Жәнібекқызы
Сәулеш
Маңғыстау
облысы
Маңғыстау ауданы Шайыр
ауылындағы
МКҚК «Қызғалдақ»
бөбекжайының
тәрбиешісі
Танымдық
оқиға
Баланың аты-
жөні: Жаңбырхан Нұртас
Бағдатұлы
Күні: 12. 05.
2021жыл
Баланың
жасы: 4 жас
Тәрбиеші: Жәнібекқызы.
С
Менің тобымда өзі ұялшақ,
үндемей өзімен өзі жүретін Нұртас есімді бала бар. Топтағы
балалармен де араласып кетуі қиындау болды, бөлектеніп жүрді. Бір
күні құрастырудан «Бақбақ» ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыру
барысыныда гүлдің атауын, құрылымымен таныстырдым. Бақбақ гүлі
далада жол жиегінде көп өсетіндігін, емдік қасиеті бар екендігін,
гүлдерді, өсімдіктерді жұлуға болмайтындығын түсіндірдім. Оқу
қызметінің барысында Нұртас балабақшаға келер жолдың жиегінде
бақбақ гүлінің өсіп тұрғанын көргендігін айтты. Нұртас оқу
қызметіне белсене қатысып отырды. Оқу қызметі қызықты болу үшін
«Бақбақ гүлі» дидактикалық ойын ойнаттым. Балалар қағаздағы қиылған
бақбақ гүлінің суретін екі топқа бөлініп құрастырады, шапшаңдыққа
тәрбиеледі. Топтасып жұмыс істеу арқылы Нұртас балалармен жақсы
қарым – қатынас орната бастады. Оларға бақбақ туралы мынадай әңгіме
айту арқылы түсініктерін толықтырдым.
Бақбақ гүлі сәуір айында
гүлдейді, тұқым шашатын ақ гүлпілдекшелері болады. Бір күні бақбақ
гүлі көгал арасынан жан - жағына мойын созып
қарап:
-
Қызық! Ертең мен өскенде
қандай болар едім? – деп ойланады. Бір кезде жаңбыр жауып, одан әрі
жоғары өсіп күнді көреді:
-
Мәссаған! Анау күн секілді жап
жарық болып өссем ғой! – деп армандайды. Оны естіген күн жымия
төменге қарап, бақбақты сары түске боянады. Күн сайын өсіп ол
сарғайып, жәндіктердің күні болады. Арада күндер өтеді бақбақ гүлі
аспанда жылжып бара жатқан аппақ үлпілдеген бұлттарды
көреді.
-
Мәссаған! Менде анау бұлттар
секілді аппақ болсам ғой! – дейді. Жоғарыдағы бұлттар төменге
қарап, әлгі бақбақты аяғы бар бұлтқа айналдырады. Кенеттен жел
соғып, бұлттар (ақ үлпілдекшелері) жан жаққа алыс жерлерге ұша
бастайды. Бірақ ұшқан бұлттар қонған жерлерінде, алдымен сары күн
түстес, одан кейін ақ бұлт түстес болған
екен.
Осыдан кейінде Нұртастың
қызығушылығы арта түсіп сұрақтар қойды: - Бақбақ гүлінің ақ
үлпілдектері қалай гүл болып өсіп шығады?
-
Неге адамдар жүретін жолдың
жиегінде өседі?
-
Оның қандай емдік қасиеті
бар?
-
Гүлдердің бізге пайдасы
қандай?
Нұртастың сұрақтарына жауап
бере отырып оқу қызметіне арнайы жасалған слайдымды көрсеттім.
Слайдтан кейін балаларға кері сұрақ қойып:
-
Балалар бақбақ гүлінің ақ
үлпілдектері қалай гүл болып өседі екен?
-
Жел болғанда ақ үлпілдектері
әр жерге ұшып тұқым шашады, ал жаңбыр жауғанда ол суланады да,
тұқымы гүл болып өседі екен. Жапырақтары жалпақ болсада әдемі, сары
гүл жарады. Гүл өссе ауа тазарады. Шаң – тозаң азаяды екен. Жер
гүлденіп адамдарға қуаныш сыйлайды. Аулада өсетін гүлдерді жұлуға
болмайтындығын, оларға күтім жасау керектігін
айтты.

Ұйымдастырылған оқу қызметінен
кейін Нұртас өзінің көрген гүлінің бақбақ туралы біліп, жан –
жағындағы балаларға қарап мәз болып отырды. Оқу қызметінен кейін
серуенге шыққан кезде ауладағы ойын алаңында өсіп тұрған бақбақ
гүлін байқап балаларды шақырып көрсетті.
Балаларға гүл туралы білгенін
айтып мағлұмат беріп отырды.

Кешкілік уақытта анасы келген
кезде Нұртас жүгіріп шығып, мәз болып
тұрды.
Анасы
таңырқап:
-
Не болды балам деп
сұрады?
-
Анасына Нұртастың бүгінгі оқу
қызметіндегі қатысын, балалармен бірге бақбақ гүлін көргенін,
білетінін бөліскенін айттым.
-
Нұртас анасына бүгін болған
жағдайды айтып, балалармен дос болып оларға ойын барысында да, оқу
барысында да, серуен барысындада бақбақ гүлі туралы көмектескенін
айтып қуанып тұрды.
-
Нұртас баласына қарап анасы да
балабақшаның баланың жан – жақты тигізер көмегі көп екен деп қуанып
қалды.
Арғы күні де жаратылыстану
сабағынан өткен «Бақбақ пен қызғалдақты салыстыру» тақырыбында
өткен оқу қызметінде жақсы қатысып, ойындарға белсене ат салысып
отырды. Қосымша берген тапсырмада бақбақ гүлін бояу кезінде Нұртас
шамасы келгенше бақбақ гүлін сары түсті және жапырағы жасыл түспен
бояп шықты. Нұртастың есте сақтау қабілетінің жақсы екендігін сурет
бояу кезінде байқадым. Жетелеуші сұрақтар қойып алған білімдерін
тиянақтап отырдым. Қосымша видеолар әкеліп ойын бөлмесіндегі
теледидарға қосып беріп көрсеттім.

Осылайша Нұртасты бақылау
барысында өзгергенін байқадым. Достарымен қарым – қатынасы
жақсарып, бірге ойнайтын болды. Қазіргі кезде қысылмай, ұялмай
сұрақтарға тиянақты жауап беретін болды. Әр түрлі ойындар ойнау
кезінде өзін басшы сезініп балаларға көмектесіп жүр. Анасы да
Нұртастың достарымен етене жақын болып кеткеніне қуанып ризашылығын
білдірді.