Тақырыбы: Елім
менің.
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: тарих пәнінен алған білімдерін жинақтау,
саяси өмірдегі оқиғаларды дұрыс талдап, тұжырым жасай білуге
үйрету.
Дамытушылық:
оқушылардың танымдық, шығармашылық
көзқарастарын дамыту.
Тәрбиелік:
өз елінің тарихын тануға, өз Отанын сүюге
тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Барысы:
Мұғалім:
Армысыздар құрметті ұстаздар,
оқушылар! Қазақстанның
болашағы-жастар!
Демек, туған
жердің тарихын, шежіресін білу - әрбір ұрпақтың азаматтық
борышы. Ендеше,
туған елдің тарихын, даңқын асыратын
«Елім менің» сайысына қош
келдіңіздер!
Сайыс 5 айналымнан
тұрады
1-кезең
Құпия
ұяшық
2-кезең Тарихи
көмбе
3-кезең
Тарихи
көмбе
4-кезең
Ойлан,
тап!
5-кезең Сиқырлы
әріптер
- Бүгінгі сайысқа 2 топ
қатысады
1- топ «Талап» Ұраны «Талаптан да
білім мен өнер үйрен ..».
2 - топ «Бірлік» Ұраны
«Ынтымақ түбі
бірлік»
Мұғалім:
Білімдіден шығады алғыр
шешен,
Шешендікпен болған ғой барлық
көсем.
Сайра шәкірт, суырып
шарықташы
Қалмасын бұл сайыста сенің
есең.
1-кезең Құпия
ұяшық
Қазақ
билері
10. Қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің
бас биі. Төле би
20. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руынан
шыққан. Ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары
Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ
билер болған. Қазыбек би
30. Ол жеті жасынан атасы Ақша ханның тәрбиесінде
болған. Ел басқару ісіне, басқа елдерден келген қонақтарды
қабылдау, халық арасындағы дау-дамай, келісім, бітім істеріне
қатыстырып отырған. Әйтеке би
Қазақ
хандары
10. «Қасқа
жол» — деп аталатын заң, қазақ арасында
бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде Қай хан тұсында
жасалған.Қасым хан
20. Жоңғар Қалден Серен ханының жақыны, атақты
батыр Шарышты жеңген хан. Абылай
30. Бұл хан өзінің қайраткерлік қабілеті
арқасында ел ішіндегі алауыздыққа жол бермей, татулық орнатты,
орталық хандық биліктің рөлін күшейтті, соның нәтижесінде, елдің
әл-ауқаты, байлығы артты. Сондықтан да халық ханды
әз-.......................... атап, ал оның билік құрған
кезеңін «
Қой үстіне
бозторғай жұмыртқалаған
заман» деп бағалады. Тәуке
хан
Қазақ
батырлары
10. Абылай хан бұл батырды елден ерекше «Дарабоз»
деп ардақ тұтқан. Қабанбай батыр
20. 1680 жылы туылған. Ол әрі шешен, әрі батыр,
қолбасшы және қазақ халқын жоңғар басқыншыларынан азат ету
жолындағы азаттық күресті аса көрнекті ұйымдастырушы. Батырға риза
болған халық оны бүкіл қазақ жасақтарының қолбасшысы деп
жариялады. Бөгенбай
батыр
30. Оған қатысты тарихи деректерде: «Мүсіні
қолмен құйғандай, жауырыны қақпақтай, бойы биік, денесі тік, белі
жіңішке. Өзі ақын, әнші,
күйші де болған» деп айтылады. Наурызбай
батыр
2-кезең Тарихи
көмбе
Әр топқп тарихи 3 сұрақтан беріледі. Дұрыс
жауап 1 ұпаймен бағаланады.
Ітоп:
-
Абылай ханның шын аты
кім? (шын
есімі Әбілмансұр)
-
Ер қаруы – бес қаруды ата.
