жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Танымдық ойындар
Әлем
бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең
алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап
тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден
алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына
дейінгі балалар өзінің айналасындағы
қоршаған ортамен танысуға өте құштар.
Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына
әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап
ғана сырын ашса, онда баланың білуге
деген құштарлығы арта түседі. Ойын–баланың
бірінші әрекеті, сондықтан да оның
мән–мағынасы ерекше. Қазақ халқының
ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап,
ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп
айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше
орын алады. Мектеп жасына дейінгі
балалардың зейіні тұрақсыз болады.
Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады.
Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті
бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу
қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу
қызметінде алған білімді ойынмен
тиянақтау білімнің беріктігіне негіз
қалайды.
Ойын барысында баланың жеке басының
қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы
мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын
кезіндегі баланың психологиялық
ерекшелігі мынада: олар ойланады,
эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі
артады, ерік қасиеті, қиял елестері
дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық
қабілеті мен дарынын ұштайды. Мектеп
жасына дейінгі балалар көргендерін,
байқағандарын, айналасынан естігендерін
ойын кезінде қолданатын байқауға болады.
Ойын айналадағы болмысты бейнелейді.
Ойын барысында балалар дүниені тани
бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап,
сезімін білдіруге мүмкіндік алады,
адамдармен араласуға үйренеді.
Сондықтан
да ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын
арқылы оқыту керек деген ойға келді.
Ойын арқылы оқыту, бұл ой көптеген
оқытушылар мен тәрбиешілерді қызықтырды.
Грузин педагогы Ш.А.Амонашвили ойын
арқылы балаларға өте қиын әлемдік
танымды түсіндіре білді. Ш.А.Амонашвили
өз оқушыларымен ойын ойнағанда өзін
балалармен бірдей қоя отырып, олардың
көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды
беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды
жеңе білуге үйретті–баланың көздерінде
білімге деген құштарлықты байқады. Ойын
арқылы оқытудың арқасында дидактикалық
ойын пайда болды. Берілген ойындарды
қолдану іс-әрекеттің әсерлігін арттырып,
балалардың логикалық ойлауын, математикалық
қабілеттерін дамытады. Бұл ойындарды
тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре
отырып, балалардың психофизиологиялық
ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты
өткенде, өтілген материалды қайталағанда,
білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттің
мазмұнына сай пайдалануға болады.
Сондықтан, бұндай ойындар ойнау балалардың
ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және
заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата
білуін дамыта түсу үшін өте қажет.
Дидактикалық ойындарда міндетті түрде
екі бала қатысатын ойындар түрін
пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту
үшін дидактикалық ойындар құрылған.
Балаларға тапсырмалар ойын түрінде
беріледі, бұл дидактикалық ойындардың
негізгі ерекшеліктері. Балалар ойнау
арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды
және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр
дидактикалық ойынның танымдылық және
тәрбиелік мазмұны болады.
Ұсынылып отырған құралда балалардың
математика пәніне қызығушылығын арттыру
мақсатында дидактикалық ойындар; қазақ
ақын–жазушыларының санға байланысты
санамақтар, жаңылтпаштар; сергіту
сәттері; іс-әрекеттің конспектісі
берілген, не үшін ойынды ұйымдастыру
керек және тәрбиешінің алға қойған
мақсатына қалай жету деген сұрақтардың
негізінде құрастырылған. Ойындардың
тиімділігі көп жағдайда тәрбиешінің
көңіл–күйіне де байланысты болады. Әр
ойынды өткізген кезде тәрбиешіге
шығармашылық қажет.
Мектеп жасына дейінгі балалар
мекемелерінде балалармен өткізілетін
математиканың алғашқы ұғымдарын
қалыптастыру іс -әрекетте ойынның
мынадай түрлерін пайдалануға болады:
1)
дидактикалық ойындар–логикалық ойлауын,
математикалық қабілеттерін дамыту.
2)
санға байланысты санамақ, жаңылтпаштар,
жұмбақтар–балалардың сандарды танып
білуін, тілдерін жаттықтыру, есте
сақтауын, ойлау қабілеттерін дамыту.
3)
математикалық сергіту сәттері –
кеңістікті бағдарлау, қимыл қозғалысты
дамыту. Құралда дидактикалық ойындар
мазмұны, ойынды ұйымдастырудың
әдіс–тәсілдері көрсетілген. Олар
балалардың зейінін, есте сақтауын,
байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін,
тапқырлығын дамытуға, математикалық
білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын,
заттардың түсі, өлшемі, пішіні бойынша
топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға,
кеңістік пен уақытты бағдарлауға үйрету.
Балалардың логикалық ойлау, қабылдау,
есте сақтау қабілеттерін, зейінін,
қолдың ұсақ моторикасын дамытуға
арналған. Жоғарыда айтылған мақсаттарды
шешуде нәтижесі ұтымды болу үшін
балалардың қарапайым математикалық
түсініктерін қалыптастыруда дидактикалық
ойындардың жинағын ұсынамын.
Дидактикалық
ойындар жиынтығы.
