Баймуханова
Жадыра, Ақтау қ. №42
«Түймедақ» балабақшасы, «Қызғалдақ»
тобы
Танымдық
оқиға
Менің
тобымда Сафия деген қыз бар.Оның міңезі
өте тұйық,ұялшақ. Достарымен ара-қатынасы
алшақтау,олармен тез тіл табысу қиынға
соғады. Соңдықтан көбінесе жалғыз
ойнағанды ұнататын қыз еді. Бір күні
жаратылыстанудан «Өсімдіктерді
қалай күту қажет?»
тақырыбында ұйымдастырылған
оқу қызметім өтті.Мен балаларға бөлме
ішіндегі өсімдіктерді таныстырып,оларды
қалай күту керек екендігін түсіндірдім.
Оқу қызметімді қызықты және түсінікті
болу үшін “Гүлді ретімен орналастыр”
атты құрылымдалған
дидактикалық ойын ойнаттым.Бұл ойында
өте сабырлы,ұяң деген Сафия қызым
көшбасшылық танытып, өте қызығушылықпен
ойнады.Балалармен қарым-қатынас жасай
отырып белсенді жұмыс жасады.Жақын
арадағы даму аймағы орын алды,яғни Сафия
қасындағы балаларға көмек көрсете
білді.Сосын ол көптеген гүлдерге
қатысты сұрақтар қойды.
-Апай,гүлдерді
қай кезде отырғызу керек?
-Оларды
неше рет суару керек?
-Гүлдердің
бізге қандай пайдасы бар?-деп сұрады.
Сафия
қызымның гүлдерге деген қүштарлығы
басым болды.Оған түсінікті болу үшін
дайындап алып келген бейнебаянымды
көрсеттім.
-Гүлдердің
адамға пайдасы бар ма екен ?-деп сұрақ
қойдым.
Ия,
өте пайдалы бізге оттегі береді-деп
жауап берді.
Әрине,
үйлеріңізде
алуан түрлі гүлдер өсіп тұрса,ол үйге
көрік берумен қатар отбасы мүшелірінің
денсаулығына да пайдалы.Өткені,жасыл
өсімдіктердің қай-қайсысы да болса
ауадағы оттегін шығарып тұрады.Демек,гүл
өсіп тұрған үйдің ауасы оттегімен
байытылып,адамның денсаулығына пайдалы
келеді деп айттым.Содан кейін Сафия
бөлме ішіндегі гүлдерге су құйып,күтім
жасап,қызығушылығы танытты.
.
Кешкілік
уақытта анасы келген кезде Сафия қызымның
көз жаңары жарқырап,күліп шықты.
Анасы:
-
Не болды қызым?-деп сұрады.
Сол
кезде қызының гүлдер туралы қызығып
сұрағанын айттым.
Сафия
болған жағдайды анасына түсіндіріп,қалай
достарына ойын барысында көмек бергені
туралы айтып берді.Анасымен сөйлесу
барысында Сафия қызымның сұлулықты,
әдемілікті жақсы көретінін
байқадым.Мүмкіншілігіңіз болса гүл
туралы кітап пен бір гүл сатып беруің
сұрадым.
Ертеңнен
Сафия “Бөлме өсімдіктер” атты кітапты
құшақтап алып келді.
-Апай,менде
өзімнің гүлім бар- деп қуанып айтты.
Кітапты
балаларға көрсетіп,ішіндегі гүлдердің
аттарын шатаспай суретіне қарап айтып
отырды.Сол кезде Сафияның есте сақтау
қабілетін жақсы екенін байқадым.Содан
соң анасымен сөйлесіп, күнде бір гүлдің
мағлұматын айтып беруді өтіндім,өзімде
түстен кейін соңы қайталап айтып беріп
отырдым.Сафия мұқият тыңдап әр гүлдің
атауларын атап,мағлұматын айтып беріп
отырды. Солай білімін әрі қарай тиянақтай
бердім.Содан бері балалар қызығушылықпен
оны күнде тыңдайды.
Осы
арқылы балаларға “Сұрақтар алаңы”
әдісін пайдаландым.
-Фикустың
шыққан жері ?
-Цитрус
деген қандай гүл?
Осылай
Сафияның достарымен қарым-қатынасы
жақсара бастады.Қазір таңда ұялмай
,сұрақтарға белсене жауап беретін
болды.Анасы да Сафия қызының
сұлулығын,әсемдігін көрсету үшін «Kids
Fashion Day» атты балалар конкурсына
қатыстырып жатыр.Қазіргі таңда
балаларымның да гүлдерге деген құштарлығы
арта түсті.