды» ‒ деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, қазақ елінің өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік (ұлт өкілдері буклет түрінде өздерінің ұлттық салт-дәстүрлерімен, киімдерімен, тарихи даму жолдарымен таныстырады). Ойынымыздың бірінші кезеңіне тоқталайық. Әр ұлт өкілі өздерін таныстырады.


Жүргізуші:
Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,
Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.
Әлемге дос құшағын жая келген,
Армысын,бар халқымның ынтымағы!
Бармысын,қазағымның ынтымағы! – дей келе орыс халқы өкілдеріне сөз берейік.

***

Жүргізуші:
Ынтымағы жарасқан береке күн,
Білдіреді болашақ ел ертеңін.
Татулық пен достығың арта берсін.
Құтты болсын бүгінгі мереке күн – деп ортаға украин халқы өкілдерін шақырамыз.

***

Жүргізуші:
Әйнегі күн,шатыры аспан,
Кең дала,төсі толқыған ән.
Көлдері көкке күмістер шашқан,
Қазақстан-Республикам менің! – ортаға өзбек халқы өкілдері келеді.

***

Жүргізуші:
Таңы атты шындықты қолдайтұғын,

Басымызға бақ-дәулет орнайтұғын

Қазақ деген елім бар қолдайтұғын,

Өзгені өз еліндей қорғайтұғын - деп ортаға қазақ халқы өкілдерін де қарсы алайық.


Жүргізуші:

-Ракмет сіздерге. Енді келесі екінші кезеңге де ретжетіп қалды. Екінші кезеніміз «Жорға» деп аталады. Барлық ұлт өкілдеріне жалпы 20 сұрақ қойылады. Әр түрлі тақырыптарға

сұрақтар. Кім тез дұрыс жауап береді сол топқа әр жауапқа 1 ұпайдан беріледі.



Жүргізуші:

-Ал енді үшінші кезенімізге де келіп қалдық. «Қонақ кұте білеміз бе ?» деп аталады.

Барлығы он бір сұрақ қойылады. Толық жауап бергенде 2 ұпаймен бағаланады. Қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша.


Жүргізуші:

Төртінші кезеніміз «Поэзия минуты» деп аталады. Бұл кезең екі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлім:

Әр топ өкілдеріне тақырыптар беріледі. Сол тақырыпқа «Синквейн» әдісі бойынша өлең құрастыру. (Тіл, Отан, Достық, Бірлік)

Екінші бөлім:

Әр топтан қазақ тілі немесе ана тілі туралы өлең жолдарын мәнерлеп оқу.

Бұл кезең 3 ұпаймен бағаланады.



Жүргізуші:

-Ал енді ойнымыздың соңғы кезеңі де келіп қалды «Өнер сайысы» деп аталады. Ән немесе би көрсету.


Әділқазы алқаларына сөз береміз. Әділқазылар қорытынды шығарғанша мен сіздерді мына аңызға тоқталғым келеді:

«Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды.Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан»,Отан,Отан.... » деп шырылдай береді.Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма,ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жеберейін де,ұшқан жағына қарап,ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды.Сөйтіп торды ашып,құсты босатып жібереді.Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге, барып қонады.Сөйтсе,әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны -ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам.Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!
Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат
Оған көңіл толмайтыны ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де,бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса,қонбайтыны ақиқат – дей келе туып-өсіп, өмір сүрген жерге жер жетпейді.

Қорытынды жасау. «Көк тудың желбірегені» әнін орындау.

Жүргізуші:

-Қой демейміз әлі талай сайыс бар,
Өнерлерің өрлей берсін әлі талай қайыспа.
Ойлы орта кеңейсін күннен күнге,
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар.
Сонымен «Бір шаңырақ астында» атты ойынымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!