«Үйдің
есігін жабайық»
Ойынның
мақсаты:
заттарды өлшемі бойынша салыстыруға,
жуан және жіңішке заттарды ажыратуға
жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның
құрал-жабдықтары:
үйдің, есіктің суреттері.
Ойынның
мазмұны:
қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін
балаларға тарату. Жуан және жіңішке
есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп
салуды ұсыну.
«Таныс
пішіндер доминосы»
Ойынның
мақсаты:
геометриялық пішіндер жайлы білімдерін
бекіту; көп заттың ішінен біреуін
таңдауға жаттықтыру.
Ойынның
құрал-жабдықтары:
пішіндер бейнеленген суреттер.
Ойынның
мазмұны:
Балаларға суреттерді таратып беру.
Жүргізуші бірінші суретті үстелдің
ортасына қояды, қалған балалар сурет
сәйкес өзінің суретін қояды, суретте
бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай
жалғаса береді.
«Мынау
қай пішін?»
Мақсаты:
Геометриялық пішінді сипалап анықтау
арқылы айта білу.
Көрнекілік:
Картоннан жасалған геометриялық пішіндер
5–түрі.
Барысы:
Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа
ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық
пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап,
балаларға көрсетпей атын атайды.
«Бос
торларды сәйкес пішіндермен
толтыр»
Мақсаты:
Геометриялық пішіндерді танып, атай
білуге үйрету. Бос торларды сәйкес
пішіндермен толтырту.
Көрнекілік:
Әр
балаға жеткілікті таратпа суреттер.
Барысы:
Балаларға суреттер таратылып беріледі.
Суреттердегі бос торларды сәйкес
пішіндермен толтыр.
Өлшемдерге арналған дидактикалық ойындар
«Сиқырлы
қапшық»
Ойынның
мақсаты:
заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша
салыстыруға, топтастыруға үйрету.
Ойынның
құрал-жабдықтары:
түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі
ойыншықтар.
Ойынның
мазмұны:
Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі
затты ұстап көріп, пішінін анықтайды,
ойыншықты алған соң атын атап, түсін
айтады.
«Көзіңді
жұмып, қолыңмен анықта»
Ойынның
мақсаты:
Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші
ұғымдарын бекіту.
Ойынның
құрал-жабдықтары:
қарындаштар, таяқшалар.
Ойынның
мазмұны:
Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын
- қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі
қарындаштар алынады. Жүргізуші бір
баланы шақырып, оған «көзіңді жұм да,
қарындаштың ұзын-қысқалығын анықта»
деген тапсырма береді.
Кеңістікке арналған ойындар.
«Жоғарыда-төменде»
Ойынның
мақсаты:
жоғары–төмен ұғымдарын пысықтау.
Байқағыштықты, зейін, қиялды дамыту.
Ойынның
құрал-жабдықтары:
құстардың, жануарлардың суреттері.
Ойынның
мазмұны:
Бала қораптың ішінен бір суретті алып,
атын атап, орнын анықтап үлкен суретке
бекітеді. Мысалы, ұшақ жоғарыда аспанда
ұшады, балық төменде су ішінде жүзеді.
«Әуе шарлары»
Мақсаты: Берілген үлгіге қарап түстерді сәйкестендіріп таңдау жолдарымен таныстыру
Шарты: Балаларға «Әуе шарлары» ойынын ойнайтындығы айтылады. « Балалар,түрлі түсті әуе шарлары мен осы түстес жіптеріміз бар.Қазір қағаз бетінде жіптер пайда болады» -деп бірдей арақашықтықта тігінен бес жолақшаны фланелеграфқа орналастырады. «Енді әрбір жіпке түсіне қарай шарларды байлаймыз» -деп 1-ін көрсетіп,қалғандарын балалардың өздеріне жасау ұсынылады.Әрі қарай балалар үлестірмелі заттармен жұмыс жасайды.
Дидактикалық
ойын балаға білім берудегі әсер етудегі
ең негізгі бір түрі, өйткені ойын
балалардың негізгі іс әрекеті. Балалардың
қарапайым математикалық ұғымдарын
қалыптастыруда дидактикалық ойындардың
алатын орны ерекше. Пішіндерді өткен
кезде шар, куб, «не домалайды, не
домаламайды?» ойыны арқылы осы екі
пішіннің ерекшелігі, қасиеті туралы
түсіндіру өте тиімді. Білім берудегі
дидактикалық ойындарды нәтижелі
қолданудағы негізгі шарты: ол ойын
таңдаудағы бірізділікті сақтау, келесі
дидактикалық принциптер міндетті түрде
ескеруі керек; түсініктілік, қайталанылуы,
тапсырмаларды біртіндеп орындау. Баламен
іс әрекет түрінде өткізілсе, тапсырмалар
оңай орындалып, алға қойған межеге жету
оңай болады. Ертегі кейіпкерлеріне,
ойыншық кейіпкерге көмектесу баланың
қызығушылығын оятып, бәсекелестігін
арттырады. Сондай-ақ, ойлау, тапқырлық
қабілетін дамытып, адамгершілік,
мейірімділік қасиеттерін оятады.