(садақ, найза, қылыш, айбалта,
шоқпар)
-
Қазақ хандығының негізін қалаған
хандар? (Керей мен
Жәнібек)
ІІ топ:
-
Ұлы Жібек жолы қай ғасырда
басталды? (Б.з.б. ІІ
ғ)
-
Түрік қағанатын кім
басқарды? (Қаған)
-
«Құтты
білік» деген дастанды кім жазды?
(Жүсіп
Баласағұни)
3-кезең Тұлғаны
таны
-
Қазақстаннан шыққан тұңғыш саяхатшы. Шығыс
Түркістанды Орта Азияны зерттеген ойшыл, қаламгер ғалым. 1856 жылы
Ыстықкөлдің топографиялық суретін түсірген тарихи
тұлға. (Шоқан
Уалиханов)
-
Отырар қаласында дүниеге келген қазақ
даласынан шыққан ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог,
музыкант.( Әл- Фараби)
-
Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің
тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы
тегі
Жошы
хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін
салған Әз-Жәнібек, Жәңгір ханның бесінші
ұрпағы (Абылай
хан)
-
Әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 – 1847
жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының
көсемі,
Қазақ
хандығының соңғы
ханы
Шыңғыс
ханның 27-ұрпағы,
Абылай
ханның
немересі.
(
Кенесары)
-
Ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ
жазба әдебиетінің негізін салушы, реформатор. Азан шақырып қойған
аты — Ибраһим. (Абай)
-
1680-1718 жылдары Қазақ хандығының ханы болды.
Оның тұсында «Жеті жарғы» деген заңдар жинапы құрастырылды. Жеті
жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады. (Тәуке
хан)
4-кезең Ойлан,
тап!
Топбасшылары жазылған сөзге байланысты
бағыттап жанама сөз айтады, тобы жауап
береді.
киіз үй, хан,
садақ
ІІ топ: сандық, батыр,
найза
5-кезең Сиқырлы
әріптер
Тапсырма:
анх, иб, быалйа, атбры,
ағанқ, байа, аңз, зіруә, шысақ,
лағұма
Жауап:Хан, би, абылай, батыр, қаған, абай,
заң, уәзір, сақшы, ғұлама
Мұғалім:
Марапаттау
«ХХІ ғасыр мәдениеттің, ғылым мен ақыл-ой
бәсекесінің ғасыры болмақ,» - деп президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтып
өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында
өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Ата-бабаларымыз бізге
бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті.
Қазақстанның арғы-бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне
осында. Ендеше, Азат елдің білікті, білімді, жігерлі, зиялы азаматы
болайық!
4-кезең Ойлан,
тап! Топбасшылары жазылған
сөзге байланысты бағыттап жанама сөз айтады, тобы жауап
береді.
киіз үй, хан,
садақ
4-кезең Ойлан,
тап! Топбасшылары жазылған
сөзге байланысты бағыттап жанама сөз айтады, тобы жауап
береді.
сандық, батыр,
найза
3-кезең Тұлғаны
таны
-
Қазақстаннан шыққан тұңғыш саяхатшы. Шығыс
Түркістанды Орта Азияны зерттеген ойшыл, қаламгер ғалым. 1856 жылы
Ыстықкөлдің топографиялық суретін түсірген тарихи
тұлға.
-
Отырар қаласында дүниеге келген қазақ
даласынан шыққан ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог,
музыкант.
-
Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің
тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы
тегі
Жошы
хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін
салған Әз-Жәнібек, Жәңгір ханның бесінші
ұрпағы
3-кезең Тұлғаны
таны
-
Әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 – 1847
жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының
көсемі,
Қазақ
хандығының соңғы
ханы
Шыңғыс
ханның 27-ұрпағы,
Абылай
ханның
немересі.
-
Ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ
жазба әдебиетінің негізін салушы, реформатор. Азан шақырып қойған
аты — Ибраһим.
-
1680-1718 жылдары Қазақ хандығының ханы болды.
Оның тұсында «Жеті жарғы» деген заңдар жинапы құрастырылды. Жеті
жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып
табылады.