Іс-әрекетке Дымбілместі қатыстыру
баланың алған білімін еске түсіріп, сол
Дымбілмеске үйрету арқылы қабілетін
арттырады. Дымбілмеске қарай отырып өз
жұмыстарын бақылай білуге, қате жіберіп
алмауға деген қырағылықтарын
арттырады.
Ойын
арқылы балаларды геометриялық пішіндердің
ортақ белгілері (дөңгелектенген, бұрышты)
бойынша біріктіру туралы алғашқы
түсініктерін қалыптастырамыз. Уақытты
бағдарлауға үйрету үшін тәулік бөліктері,
апта күндері, жыл мезгілдері және айлары
туралы санамақтар, жаңылтпаштар,
жұмбақтарды кеңінен пайдаланамыз. Бұл
арқылы баланың ойлау, есте сақтау
қабілеттері мен тілін дамытуды
көздейміз.
Қарапайым
математикалық ұғымдарды қалыптастыру
бөлімі бойынша «Таным» білім саласындағы
мақсаттар мен міндеттерді іске асыру
үшін зейіндерін, есте сақтау қабілетін,
логикалық ойлауын дамытуға арналған
әлеуметтік ойындарды қолдану қажет.
Ойын ойнату кезінде мына кеңестерді
естеріңізде ұстаңыздар:
1.
Ойын балаға да, үлкендерге де қуаныш
әкелуі қажет.
2.
Баланы ойынмен қызықтырыңыз, бірақ оны
ойнауға мұқтаждамаңыз, ойын тапсырмаларымен
ашуға дейін қысым көрсетпеңіз. Ойын
кезінде баланы ренжітіп алмаңыз.
3.
Баланың қызығулары «толқынмен» өтеді.
Сондықтан, балада ойынға қызығушылығы
басылғанда, ол ойын туралы екі айға,
тіпті көпке дейін «ұмытыңыз», сосын оны
бала «кездейсоқ» есіне түсірсін.
4.
Ойын кезінде күштеу жағдайын болдырмау
керек. Баланың белсенді қимылдарын
тоқтатпаңыз.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Артемова Л.В. Дидактикалық ойындар. М.,
1992.
2.
Богуславская З.М., Смирнова Е.О. Мектепке
дейінгі жастағы балаларға арналған
дамыту ойындары. – М., 1991.
3.
Дүйсенбай Е. Санамақ. – А.,
«
Ана
тілі
»,
1996.
4.
Колесникова Е.В. 3-4 жас балаларына
арналған математика. – М., 2008.
5.
Леушина А.М. Математикалық түсініктерді
қалыптастыру. –А., «Мектеп», 1982.
6.
Мәжитқызы Р. Қызықты математика. – А.,
1996.
7.
Никитин Б.П. Дамытушы ойындар. – М.,
1994.
8.
Новикова В.П. Балабақшадағы математика
– М., 2003.
9.
Нұрсейітова С. Оқушылардың сабақтан
тыс әрекеттері. //Бастауыш мектеп. - 2003.
№10. - 4 б.
10.
Отер Е. Білікті жетекшілік қажет
//Қазақстан мектебі. -2002.-№3.-36 б.
11.
Сансызбайқызы М. Балдырғандарға арналған
қызықты математикалық тапсырмалар. –
А., «Рауан»,1993.
12.
Сатимбекова М.С., Наурызбаева Ә.Н.,
Әуелбекова: Математика әдістемелік
құрал. –А., «Алматы кітап» ЖШС, 2005.
13.
Сербина Е.В. Бөбектерге арналған
математика. – М., 1992.
14.
Шәмшиева Г. Сабақтан тыс жұмыстардың
берері көп // Қазақстан мектебі. -2001. №2.
- 45 б.
Ағартушы ұстаз Ы. Алтынсарин көптеген еңбектерінде таным әрекеттерінің негізі-оқу,білім деп тұжырымдайды. Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да баланың білімінің,тәрбиенің негізін қалыптастыратын да ойын әрекеті болып саналады.
Орыс педагогі В. А. Сухомлинский: «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,оның шығармашылық қабілетін дамытады,ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес» деген. Яғни,ойын тәрбие берудегі ең тиімді тәсілдердің бірі. Ал,қазақ халқының ұлы ойшылы Абай: «ойын ойнап, ән салмай,өсер бала болама?» -деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын таным процесін дамытудың негізі болғандықтан әрбір ұйымдастырылған оқу қызметтерінде үнемі ойын элементтерін қолданып отырамын.
Баланың өмірлік іс-әрекеттерін мен тәрбиесін ұйымдастырудың балабақшада қолданатын түрі және іс-әрекеттердің жүзеге асыру жолдары:
Танымдық іс-әрекеттер барлық ұйымдастырылған оқу қызметтері мен тәрбиеленуде;
Серуендеу кезінде балалардың қоршаған орта мен тығыз байлынысы;
Бақылау-қоршаған орта мен күнделікті іс-әрекеттерде бақылау;
Бірлескен-жербес және ересекетермен бірлескен іздестіру іс-әрекеттері арқылы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген